Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет137/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
278 
- Абайжан, Тойғұлының аулына бара кет. Әкелерің құда түсе кетіпті. Осы 
ауыл тегіс барсын деген екен. Мен қайдан сүйретіліп жүрейін. Бірақ сен 
бармасаң тағы да бізге ренжиді. Жолшыбай аз аялдап кете берерсің! - деді. 
Абай баруға уәде берді. Сонымен барлық жұртпен тағы да ұзақ-ұзақ 
қоштасып, жүріп кетті. 
Ұлжан айтқан Тойғұлының аулы дәл жолда емес. Бұл арадан қиғашырақ, 
Орда тауының бөктерінде. Бірақ Семей жаққа Жидебайдан көрі кірісірек. 
Тойғұлы Мамай руының үлкен байы. Түбірлі, шоғырлы жердің бір шоқысы 
еді. Сонымен Құнанбай осы қыста құда болатын бопты. 
Қыс жақсы, мал күйлі болғандықтан, Тойғұлы кұдаларға уақыт айтқан екен. 
Қыз алатын Құнанбай жағы. Енді құда түспекке, қонақ боп қайтпаққа, сол 
Тойғұлы аулына Құнанбайлар барыпты. 
Абай мен Ербол да келді. Құнанбай қасындағы ылғи қарт серіктері: 
бастығы Қаратай, жорға Жұмабай, Жақып сияқтылар. Тойғұлының үш тамы 
лық жиын. Күлкі, қызу дырду көп. Абайлар Құнанбай отырған үйге кіріп, 
үндемей әңгіме тыңдады. Сөздің көбін Қаратай бастап отыр. 
Үлкендердің әңгімесі әр саққа соғып кеп, бір кезде заман мен заман арасын 
салғастыруға ауысты. Қаратай өздерінің жас кезін айтып, әкелер заманын еске 
алып кеп, бүгінгі заманның азғанын, бүгінгі адамның құнарсыз боп, жұтаң 
тартып бара жатқанын айтты. 
Абай осы тұста мырс беріп күлді де, қиғаш сөйледі. 
- Бұрынғы заманның жақсылығы со ма, қатар отырған бір туысқан елдер 
бірін-бірі шауып, шаншып, сойқаннан арылмаушы еді. Кемпір-шал, қатын-бала 
тыныштықпен ұйқы ұйықтап, түгелімен асын іше алмаушы еді. Осы тұрған 
Сыбан мен Тобықты арасында, Тобықты мен Семей арасында жалғыз-жарым 
қатнаса алмаушы еді. Алып кетеді, жұлып кетеді деп, ылғи ғана жасанып 
жүруші едіңдер... Сол заман да жақсы ма екен? - деген. 
Қарттар көнген жоқ. Ол күндерден әртүрлі қасиеттер тауып: барлықты, 
байлықты да санады. Бұрынғы адамның бітімді келетін, ірілігін де айтты. 
Көпшіліктің сөзіне Құнанбай қосылып кеп, тағы бір салмақты дәлел тастады: 
- Дәурен ұзаған сайын, ақыр заман белгісі арқыңдай бермек. Адам құлқы 
өзгеріп, азғындай түседі. Біздің заманымыз өзге, өзгені қойғанда, пайғамбар 
заманына жақынырақ. Бір табан жақын болса, ілкім артық та болар!.. - деген. 
Абай осы сөзге іле жауап берді. Қазіргі күйде бұнын көңілі, шабыты келген 
ақындай боп, шарпысуды, қаржасуды тілеп отыр. Жайнап сергіген ойы да 
қиынға, биікке мегзегендей болатын. 
- Жақсылык пен игілікке алыс-жақын жоқ. Алатаудың басы күнге жақын. 
Бірақ басында мәңгі кетпес мұз жатады. Ал, бауырында неше түрлі гүл, жеміс, 
неше алуан нәубеттер өседі. Жан-жануарлардың баршасы содан қуат алады. 
Сіздер пайғамбарға Абуталыптан жақын емессіздер. Ол әкесі еді. Бірақ 
Абуталып кәпір болатын! - деді. 
Үй тола жұрт күле беріп, басылып қалды. Құнанбай қатты зекіп калып: 
- Жә, тоқтат! - деді. 
Абай таң қалып, алақанын жайды да, үндеген жоқ. 


 
279 
Қарттың бәрі өздерінің қатты жеңілгенін сезді. Үй іші осыдан соң күлкіден 
де, бейпіл әңгімеден де іркіліп, томсарып қалды. Абайға ішінен сүйсінген кісі 
Қаратай қасында отырған Жақыпты түртті де, күңк етіп: 
- Мынау өзі аттатар емес! Бас салып, қарап тұр ғой! - деп қалды. 
Аздан соң ет желінді. Абай мен Ербол енді жүрмек боп киіне бастады. 
Құнанбай да тысқа шықты. 
Шығысымен Абайды шақырып алды да, жақын жердегі тастақ төбешікке 
отырды. Әке мен бала оңаша. Көптен бергі бетпе-бет кездесулері осы. 
Құнанбай салқын жүзбен, кінәлай қарады: 
- Сен окыдың да, білім алдың, ұстаз көрдің. Біз надан өстік. Бірақ сол 
білімің жұрт алдында ата сыйлауды неге білдірмейді саған? Көп көзінше 
таласып кеп, әкеңді сүрінткенде не мұратқа жетпексін? 
Әкесі жеңілгенін біліпті. Енді суық жүзі солғындап, үлкен бойы басылып, 
кішірейіп қалған. Әлдеқандай бала сияқты, кіна тағып, өкпе айтып отыр. Үлкен 
алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый екені рас. Абай 
бұған дауласқысы келмеді. 
- Ол кінаңыз орынды. Айып менде екені рас. Ғафу етіңіз! - деді. 
Осымен сөз біткен шығар деп ойлады. Бірақ әкесінің тағы да бір айытпағы 
бар екен. Ол азырақ бөгеліп отырды да, қайта сөйледі: 
- Орайы келгенде, айтармын деп жүр едім. Сенің басыңнан үш түрлі мін 
көремін. Соны тыңда! - деді. 
Абай: 
- Айтыңыз, әке! - деп, Құнанбайдың жүзіне тура қарады да, тосып қалды. 
- Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барынды 
арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды 
шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды. Екінші, дос пен 
қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жок. Ішіңде жатқан 
сыр ұшығы жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйрілмейді. 
Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат 
санайтынын ескермейсің! - деді. 
Бұл сөздердің түкпірін Абай оңай таныды. Жас жігіттің өз жүрегіндегі 
нәрім мен барым деп жүргендеріне шабуыл жасалып отыр. Әкеге ермей, өз 
өмірін өзгеше беттетем дегендегі көп сырлары осы арада болатын. Баласының 
басындағы басқалықты Құнанбай да танып, тауып айтты. Бірақ Абай ендігі өз 
ішін дүниенің қай күшіне болса да көндірмек емес. Намыскер жүректің ызалы 
толқыны білінді. Жаңа үйде отырған шақта, пайда болған шабыт, қызу қайта 
келген еді. Бұл тұста әкесін аяп қала алмайды. Сөйлеп кетті: 
- Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Өзімдікі дұрыс деп 
айтам. Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға 
ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа 
түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші, ел алатын 
тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір 
заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы «айт» десе өргізіп, 
«шайт» десе жусататын болған. Бертін келе, ел түйе сияқты болды. Алдына тас 
лақтырып «шөк» десең, аңырып барып қана бұрылады. Ал, қазіргі ел бұрынғы 
көрбалалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет