257
Сөздің осымен біткенін Базаралы түсініп, жүруге қамданып отырып, дәл
кетер жерде:
- Балағазда жұмысым жоқ. Не болса, о болсын! Бірақ көпті айтсам
қорқытамын деп, сіз әуре,
ұқтырам деп, ел әуре. Келісе алмас күн екен. Кере-
қармен кеткеніміз де баяғы, - деп тымағын киді.
Соңғы сөзі жауапсыз қалды. Базаралы асықпай түрегеліп, қош айтты да,
есікке беттеді. Нұрғаным мен Құнанбай бұдан көздерін алмай, қарап қалды.
Ер жігіттің сырт сымбаты да соншалық өзгеше. Өр көңілді батыр
бейнесіндей. Әрі байсал, әрі маңғаз. Тіп-тік бойы қымсынбай, қысылмай кетті.
Құнанбай есіктен көз алмай ойланып қап еді. Аздан соң Нұрғанымға қарап:
- Шіркін Базаралы! Бұл өңірдің жігітіне бітпеген сыртың мен нұрың бар.
Ішіңде жатқан тұнық мөлдір сырың да бар. Тек сорлы жазған, қарымы шолақ
Қауменнен несін тудың екен? - деді. Қызығып та, қызғанып та сөйлеген сияқты.
Нұрғаным Базаралы дауларын үлкен ынтамен тыңдаған. Күйеуінің жаңағы
сөзі, мынау сұлу жігітке мұны әдейі қызықтырып сөйлегендей әсер етті.
Қызғанышын алған жоқ. Қызыққанын алды. Жас әйелдің жүрегі әлденеден
өрекпіп, тулап қалды.
4
Ел ішіне сайлау келді деген хабар шығып еді. Жидебайда жатқан Абайға
Құнанбайдан шақырту келді.
Абай күз бойы өзінше бір оқшау, жалғыз болған. Көбінше, домбыра тартып,
күй күңіренте береді. Шешен қоңыр домбыра биыл тіпті ділмәр болып алғандай.
Көп-көп сырлар айтады. «Саймақтың сары өзенін» тартса да, «Қос қыздың
жылағанын», «Боз торғайдың шырлағанын» тыңдаса да баяғы сарын көп жайды
баян ететін болды. Нелер айтады? Желді аяқ желмаясын жосытқан Асанкайғы
да, ашты күйін бе-беулеткен Алшағыр да - барлығы да тыным таппай безек
қағады. Ылғи бір көргеніне көне алмай, ансағанын ала алмай, зар-зар шеккен
күйінділер. Бәрінің де қасиеті - іздене талпынады, толғана ширығады.
Енді
Абай ойының көбі, осы жазда Қадырбайдан естіген, соған өзі айтқан
үлкен толғауларының жайы. Қадырбай сонда: «Өткен заман талай шерін тастап
кеткен» дейтін. «Акынның аңсауынан, әншінің ырғағынан, күйшінің кер
толғауынан соны көр» дегендей болатып. Абай өз ойына, сол өткен күндер
тілшісі болған кәрі домбыраның сырын жалғайды.
Бұрынғы қызык, сауық дегеннің, жастық жүріс
дегеннің бәрін де әзірше
ұмыткан тәрізді.
Осы жақын шақта Ербол келіп, Абайды ертіп әкетпек болған. Еліктіріп,
қызыққа салмақ болатын. Кейбір жүрістерді еске салып, сұлу қыздардың
аттарын атап еді.
Абай бұған да салқын қарады. Сол Ербол қонып жатқан күндерде, «Сап-
сап, көңілім, сап, көңілім» деген ұзак бір жыр жазды. Мұнысы Ербол ұсынған
желіктерге өзінше жатырақ қарай бастаған бет сияқты. Ерболға айтқан жауап та
осы. Домбыраға қосылып, ұзак әнмен айтып бергенде, Ербол дауласа жөнелді.
- Тәңір, өзің жас дәуренге қош айтайын дегеннен аманбысың? Жиырма
беске жасың келмей жатып, бұ неменең? Ондайыңа көнетін кісі жоқ!.. - деген.