Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны


Директор және оның орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысын бірлесіп бақылауы: Бақыланатын нысандар



бет4/17
Дата31.01.2023
өлшемі65,88 Kb.
#166992
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Директор

Директор және оның орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысын бірлесіп бақылауы:
Бақыланатын нысандар:

• оқытудың барысы және оқушылардың білім сапасы;


• оқу кабинеттерінің жұмысы;
• оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптар;
• үлгермеушілер болайын деп тұрған сыныптар;
• тәрбиеден тыс қалған оқушылармен жұмыс;
• педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, қорытындылау және шығармашылықпен тарату;
• мұғалімдердің біліктілігін көрсету, әдістемелік және жас мұғалімдермен жұмыс;
• мектеп құжаттары;
• педагогикалық оқу;
• адамгершілік тәрбиесі;
дене тәрбиесі;
• құқықтық тәрбие, т.б. тәрбие салалары;
• техника қауіпсіздігі.

Мектеп басшысына қойылатын талаптар:

Басшының жеке тұлғасы маңызды рөл атқарады. Басшының жеке тұлғасы, оның жалпы ой-әрісі, кәсіби дайындығы, әдептілігі, ұйымдастырушылық қабілеті мектептің бет-бейнесін, мұғалімдер мен оқушылар ұжымының іс-әрекетін айқындайды.


Мектеп басшысының жеке тұлғасын қалыптастыруға керекті сапалар:

• жоғары мәдениеттілік, адамгершілік жағынан таза болу;


• терең, жалпы дайындығы, еліміздегі, шетелдердегі басты оқиғаларды білуі;
• қазіргі педагогика мен психологияны терең білу;
• педагогикалық шеберлік; талант;
• ғылым мен мәдениеттен хабардар болуы;
• биік, көркем талғам;
• ұйымдастырушылық қабілет;
• талап қою;
экономикалық дайындық;
• болашаққа үмітпен қарауы;
• балаларды жақсы көруі;
• еңбексүйгіштікқ;
• арнайы тәжірибе;
• кәсіптік білім;
• біліктілік.

Мектеп басшысы міндеттерді дұрыс бөліп, жұмыс істеуге жағдай жасап, нақты көмек беріп, тексеріп, басшылық етіп отырады. Ұжымның белсенділігін көтеріп, мектепті қажетті материалдармен, құралдармен жабдықтап, табандылық және талап қойғыштық танытады. Оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын қатар жүргізу мектептің жұмысындағы қиын мәселе. Мектептегі педагогикалық кеңес


Біліктілікті көтеру жұмыстары педагогикалық кеңестің жұмысын ұйымдастырудан басталады. Педагогикалық кеңесті құру үшін мектепте кем дегенде үш мұғалім болу керек. Ол оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелері қарастырылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Педагогикалық кеңестің құрамына мектеп директоры (төрағасы), оның орынбасарлары, мұғалімдер, тәрбиешілер, кітапханашылар, дәрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы, мектеп кеңесінің төрағасы енеді.
Педагогикалық кеңесте екі түрлі мәселе қаралады:
а) өндірістік, жұмыс бабына байланысты: мектептің жылдық жоспарын бекіту, мектептің бір тоқсанда істелген жұмысының қорытындысын шығару, емтиханға дайындық және өткізу жоспарын бекіту, оқушылардың бір сыныпты бітіріп, екіншіге көшуі, оқу жылының қорытындысы, оқушылармен істелетін жазғы жұмыстың жоспары;
ә) ғылыми-педагогикалық: басшы органдардың нұсқауларын және ғылыми зерттеулерді, озық тәжірибені талдау, мектептегі педагогикалық процестің нәтижелерін шығару және оған баға беру.
Егер педагогикалық кеңесте ғылыми-әдістемелік жұмыстардың нәтижелері қаралатын болса, онда педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігі жоғары. Мұндай мектепте өндірістік мәселелер тез шешіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет