Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет120/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
244 
Абай да Қуандықтың соншалық сергек, ерке күлкісіне таңқалды. Шаттық 
пен сауықтың жаны да, сөнбес шырағы да дәл осы еркін сұлу, жас қыз сияқты. 
Дәл осы сәтте, осы күңгірт кеште Қуандық Абайға үлкен бір қуат, екпін суретін 
көрсеткендей болды. 
Мынандай жанның маңында күңгірт кеш те, жабық көңіл де болмау керек. 
Оның аты үлкен үміт. Әрі сұлу, әрі сенімді, мықты үміт. Оның бас иер күші жоқ. 
Отауға барған соң, қонақтар қасына көп қыз, келіншек пен жас жігітер 
жиылды. Ойын-сауық аса қызу боп басталып, таң аппақ атқанша солғындаған 
жоқ. Бұл түнде ұзақ әсем ән де шырқалды. «Орамал тастау», «Хан жақсы ма,» 
«Мыршым», «Белбеу соқ», «Ләппай тутәлә» сияқты күлдіргі ойындар да тегіс 
ойналды. 
Әр ойынның арасында қыздар мен жігіттердін кезек шырқаған айтыстары, 
ән жарыстары да көп. Сыбан ойыншы, сауықшы ел болатын. Әсіресе, осы ауыл 
Қадырбайдың әкесі Ақтайлақ заманынан бері қарай, айтыс пен әннің қан 
базары. Кішкентай күнінен бері сол қалың думан ортасында өскен Қуандық - 
мынадай ойын-қызықтың жаны есепті. Өзіне серік, дос қыздары да көп. 
Сыбан мен Найманның ескіден келе жатқан әдеті қыздарын жастай 
ұзатпайтын. Сыбан қызындай үйде қартайтамысың?» деген сөз, өзге көршілес 
елдерге мәтел сияқты болған. Қадырбай аулында, мынау отауда сондай жетіп 
отырған, жасы отызға тақап қалған қыздар біреу-екеу емес, әлденешеу. Соның 
бәрі шетінен қалжынқой, ашық. Ойын-сауыққа жаны құмар, шетінен әнші, 
өлеңші боп шықты. 
Бар жиынды бастап отырған Қуандықтың өзі. Оның тамаша күлкісі 
әрдайым сыңғырлап шығып, күйдей созылып, жұрттың бәрін еліктіріп отыр. 
Қуандық ойын үстінде жігіттерді аямайды. Мәз болып күліп отырып, қызара 
түсіп, қатты жазалайды. 
Өзіне жаза тартатын жер келсе де саспайды. Күлкісінен жазбай, міз бақпай 
отырып, бар жазаны оп-оңай көтеріп кетеді. 
Осы кеште Абай мен Қуандық қатар отырып, әзілмен, әнмен, айтыспен де 
көп жарысты. 
Ең алғашқы айтысты Қуандық өзі бастаған. 
Арнап сөйлеген кісісі Абай. Бұрын айтысқа көп салынбаған Абай әуелі ән 
жағына салмақ салып, сөздерін ойлаңқырап, бөгіліңкіреп айтып отырды. Сыбан 
ішіне Арқаның көп сұлу әндері жайылмаған екен. Абай соларды айтумен және 
ырғақ, нақысын жақсы жеткізумен Қуандық әнін баса берді. 
Алғашқы бір қағысулары осымен өтіп, ойын арасында айтысқа тағы 
оралып келгенде, Қуандық ән айтпай, термеге түсті. Айтыстың әні емес, сөзін 
сарапқа салайық дегені. Абайдың құлақ күйі сияқты бір жеңіл, жорытпа термесі 
болатын. Ол да соған түсіп, енді Куандықтың өзіндей, жылдам шығармаға 
ауысты. Барған сайын, Абай бойын кең салып, шешен айтуға, шапшаң айтуға 
оңай төселіп барады. Ендігі айтысты өзі де тілегендей. Бойына екпінді сергек 
бір жалын біткендей болды. Бірінің сөзі бірін жанып салып, екі жасты анық 
шабытқа шақырып отырды. 
Қуандықтың екі көзі күлімсіреп, ақша беті балбұл жанады. Жас жігітпен өз 
жарысын рақат деп білген тәрізді. Бұл жастардың айтыс сөздері сыпайы 
қалжыңмен бір-бірін мақтау. Жігіт сол әзіл құрмет арасына «махаббат», «ғашық 


 
245 
от» деген сияқты жайларды араластырып, тұспалдай береді. Қыз болса: 
«сыпайы кұда, сый азамат, келген сапарыңды кұрмет етем. Затың жақсы, өзің 
жақсы. Әншейін бір әлдекім емессің. Екеумізге де жарастығы сыпайы 
сыйластық», деп бейнелейді. 
Көп көзінше ашық айтысқан әзіл құрметтері осы. Бірақ жай отырып, 
ақырын сөйлескенде, сұлу қыз бен мәнді жігіт осы кеште көбірек ұғысып еді. 
Оған басшы болған Қуандық. Жұрттың дырду-думаны молайып, бір жерде 
ән шырқап, бір жерде күлкі-тартыс басымдап, керіс боп жатқанда Қуандық 
Абайға мойын бұрып: - Өлең байғұс көп орамға келе бермейді. Жұрт көзінше 
не дейін, Абай? Қөңілімнің айтпағын әнім іркіп қап еді. Шын сөйлессем, саған 
айтар сырым көп! - деген. Осы сөзінің өзін де күліп отырып, жұрт көзінше 
сезікті етпей айтты. Ашық сөйлеп, батым келіп, Абайға өзгеше көңіл бөлетінін 
білдірген. Екеуінің іштей ұғысулары бұл кеш емес, алдыңғы күндерде-ақ мәлім 
сияқты еді. 
Абай Қуандықтың ақ саусақтарын қатты қысып отырып, екі бірдей 
жүректің жан тамырлары бір соққанын сезді. 
- Екеуміздің жүрегіміз бір соғады-ау! Көремісің? Айтқаныңа қуандым. 
Мені де өзіңдей көр! - деп қалды. 
Осыдан соң бұлардың әрбір күлкісі, әзіл сөздері, қабақ қимылдары - 
барлығы да сондайлық бір тәттілік, қуаныш белгісін көрсетіп отырды. Ойынды 
сылтау етіп бір рет сүйіскенде, бұлардың жүздері де шын ләззәттан белгі беріп, 
бір-біріне ып-ыстық боп тиісті. 
Осы түннің қылаңдап атқан таңында, қонақтар тарай бастаған шақта, 
Қуандық Абайды шеткі үйге қарай жөнелтті. 
Жұрттың бәрін таратып, жайғастырып болған сон, сол үйге өзі де келген 
еді. Шеткі үй оңаша екен. Ішінде бір ғана төсек бар. Иесі қартаң әйел ерте 
тұрып кеткен сияқты. Екі жас ыстық құмарлықпен, жалындап табысты. Тығыз 
жерде, тар уақытта кездескендіктен екеуі де үнсіз еді. Қалтқысыз келіп, 
іркілмей қосылғам құшақтары бұларды сол үнсіз, жым-жырт толқын ішіне 
ілезде тартып әкетті. 
Осыдан соң тағы да бірнеше күн ойын-сауық болды. Абай мен Қуандық 
арасы тең жастардың жақсы достығына айналды. Бірақ бары сол ғана. Екеуі 
іркілмей табысқанмен, жалындаған махаббат тумады. Абайға Қуандық оңаша 
кездескеннен көрі, жұрт көзінше көп ұнайды. Оқшау жерде Қуандықтың 
ашықтығы әлдеқандай кекселік сияқтанып, жігіт жүрегіне қатан тиеді. 
Қуандықтың Керей ішінде қайын жұрты бар. Күйеуі бірнеше рет келіп 
кеткен екен. Өзінің бұрын алған қатыны бар. Қуандық соған тоқал боп бармақ. 
Қайындап келген кездерінде қалыңдық оны сүйе алмады. Әрқашан салқын 
қалатын. Сол мұңдарын Абайға сөйлеп кеп, сұлу қыз өзгеше бір тілек 
ойлағанын айтып еді. Абай жауап айтпай ойға түсті. Бірнеше баланың анасы 
болған Ділдә бар. Рас, Қуандық Абайдың теңі. Тәрбиесімен, өнерімен, ақыл 
парасатымен де өзгеше жан. Сөз жоқ. 
Әлі күнге өз өмірінде кездескен әйелдердің ішінде Абайдың өнерлі, сұлу, 
қайратты қыз көргені осы. 
Бірақ Қадырбайдың ренішінен аттап өту, Ділдәнің балаларын ұмыту, оңай 
істер емес. Осының бәрінің үстіне, Қуандықты ақылы сүйсе де, жүрегі оншалық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет