Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Netcontrol сыныпты басқару жүйесі



бет25/32
Дата08.04.2024
өлшемі4,68 Mb.
#200611
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
Ы.Алтынсарин

Netcontrol сыныпты басқару жүйесі.


Сыныптағы оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға, мұғалім мен оқушылардың өзара іс-әрекетіне, сабақ барысын бақылауға, мұғалімнің экранын барлық оқушыларға көрсетуге, виртуалды тақтамен жұмыс істеуге, сауалнамалар мен тестілеуді ұйымдастыруға арналған программа.

4.4-сурет – Netcontrol


Білім беру процесінде KAHOOT оқыту платформасын қолдану.


Қазіргі білім беру үдерісін инновациялық технологиялардың көмегінсіз елестету мүмкін емес. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқытуда жаңа мүмкіндіктер бере отырып, оқыту тиімділігін, оқушылардың интеллектуалдық деңгейін арттыруға, оқу үдерісіне барлық қатысушылардың тұлғааралық қарым-қатынас формаларын әртараптандыруға, сабақтарды өткізу әдістерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Kahoot – білім беру жобаларына арналған заманауи, түрлі-түсті жобаланған білім берудің ойын платформасы, ол білім беру ойындарын, викториналарды, әртүрлі интерактивті тесттерді және білімді тексеруді,
жариялауды және ойнауды жеңілдетеді, оқу процесін қызықты және серпінді етеді. Kahoot-пен жұмыс істеу үшін Интернет қосылымы бар дербес компьютерді, ноутбукты, планшетті немесе смартфонды пайдалануға болады. Бұл платформа кез келген пән бойынша және кез келген тілде тапсырмаларды құрастыруға немесе бұрын қолданбаның басқа пайдаланушылары жасаған миллиондаған тапсырмаларды қамтитын кітапханадан дайын тақырыптық тест немесе сауалнаманы таңдауға мүмкіндік береді. Kahoot аралық білімді тексеру және материалды бекіту, сондай-ақ жаңа тақырыппен танысу мен талқылауды бастау үшін тамаша мүмкіндіктер ортасы.
Kahoot - бірлескен қашықтықтан оқыту құралы, сондықтан оның мүмкіндіктерін пайдалану үшін оған қатысушылар командасы қажет. Викторина жасау бірнеше минутты алады және процестің өзі өте қарапайым және ешқандай қиындық тудырмайды. Викторина дайын болғаннан кейін мұғалім ойынды өткізеді және оны қатысушыларға (оқушыларға) ұсынады. Қатысушылар бір экранның алдына жиналады (онлайн оқыту кезінде экранға Zoom программасы және оның баламалары арқылы қол жеткізіледі) және ойын коды арқылы өз құрылғыларынан ойынға кіреді. Сұрақтарға жауаптардың дұрыстығы мен жауапты табу жылдамдығы экранда балл ретінде көрсетіледі. Әрбір сұрақтан кейін экранда ең көп балл жинағандардың аты-жөні көрсетіледі. Егер оқушылар үшін сұрақтарға жауап беру қиындық тудыраса, мұғалім кез келген уақытта үзіліс жасап, сұраққа түсініктеме бере алады.
Бұл ойын платформасы бүкіл әлем бойынша пайдаланушылардың көптеген саны үшін оқуды қызықты және қолжетімді етуге бағытталған.
Бұл қолданбаның көптеген артықшылықтары бар:

  • пайдаланушыға ыңғайлы интерфейс;

  • қызметтің қолжетімділігі – тегін, көптеген (50 адамға дейін) қатысушылар көлемін қамтиды;

  • үйлесімділік – кез келген құрылғыда пайдалану мүмкіндігі;

  • тесттердің алуан түрлерін, соның ішінде ойын форматында құру мүмкіндігі;

  • дайын тесттердің мол қорының әрі таңдау мүмкіндігінің болуы;

  • интерактивті режим, қатысушылар нақты уақытта ойынның қалай жүріп жатқанын және кім жеңіп жатқанын көру функциясы;

  • тесттерді, сауалнамаларды, пікірталастарды жылдам құру мүмкіндігі;

  • қызметтің тегін нұсқасының кең функционалдығы.

Kahoot платформасымен жұмысты бастау үшін алдымен тіркеліп, мұғалім немесе студент (оқушы) екеніңізді көрсету керек. Тіркелгеннен кейін қолданушы бірден қолданбалар кітапханасында бар танымал және жаңа тесттер мен ойындар бар бетке өтеді. Әр қолданушы өз тестін жасау үшін тиісті бөлімге өту керек. Қолданушыға қандай викторина немесе ойын түрін жасағысы келетіні туралы таңдау ұсынылады. Оқу орындарына арналған тегін нұсқада төрт нұсқа бар – викторина, жауаптары жылжымалы ойын, талқылау және сауалнама. Викторина құру кезінде бірнеше жауаптары бар сұрақтар қоюға болады. Жауаптары жылжымалы ойындарда ұсынылған әріптерден сөз, берілген сөздерден сөйлем т.б дұрыс ретпен құрастыру қажет. Тесттің бұл
нұсқасында жауаптар 60 таңбадан аспауы керек. Оны құрастырған кезде міндетті түрде төрт ықтимал жауапты ұсыну қажет. Әрбір сұрақ картасына фотосурет қосуға болады. Талқылау және сауалнама жүргізу кезінде жауаптар ұпаймен бағаланбайды, мұнда тек сұрақ қойып, қатысушылардың пікірін білуге болады. Тесттердің барлық түрлері білім алушылардың (оқушылардың) кез келген санын қосуға мүмкіндік береді. Ойын, сауалнама немесе сұрақ-жауапты әзірлеп болған соң, кейін қайта іске қосып пайдалану үшін викторинаны сақтау керек.
Kahoot платформасы - онлайн викториналар, тесттер мен сауалнамалар әзірлеуге арналған салыстырмалы түрде жаңа қызмет екенін ескерте кету қажет. Бұл білімді тексеру және оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болатын онлайн білім берудің тиімді қосымша құралы. Бұл қосымшаны пайдалану білім алушыларға (оқушыларға) оқу үдерісіне контентті тұтынушылар ретінде ғана емес, сонымен қатар оның белсенді жасаушылары ретінде қатысуға мүмкіндік береді.
Білім беруде бірқатар артықшылықтарға ие жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану оқу процесін жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік береді, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің маңызды аспектілерінің бірі болып табылады, оның практикалық бағытын арттырады, интеллектуалды және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар мұндай технологияларды қолдану оқушылардың танымдық, коммуникативті, тұлғалық және реттеушілік дағдыларын қалыптастыруға, оқу әрекетінің ақпараттық ортасын кеңейтуге көмектеседі [23].

4.5-сурет – Сервис Kahoot






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет