117
жігітке мына Ерболдың айтқаны өте бір рақат табыс көрінді. Абай мен Ербол
құс жайына, ацңылық жайына ауысқан соң тату құрбы сияқтанып кетті.
Екеуінің де айтар сөздері бітер емес.
Бірак бөктерге шыққан соң Ерболдың жолы бөлінетін боп еді. Ол оң
жақтағы Көлқайнарға бұрылмақ екен. Шаруасы сонда. Абайлар болса,
Шыңғысты бөктерлеп отырып, Қарашоқыға, Күнкенің аулына қарай тартпақ.
Ерболды қиғысы келмеген Абай:
- Көлқайнарда тығыз жұмысың болмаса, бізбен бірге жүрсеңші! - деді.
- Е, е, не деп ерем? Не шаруаң бар дегенде не деймін? - деп, Ербол күліп
жіберді.
- Шаруаңда жұрттың не ақысы бар! Қыдырасын, қонақ боласын! Құл
саламыз...
Ербол Абай сөзіне қызыға бастап:
- Айтқаныңа қызығып тұрмын! - деп, аз ойланды да: - Ә-әй,
бірақ шаруам
қалады ғой, болмайды! - деп, амалсыз байлау айтты.
Аздаң соң Ербол Абайлардан бөлініп, Көлқайнарға қарай тартып кетті.
Келгенінде күліп келгені сияқты, кетерінде де күле қоштасып айрылды. Абай
бұның сол көңілділігіне қызыға қарап қалды. Ерболдың алдында түк бөгет жоқ.
Тілесе, Тоғжанды күнде көреді. Жақыны, туысы. Тоғжанға сондай жақын
болудың өзі де бақыт сияқтанып, Абай мына жігіттің сондай халын қызғанады.
Ербол болса, айнымас қызықты көңілмен желе жортып, ұзап барады. Тоғжан
турасындағы ең соңғы үміт - соншалық ыстық көрінсе де ұзап барады.
2
Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті. Күнкенің үлкен үйінде
мол жиын бар
екен. Кермеде күміс ертоқымды көп аттар тұр.
Қарабас Абайға бұл жиынның алыс ел емес, осы маңның өз адамдары
екенін айтты. Аттарынан таныған.
- Жуантаяқ, Топай, Ырғызбай ішінің кісілері. Күндегі жиын ғой. Бірақ,
мынау жүруге қамдалып, жаңа ерттелген аттар ғой. Түстікті жеп қойған екен,
құр қаппыз! - деді.
Абай сәлем беріп үйге кіргенде кең үйдің іші лық толған кісі екен. Биік
төсектің алдында бар жиыннан иығы асып,
ақ көйлегінің омырауын ашып
тастап, төс жүнін көрсетіңкіреп әкесі отыр.
Тарқауға айналып, киініп алған үлкендер дәл кетер жерде қымыз ішіп,
Құнанбайдың соңғы сөздерін тыңдап отыр. Бір тізелеп жүгініп, тымақтарын
киіп отырған кісілер де бар.
Үйдегілер Абайдың сәлемін алғанмен амандық сұрасқан жоқ. Төсектің аяқ
жағын ала, жорға Жұмабайға қымыз сапыртып, құйғызып Күнке отыр. Абай
соның қасына кеп отыра бере әкесінің соңғы сөздерін есітті.
- ...Қыбыр-жыбыр бар, білемін. Бірақ «онымыз жоқ» деседі екен ғой. Ал,
сенейін. Сенемін деп, жаза шексем де сенемін! - деп сұрлана түсіп, зілденіп, -
құлақпен
есіткеннің бәрін бекер дейін, көзбен көргенді ғана шын дейін. Көзім
көргенше шыдайын. Мен деген дос! - деп, Құнанбай жалғыз көзімен қадала
қарап, төрден босағаға шейін бір шолып шықты. Содан қайта төрге өрлеп, дәл