Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



бет28/32
Дата08.04.2024
өлшемі4,68 Mb.
#200611
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Ы.Алтынсарин

Қорытынды


Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану бастауыш сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамытудың ғана емес, оларды цифрлық қоғамдағы өмірге дайындаудың тиімді құралына айналуда. Білім беруді цифрландыру жаңа мүмкіндіктер ашады және «цифрлық әлем»,
«толықтырылған әлем», «виртуалды әлем» сияқты ұғымдардың құндылығын түсінуді қалыптастырады.
Осыған байланысты шет елдердегі мектеп информатикасының даму тенденцияларына шолу берілді.
Әртүрлі мемлекеттерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамудың әр түрлі кезеңдерінде, сондықтан әр мемлекет оқушылардың оларға қол жеткізуін қамтамасыз етудің өзіндік жолын таңдайды.
Информатика шетелдегі мектептердің оқу жоспарларында қандай орын алатыны сараланып Англия, Қытай, Бразилия, Сингапур, Ирландия, Литва, Словения сияқты елдердің оқу жоспарлары информатиканың міндеттері зерделенді.Мақсатқа жету жолдарында аталған елдерде білім беруді қамтитын төрт негізгі кезең ерекшеленеді. Мектептегі есептеу техникасы (Computing at school - CAS) - мектепте информатиканы насихаттайтын ұлттық қауымдастық. Педагогикалық өзара әрекеттесуді CAS орталықтары жүзеге асырады – өз мектептерінде, сыныптарда және қауымдастықтарда есептеу техникасын оқыту. Білім беруді цифрландыру бастауыш сынып оқушыларының цифрлық технологияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Компьютер», «Ақпаратты ұсыну және өңдеу», «Интернет желісіндегі жұмыс», «Есептей білу»,
«Робототехника» сияқты цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған, әр оқушыға тек информатикадан ғана емес, сонымен қатар барлық оқу пәндері бойынша өз білімін жыл сайын толықтыруға, сондай-ақ мектептегі және мектептен тыс сабақтарда бұрын алған тәжірибесіне негізделген жаңа практикалық компьютерлік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы өзекті мәселелер бөліміндецифрлық сауаттылыққа байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған. Мысалы «Жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604)» т.б.
Жалпы білім беретін пәндерді оқытуда АКТ қолданудың тиімділігіне мұғалім сабақ барысында АКТ қолдануға жеткілікті деңгейде қызығушылық танытқанда ғана кепілдік беруге болады. Бұл жағдайда ол жалпы және оқыту қызметіндегі программалық құралдарды қолдануды меңгерген болуы және пәнді оқытудың әдістемелік жүйесіндегі АКТ орнын анықтай алатындай білім көкжиегі кең болуы тиіс. Оқыту үдерісінде АКТ қолдану мұғалімге оқытуды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндігі анықталды.
Әдістемелік ұсынымда цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану, оқыту платформаларын қолдану туралы ұсыныстар беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет