Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



бет24/32
Дата08.04.2024
өлшемі4,68 Mb.
#200611
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Байланысты:
Ы.Алтынсарин

Үй
тапсырмас ы

§16. Лабиринттен шығу. Лабиринтке байланысты 1тапсырма құрастырып
келу










Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың
материалды игеру деңгейін қалай
тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету»,
«Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан
күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Стикерлер» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
орындалады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
12
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
12
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?
1:
2:

4 «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда АКТ ресурстарын қолдану мүмкіндіктері бойынша әдістемелік ұсынымдар


Заманауи білім беру кеңістігі мұғалімдерге әдеттегідей емес, қызықты әрі креативті сабақ беруді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін техникалық, программалық және әдістемелік құралдарды қамтиды.
Бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігі білім беру үдерісін қолдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді әрі мұғалімдер мен оқушылардың АКТ құзіреттіліктерін дамыту негізінде құрылады және білім сапасы арттыруды қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда мұғалімдер ақпараттың қолжетімді көздерін және оларды қолдануды біледі, деректерді вербальді, графикалық және сандық формаларда ұсыну тәсілдерін саналы түрде пайдаланады және оған бейімделуде. Сондай-ақ, нақты практикалық тапсырмаларды шешу үшін оларды қолдану, талдау және жинақтау әдістерін меңгерген.
Жалпы білім беретін пәндерді оқытуда АКТ қолданудың тиімділігіне мұғалім сабақ барысында АКТ қолдануға жеткілікті деңгейде қызығушылық танытқанда ғана кепілдік беруге болады. Бұл жағдайда ол жалпы және оқыту қызметіндегі программалық құралдарды қолдануды меңгерген болуы және пәнді оқытудың әдістемелік жүйесіндегі АКТ орнын анықтай алатындай білім көкжиегі кең болуы тиіс. Оқыту үдерісінде АКТ қолдану мұғалімге оқытуды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді:

  • оқу материалдарын мәтіндік формада (карталар, тесттер, өзіндік және бақылау жұмыстары т.с.с.) ұсыну;

  • оқу материалдарын мультимедиалық формада ұсыну, ол сабақты өткізу формаларын түрлендіріп, оқушылардың оқыту материалына деген қызығушылығын арттырады;

  • бақылау жүйесін, оқушылардың білімдерін жетілдіруді автоматтандыру;

  • оқу материалдарын көптеген электронды оқу құралдарының интерактивтілігі есебінен меңгеру, бекіту және қолдану процесін автоматтандыру.

Оқыту процесінде АКТ қолдану мұғалімге деңгейлі және профильді дифференциацияны жүзеге асыру мүмкіндігін береді; жеке тұлғаға бағытталған оқыту; алынған ақпарат көлемін арттыру; оқушылардың заманауи әлемдегі маңызды қабілеттердің бірі болып есептелетін ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
АКТ қолдану:

  • жаңа материалды түсіндіру немесе сыныпқа нұсқау беру.

  • жаңа материалды бекіту үшін жаттығулар орындау.

  • Білімді және тестілеуді бақылау.

  • үй тапсырмасын тексеру.

  • үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.

  • жобалық жұмыстарды өткізу [21].

Програмалық құралдар.
Сыныпты басқаруға арналған программалар.
Netop Vision, Veyon, ITALC, Netcontrol бағдарламалары компьютерлік сыныпта оқу процесін ұйымдастыруға қажетті барлық құралдарды қамтиды. Бұл құралдар мұғалімге компьютерден алыстамай-ақ тиімді оқытуға және оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге көмектесуге мүмкіндік береді.
Бұл программалардың мүмкіндіктері:

  • демонстрация – мұғалімнің (немесе кез келген оқушының) компьютер экранынан бір уақытта сыныптағы барлық компьютерлерге суретті тарату мүмкіндігі; оқушылардың компьютерінде алдын ала дайындалған бағдарламаларды орындау немесе құжаттарды ашу;

  • бақылау – оқушылардың жұмысын бақылау, бүкіл сыныпты бір уақытта немесе әр оқушыны бөлек бақылау мүмкіндігі; экранды, пернетақтаны және тінтуірді бір командамен блоктау, сонымен қатар оқушының компьютерін басқару мүмкіндігі;

  • басқару – оқушылардың барлық іс-әрекеттерін қадағалау, белгілі бір программаларға немесе веб-мекенжайларға кіруге рұқсат беру немесе тыйым салу мүмкіндігі; бір команда көмегімен сеансты аяқтау, сыныптағы барлық немесе жеке компьютерлерді өшіру немесе қайта іске қосу;

  • тарату (үлестіру) – бір ғана команданың көмегімен үлестірме материалдарды жеке оқушыға немесе сыныптағы барлық оқушыларға бір уақытта тарату мүмкіндігі, сондай-ақ оқушылардың орындаған жұмыстарын жинауды автоматтандыру;

  • тестілеу – оқушылардың білімін тез, жеңіл және нақты бағалай білу;

  • коммуникация - мұғалім мен оқушылардың чат немесе компьютердің акустикалық жүйесі арқылы хабарламалар алмасу мүмкіндігі [22].

NetOp School мұғалімнің (немесе кез келген оқушының) компьютерінің экранын бір уақытта сыныптағы барлық компьютерлерге таратуға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың әрқайсысына «алдыңғы қатардағы орында» отырғандай сезіледі деген сөз. NetOp School көмегімен мұғалім мен студенттер әртүрлі бөлмелерде болатын, бірақ олардың компьютерлері желіге қосылған виртуалды сыныптарды ұйымдастыруға болады.

4.1-сурет – NetOp School


Veyon (Virtual Eye On Networks) — компьютерлік сыныптарда жұмыс істеуге болатын мұғалімдерге арналған программа. Ол желіге қосылған оқушылардың компьютерлерін түрлі тәсілдермен қадағалауға мүмкіндік береді. Veyon программасын Linux и Windows операциялық жүйелерінде орнатуға болады.

4.2-сурет – Veyon


iTALC — Intelligent Teaching And Learning with Computers — компьютерлік сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған тегін программа. Ол оқушылардың ортақ желі құрамындағы компьютерлерін әртүрлі тәсілдермен басқаруға мүмкіндік береді. iTALC Linux және Windows 2000/XP/Vista/7 жүйелерінде орнатуға және ортақ желімен байланысқан әртүрлі операциялық жүйеде жұмыс істейтін құрылғыларда қолдануға болады.


Барлық негізгі басқару элементтері жоғарғы панельде көрсетіледі. Панель қызметін түсіну жеңіл және арнайы түсініктемелерді қажет етпейді.
Іс-әрекеттерді контекстік мәзір арқылы бүкіл сыныпта (жоғарғы панель) және жеке компьютерлерде де орындауға болады.
«ҚОСУ» батырмасын бөлек атап өтуге болады - егер компьютер өшірілген болса, оны әдетте жүйелік блоктағы батырманы физикалық түрде басу арқылы іске қосуға болады, бірақ сыныптағы барлық компьютерлерді осы программаның көмегімен бірден өшіру мүмкіндігі бар.

4.3-сурет – iTALC


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет