МӘШҺҮр-жүсіп шығармаларының этномәдени аспектісі 5 Том


«Ермұхаммед қажы – заты Сырым, бұрынғы аты «Итемген»



бет12/15
Дата15.09.2017
өлшемі4,49 Mb.
#32803
түріМонография
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

«Ермұхаммед қажы – заты Сырым, бұрынғы аты «Итемген» – Мәшһүр-Жүсіптің Деректі дастан: «Шонтыбай қажы» – дегенде Ермұхаммед қажы туралы айтады. Дастан 1893 жылы жазылған. Сырым Бәсентиіннен тарайтын ұрпақ. Кей шежіреде Бәсентиіннің екінші қатынынан туған дейді. Бәсентиін бір жас сұлу қатынды алса ол буаз екен. Бұл қалай дегенде қатын ешкімге айтпайтұғын «сырым» деп атын «Сырым» қойған екен. Сол Сырымнан Күшік-Итемген тарайды. Ермұхаммедті атасына байланысты «Итемген» Итемген Ермұхаммед – деп, атаған болуы керек. Мәшһүр-Жүсіп өлеңінде:
Көңіліне жастай Құдай салған еді,

Тағы бір мұнан бұрын барған еді.

Ермұхаммед қажы өлді, заты – Сырым,

«Итемген» бұрынғы аты қалған еді


– дейді. Өр Алтайынан – Алдажұман немересі Ешмұхаммед қажы Тобықты Құнанбайлармен бірге қажылыққа барған [28, б.257, 32, б.64, 34, б.69].

«Ақкөбік арғы атасы» – Бұрынғы қариялар Орта жүзді: «Жеті арыс» – деп сөйлейтұғын: Арғын, Найман, Қыпшық, Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты, Қыпшақтан Шулым (Шойым) алып, мұнан Ақкөбік алып, мұнан «Мүйізді Сары» алып, мұнан – Тоқтар, мұнан – Қобыланды. «Қыпшақ бұзады, Арғын түзейді», «Қыпшақтың Қарасы ашуланшақ, омыраулы келеді; Сарысының көзі өткір, тілі ащы келеді», «Жақсы кезеңге таласады, Жаман отыратын орнынан адасады», «Жақсылардың басын қосқанда, әңгімені кезек-кезек айтса, сонда жарасады», «Екі жақсы ірікпес, екі жаман бірікпес» – деген бұрынғылардың сөзін Мәшһүр-Жүсіп жазып алған екен. Осы таратылған шежіредегі Ақкөбіктің арғы атасы Қыпшақ-Шолым. Шолымнан – Ақкөбік. Қыпшақтан – Қобыланды батыр, Қажымұқан балуан т.б. шыққан. Мәшһүр-Жүсіп:


Арғы атамыз – Ақкөбік алып екен,

Алыптығы Алашқа анық екен.

«Қара Қыпшақ – Қобыланды» аты аталған,

Сүттен ақ, айдай аппақ жарық екен


– дейді [9, б.223, 32, б.33-34].

«Байбарақ» – кіші жүздің ұрандары. Кердерінікі – «Қожахмет». Таманікі – «Қарабура», Табындікі – «Тостаған». Жағалбайлы ұраны – «Елди-ей, бөлди-ей», Тілеу ұраны – «Арғымақ», Керейіт ұраны – «Ақсақал». Байұлыныкі – руларында: Беріш ұраны – «Ағадай», Адай ұраны – «Адай», Ысық ұраны – «Бәйтерек», Алаша ұраны – «Байбарақ», Масқар ұраны – «Қаратай». Тана ұраны – «Тана», Байбақты ұраны – «Дәуқара». Алшын мен Жаппас ұраны – «Баймұрат», Қызылқұрт ұраны – «Жиенбай». Осындағы – Алаша ұраны – «Байбарақ» [34, б.165].

«Әзірет сұлтан», пір әулие кісі. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында жиі кездесетін діни бейнелердің бірі. Арғынның көмілген жері Әзірет сұлтанның ақ күмбезінің күн шығысы екен. «Арғынның ақ сарайы» аталған. Мәшһүр-Жүсіптің 70 - мәтін «Жақсы Ғабдолла хан» – деген әңгімесінде Хазірет Сұлтан жөнінде айтылады. Қожа Ахмет Яссауи Орта Азия мұсылмандарының рухани ұстазы болғандықтан «Әзіреті Сұлтан» – деп атаған. Мысалы, бұл – әңгімеде Ғабдолла түс көреді. Түсінде Шаһынша әулие, Қожа Ахмет Яссауи, тоқсан тоғыз мың машайық, сексен сегіз пәруәр, жетпіс мың абдал, он екі мың мүфти, қаза, жиырма жүз мүрәррси, он екі мың қосшы, он төрт мың хадім, он алты мың бөгеуіл – түп-түгел бас қосып, бір зор зиапат мәжіліс құрылып жатқанын көрді. Сұлтанның оң қолында бір кісілік орын ашық қалады. Сол уақытта Хорезм шаһының төресі шайхы Нәжмалдин Күбірей келіп кіреді. Бұл кісіге Әзірет Сұлтанның өзі тұрып орын ұсынады. – Нәжмалдин Күбірей сөз бастап: Үргеніш, Бұқар, Самарқант, Жұпар, Хожнат, Қоқан, Әндижан, Марғұлан, Ташкент, Түркістан мұсылманның қол астынан кетіп барады, қаншама әулие адамдар тәжіктің аяғының астында қалды депті. – Соған қарсы кім бастап барады – дегенде. Хазірет Сұлтан – Мына бала бастап барады – деп, Ғабдолла ханды көрсетіпті. Ғабдолла хан қасына нөкер әскерін жинап, Бұхараны алады, көп елді мекенді азат етеді. Сондағы Әзірет Сұлтанның тапқырлығы, ақылдылығы, көрегендігі сөз болады [34, б.250-263, 65].

«Жиенбай» Кіші жүздің ұрандары – Кердерінікі «Қожахмет». Таманікі – «Қарабура», Табындікі – «Тостаған». Жағалбайлы ұраны «Елди ей, бөлди-ей», Тілеу ұраны – «Арғымақ», Керейіт ұраны – «Ақсақал». Байұлыныкі – руларында: Беріш ұраны – «Ағадай», Адай ұраны – «Адай», Ысық ұраны – «Бәйтерек», Алаша ұраны «Байбарақ», Масқар ұраны – «Қаратай». Тана ұраны – «Тана», Байбақты ұраны – «Дәуқара». Алшын мен Жаппас ұраны «Баймұрат», Қызылқұрт ұраны – «Жиенбай». Бұдан басқа Әлімұлында мынандай ұрандар бар: Кете ұраны – «Майлыбай», Шөмекей ұраны – «Дәуіт», Шекті ұраны – «Бақтыбай», Қарасақал ұраны – «Алдияр». Қызылқұрт ұраны – «Жиенбай» – деген Кіші жүздің ұрандарының бірі [34, б.164-165].

«Аймұхамет» – қажы. Мәшһүр-Жүсіп Жанарыс – Қарақожа – Арғын – Құтан – Мейрам – Сүйіндік – Суғыншы – Шуманақ – Құлболды – Күлік – Тілеуімбет – Бесім – Ақжігіт – Серммұхамет – Көпжасар (Көпей) Жанарыстан кейінгі 16-шы ұрпағы. Сермұхамметтің – Санжасар, Көпей, Мағрұб деген баласы болады. Мәшһүр-Жүсіп:
Ақжігіт сол Бесімнің бел баласы,

Толықсып бірдей өскен мал мен басы.

Екінші атым аты – Сермұхаммед:

Санжар, Көпей, Мағрұб-өз баласы


– дейді. Енді бірде:
Ақжігіт – дәл Бесімнің өз баласы,

Толықсып бірдей өскен мал мен басы.

Санжар, Мыңжасар мен Жүзжасардың

Туысқан Көпей, Мағрұб ұяласы


– деп жазады. Сермұхаммет 70 жасында қайтыс болды. Көпей 1891 жылы 73 жасында мүшелінде қайтты. Көпейдің екі ағасы, бір інісі болған. Мәшһүр-Жүсіптің үшінші атасы Ақжігіт абыз болған адам, 49 жасында өмірден озған. Оның денесі Көкшетау бауырында Шүртіқарағай, Қыздың Қарасуы деген жерге қойылған. Ақжігіт Бесімнің бес баласының ең үлкені болған. Ақжігіттен: Құлмұхаммед, Сермұхаммед, Досмұхаммед, Ізмұхаммед (Ізден абыз – А.Қ.) тараған. Ақжігіт абыздың ең үлкен қызы – Зарауха. Одан кейін – Дәме, Дана. Сол Зарауха сегіз жасар күнінде төрт ши шаншып ойнап отыр екен дейді. Содан Ақжігіт абыз байқап қалып: бірінің атын – Құлмұхаммед, екіншісін – Сермұхаммед, үшіншісін – Досмұхаммед, төртіншісін – Ізмұхаммед қойған екен. Сермұхаммедтен: Шаншар молда, Мыңжасар, Көпей, Мағрыб – деп жазады Мәшһүр-Жүсіп. Сермұхаммет асқан ерке болып өскен екен. Ақжігіттің алты ұлы деп: Сермұхаммет, оған тетелес Досмұхаммед, Ізмұхаммед, Тәшмұхаммед, Ақмұхаммед, Аймұхаммедті атаған көрінеді. Арғы атасы абыз Аймұхаммед еліне елеулі, халқына қалаулы қажы болған адам. З. Солтанбай:
Тетелес Досммұхамед, Ізмұхаммед,

Шаруаға бейім-бейіл Тәшмұхаммед,

Алты ұлы Ақжігіттің атаныпты –

Ақылды Ақмұхаммед, Аймұхаммед


– дейді [10, б.30, 34, б.293, 298-299, 66, б.9, 39, б.123, 32, б.71,73].

«Айтқожа» – өлең кейіпкері, ел ағасы. Мәшһүр-Жүсіптің Тұлғалар жыры «Ханымбике» – деген өлеңінің бас кейіпкерлерінің бірі – Айтқожа. Айтқожаның арғы атасы – Малай, одан Жәдігер-Жәнібек-Тінібек-Айтқожа. Әйелінің аты – Ханымбике. Ханымбике Бәсентиін руынан екен. Айтқожа қандай мырза болса, Ханымбике де сондай халқына жайлы болыпты, өзі сұлу, ақылды, тілге шешен, күміс көмей кісі болған. Ханымбикенің қайнағасы Хангелді деген екен. Содан бір түннің ішінде Ханымбике жоғалып кетеді. Оны алты ай бойы Айтқожа іздеп, табады. Сөйтсе, Бұхараға барып, Қожа Баһауалдин мазарына барып мінәжат қылып, жеті ұл тауыпты. Олар: Жауғаш, Биғаш, Мырзалы, Мырзас, Байегелді, Бостан, Байжан. Өлеңде Айтқожаның сабырлығы, елге деген қамқорлығы жан-жақты суреттеледі. Әсіресе, әйел адамды сыйлауға, төзімді болуға, мұсылман дінін білуге деген тәрбиелік мәні зор. Бұның бәрі – Айтқожа образы арқылы көрінеді. Мәшһүр-Жүсіп:


Айтқожа баласы – ел – алты ру,

Жау десе, оларда жоқ мойын бұру.

Ханымбике болатын қатын қайда?

Бар өнері: итше үріп, байды қору


– дейді [34, б.186-195].

«Айырқалпақ», тоғызыншы атасы. Жалпы ауызша жеткен шежіреде аталар саны ауысып келе береді. Бұл – шежіреде де Айрықалпақ бірде тоғыз, бірде он сегізінші атаға дейін барады. Хазірет Ғакаша сахаба Ан хазіретініміздің 17 орында туын көтерген еді. Мұнан сүйікті сахабасы болған жоқ еді. Ғакашаның баласы – Зайырмардан. Зайрмарданның ұғлы – Мәлік. Мәліктің ұғлы хазірет Әнес (Анас) сахаба атамыз. Хазірет Әнестің ұлы – Мағаз. Мағаздың ұлы – Жабал. Жабалдың ұлы – Сеһил (Сейіл). Сеһилдің ұлы – Ақшолпан иалан Аққурай. Ақшолпаны қазақ: «Ақша хан» – деп те айтатын болса керек. Аққурайдан – Сейілхан, Жайылхан туды. Сейілханнан – сегіз арыс Түрікпен туды. Жайылханнан – Ақкелімбет, Ақкелімбеттен Майқы туды. Үш жүздің түп атасы – Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» – деген сөз тарихтарда қалды. Майқыдан – Аламан, Аламаннан – Алаш туды. Алаштан – Өзбек пен Сыбан. Сыбаннан – Айырқалпақ, Өзбектен – Қарақалпақ туды. Айырқалпақтан – Қазақ, Қарақалпақтан – Созақ туды – дейді Мәшһүр-Жүсіп. Бір де Майқы биден: Үшкіз, Сапиаз, Өзбек. Сарттан қыз лаған шаһарда қалған – Сапиаз, одан Айырқалпақ [34, б.74-84].

«Жанарыс», Орта жүздің жетінші атасы. Мәшһүр-Жүсіптің «Шежіре өлең» – деген шығармасында:

Бесінші атаң – Құтан бай, аты шыққан,

Алтыншы – Қаракелімбет: дәулет жұққан.

Жетінші атаң – Жанарыс – Орта жүздің,

Сегізінші – Қарақалпақ еркін ұтқан


– дейді. Ноғай Ормамбет, бірде Орманбет хан (ХIV-ХV ғ. – А.Қ.) ислам дінге дағуа айтып... әуелгі ұлының аты – Ақарыс, ортаншы ұлының аты – Бекарыс, кіші ұлының аты – Жанарыс. Енді бір шежіреде: Ақкөсе – екі ағайынды кісі: інісі – Мәлік. Мәліктің баласы Әнес жетім қалып, пайғамбарға басыбайлы жұмыскер болып, алғысты көп алған. Әнестен – Жабыл, Тұрақ, Жабылдан – Мағаз, Мұрат. Мағаздан – Бұхарбай, Сейіл. Сейілден – Ақшолпан, Аққурай, бұлардан – Аламан. Аламаннан – Алаш, Алаштан – Сейілхан, Жайылхан. Сейілханан – сегіз арыс Түрікпен. Жайылханнан-Майқы. Майқыдан-Өзбек, Сыбан. Сыбаннан – Айырқалпақ. Айырқалпақтан – Қазақ, Созақ. Созақұлы – Қарақалпақ. Қазақтан: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Орта жүз Жанарыстың баласы Қарақожа, Ақтамқожа, Ерқожа, Момынқожа, Смағұлқожа, Құнымқожа. Бұл алтауын Орта жүз дейді. Жанарыстың үлкен ұлы Қарақожадан-Ақжол-Арғын-Құтан – деп таратады. Ақарыс – Ұлы жүз; Жанарыс – Орта жүз; Бекарыс – Кіші жүз [34, б.74-84].

«Жоламан», қалмақ батыры. Мәшһүр-Жүсіптің жырлауындағы «Сайын» батыр жыры қалмақ пен қазақ арасындағы соғысқа арналған. Сайын батыр, Қобыланды батыр қалмақ батырлары Еламан мен Жоламанға қарсы соғысады. Жоламан да құралайды көзге атқан мерген, батыр екен.


...Қалмақтың жатқан шәрінде,

Екі батыр бар екен,

Бірінің аты – Жоламан,

Бірінің аты – Еламан...

Осы қалмақ батырларымен ұрыс сап, Сайын батыр жеңеді:
...Қалмаққа мүскіл туып жүр,

Елеман мен Жоламан,

Алады деп жұртымды,

Осы қалмақ сасып жүр ...


– деп суреттеледі [12, б.215-264].

«Ер басына тоқсан жесір елшілерге берілген сый» – Мәшһүр-Жүсіптің «Қалдан Шерен өсиеті» – деген әңгімесінен алынған. «Ер басына тоқсан жесір елшілерге берілген сый» мынадай жағдайға байланысты айтылған. Қалмақ пен қазақ қатты соғысып, қазақ жеңіліп, қалмақ ханы Қалдан Шерен көп жесірін, малын алып, ойсырата жеңген екен. Қалдан Шеренді – Құба қалмақ атаған. Қарабас деген қатыны, Ежен деген жалғыз ұлы болған. Сөйтіп, Қалдан Шереннің артынан қазақ елші жіберген. Сонда Қалден Шерен маған сөйлесуге жаралық біреу бар ма екен деп, Қатсабан қатынын көріп келуге жіберіпті. Қатсабан қатын сөйлесуге жаралық төрт кісіні алып келіпті: Балтакерей Тұрсынбай, Қаз дауысты Қазбек, Шақшақ ұлы Жәнібек, Айдабол баласы Тайкелтір екен. Қатсабан бұл төртеуіне де жақсы баға берген екен. Сөйтіп, сөзге тоқтаған Қалдан Шерен «ер басына тоқсан жесір» қарызсыз беріп қайтарған екен. Бұл – «Ер басына тоқсан жесір елшілерге берілген сый» – деп тарихта қалған [31, б.46-50].



«Байғана мырза» – өлең шумағы. Жаңабатырдан, Жанақтан соң [Күлік-Наурыз-Шобалай-Жаңабатыр-Қосақ], Қосақ баласы Торсықбай (Тұрсынбай) ескі законда он жеті жыл болыс болды, Айдабол-Күлікке ақсақал болуға жарады. Онан соңғы «Би баласы» деген атпен қалды, өсіп-өнген. Көптікке келгенде, Күліктің қақ жартысы болуға толық жарайды. Шобай-Шобалайдың Шобайынан-Жаманқара, Байтөбет, Ақай балалары – Санмырза, Бекмырза. Санмырза балалары – Байғана, Тайғана, Мешітбай, басқа туысқандары да толып жатыр. Байғанасы – «Байғана мырза» атқа ілінген. Байғана мырза Түркістан шаһарына бес еркек қой сатуға қой айдап барған, көтеріп түгелімен алушы шықпаған. Сонан соң, Байғана мырза айтқан: – Аузын ұрып, аяғын сыпырған жарықтығымды құт-берекесін қашырып, һәр сартқа бір жұлмалатқанша, әзіреті Сұлтан әулиеге берейін, – деп көк күмбезге апарып, қожаларға таратқан. Қызылжарға базарға жаңа жәрменкеге ту тіккен. Байғана мырза Қызылжар жәрмеңкесіне ат айдап апарған екен, жолда Абылай нөкері кездесіп, ырым қылайық, жолымыз болар деп, тамақ сұратқан екен. Байғана мырза: «Хан деген жұрттың қазығы, қараша деген азығы» деп, Абылай ат пен азықтан тарықпасын деп, әлгі ат-матын түгелін беріп жіберіпті. Бұған Ақбура-Қара Алтайдың баласы Қарқынбайға Көтеш ақынның айтқан мына сөзі дәлел:
Қара Алтайдың баласы – Қарқынбай-ды,

Мырзалығың Байғананы алқымдайды.

Үкілі піспек болғанда, күмісі ожау,

Жиын сайын сабасы жарқылдайды.


Мінекей, Көтеш ақынның бір ауыз өлеңі тарихта Байғана сияқты мырзаның болғанын жоққа шығармайды [31, б.240].

«Әбен» – болыс. Мәшһүр-Жүсіптің жазып алған. «Шөженің Жолшараға айтқан өлеңінде» Әбен болыс туралы айтылған. Шөже Жолшараға сөзге тоқтап, сен түгілі маған Асаубайдың баласы Әбен болыс та, үстіндегі шапанын шешіп берген еді – дейді. Сол айтыстан үзінді:


Асаубайдың баласы – Әбен болыс,

Үстінен о да берді шапан шешіп ...


– дейді. Әбен болыс кезінде елді аузына қаратқан, тілге шешен, Алшынбаймен замандас адам болған. Шөже Алшынбайға өлердей тиісіпті, содан болмаған соң Жолшара бұған қайыр беру жарамайды деп қайыр бергізбей қойған екен. Ал, енді тағы бір нұсқасында алдыңғы екі жол сақталған.

Шөже өзінің сөзінде:


Алшекем туған ұл мырза Жүсіп,

Шөже келді алдыңа құстай ұшып.

Асаубайдың баласы Әбен болыс,

Қара шұға шекпенін берді шешіп


– деген екен. Алшынбайдың ұлы Жүсіп ел ішінде жақсы атанған, мырза жігіт болса керек. Қолы ашық, елге жайлы мырза Жүсіп туралы қалың ел де құлақтанған болуы керек, Шөже соны айтып, қайтсе де бір ат мініп кетпекке бел байлайды. Тіпті, Тәттімбеттің өзі бір ат берген еді дегенді де өлеңге қосады. Құнанбайдың құдасы Алшынбай осал адам болмаса керек, ақылымен, парасатымен ел билеген кемел адам екен. 1826 жылы 46 жасында Айбике – Шаншар болысын басқарған. Патша үкіметінің старшина, поручик шенін алған. Анна лентасына тағылған алтын медаль алған [36, б.44, 37, б.258-261].

«Жұлма» – адам есімі. Күліктің бәйбішесінен – Тілеуімбет, Наурыз, Дәулет; тоқалынан: Ғақыл, Сексен. Кейде Өтепберді, Даниярды қосады. Тілеуімбеттің он бес ұлы болған. Ең үлкені – Аспантай, мұнан тұқым жоқ. Онан соңғысы – Амантай. Мұның балалары: Қарашек, Айтқожа, Жаңабай. Бір баласының аты – Күнту. Мұнан Жақсы Жанайдар, Мұнан – Өтеміс абыз. Жанайдардың тоғыз ұлы болған – бәрі өсіп-өнген. Екі немересінің аты – Бесім, Қойтан. Қалмақтармен қатты соғыста екі немерені: Бесім мен Қойтанды сары атты Сексен батыр алып шыққан. Осы Сексеннен: Рай, Райымбек, Қараша, Базар. Көтеш Райымбекұлының жырларына арқау болған:


Арғы атамды сұрасаң, Сексен: Жұлма,

Райымбек Сексеннен туған ұл ма?

Райымбек дейсің де, Райды айтпай,

Райымбек би болса, Рай құл ма?


– дейді. Көтеш өмірбаянын, ата-тегін Мәшһүр-Жүсіп былай жазған: «Ақыл: Сексен Сексеннен: Рай, Райымбек, Қараша, Базар, Райдан: Айдар, Көтеш ақын, Құлбай. Айдардан – Кәмен, Тентек, Құлбайдан: Көсеміс, Тілеміс. Көсемістен – Байғозы, мұнан – Ризат. Көтеш ақынның тұңғышы – Қыстаубай. Қыстаубайдан – Игілік. Мұнан: Құтанбай. Иманбай – үш ағайынды. Омбыдан әрі патша құдығында, Омбыда тоқсан шақырым жер. Балдың бәйбішесінен – алтау, тоқалынан – алтау. Бұқабай баласы – Жүсіпбай-Мажира қатыннан туған. Мұнан туған баланы Сатылған: Әбдірахман асырап алып: «Соның баласымын» – деп кеткен. Көтеш ақынның Сабаз дейтұғын бәйбішесі: «Бір қоңыр шұнақ қойдан – жеті қотан қой өсті» – деген». Көтеш ақын туралы мәліметтерді осы томның мына: 308-309 беттерінен оқи аласыздар [36, б.18, 308-309, 32, б.14, 59, 115].

«Зертең» – аурудың аты. Зертең көне мал ауруының түрі. Түбір тұлғалы сөз зер арқылы жасалған. Зер – п. [زر зәр: 1. золото; 2. деньги; 3. богатство, состояние] – 1. золото, богатство. 2. позумент-тесьма, обычно шитая золотом или серебром; галун. Зербарақ (зер + парақ) кілемді атайды. Өр+тең, зер+тең сөздері -тең қосымшасы арқылы жасалған. Аурудың алтын түстес сары-қызыл болғандықтан зертең – деп аталуы да мүмкін. «Зертең» туралы деректің аздығы байқалады [20, б.121].

«Жүсіп» – молда. Жүсіп молда бұл – ақын Мәшһүр-Жүсіптің өзінің бейнесі. Көбіне ақынның айтыстарында ұшырасады. 1899 жылы жазылған «Мәшһүр-Жүсіп пен Ғалы Күзембайұлы айтысқанда» – деген айтыс өлеңінде тек қана Ғалының бейнесі ғана емес, Мәшһүр-Жүсіптің де образы жақсы ашылады. Мысалы:
Бісмілласыз басталмас Әмір – зибал!

Өнерің болса, жастықта қимылдап қал!

«Жығылсаң, нардан жығыл!» – деген сөз бар,

Ақынға молда Жүсіп салдық шеңгел


– дейді Ғалы Күзембайұлы. Молда – деген діни оқыған білімі бар, тек қана бала сүндеттеген кісіні ғана молда демеген. Бұл – көбіне Кеңес дәуірі уақытында кемсітушіліктен шыққан сөз. Дамолда – үлкен молда білімі терең адамды айтқан. Мәшһүр-Жүсіп те ел ішінде ислам дінін насихаттап, табибтік білімі болған соң адамдарды дұғамен емдеп, жазып жүрген. Молда – деген үлкен лауазым болған, ондай атаққа екінің бірі жете бермеген. Әрине, уақыт өте келе бұл сөздің мағынасы да, мәні мен мазмұны да басқа сипат, басқа бітім болмыс алды [9, б.279].

«Балқұн» – хан аты. Мәшһүр-Жүсіптің он тоғызыншы бабы: «Басқа патшалар, жомарттар, әулиелер» – деген дастанында ұшырасады. Хасен, Хұсайын заманынан бері Фатима, Заһира, Ғайша аналарымыз өткенін, тағы да әулие Ғауинт, Алағзам, Нақшыбанды, Баһауаддин, Қожа Ахмет т.б өнегелі істерімен аттары тарихта қалған көптеген есімдердің жақсы жақтарын, қылықтарын, білімдерін атап өтеді де патша Жамшит, Баһыраб, Балқұн, Фарзуз, Баһадүр Рүстем, Зымак, Сахып қыран, Қаһарман: Дәл мен Зәл т.б. бейнелерін жан-жақты суреттейді.


Әнбия, әулиеден бірі қалмай,

Дүниеге бәрі де өтті назар салмай.

Патша Жамшит, Баһыраб, Балқұн, Фаруз,-

Зор еді заманын да олар қандай?!


– деп, зор патшалардың бірі болған Балқұн бейнесін ерекше бейнелейді [29, б.167].

«Мешін жылы» – жыл қайыру. Мешін жылы, октябрь, қыс басында, Ұзармаған өмірдің қысқасында (М-Ж., 62); Күлтегін қоң йылқа, йіті йігірмеке учды. Токузынч ай йіті отузқа йоқ ер т:түртіміз. Барқын, бедізің, бітіг таш (ын) бічін йылқа, йітінч Ай йіті отузқа қой алқады (м) ыз. Қоң йылқа (қой жылы), бічін йылқы (Күлтегін); Түркі тілдес халықтарда мешін, мәчін, мечіні, бөчін, пічін, биджән т.с.с. болып айтыла береді. Зерттеушілердің көпшілігі мешінді әр түрлі маймұн (араб), раковина (Шимкевич), божья корова (Смайлович), (бір кічік аламәджек) ставрополь түркімендері түсіндірген, многоножка (Седельников), слизняк (кілегей) не бицин–злой дух (жын) (Радлов) т.б. түсініктеме берілген. Телеуіттердің ұғымында мешін мағына жағынан қазақтың «мешеліне» жақын. Кир. мэшинъ, алт., мсчінъ (сродно съ монг.) обезьяна. Тур. мешинъ, барания кожа (выдъланная) (Будагов, 235). Қазақтар да адамға қатысты мешел – дейді. Мешін мен мешіл мағынасы жуық мәндес сөздер ме дейміз. Мешіл – mäšүl: bü bünja iši gIldI mäšүl дела мира сего занимают меня (Құтадғұ біліг) (ДТС, 339) (Жанпейісов, 86). «Мешелдің» арғы түбі «мәсіл» (масыл) болу керек – дейді Искаков. Индонезияда өмір сүрген адамдарды азып кеткендер «орман адамдары» деген. Ә. Қабаев соңғы кезде «қар адамдары» дейтін айтылып жүргенін жазады. Мäшін – выдланная баранья кожа, марокинъ немесе мешін – 1) мешін jыл годъ обезьяны; 2) наскомое, плавающее на вод, слизнякъ (1911: 2115).



Түйін. Мешін мен мешел сөздерінің байланысы бар сияқты. Бірақ, мешін не екендігі әлі анықталмады. Мұның ішіндегі Л. Будаговтың іреп алынған қой терісі деген болжам сәл де болса, жуық келеді. Мүмкін мумия (өлген адамның сақталуы) болуы, бірақ, бұл тек қана жорамал. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев мешінді жыл ауысуының бірі деп есептейді. Мешін жыл атының бірі болса, наурыз күн мен түннің теңелген айы жылға жатпайды [7, б.139, 22, б.2115].

«Сәлем ету» – дәстүр. Алтынбас қарияға сәлем берді, Хабарын ғашық жардың сұрайды енді. (Мәшһүр-Жүсіп., 142); Сәлем – сөзі о баста еврей тілінен ауысқан. Еврейше шалом (шалум, салум) «бейбітшілік, татулық», ла, шолом алехем! – «тату болыңыз!» – деген сөздер. Кейін бұл сөз араб тіліне ауысып, онда алғашында тек тыныштық, хауіпсіздікті білдірсе, кейін аман-есендікті білу, амандасу мағынасында қолданылатын болған. Осы мағынада бұл сөз түркі тіліне енген (Золотницкий. Корнев, чув. рус. сл. 204-213; Skeat. An Etym. Dict. 532). (Н.Қ.). Сәлем – зат. 1. Біреуге жеке өз атынан не қоғам атынан достық сезіммен білдірген жақсы тілек, амандық, саулық (ҚТТС, 253). СӘЛЕМ а. [سلامсәлам: 1. мир, безопасность, благополучие; 2. привет, приветствие; 3. гимн] – 1. привет, приветствие (Рүстем., 254). Амандасу сөзі қазіргі әдеби тілімізде «сәлем беру, сәлемдесу, амандық сұрау» – деген мағынада қолданылады. Сонымен қатар, ескі әдеби нұсқаларда амандасу сөзі «көрісіп сәлемдесу» мағынасында да жиі жұмсалған:


Жіберді тарту қылып тоғыз адам,

Қамбарға қайтыңдар деп амандасып.


Амандасу сөзі ертеде екі мағынада: бірі – қоштасу, қош айтысу; екіншісі – амандасу (сәлемдесу) жұмсалған [23, б.142, 13, б.170, 19, б.253, 20, б.254, 67, б.34-35].

«Ұстаз» – білім, тәрбие беруші. В. Радлов: Уста استاذ 1) ремесленникъ; 2) кузнецъ; 3) мастеръ, начальникъ надъ рабочими; учитель, профессор; хазяйка гостиницы – деген жалпы алты мағынасын көрсетеді (1893: 1749). Ұста а .[ استاذ остаз: 1. учитель; профессор; 2. мастер; 3. искусный] – 1. кузнец. Ұстаз п . [см. Ұста استاذ] – учитель, наставник (Рүстем., 285). Ұстаз: Ақылшы, тәрбиеші, үйретуші (АТС., 664). ҰСТАЗ зат. Мұғалім, ақылшы, басшы, шәкірттің жетекшісі (ҚТТС., 422). Ұстаз сөзінің түбір тұлғасы ұста (аң ұстау, тұзақ құруға үйретуден) шығуы мүмкін. Ұстаз ~ бақсы ~ абыз бірімен-бірі семантикалық жағынан тығыз байланысты. Мәшһүр-Жүсіп өзінің сүйікті ұстазы Қамариден қазірет туралы:


Ілтипат көп жақсылар келіп еді,

Шарапат ұстаз пірден жетіп еді.



Ұстазым Қамар қазірет сүйгендіктен:

«Уай, құзғын-ай! деуменен кетіп еді


– дейді [43, б.123, 19, б.422, 20, б.285, 18, б.1749, 21, б.664].

«Төркін» – қыздың туған жері, үйі. Жұрт жиылып қалды, төркіні де аралас-құралас екен, құн сұрады. Сонда төркініне таңдау берді. (Мәшһүр-Жүсіп., 71); Төркіні жақынның төсегі жиылмас. Өзі болған қыз төркінін танымас (Мақал). Төркін сөзінің жалпы халыққа аян негізгі мағынасы күйеуге тиген қыздың ел-жұрты, туған-туысқаны. Сондай-ақ, ол «бір нәрсенің негізі» деген ауыспалы мағынада да қолданылады. Осы екі мағынаның екеуі де бір нәрсенің шыққан тегін, өніп-өсуін, тұқым-тумасын аңғартады. Осыған байланысты қазақ тіліндегі төркін, қырғыз тіліндегі төркүн (әйелдің туған-туысқаны), қарақалпақ тіліндегі төркин (келіннің туыстары, әйелінің туып-өскен жері; әйелінің шыққан тегі), ноғай тіліндегі тоъркин (әйелдің әке-шешесінің үйі); монғол тіліндегі төрхөм (төркін), сондай-ақ төркіндеу, төркіндету, төркіншіл, төркіндес т.б. тәрізді сөздердің негізгі түбірі төре-//төрә-//төрі – деп жорамалдауға болады. Өйткені, бұл сөз түркі-монғол тілдерінде жеке-дара айтылып, «туу, өсу, өмір сүру, жаратылу, тіршілік ету, дүниеге келу» деген мағынада жұмсалып жүрген дербес етістік түбірі. Мысалы, қазіргі ұйғыр тілінде төре – «туыл, дүниеге кел; жаратыл», осман түріктерінің тілінде тура-//тора – «дүниеге келу»; өркендеп өсу, көбею» (Радлов. Опыт сл. III., 1558), монғол тілінде төрөх – «туу; өмір, тіршілік ету, өмір сүру» деген сөздер жеке-дара айтыла береді. Төркін сөзінің төрә-//төрі сөзінен жасалғандығын Л.З. Будагов та айтады (Ср. сл. тур. –тат. нар. I, 390). Төркін сөзінің құрамындағы екінші морфеманы (-кін) тіліміздегі етістік түбірінен зат есім тудыратын -кін (-қын, -ғын//-гін, -қан//-ған, -кен//-ген) жұрнағы деп танимыз (мысалы: ұш-қын, көш-кін, тұр-ғын, тос-қын, сүр-гін тәрізді). Төркін сөзінің түбірі (төр) жіңішке болғандықтан оған жұрнақтың да жіңішке (-кін) варианты жалғанып тұр... (Ә. Қайд.). М. Қашқари: төркун – Қыз төркуніге кәлді – деп жазған (МҚ., 185). Будагов: möргöнъ – родители и вс роственники замужней женщины (такъ называются они по отношенію къ ней самой и ею самою), төркіндемек хатъ (молодая женщина) къ своимъ ордителямъ (что бываетъ черезъ годъ по замужеств, или же по рожденіи первого ребёнка; родители или бартья длають ей при этомъ посщеніи подарки), төркіндеу детъ къ родителямъ на поклонъ (что не всегда бываетъ имъ пріятно, и пріёмъ замужней дочери нердко совершается очень холодно); въ алт. möрöгöнъ – также значитъ родственникъ, сродной, сородичъ т.б. (1869: 390). Тарихи мәні бар бұл – деректі көне орыс графикасымен жазып отырмыз. Біздің ойымызша: төркін мен төре сөздерінің о бастағы шығу тегі бір сияқты [30, б.71, 26, б.1556, 24, б.390, 13, б.188-190, 25, б.185].

«Қалың мал» – дәстүр. Қалың, қалың мал. Мағұлым, Жәми Мұса ұғлы Шормановтар Қалыңсыз, дәнеңе алмастан қызын берді (Мәшһүр-Жүсіп., 64); Ерте азиат болғанмен алымсызбын, Әйел болсам, құн, пұл жоқ қалыңсызбын (Мәшһүр-Жүсіп., 79); Мынауы да қалыңмал беруге қожаны қызықтыра бастағанда қой бағып жүрген Төлек атай қойшыларға айтқан екен... (Мәшһүр-Жүсіп., 41). С.Толыбеков: Несомненно. По своему происхождению калым был оплатой за девочку, продоваемую в рабство. ... Казахский калым, будучи одним из признаков патриархального рабства, распространялся на всю женскую половину кочевого общества (1971: 288). Г. Тверитин: калым – выкуп за невесту (Тверит., 118]. Л. Будагов қалың – калым- приданое или выкупъ за невесту и.т.д. (Будаг., 23). тат. قالمқалм, қалымъ кир. алт. قالنك қалын, قالن مال қалы мал 1) калымъ простирается отъ воза дровъ или сна до 3000 р. сер. и болъе. 2) алт. қалын قالنك плата въ извстную цнность, стоимость, цна товара, выкупъ (Будаг., 23). Л. Будагов тат. калынъ өз мәніндегі қалың (толстый) үйленерде жігіт жақтың жіберетін ақшасы демек осы қалың (толстый) қалың (қалың мал) (ақша) мөлшері, дж. қалың=коверъ – деп түсіндіреді (Будаг., 25). б.) Демек, қалың (толстый) ақшаның мөлшері кез келген берілетін заттың мөлшері қалың деп есептелген. Ал, қалың мал кейіннен малдай берілген. Сонымен қалыңның екі түрі қалыптасқан. Соңғысы алғашқының атын иеленген сияқты. Қалың бермей (не давал калыма). По обычному праву, при сговоре между отцами жениха и невесты состовлялось условие о размере калыма и сроке уплаты его. Обычно калым уплачивался в несколько сроков. Это было вызвано необходимостью отдавать за невесту значительное количество скота. Размер калыма был различен. Иногда он состоял из 120 баранов, 32 лощадей и 4 верблюдов-пятилеток, иногда – из 16 лошадей или 2 верблюдов (Материалы по казахскому обычному праву, Алма-Ата, 1948, стр. 141). Бывало, что калым достигал баснословных размеров. В состав его включались стада, табуны, отары, драгоценности, золото, серебро, редкие вещи, составляющие предмет роскоши, а также рабы. То, что Базарбай не платил за своих сыновей калыма – гипербола, рисующая его сказочные богатства: он мог выплатить любой калым в любое время, поэтому и не вступал ни с кем в сговор (Қыз Жібек., 287). Қалың малсыз – без калыма. Выплачивая приданое и не беря калыма, отец Жибек обнаруживает большое расположение к дочери: он не связывает ее с нелюбимым женихом, а желает отдать достойному батыру. Кроме того, отдать дочь без калыма – традиционная эпическая форма показа сказочного богатства семьи невесты (Қыз Жібек., 284). Ауқатты адамдардың жасауға беретіні оның алған қалың малынан және күйеудің берген кәделерінен кем болмайды. Л. Будагов: п. كانن кябінъ كانين كاوين,плата за невсту (قالم, صداق, مهر = қалым садақ, мүһр) приданое, опредляемое женщинами во время бракосочетанія деп кебін түрін атайды (Будаг., 108). Күйеу қалыңдықтың аулына келген соң қайындары шығып, ілуге әкелген малын көреді, егер оны аз деп тапса, немесе мал басында кемістік бар деп тапса, күйеу байғұсты ауылға түсірмей, кейін қайтарып жібереді. Күйеу қайын атасына оның көңіліндегідей ілу әкелуге тиіс, тек сонда ғана ол көңілді – құрметті түрде қарсы алынады (Алтынсарин., 176). Кир. نيماورون нимаурунъ – помощъ скотомь или другимь имуществомъ, оказываемая приближенными жениху, въ случа недостатна калыма (Будагов, 299). Қалың формасы: қалің, қалиң, сеп `қалым, келінді сатып алу, жасау`; қалың берсе қыз алар. Бердім саңа қалың (МҚ. III, 382). Л. Будаговтың қалың: қалың // қалың мал сөздерінің екі мағынасын көрсетеді. 1) тат. калымь, кирг.-алт. қалын, қалын мал `жасау, келінді сатып алу`; 2) алт. қалың `белгілі бағасын төлеу, құны, тауардың құны, сатып алу`; чағ. қалын `күйеу баланың үйленер алдындағы жіберген ақшасы` (БСл, II, 23). Қалым этнографиялық термин ретінде көптеген түркі тілдерінде кездеседі. Мысалы, Еремеев қытай сөзіне жатқызады: «Көне түркі лексиконына бірнеше қытай сөздері де енді: битик, калын (калым, выкуп за невесту)» (1980: 17). Бұл сөздің түбір тұлғасы қал: қалың < қал + ың (мал) этимологиясын көрсетеді (Қайдар., 237) және (Қайдар., 100). Р.Ахметьянов тат., башқ. жиі қолданылатын сөз калын, чув. хулäм, калäм, мар. калын (татарлардан), олно, олны (бұлғарлықтардан) `шарап, қалың (қыз үшін төлем)` жалпы түркілік сөз, орыс тіліндегі қалым түркі тілінен ауысқан, сол сияқты арап. мәһәр сөзі де жасау сияқты қолданылады (Ахмет., 83). Л. Будагов: باوازداو бауыздау горло (мсто зарза),باوزداو бауыздау құда главный свать, главное лице въ числ сватовъ (называется такъ потому, что при первомъ сватовств, которое бываетъ въ аул несты, посл условій о калымъ и كيت) хозяинъ спрашиваетъ его: не прикажеть-ли зарзать барана? Согласіе его на это - знакъ ршенія породниться (Ильм.). (Будаг., 284). Сол сияқты, кир. جاوشي жаушы каз. جاوجيжаушы – сватъ (Будагов, 430). С.Малов қалым `выкуп` (за гегену – ламу его родителям); см. қалын. Қалын `плата за невесту`; қалын теат- `уплачивать калым`; хакасск.: халын `плата за ребенка – мальчика, отдаваемого в дети другим родителям`; паш халынға (< калынға) `в число платы`; см. қалым (Мал., 51). Қалың мал мен қарғы бау мағынасы жағынан ұқсас сөздер. Ќарѓы баудыњ бірнеше т‰рі болѓан бірі, неке ќиылѓанда к‰йеу жаѓынан берілетін мал. Кир.قارغوباو каргу-бау, подарки делаемые женихомъ или его родителями до настоящей свадъбы, въ род обряда обрученія (Будаг., 11). Екіншісі, татуласқанда берілетін адам. Оны кейде «күнде бау» – дейді.

Түйін. М-Ж. Көпеевте қалыңның екі: қалың да, қалың мал түрі де қолданылған. Қалың (толстый) атауы қызға берілетін ақшаның мөлшерін анықтаған да қалың аталған. Қалың (толстый) қалың малдың атына да ауысқан. Былайша айтқанда алғашқының атын қабылдап алған. Қалың метрологияға жатады. Таза байлықтың, қанаудың әсерінен шыққан. Кейіннен халықтың дәстүріне айналған. Қалың мал жиырма, ілу, тоғыз сияқты киелі сандармен де байланысты [7, б.124-125].

«Құн дауы» – дәстүр. Құн. Абылай «‰ш нєрсе арман болып, ќолымнан келмей, ќ±р ойымда кетті, – деген екен. – Бірі аќ боз аттыњ ќ±нын ердіњ ќ±ны ќылмадым. Мылтыѓын ќ±ралайдыњ кµзінен µткізет±ѓын мергенніњ ќ±нын екі ердіњ ќ±ны ќылмадым. Бірі етікші мен ±станыњ ќ±нын ќатын ќ±ны болсын деп б±йрыќ ќылмадым...» (М-Ж., 70); Т‰ріктер тоѓыз атаѓа шейін хандыѓым ‰зілмей келді деп, киіт те тоѓыз... ќ±н да тоѓыз, осы тоѓыз-тоѓыздан бµлет±ѓын жол-жоба сол Уыз ханнан ќалѓан (М-Ж., 13). Матайдан ел жиылып ќ±н с±раѓан (Шєкєрім, 330); Құн туралы этнографиялыќ ‰рдістіњ ќазаќ даласындаѓы µтуін М-Ж. Көпеевтің жазѓанынан толыќ хабардар бола аламыз: «...Сонда шариѓат айтат±ѓын К‰дері ќожа екен. Айтќан шариѓаты: «¤лер ¦лбике µлді, аяр да ас жоќ, тояр да ас жоќ. М±ны сойыњдар, µкпесін алып кµріњдер. ¤кпесінде жазу жоќ болса, онда тойѓа бару, µлењ айту єйел жынысына д±рыс емес, µзі кінєлі, б±ѓан т‰к болмайды. Егер µкпесінде жазу болса, онда ѓ±зыр айтпаса ішін жарып кетеді. ‡ш кісініњ ќ±нын берсін. С‰йек ќ±ны, µнер ќ±ны, ќара ќ±н». ¦лбикені сойып, µкпесін алып кµрсе, µкпесі жыбырлап т±рѓан жазу екен. Кµрген ж±рт ботадай боздапты. Кµзімен кµрген ж±рт к‰йгендіктен, Бойтан серіні бас жетімі ‰шін ќ±нына беріпті» (Қолжазба 1170 папка: 555, 46); С‰йек ќ±ны ‰шін елу жылќы, алты жаќсы беріпті. ¤нер ќ±ны ‰шін жєне елу жылќы, алты жаќсы беріпті. Ќара ќ±ны ‰шін «тоќал ќ±н» деп тоѓыз жаќсы беріпті. Ќазаќстан Республикасы Ѓылым академиясы Орталыќ ѓылыми кітапхананыњ сирек кездесетін ќолжазбалар ќорынан (М. Кµпеев материалдары, 1170-папка, 555 б.); Ә. Диваев. № 251-ші дєптері, 30 б.; Осыѓан орай, толыќ т‰сінікті болу ‰шін: Абылай заманында Ќ±нѓа кесім айтатын бас биі –К‰лік: Шобалай баласы – Жања батыр бидіњ «‰ш ќ±н» туралы берген аныќтамасын береді: «Б±л кісініњ ќ±лѓа ќылѓан кесімі: ќара ќ±н – ж‰з жылќы, он екі жаќсы, с‰йек ќ±ны – елу жылќы, алты жаќсы; µнер ќ±ны тоќал болады, тоѓыз жаќсы». «Б±л ‰ш ќ±н еркекте Кµтеш аќынѓа алынѓан, ±рѓашыда ¦лбикеге алынѓан. Єлгі айтылѓан батырлардыњ бірде-бірі жауда µлсе, «жеті ердіњ ќ±ны алынсын» деп кесім ќылѓан. Жауѓаш, Биѓаштыњ ќалмаќта µліп, жеті ердіњ ќ±нын алѓан. Жаќсы дегенніњ басы – жетім, ќалы кілем, ќара нар, мылтыќ – сондайымен тоѓыз». Жаз барѓан жолаушы ќысќа килігіп ќалып, ќыс ішінде ±затып алып ќайтќан Ќаратай батыр т‰йесініњ басын жетектеуге Шанышќылыдан Бектек деген бір ќызды алдырып, ќызына жетім ќылып ќосып берген (М-Ж., Олжабай батыр); Кейін бітім бойынша Ботаханныњ ќ±нын береді, мыњ кісініњ жолына жетім бастатќан (Бойтан серіні береді) тоѓыз, мыњ кісіге т‰йе бастатќан тоѓыз, мыњ кісіге ат шапан береді (М-Ж., Абылай туралы жазѓандары). М±ныњ сыртында: ер ќ±ны, екі ер ќ±ны, ќатын ќ±ны т.б. т‰рлері бар. А.И. Левшинніњ жазуы бойынша «Жеті Жарѓының» баптары түгелге жуық келтірілген (М. Ќ±лм±хамет. Ќазаќ єдебиеті. 1990. 6-шілде.). М-Ж. Көпеев шыѓармаларында кµзіне шµп салу, ќалыњ тµлеу, ќ±л, ќожайын, жалшы, ќ±рым байлаѓан к‰йі ќара сиырѓа теріс мінгізу, ‰ш тоѓыз, барымта, ру басы т.б. кездеседі. М. Ќашќари: ќан ќан, кун-тартып алу деген (МҚ., 159, 162]; Л.З. Будагов: ќырѓ. قون ќ±н (кунъ) (пар. خون ќун ќан), قونون ќ±нын 1) ‘ќанѓа-ќан’, ‘µлім ‰шін’, ‘м‰гедек ќылѓаны ‰шін’; ’кек алу’, ‘µшін алу’ (ќырѓ. негізі барлыќ жерде ќазаќ деп оќылуы керек автор) кісі µлімі ‰шін 1000 ќой, (адамныњ дене-м‰шесініњ заќымдануына ќарай). 2) тµлеп алса 2000 ќой (Левшинъ, стр. 315) (Будаг., 94). Г. Потанин: Ќ±н п. [хун: кровь] – 1. ист. кун – откуп за убийство или увечье, введенный взамен смертной казни, кровной мести, существовавшей в древности. 2. цена, стоимость; достоинство. 3. экон. стимость, воплощенная в товаре и овеществленный в ней общественный труд товаропроизводителей. Кун плата за кровь (Потанин, 304). Ќ±н - хун (ќаны-ќан) (Жеменей, 123); Ќ±н - (п) ескі. Хун. ¤лтірілген кісі ‰шін ќарсы жаќќа тµленетін айыптау тµлемі (Бекм±хаметов, 103). Ќ±ншы, ќ±н с±раушы (п) ескі х±нж±ау (хунхуаћ). ¤лтірілген кісі ‰шін µлтірушіден ќ±н талап етуші, кек алушы (Бекм±хаметов, 103). Ќ±н зат. 2. ¤лтірілген кісі ‰шін ќарсы жаќќа тµленетін айыптау тµлемі, алым (ЌТТС, 89). Б.С. Ќараѓ±лова: ќыса (кек алу) сµзін ќ±н сµзімен салыстыра ќарастырып, тарихи жырларда «ќ±н», «кек», «µш» маѓынасында ќолданылѓанын жазады (Тарихи жырлар лексикасы: филолог. ғылым. кан. дис. автореф. Алматы; 2000. Б. 14). Кек алу зањы (ХV-ХVII ѓ. Ќазаќтың қылмыстық правосында А.Қ.) бірінші орынды алѓан: «ќанѓа ќанмен кек алу» немесе «заќымданѓанѓа заќымдау» болѓан. Кісі өлтірген немесе ауыр зақымдаған айыпты адамнан сот үкімі бойынша қанды кек алынатын болған, мұны ру орындайтын. Қанды кекті төлем төлеумен құн төлеумен ауыстыруға болған [Қаз ССР тарихы., 184). Е. Бекмаханов: Кун взыскивали за убитого человека взамен кровной мести. В период развития феодальных отношений кун был приспособлен к феодальному строю и стал одним из средств эксплуатации казахов. Размеры куна, взыскиваемого с рядовых казахов и султанов, были равне. Например, полный кун за убийство простого казаха (ќара ќазаќ автор) состоял из джаулука (женский головной убор) и нескольких халатов, шубы, пояса, шаровар, сапог, оружия и лошади убийцы, или же из 1000 баранов, 40 кобыл и кула (невольника) (бас жетім – А.Ќ.). Иногда кун заменялся 10 верблюдами. За убийство ходжи кун состоял из 3000 баранов, за убийство султанов – 7000 баранов, а кун ханский равнялся куну семи простых казахов. Это основанно было на том, что хан является повелителем семи отделений или семи родов. (91) По казахскому обычаю кун считается – олжа (находка). ... Например, из 1000 баранов взыскиваемого куна, семейство убитого казаха получало от 40 до 100 баранов, в зависмости от имущественного положения убитого. Значительную часть куна получали бии, которые, по данным чиновника Лазаревского, получали а иногда часть иска, а затем ханы и султаны (92).
За кражу верблюда-первый тогуз – 9 верблюдов

второй тогуз 9 лошадей

третий тогуз – 9 коров

За кражу лошадей первый тогуз – 9 лошадей

второй тогуз 9 коров

третий тогуз – 9 баранов и.т.д


– дейді (Бекмах., 93) [7, б.174-175].

«Құн төлеу» дәстүр. Ќ±н – кісі µлтіргені немесе мертіктіргені ‰шін салынатын айып 1803 жылы поручик Гавердовский, Иванов жєне Богданович Ќазаќстан арќылы Б±хараѓа сапары кезінде ќазаќтыњ т±рмыс-салтына ќызыѓушылыќ танытып, ќ±н туралы да жазѓан болатын. Онда олар айбана кісі өлтіргені немесе жаралағаны үшін салынатын айып туралы да жазды (Қаз. тарих. Хрес., 1992. Б. 200-201). Айып жазаны заттай (малдай) тарту (Р. Сыздық. 2004. – Б. 164). С. Толыбеков: Хан получал хандык при взимании штрафа за убийство, хун за увечье и кражу, а айп (айып. А.Қ.) за другие преступления, в том числе за примерение враждующих родов с взаимной *барымтой дейді (Толыб., 358). Барымта (баранта) күш қолданып мал айдап әкету. Барымта және осыған ұқсас сөздердің этимологиясын Б. Қарағұлова өзінің кандидаттық диссертациясында жақсы ашқан (Қар., 2000. Б. 16). А. Янушкевич жазалы адамныњ ќ±нын (жазасын) µтеудіњ таѓы бір т‰рін жазады: «Казактар тµрт винтовканы басына басын т‰йістіріп, арасына жањаѓы к‰нєкарды отырѓызды. Бір казак ќылышын жалањдатып, айнала ж‰ріп к‰зетті. «Ќазаќтар б±ны «ќара найза астына отыру» деп атайды». Олар б±л жазадан ќатты ќорќады єрі ±ялады» (Януш., 151). Ата-анасына тіл тигізген ±лды мойнына ќ±рым байлаѓан к‰йі ќара сиырѓа теріс мінгізіп, ел-аралатып ж‰ргізетін болѓан. Қазақтың бұндай дәстүрі І. Жансүгіровтың «Бадырақ» романында да көрініс тапқан. Ќ±н ислам мєдениетініњ жетістігі мен біте ќайнасќан. М±сылман діні µз ерекшелігіне байланысты ќ±нды пайдаланѓан, дала зањына µз ережелері мен ќаѓидаларын енгізіп отырѓан. Ќ±н м±сылман дєуіріне дейін пайда болѓанын жоѓарыдаѓы деректер растайды. «Дала уалаяты» газетінде «Ќ±н турасында ќазаќтардыњ» деген маќала жарыќ кµрген. Негізінен Е. Бекмахановтыњ жазѓанымен тура келеді. Егер де кімде-кім µлтірген кісініњ с‰йегін жасырса, онда µз алдына бµлекше ќ±н тµлейді – деген өзгешелігі бар. М±нда да ќара ќазаќ, аќс‰йек тµреніњ арасындаѓы ќ±н ерекшелігі аталып µтеді (Ақ сүйек, қара сүйек бөлімін қараңыз.). Ќ±ныныњ мµлшері де наќты жоќ, бекітіп ќойѓан ереже де жоќ дегенді айтады (А.И. Крахалиев. Ќ±н турасында ќазаќтардыњ....// Дала уалаяты. – 1894. – № 8). Б±ѓан ќосымша: «Билердіњ бітімдері, бір ‰лкен съездегі билердіњ ережесі» жарияланды (Єлжанов О. Билердіњ бітімдері. Бір ‰лкен съездегі билер ережесі – // Дала уалаяты. – 1896. – № 48, 49, 50). Сол сияќты ќ±нныњ мµлшері жоќтыѓы м±сылман ќаѓидасымен т‰сіндіріледі. Шариѓаттыњ б±лжымас µз зањдары болды. Мысалы: Шариѓат ант беруден бас тартуѓа р±ќсат етпейді. Бас тартса, бір ќ±лѓа азаттыќ єперуі керек, не 10 кедей, аш-жалањашты тойғызып, киіндіруге тиісті. Егер ондай ќалі болмаса, ‰ш к‰н ораза т±туы ќажет. Уєде мен ант беру рєсімі бір-біріне жаќын. ¤з білгенімен жазалау (та’зир) Ќазыларѓа µз білгенінше кейбір жаза ќолдану. Арабша «та’зир» تاذير «‰кім шыѓарушылыќ» деп аталѓан (Өсер, Естай., 76-77). Ќ±ранда: «Жєне біреу, бір м‰мінді ќателесіп µлтірсе, сонда бір м‰мін ќ±л азат етуі єрі µлгенніњ иесіне ќ±н тапсыруы керек. Біраќ олар кешірім етсе ол басќа. Егер µлтірілген сендермен д±шпан елдегі бір м‰мін болса, (ќ±н тµлемей) бір м‰мін ќ±л азат етуі керек» деп жазды (Құран., 93). Ќ±ќыќ зањдылыѓыныњ ќатањ ережелерініњ бірі ќ±н М±хаммет пайѓамбардыњ µмірімен де байланыстырылды. Жалпы, ќ±нныњ шыѓу этнографиясын м±сылман дінімен байланысты ќарау да белењ алды. Оѓан себеп мына оќиѓа болды: «Сондыќтан сєуегей кемпірге жын-перісін шаќырып, µліп-талып зікір салудыњ ќажеті болмады, келесі к‰ні оларды шаќырып алып: ќ±райштардыњ арасында – адам ќ±ны ќанша екенін с±рады. Єбді єл-М‰ттєліб (егер де ќастандыќпен µлтірілмеген болса) ќ±райштардаѓы адам ќ±ныныњ баѓасы он т‰йе екенін айтты. Сєуегей: Абдолланыњ µтеуіне осы ќ±нды ±сынып кµріњдер, егер жаратќан оны азсынып ќабыл алмаса, ќабыл алѓанша ќ±рбандыќ т‰йеніњ санын µсіре беріњдер деп аќыл ќосты. Меккеге ќайтып оралысымен, Єбді єл-М‰ттєліб сєуегейдіњ айтќанын б±лжытпай орындады. Ќабылдыњ ќарсы алдына Абдолланы т±рѓызып, шарбаќтыњ ішіне он т‰йені айдап кіргізіп, єдеттегідей жебе суыруѓа кірісті. Он рет тартып еді, он ретте де шек Абдоллаѓа шыќты. Ќ±рбандыќ жолы Абдоллаѓа т‰скен сайын, он т‰йеден айдап єкеліп ќосып отырды, тек т‰йе саны ж‰зге жеткенде, жаратќан адам ќаныныњ µтеуіне осы жарайтынын білдірді. Єбді єл-М‰ттєліб ќателесуден ќорќып, екі рет садаќ суырды, екі ретінде де ќ±рбандыќ жебесі т‰йеге т‰сті. Енді к‰мәнданудыњ негізі жоќ-ты» (Мұхаммед пай. өмір., 32). Жеті жарѓыда» Ќ±н адам µліміне, не жараќат алса былай белгіленді: Біреудіњ белін сындырѓан толыќ адам ќ±нын тµлейді. Бір кµзін шыѓарса адамныњ жарты ќ±нын тµлейді. ¦рыс-тµбелесте бас бармаќ сынса – 100, шынашаќ сынса 20 ќой тµлейді. Дене заќымынан бала µлі туса: 5 айлыќ бала ‰шін – 5 ат, 5 айдан 9 айѓа дейінгі бала ‰шін єр айѓа 1 т‰йе. Аталѓан зањ негізінде 100 т‰йе 300 атќа немесе 1000 ќойѓа тењестірілген (// Аќиќат. – 1993. – № 6, – Б. 43). Жоғарыдағы ањыздан ањѓарѓанымыз «басќа-бас, ќанѓа-ќан, жанѓа-жан» сынды тайпаныњ ішкі зањы µліммен ѓана шектеліп отырмады, аса ‰лкен «ќ±н» тµлеумен де мєселе шешілді. Ж. Ахмедиев Түркістан қаласындағы белгілі Ахмет Яассауи мұражайы экспозициясынан 1977 жылы көшіріліп алған. М-Ж.Көпеев жинаған би-шешендердің сөздерінде қазақтардың, құқын заңды түрде шешетін ережелер, қағидалар, тұтас ғақила сөздер көптеп кездеседі. Мысалы: «Ердің құны есебін тапқан сабазға екі-ауыз сөз деп қай заманда айтылған» деп Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Ошақты деген ел, орта жүзден Малай, Жәдігер деген таптан шыққан Құлназар дегенді өліріпті. Оның кесімін ақбура Бөрібай ақын айтыпты:
Ошақты Құлназарға құн бермексің,

Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермексің.

Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермесең,


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет