Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет136/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
276 
«Тыйылсын, бұл қай қастығы!?» деп, ашу айтқан екен. Абай: 
- Біз ата-ананың алдында туысқан болысуға жарасақ, со да жетер. Мынадай 
ажал аузына, қыл көпірдің үстіне ел-жұртты өзі айдап келген соң, менен жөн 
сұрамасын!.. - деген. 
Осы жауабын келтіріп, тағы да кеп шағым айтып, Тәкежан Құнанбайға кісі 
шаптырып еді. Әкесі Абайға: «Тез қайтсын! Болыс болмаймын деген өзі 
болатын. Енді Тәкежанды ақсатпасын! Аяғын тартсын!» деп сәлем айтыпты. 
Бірақ бұл сәлем Абайдың барлық істі аяқтап қалған кезінде келді. Тоқтата 
алған жоқ. 
Уезд бен облыстың ұлықтары Ақбаска барлық жұмысты ұттырмады. Өз 
қолдарымен іс қылмаған бір топты босатқанмен, Балағаздар жағын, Әділхан 
ісін қатты ұстап қалды. «Ашаршылық, жоқшылықтан туған амалсыз қимыл» 
деген сайын, қатая берді. 
Ресей ішіндегі көп жерден шығып жатқан крестьян қарсылығы ояз бен 
жандаралдың көз алдына елестеген. Бір ойдан, бұндай іске барынша қатты жаза 
қолданбақ та болған: патшалықтың зәрлі законы ондай жерге барынша 
қадалмаққа керек. 
Тек қана өздеріне сыры мәлім емес сахра уақиғасы болғандықтаң және 
іздеуші жұрт көбейіп кеткендіктен барып, батыл қимылдай алмады. Тайсала 
соқты. Бірақ соның өзінде де отыз кісінің ішінен он шақты адамға жаза берді. 
Басында ол жаза да сұмдық болатын. Балағаз, Әділхандар өмірлік каторгаға 
бұйырылады деп еді. 
Ақбас пен Абайлар барды салып жүріп, көп жеңілдік тапты. Балағаздар 
каторгаға бармайды. Үркітке жер аударылатын болды. 
Қалада жатқан барлық ағайын енді. Балағаздармен қоштасқан уақытта 
жылап айрылысты. Бірақ көріспейміз деген жоқ. «Аз жылдар өткен соң, ел 
ішіне ораласыңдар, келесіңдер» - деп, алдағы күнге үміт артып ұзатты. 
Абай енді елге қайтпақ еді. Сонғы рет Ақбаспен көріскелі келгенде, қарт 
адвокат Абайға ақыл айтты: 
- Сен жас болсаң да ақылды адамсың. Халқыңа жаның ашиды екен. Оның 
зор қасиет. Бірақ сол елің мен өзіңнің қамыңды шын ойласаң, білім жарығына 
ұмтыл! Оқу ізде! - деді. 
Бұл сөздер Абайдың өз арманының дәл үстінен түскен сөздер. 
- Оқуға жаным құмар. Бірақ қайтіп оқимын? Школға түсуге ұлғайып 
кеттім... Басқа оқудың жолы бар ма? Ақыл айтыңызшы! - деген. 
Адвокат көп мәслихат берді. Ең әуелі үлкейгендік бөгет емес екенін айтты. 
Жасы қырыққа келіп те білім іздеп, өз-өзінен ізденіп, ғалым болып шыққан 
кісілер бар екен. Солардың аттарын атады. Және оқушы школға түспей оқуға 
болатынын да айтты. 
Абай тез уақытта қайта келмекке уәде берді. Адвокат частный оқытатын 
учитель тауып бермек болды. Жалғыз-ақ, Абай өзі бұдан былай өздігінен көп 
ізденіп, қажымай, қадалып оқуға бекіп келсін. Сонда бұған білім есігі оңай 
ашылатынын сөйледі. 
Жас жігіт талайдан бері көкейін тескен бір түйіннің шешуін тапқандай боп, 
қуанып кетті. Енді ауылға барып, үй ішінен рұқсат алып, пұл қамдап, тез 


 
277 
уақытта қайта оралмақ боп, елге қайтты. Көптен бері жас көңіліне жат боп 
кеткен, көтеріңкі қызу мен сергек желік тауып қайтты. 
Жидебайға келген соң, Абай көп бөгелген жоқ. Ділдә мен шешесінің 
рұхсатын оңай алды. Басқа кісілермен ақылдасқан жоқ. Соңғы күндер қала 
жаққа Мырзаханды жөнелткен. Соятын соғым жіберді. Ұстауға пұл керек. 
Соған арнап, мұндағы соғым терілері мен бірен-саран ірі қара айдатты. 
Енді өзі де жүргелі отыр. 
Осы жазда Ділдәнің үшінші баласы туған-ды. Кішкентай, ақсарылау келген 
Әбдірахман әзір күлуге, талпынуға жарап қалды. Абайдың ең алғаш бейіл бере 
бастаған баласы осы. Өзінің еті де, түсі де ақшыл келген. Бет бітімі дөңгелек 
емес, сопа0тау және жұқалаң. Қасы, көзі қиылып тұр. Бар тұлғасында нәзік 
келген бекзадалық бар. 
Ділдәнің бар баласы, рең жағынаy Абайға тартпай шешеге тартып келеді. 
Бәрі де ақшsл сарғыш. Бірақ мына бала сонымен бірге, туысты, сүйкімді. 
Абай Ділдәменен оңаша қоштасты. Көп сөз айтысқан жоқ. Татулық, 
тілеулестік арқасында қабақпен танысқан. Сөзге сараң, сырға сырдаң Ділдә бір-
ақ айтты: 
- Кәрі шешең бар, жас балаларың бар. Бізді ойламасаң да, соларды ескер. 
Көп сарғайтпай, келе жүр! - деп күлген-ді. Оншалық күрсініп, қиналып қалатын, 
емес. Ондайға Ділдә шорқақ. Ішінде көп нәрсе жүрмейді. Жүрер болса, қатқыл 
мінез, қатаңдау үнмен оп-оңай айтып қалып отыратын. Абай әйеліне 
кешіріммең қарап, иығынан қақты да: 
- Мен желік іздесп бара жатқам жоқ. Адамшылық қасиетін іздеп барам!.. 
Соны ұққайсың! - деді. 
Әбдірахманды киіндіріп тұрып, көтеріп қолына алып, шешесінің үйіне 
келді. 
Бұл шақтарда недәуір қартайып қалған Ұлжан баласының жүзінен көз 
алмай, көп қарады. 
Әбдірахманды өз қолына алып иіскеді де, Ділдәға берді. Азғана күрсініп 
қалып Абайды да өз қасына тартып, бетінен сүйді. Қуаң тартқан жүзінде ана 
жүрегінің терең бір толқыны сезіледі. 
- Қарағым, әжең маркұм сені жалғызым деуші еді. Айналасындағы өзге 
өрен-жараны бір төбе болғанда, сен оған бір төбе едің. Есіңде бар ма, жоқ па? 
Сырқаттанып жатқан шағында, зауал уақытында бір тілек айтып еді. Осы 
қарағыма өзгелердің тас бауыр, қатыбас мінезін бере көрме деген еді. Сол сөзді 
айтқан анаң да кетті!.. - деп, тоқталыңқырап қалды. 
Әжесі айтқан жаңағы сөз Абайдың есінде болатын. Қазірде өз шешесінің 
біраз өзгертіп айтқанын да түсінді. Ұлжан тағы да ойланып отырып: 
- Заман сенікі, майдан сенікі. Соларыңның балуаны бол. Қай жолмен 
жүрсең мұратың орындалады. Оны енді бізден де өзің артық танитын болдың. 
Аяғыңа оралғы боламыз ба? Жолың болсын! - деді. 
Абай анасын бала күндегідей құшақтады да, үндемей қоштасты. Ербол 
екеуі тысқа шығып, атқа мінерде, барлық ауыл ере шыққан. Дәл жөнелер кезде 
Ұлжан ат үстінде тұрған Абайды өзіне қарай шақыртып алып: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет