247
көпті күйзелтіп, топты томсартқан жылдарда сондайлық майысқақ,
маймақ
келсе жарайды. Кедейі мен момынын аман күнде аунатып жеп, ауыр күнде
осылайша алдаусырату керек.
Міне, көп үстінен жеген көбегендердің, «сүт үстінде қаймақ»
атанғандардың ендігі ебі сол. Айланың киіз кітабынан алған сабақтары осы
болатын.
Онысына орай, осы жыл көп те бөлек. Қалың ел аса суық түсте. Сөз аз.
Бірақ қабақтан кейіс, қияс айықпайды.
Сондықтан Тобықты жайлауларында бұл жазда бір де бір топ болмады.
Әдетте, бұл кезде талай рет атшабыс болушы еді. Биыл тіпті құнан да
жарыспады. Келін түссе, қыз ұзатылса, бала сүндеттелсе - бәрі де болымсыз
ғана жаяу желікпен, бірер табақ етпен тарқайды.
Дәл осындай ерекше сарылған тыныштық ортасында, соңғы уақыттарда бір
үлкен дақпырт шықты. Ол жау білінуі, жылкы ұрлануы.
Жайлау күндері аяқтап, жұрт күзекке қарай бет ала бастаған болатын. Бірер
қоныс кейіндеп те көшкен. Сол уақытта айналасы бес күн
ішінде Майбасар
жылқысынан, Жақып пен Ырсай жылқысынан және Құнанбайдың өзі отырған
аулынан жиырма шақты семіз ат жоқ боп шықты. Бір ауылдан бір ауыл
хабарланып, осы жоғалған мал жайы ен жайлауға тез тарап жатты. Азнаулақ
талшығы бар ауылдың бәрі де күзетін сақайтты.
Бірақ ұрылардан із-тоз жоқ. Бұл сияқты көп ел құлақтанған қауырт ұрлық
ұзақ жатпаушы еді. Біреудің үйінде жас тері көрініпті. Біреуден мезгілсіз
сойылған ірі қараның қан соқтасы көрініпті, боршасы байқалыпты десетін
сыбыстар оп-оңай шыға қалушы еді. Қазір олай емес.
Суға батқандай жым-
жылас.
Әуелде Құнанбай мен Жақыптар өзара ойласқанда: «Бұл жау көршілес
Керейден шықты, немесе Найман, Сыбаннан келді», деп топшылаған. Әсіресе,
қоныс аралары ұзарып, жайлау-жайлаудан қайтысатын кез келген соң: «Әдейі
осы уақытта істеп отыр. Мойынды қашыққа салып кетеміз деп осылай етті», -
дескен.
Құнанбай көші-қонды бөгеп отырып жаңағы үш-төрт рудың баршасына да
жоқшылар жөнелтті. Ызғұтты, Майбасар, Ырсай бастаған топ-топ кісілер үрдіс
жүріп, ат сабылтып, талай жерлерді аралады.
Бірақ көрші елдің ешқайсысынан дерек білінбеді. Елсіз жерлердегі қарауыл
биіктерге, қиын-қиын шатқалдарға барып жер шалған Төлепберді, Бурахан,
Қамысбай, Жұмағұл сияқты пысық, сергек жігіттер де із-тоз білген жоқ.
Құнанбайдың көп ауыл, көп жігіттері осылайша өре түрегелген кездердің
өзінде, дәл сол Ырғызбай ішінен тағы да бес жылқы жоқ болды.
Тіпті жалғыз
Ырғызбай емес, енді Байсал, Сүйіндіктен де төрт бие алынды. Аздан сон
Көтібақ, Бөкенші де жоқ қарауға кірісті.
Шебер ұрлық сонда да білінген жок. Тек қана, түн асса: «Алып кетті»,
«тағы әкетті» десед те, қала береді.
Құнанбай ыза болып, өзі атқа мінсе де, жауы кім екенін біле алған жоқ.
Жоқшының бәрі қайтып келді. Қарауыл биіктердің басында күн сайын сарылып
қадалған шолғыншылар да қайтты. Бос қайтты. Тек қана ендігі шара: түн