Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет127/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
258 
Абай Ерболдың наразылығын түсінді де, күліп қойды. Оңаша кездерінде 
бұрынғыша домбыраға қосылып, көп ойларын термелеп айта беретін. Енді 
бірнеше күн бойынша, жалғыз күйі осы «Сап-сап, көңілім» ғана болды. 
Ербол бұл өлеңнің түбін жақтырмаса да сөзін ұнатты. Сондықтан кейде 
Абай әніне қосылып та кетеді. Осымен, дәл бір он күн бойына екі жас жігіт 
өздері кешіп өткен ең алғашқы албырт жастыққа ұзақ-ұзақ «қош-қошын» 
айтқандай болды. 
Сүйтіп жүріп, бір күні Ербол қайтатын мезгілге жеткенде, Абай тағы да 
сырласқандай боп: 
- Кәрілікті шақырып жүргенім жок, Ербол. Жастығымды неге қияйын? 
Дүниенің оны айырбас етерлік қай тәттісі бар. Мәлім ғой. Тек енді бала жастық 
пен албырт жастық орнына нәрлі жастық іздеймін. Бұл жолда да құштарым көп. 
Ендігі көксегендерімді айтсам да, көкірегім қарс айрылады. Бір білерсін... 
айтармын! - деген. Мұнысы анық сыры. 
Құнанбайдың шақыртуы осы әңгімелер үстіне келген. Сол күні Ербол 
қайтып кетті де, Абай Қарашоқыға тартты. 
Ел орынға отырар кезде Абай Қарашоқыдағы қыстауға тақап еді. Тоғайлы 
өзекте, қарсы алдынан келе жатқан жалғыз салт аттыны көрді. Бойы ұзын, екі 
иіні есіктей біреу екен. Жақындап келгенде, өз інісі Оспан боп шықты. Қараңғы 
кеште енді ғана аңғарып, Абай таңданып қалды. Әншейінде күнде көріп жүрген 
інісін дәл мұндай үлкен денелі деп білмейтін. Қазірде он сегіз, он тоғызға кеп 
қалған Оспан тіпті алпамсадай боп кетіпті. Абайдан әрі биік, әрі сүйекті, ірі. 
Оспан қатты жүріп кеп, Абайды таныды да, шұғыл тоқтады. Тоқтай сала
күле сөйлеп: 
- Бүгін әкемнің алдына бара қап ем. «Аузың ораза ма? Бес уақыт намаз 
оқимысың? Мұсылмандық парызын атқарамысың?» деп, дәл бір Мүңкір-
Нәңкірдей тергеуге алғаны. Шынымды айтып: сол атағаныңыздың бәрінен осы 
жайын құлан қандай таза болса, мен де сондай тазамын дегелі бір тұрдым да, 
бата алмадым. Шатақ шығатын. Сонан соң қайтейін? Е, бәрі де солай дегенім. 
Осыған ырза болып, өзімді мақтап, күні бойы қасында сарғайтпасын ба кеп?! 
Амал жоқ, дәретсіз намаз да оқыдым. Өтірік ораза да болдым. Бүйте берсе, 
шындығына біржолата көзін жеткізейін деп, өзімен бірге ауыз да аштым. Жаңа 
ауыз ашарға істеген барлық ыстық тамағын сыпырып-сиырып жеп, үйге қайтып 
келемін. Міне сүйтіп, әкеңізді алдап соғып келе жатқан Оспан біз боламыз, - 
деп қарқылдап, ұзақ күлді. 
Інісінің рахат күлкісіне еріксіз елігіп, Абай да күлді. 
Бірақ ойында мысқыл да бар еді. 
- Өй, өзің әкеңе шыныңды айтсаң, мұндай қуанбас ең. Өтірік деген рахат 
екен-ау өзі, ә!.. Мәзсің ғой! - деп Абай күлген бойында тебініп жүре берді. 
Оспан оның мысқылына жауап таба алмай аңырып қап, күрең атты бір 
тартты да, жорта жөнелді. 
Қарашоқыдағы қыстауға келген соң, Абай ең әуелі әкесіне бармай
Күнкенің үйіне кірді. Мұнда Абайдың ең жақсы көретін туысқаны Құдайберді 
көптен бері науқас болатын. Алдымен соған амандасып, жайын білмек. 
Кұдайберді биік төсек үстінде жөтеліп жатыр екен. Абайдың келгеніне 
сүйсініп қалған сияқты. Аппақ шөлмектей боп жүдеген жүзіне жұқалаң 


 
259 
қызғылт шықты. Кап-қара сақалы қазірде біртүрлі ұзарып, өсіп кеткен екен. 
Сүйек-сүйегі адырайып, көк тамырлары көрініп, салдырап қапты. 
Ағасының пақыр болған түріне Абайдың жаны қатты ашыды. Алыста 
тұрып, тез шешінді де қасына кеп, төсекке отырды. 
Жеңіп алған науқас еңсеріп әкетіп барады. Он бес күн бұрын бір келіп 
кетіп еді. Қазір көп төмендеп қапты. Құдайберді Абайдың қолын ұстап, қысып, 
сипап жатып: 
- Жақсы келдің ғой! - деді. 
Аурудың жүдеу қолын інісі қос қолымен ұстап, өзіне таман тартып кеп, 
жүрегіне басты. Екеуінде де үн жоқ. Бірақ адал туысқандардың арманды 
мұңдарын жүректері айтысты. Бірталайдан соң Құдайберді әлсіз ғана үн қатты: 
- Әкеңе кірдің бе? - деп еді. 
- Әлі барғам жоқ. Әуелі сізге келдім! 
Осы уақытта Абай келді дегенді есітіп, қарсы үйден үш бала келіп, сәлем 
берді. Үшеуі де Құдайбердінің балалары. Үлкені он бір-он екідегі - Шәке
екіншісі сегіз жасар - Шұбар, үшінші бұл екеуінен де кішірек, тоқалдың баласы 
- Нұртаза. 
Балалардың бәрін де Абай қасына шақырып алып, беттерінен сүйді. Шәке 
мен Шұбар оқу оқи бастаған. Абай келген сайын олардың сабақтарын 
сұрастырып жүретін. Балалар бұған қатты үйір еді. Қазір де баурына кіріп кетті. 
Құдайберді Абайға үйрілген өз балаларын көріп, қобалжып кетіп, бетін 
ірге жаққа бұрды. 
Абай осы қозғалысты байқап балаларды аз алдандырды да, үйден қайта 
ұзатып салды. Науқастың қасына тағы кеп отырды. 
Құдайберді есікке көзімен нұсқап: 
- Адам бола ма?.. Болар ма? Інілерің міне. Кім боларын... не көрерін 
қайдан... білейін? - деді. Қоштасып жатқан сияқты. 
Інісінің көзінен екі-үш тамшы жас ақты. Даусы да дірілдеп, жылағандай 
шықты. 
- Қарыздары мен болармын, Бәке! Әл-шамамның жеткенінше қойным 
менен мойнымда, өсірермін! 
Құдайберді бұған өзі тоқтау айтты: 
- Жылама... Жыламашы!.. 
Екеуі тағы да үнсіз ғана бір-біріне қадалып, қарасып қалды. Аздан соң 
Құдайберді бойын жиып, оңалды да Абайға бетін беріп, қырынан жатты. Бірақ 
қозғала бергенде тағы жөтелген. Абай оның көрпесін иығына көтеріп қымтап 
қойды. 
Құдайберді енді басқа сөзге ауысты да, екеуі жай ғана әңгімелесіп кетті. 
- Әкеңнің сені неге шақырғанын білемісің, Абай? 
- Жоқ, Бәке, әзір білгем жоқ. 
- Ендеше, бүгін сайлаушы төре кепті. Әкем Жақып аулына түсіріпті. Мына 
жаңа орын - «болыс» деген бар дейді. Соған сені сайламақ. Ұқтың ба? Не 
дейсің бұған? 
- Өзіңіз не дейсіз? Маған не ақыл айтар едіңіз? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет