Микробиология



бет55/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Есептеу үлгісі. 1 г дымқыл топырақта 5600 жасуша бар делік. Топырақтың ылғалдылығы 30% болғанда жасушалар саны салыстырмалы түрде 0,7 г құрғақ топыраққа тең болады. 1 г құрғақ топырақтағы жасушалар санын анықтаймыз:
0,7 г құрғақ топырақта 5600 жасуша
1,0 г - х жасуша
х = 5600 = 8000 (жасуша).
0,7
Сонымен, 1 г құрғақ топырақта 8 мың тірі жасуша болады.


Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Топырақ суспензиясын қалай дайындайды?

  2. Топырақ суспензиясын қоректік ортаға себу.

  3. Суспензиядағы микроағзалар колониясын санау.

11 Зертханалық сабақ




Тақырыбы: Микроағзалардың таза культурасын бөліп алу.
Мақсаты: Студенттерге бокста жұмыс істеу тәртібін, культуралармен жұмыс істеуді үйрету.
Қажетті материалдар: дайын қоректік орталар (ЕТА, ЕТЖ, картопты агар немесе Чапек – Докс қоректік ортасы), Петри табақшалары, пробиркалар, колбалар, таза культуралар, әртүрлі субстраттар, спиртшам, спирт.

Микроағзалардың физиологиялық-биохимиялық ерекшеліктері мен даму циклін, түрлік ерекшеліктерін анықтау үшін таза культурамен жұмыс істеу керек. Таза культура деп бір жасушадан өсіп шыққан бір түрге жататын микроағзаларды айтамыз.


Таза культураны бөліп алу үш кезеңнен тұрады: жинақтаушы культураны алу, таза культураны бөліп алу, оның тазалығын тексеру.
Жинақтаушы культура алу үшін алдымен сол түрдің ғана өсуін қамтамасыз ететін элективті орта жағдайын таңдайды. Микроағзаның сол түрінің өкілдері көп мекен ететін жерден культураны бөліп алып, элективті ортаға себеді.
Таза культураны жинақтаушы культураның жекелеген колонияларынан немесе бір жасушасынан бөліп алады. Жинақтаушы культурадан бөліп алған жағдайда сұйылту жұмыстарын жүргізген соң қатты қоректік ортаға себеді. Кейін бір жасушадан өсіп шыққан колонияның әрқайсысын санайды.
Жинақтаушы культурадан таза культураны бөліп алу үшін аэробты бактерияларды сұйытылған культурадан бір тамшы алып, шыны таяқшамен Петри табақшасындағы қатты қоректік ортаға абайлап жағады. Осылай тәжірибені 3-4 рет қайталайды. Табақшаларды термостатқа 2-7 тәулікке қояды. Себебі микроағзалардың өсу жылдамдығы әр түрлі болатынын ескеру қажет. Табақшада басқа колониялардан оқшауланған колонияларды ілмекпен қатты қоректік ортасы бар пробиркаларға немесе сұйық ортаға бөліп алады.
Факультативті аэробтар немесе факультативті анаэробтарды жинақтаушы культурадан бөліп алу үшін зарарсыздандырылған агары бар пробиркаға бағана түрінде терең себу жүргізіледі. Ол үшін зарарсыздандырылған инені алып, колониядан таза культураны іліп алады да, бір мезгілде пробирканы ашып, шетін спиртшамда қақтап, спиртшамның үстінде пробирканың түбін жоғары көтеріп, инені барынша қатты итереді.
Анаэробты бактерияларды бөліп алу тек ауаның түсуі шектелген жағдайда ғана себу жүргізіледі, анаэростатта инкубациялайды.
Таза культураны препаратты микроскоппен қарау арқылы анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет