Қазақ халқының зергерлік өнері туралы не білеміз және қандай зергерлік бұйымдар білесіңдер?
Дұрыс жауаптарға 2 ұпай қойылады
3-деңгей
(жинақтау,талдау)
Ағаш ұсталарының еңбектерін қалай баяндай аласыңдар?
Дұрыс жауаптарға 3 ұпай қойылады
Жаңа сабақ 7минут
Біз бүгінгі сабақта ежелгі қазақ халқының көшіп қонуға ыңғайлы баспанасы киіз үй тарихымен танысамыз
.
I топ Киіз үйдің шығу тарихын және қаңқалары жайлы түсіндіреді.
II топ Киіз үйдің қаптауға арналған киіз жабуларын және үйдің ішіндегі кеңістіктің қалай бөлгені жайлы түсінік береді.
Топтық жұмыс.
.
Бейне таспа көрсету
Постер қорғайды.
Сабақты бекіту
15-20минут 1-деңгей
(білу,түсіну)
«Ыстық орындық »әдісі.
1.Киіз үйдің сүйегіне нелер жатады? (Шаңырақ, уық, сықырлауық, кереге)
2. Шаңырақ дегеніміз не?(Киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез)
3. Уық қандай қызмет атқарады?(Уық - кереге басымен шаңырақты ұстастыратын ағаш )
4. Кереге қандай қызмет атқарады?(Кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды)
5. Сықырлауық деп нені айтады?(Киіз үйге кіріп - шығатын есік қызметін атқаратын бұйым)
6. Киіз үй қай дәуірде пайда болған?(Киіз үй қола дәуірде саяды)
7 Адалбақан деп нені айтамыз?(Киіз үйді тіккенде шаңырақты көтеруге арналған ағаш)
8. Керегенің қандай түрлері бар?(6 қанатты, 12 қанатты, 30 қанатты)
9. Киіз үй туралы алғаш рет кім жазды?(Қытай тарихшысы Сымацян)
Дұрыс жауаптарға 1 ұпай қойылады
2-деңгей (қолдану,талдау)
1.Киіз үйдің сыртқы әбзелдеріне қандай қызмет атқарады?(Күн сәулесін және су өткізбеу, жылу сақтау қызметтерін атқарады)
2Туырлық қандай қызмет атқарады?(Керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді жабады)
3.Үзік қандай қызмет атқарады?(Кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жабады).
4. Түндік қандай қызмет атқарады?(Шаңырақты, киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Киіз үйдің сүйегін бір бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұрады).
5. Киіз үйдің жиһаздарын ата? (Сандық, кебеже, асадал, адалбақан, ағаш төсек, жүк ая
Дұрыс жауаптарға 2 ұпай қойылады
3-деңгей
( жинақтау,бағалау)
1. Киіз үйдің жиһаздарын ата? (Сандық, кебеже, асадал, адалбақан, ағаш төсек, жүк аяқ)
2. Киіз үйдің бұйымдарын ата? (Тұскиіз, аяққап, қоржын, кесеқап, алаша, кілем, текемет, сырмақ)