251
- Солай... сүйдеймін. Кәне, танып көрші! - деп,
Базаралы енді ағасына
қадалды. Балағаз да ашулы еді. Қорқак емес-ті. Мынау жерде қысылса да,
есінен айырылған жоқ.
- Айт! Не көрдің, не білдің? Не деп ширығып отырсың? Жөніңді айтшы!
- Таңертең Абылғазы екеуің ұрланып келгенде, мен тыста отырғам.
Аттарың анау тастарда қазір осы шаққа шейін суып тұр. Өлсең де, шыныңмен
өлші, тым құрмаса... Ұрладың ғой. Танба! Еркек болсаң, шыныңды айтшы! -
дегенде, Балағаз жалтарған жоқ.
- Рас... Айтқаның рас! - дей берді.
Қаумен өмірде естімеген сұмдығын көргендей, сескеніп кетіп:
- Балағаз, құдай төбеңнен ұрсын! Уа, кұдай төбеңнен ұрсын, Балағаз!.. -
деп, зарлай берді.
Қарсысында отырған ағасына Базаралы
қатты жирене қарап қап, бір сәт
қалшылдап қайнап кетті де, үн қатпастан тап берді. Қауменнің екі ұлы да
арыстай үлкен, қабыландай қайратты болатын. Екеуінің қол-аяқтары, емен
шоқпарлармен қағысқандай сатыр-сұтыр тиісті. Балағаз асығыста орнынан тұра
алмай қалып еді. Бірак, лезде ашу шақырып, айла тауып,
Базаралыны аяқтан
қағып қалды. Інісі сүріне бергенде, сол бейімдеген жағына қарай қойып жіберіп
құлатардай боп еді. Бірақ бұдан кері айлаға басымырақ келген Базаралы майыса
беріп, жалт бұрылды. Шапшаңдығы шалқыған жалындай боп, лап беріп кеп,
Балағазды бас салды. Жыға сала, сол қолымен кеңірдектен буындырып жатып,
оң қолын қынына сермеп, өткір сап пышақты жарқ еткізіп жұлып алды...
Тізерлеп жатып, даусы шықпай, қырылдап тұрып:
- Бауыздаймын! Ағам болмақ түгіл, әкем бол!.. Жоқ қыламын! - деп, сар
пышақты Балағаздың кеңірдегіне тақап қалды. Жалғыз-ақ Балағаздың тыпыры
мен сермелген қолдары ғана бөгеп жатыр.
Ағасынан Базаралының күші басымдап кетті. Сығымдап тұрып жеңіп ап,
енді бауыздарманға келіп еді. Сол уакытта мұның оң қолына әкесінің қос қолы
кеп жабысып қапты.
- Тоқтат! Ой, кет, ит! Не болды, екі ит?! Тұр былай!
- деп кеп, Қаумен
Базаралыны сүйреп алды.
Балағаз інісінің шеңгелінен босап, басын көтере берді. Бірақ енді алысуды
ойлаған кісі емес. Ес жиып, басқаша күш тапқандай. Базаралыға кінәлай қарады
да:
- Ой шіркін! Ит те болсаң, ұяласымсың. Кіші басыңмен кеудеме
шыққаныңды не дейін! Қиналсам да сол ұяластығыңды қиям ба? Білген ақылың
со ма? - деп, соңғы сөзін зекіп, ақырып айтты.
Базаралыда үн жоқ. Түйіліп отырып қапты. Балағаз енді түзеліп ап,
сатырлатып сөйлеп, сурыла жөнелді.
- Сен сұрадың, іріккенім жоқ! Сырымды аштым! Тансам, қайтіп мойныма
салар едің? Ұрыға мал аз ба? Мына тұрған Керейді торып келдім десем не дер
едің. Құнанбай түгіл, кұдай болсын, із-тозын тауып көрсінші кәне!
Танытпайтын, таптырмайтын қып істедім. Бірақ осы істегенім ұрлық па?
Сұрасаңшы, білсеңші! Басым үшін істеп отырмын ба? Ауқымым үшін істеп
отырмын. Арамға жерік боп істеп отырғам жоқ. Жиреніп істейім.
Бірақ
істегенім істеген. Мен - жоқпын, ол - бар. Менің жоқтығым оған барлық боп