Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет59/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
120 
аялдататыны болушы еді. Екеуінің көп жүргенде көбінесе ұғыспайтын жерлері 
осы болатын. 
Бұл жолы Абай көңіліне Байдалының ниеті де сай келген сияқты. Үлкен 
қара сақалды, суық түсті Байдалы қонақтардың бетіне қарамай, мойнын есік 
жаққа бұрып отыр. Аздан соң күбі піскен қатынға қарап: 
- Қымыз әкел, ас ауыз тигіз мыналарға! - деді. 
Қарабас белдігін шешіп, кішкене орнығыңқырап отыра бастап еді, Абай 
үйдің шырайын одан бұрын біліп, бел шешкен жоқ-ты. Кішірек ағаш тегенеге 
құйылған қымыз келген уақытта Байдалы өзі сапырып, өзі құйып, қонақтарға 
бір-бір шараны берді де: 
- Барыстарың қалай? Ие шаруамен жүрсіңдер? - деді. Абай өзі келген 
шаруасын сол арада айтты. 
Әңгіме тағы жер жайынан. Құнанбай, ел жайлауға шығардан бұрын, 
былтыр өзі Қарашоқыдан көшірген Бөкенші, Борсаққа Жігітек жерінің 
жапсарынан жайлау берген болатын. Сол ретте осы Байдалының Қаршығалы 
Қопа деген қоныстарына «Сүгір мен Сүйіндік ауылдары қоса қонсын, бірге 
жайласын!» - депті. Абай қымызын ішпей алдына қойып отырып, сол шаруаны 
айтып шықты. 
Бұл сөзді есіткенде Байдалы қабағын түкситіп жіберіп қатты түйілді. 
Абайға жауап бермей, зілдене қарап, қадалып қалды. Абай Байдалының көзінен 
жасқанған жоқ. Бала жүзінде ашу да, араздық та жоқ. Тек: «Мынау кісі қалай 
қарайды?» деген тәрізді кінәсіз таңдану ғана бар. 
Байдалы кірпік қақпай, шұғыл ойланып, үнсіз отырып, ақырында: 
- Құп болсын! Қонсын Сүгір мен Сүйіндік, не деуші едім! - деді. 
Қайратты, шапшаң, ер адамның байлауы сияқты. Езбеді. Жақтырмаса да, 
күйіп отырса да, амалсыз байлауын бір-ақ кесіп, бір-ақ түйді. Сөз бітіп қап еді. 
Бірталай уақыт үй іші үнсіз болды. Абай қымызын ішіп болып, рақмет айтып, 
енді жүргісі келгендей ажар білдіргенде ғана Байдалы ырғала түсіп, сөйлей 
жөнелді. 
- Айтқанына көндім. Бірақ сөз ұғушы ма едің өзің? Әкеңе айтар сәлемім 
бар. Бұлжытпай жеткізуге жараймысың, жоқ па? 
- Ойдағыңыздың бәрін айтыңыз, ақсақал! Жеткіз дегеніңіздің бір ауызын 
қалдырмай апаруға уәде қылайын. Мен тек екі арадағы сәлемшімін. Дегеніңізді 
жеткізбей кетсем, я бұрсам, қиянат болмас па еді? Мойнымда қарыз 
қалдырмаспын! 
Байдалы мына сөзге әбден қанағат қылды. Бала көргені - бала емес тәрізді. 
- Ендеше жаттан айтсам, сырттан айтқан болады. Саған айтсам, әкеңнің өз 
көзіне айтқаным! - деп, аз бөгелді де, - «Татуластық, табыстық» деп ек кеше 
тамам Арғынның тобында. Сол татуласқан сиқым осы ма? Тәтті күнде тағы 
артыма қалжуыр байлайтын болса, анадағы араздықтан мұның несі озды? Не 
жаздым! Сенің әкеңе не жаздым осы мен, Жігітек? Атаң Ырғызбайға атам 
Кеңгірбай оң батасын беріп, би сайлап еді. Өз баласы, өз туысы жоқ емес еді 
ғой сонда. «Осы болсыншы» деп бермеп пе-еді? Ал, бұл болса, бүгін мінеки, 
алысқа абыройы асса, айналып кеп Жігітекті жаныштайды. Жақынға жауықса, 
жағалап кеп тағы Жігітекті жентектейді. Бір жібімей кеткені ме үстіп? Шапқа 
түрте-түрте барып, ақыры бір күн «Өлермен бол да, отқа түс, соныңды көрмей 


 
121 
тоқтамаймын!» дегені ғой мұнысы. Қоймас болса сол қолқасын алар. Алмай 
тынбас сенің әкең! Осыны айт! Бір мен емес, «Жігітек сәлемі» деп айт осыны! 
Ал мына жерін алсын, бір бұл емес, тағы тапсын, тағы алсын! - деп, қолын бір-
ақ сілікті де тоқтап қалды. 
Үй іші жым-жырт. От әлі маздап жанып жатыр. Үлкен қазанның астын 
қызыл жалын дамыл алмай жалап тұр. Әуелде толтыра құйылған іркіт қазір 
бірер қайнап қалған екен. Кемерінен орта түсіп, шымыр-шымыр қайнайды. 
Жаңағы Байдалының ашулы сөздерінің тұсында Абай көзі қазан бетіне түсіп еді. 
Қоюланып баражатқан ыстық құрттың ортасы кей кезде көпіршік атып 
сақылдап қайнайды. Сол көрініс тап Байдалы ашуындай. Қайнауы жеткен ашу 
қызуы жеткен құрттай. Бір жер емес, қазан беті әр тұстан бұрқ-бұрқ етеді. Ол-
дағы осы елдегі әр жерден шаң беріп жатқан Құлыншақ, Сүйіндік, Бөжейлердің 
ашулары сияқты. 
Шынында жаңағы аз ғана сөз талай терең түкпірдің үстін басты. Талай 
түйінді түртіп өтті. Талайдан теріліп жүрген желісі ұзын дау, себебі мықты 
кінәлар жатыр. 
Абай Байдалы сөзіне орай айтпақшы емес. Бірақ жақсы, жаман деп сыр да 
берген жок. Сәлемдерін ұғып болып Байдалыға қош айтпақ болып еді. 
Қамшысын ұстап, тымағын киді. Осы кезде Байдалы тағы бір ырғала түсіп: 
«Әлі де тыңдап кет!» дегендей белгі етті. Абай тымағын қайта қолына алды. 
Қазір Байдалы біржолата өзгерген сияқты: кең, баяу, байсалды үнмен тың 
әңгіме бастады. Абайға енді күлімсірей қарайды. Бұл пішіні жаңағы Байдалыға 
тіпті ұқсамайды. 
Үлкендердің әралуан кең мінезі, терең сыры болатыны бар ғой. Бірақ тап 
мынадай, ашуы мен сабырын оңай жұмсап, оңай тежеп, оп-оңай бұрып салып 
отыратын шын ұстамды адамды Абай осы Байдалыдан ең алғаш рет көріп отыр. 
Жаңағы ашумен күйген Байдалы енді майда қоңыр үнге түсіп: 
- Осы өздерің көріп жүрген Қаратай бар ма? Тап соның ішінде көп қойма 
жатыр, не керек! Шіркін, тек қана азғантай Көкшеден шықты ғой. Егер 
Олжайдан туса, өрісін көрер ең! - деп, біраз отырды да... - Тақауда әне бір 
күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар - барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп 
отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, шалқып отырып, ақыр аяғы:« Жә, 
өзіміз көргенде мырза кім?» дегенге келді. Жұрт ойланып қалды. Байсал 
күншуақта жатқан тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк түсіп сырт қарап 
жатқан. Жаңағы сөзге ол қатысқан жоқ-ты. «Мырза кім?» дегенге Қаратай 
жауап беріп, «Мырза - Құнанбай» - деді. Тағы біраздан соң ол жиын: «Шешен 
кім!» деді. Тағы Қаратай жауап беріп, «Шешен - Құнанбай» - деді. Екі бел асты. 
Аздан соң және бір оралып кеп: «Жақсы кім?» десті. Әлгі Қаратай және жауап 
беріп: «Жақсы - Құнанбай» - деді. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, 
саңқ етіп: - «Уай, Көкше, не оттап отырсың өзің?» деп, Қаратайға қадала түсіп: 
- Мырза Құнанбай екен, шешен Кұнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше 
не көкіп алысып жүрміз онымен?» - деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: «Уәй 
тәйір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? 
Жалғыз-ақ «ие қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүргем жоқ па?» деді. Сөз 
ұғатын бала сияқтысын ғой! - деп, Байдалы осы тұста Абайға сығырая қарап 
отырып, - дәл осы сөзді сенің әкең естімеген болар. Осыны да айта баршы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет