Заманда сонау сарсаң Ақан туған,
Ол заман – ерге тұсау, зорға думан.
Жалмап жеп айналасын аш кенедей,
Семірген жұрт қанына нелер жуан.
Хан қабан-халық құлағын бұрап тұрған,
Бүйі би билеп-төстеп сұрап тұрған.
Қор қылып ақ алмасты отқа көсеп,
Жүз-жүз жар теңін таппай жылап
тұрған...
...Қанды кек ел арасын ушықтырған,
Қорқауды қол табылмай тұмсыққа ұрған.
Асыл ер, арманды жар опық жеген,
Албасты әлсіз жанды тұншықтырған56.
Әнші, композитор, ақын Ақанды халық қаншама. қастерлесе де үстемдігі жүріп тұрған билеуші топ адамдары оның сағын сындырып, бетін қайырып, жасытады. Ақан серінің өмірі сол заманның қыртысы көп, қырындысы жоқ күңгірт жәйін анық байқатқандай болады. Заманның тар ауқымына сыймай бұлқынған Ақанды дұшпандары сері емес «пері» деп те лақап таратқан. I.Жансүгіров оның терең әлеуметтік сырын жақсы түсініп:
Тұсында сері болсын, пері болсын
Достарыңызбен бөлісу: |