Үміт Битенова ауады да тұрады аңсарым тараз



бет9/11
Дата02.07.2018
өлшемі0,77 Mb.
#45386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әйел жолы жіңішке

(Циклдан новелла)
Бірінші әңгіме

Жақсы ит өлігін көрсетпейді
Осы уақытқа дейін Нұрсипат бақытты еді...

Албырт шақтағы бала сезім, пәк махаббат асқан сағынышпен еске алынатын. Одан үлкен із қалды-бұлар биік шаңырақты, кең керегелі, әжептәуір отбасы болды. Ешкімнің ала жібін аттамай, адал, сұлу ғұмыр кешуде.

Қаншама көгілдір көктем өтіп, қанша жайдарды жаз артта қалса да, Нұрсипат әлі талай күндердің шуағы мен жылуына шомылып, мейірленетініне сенімді болатын. Өйткені оның рқа сүйенетін асқар тауы, отының бас иесі Алмабегі бар. Бір кездегі ыстық, лапылдаған махаббаттың күйеуі екеуінің арасындағы мөлдір ықылас пен кіршіксіз көңіл тазалығына айналғандығы Нұрсипаттың мерейін өсірген.

Бір қарағанда, Алмабектің алып бара жатқан көркі жоқ: қоңқақ мұрынды, сопақша бет. Өзінің өмірінде дөңгелек жүзді, әдемі мұрындыларды талай кездестіргенммен, Нұсипатты таңдауы осы Алмабекке түскен.

Шүкір, күйеуі жақсы адам, блларына қамқор әке, өзіне сүйікті жар – нғыз еркек десеңіз қателеспейсіз.

...Амал қанша, Нұрсипаттың бірқалыпты өмірінің арнасы бір-ақ күнде бұзылды. Сүттей ұйып отырған шаңырағы кенет шайқалып ортасына түсті.

Жұмысынан күнде кештеу келетін Алмабек сол күні үйге оралмады. Ертеңіне Нұрсипаттың қолына қысқаша хат тиді.

«Нұрыш, бұдан әрі сені алдай алмаймын. Түсін. Мен Сандуғашпен тұрып жатырмын. Оны сүйетінімді енді жасырғым келмейді. Балаларға ай сайын екі мың теңге жіберіп тұрам. Кешір. А. »

Қағазға көз жүгіртіп шыққан Нұрсипат төбесінен әлдекім мұздай су құйып жібергендей сілейіп, тұрып қалды. Бір сұмдықтың болғанын сезгенмен, түкке түсіне алмады. Хатты тағы лқыды, үшінші рет тағы оқыды. Санасының саңылауына жетіп үлгермеген хаттағы әрбір сөз өзінің құпиясын бірте-ьірте ашып жтты, ашылған сайын әрбір құпия параққа жазылған жолдардан алыстай берді, алыстай берді...

Есеңгіреп көп отырған Нұрсипат селк етті. Әлі толық оқып болмағандай хатқа жалма жан қайта үңілді. Оның көзі расында да тың нәрсені тауып алды: «алдай алмаймын. ...жасырғым келмейді».

Сенім мен үміттің бұлдыр сәулесі бір сәтке жалт етіп өшті де, әлгі суық, тас сезімді енді ауыр қасірет басты.

Алмабек, өзінің ғна Алмабегі. Өзі ғана арқа тұтып жүрген асқар таудай Алмабегі. Қалай ғана өзгеге оп-оңай айырбастай салды. Осы деп оянып, осы деп ұйықтамаушы ма еді?... «Өмір – бақи өзің деп өтем. Өмір – бақи өзіңе қарыздар боп өтем. Саған үйленген соң, арақ ішкенді қойдым, тойдан-тойды, ой мен қырды қоймай төбелес іздеп, ұрынғанды қойым. Оқыттың. Адам болдым. Әке болдым. Бір кездегі сырт айналып кеткендер алдыма келіп жығылуда. Нұрыш, сендей жарға кездестірген тағдырға мың-рахмет...» - деп үздіккен сөздері желге ұшып кеткені ме.

Ойына нелер келіп, нелер кетпеді. Миы мыңқы-тыңқы: екі мың теңге.., пәтер ақы.., телефон мен газдың ақшасы.., көрші-қолаң, таныстар.., жұмыстағылар.., кітаптар.., Алмабектің киімдері костюмі, шалбарлары... Екеуінің бірге жымиып түскен портреттері...

Нұрсипат басын сілкіп, шашырап кеткен ойын жинап алды. Құдайым-ау! Бәрінен де сорақысы мұны күйеуі тастап кетті!.. расымен де тастап кеткені ме?! Балаларды да?!

Шошып, жан-жағына алақтай қарады: әр зат орнында тұр. Жатын бөлмеде бес жасар балнұры былдырлап ойнап отыр. Қабырғаға әлденені қағып жатқан көршілерінің даусы келеді құлаққа. Нұрсипаттың тұла бойы бойынан электр тоғы жүріп өткендей – бейне бір мұңы, Болат, балнұр үшеуін әлдекім ескі, сарғайған ескі газетке орап қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған тәрізді.

...Өң мен түстің арасында бірнеше күн өтті. Бірте-бірте қалыпқа келе бастаған Нұрсипат енді ас үйдегі орындықта қолы ештеңкеге бармай,жағын таянып, үнсіз отырып алатын болды. Есесіне, ойы жүйелене бастады. Өкпе де, ашу да, қайғы да, алдынан кездесетін қиындықтар да, Алмабекке деген асыл сезімі.., бәрі-бәрі көз алдында кезек-кезек көлбеңдейді. Оларды ой елегінен өткізіп отырғанда қолдарының жұдырығы жұмылып, көзінен ащы жастың ыршып түскенін байқамай да қалды.

Дәл қасында қаннен-қаперсіз ойнап-күліп балалары жүр. Нұрсипат ұрлығын жасырғандай үрке қрап, бойын тез жинап, оларға әлденелерді айтқан боп мағынасыз жымияды. Қанша білдіртпейін дегенмен, балалары анасының көзінен үрей мен мұңның көлеңкесін көре бастады. Бірінші күні-ақ балаларға әкесінің келмей жатқан себебін түсінбіруге тырысқан ол аузына түскен сылтауды айта салған:



  • Әкелерің алысқа жол жүріп кетті. Жұмыс бабымен. Кө-ө-өп күнге...

Бес жасар Балнұрға «көп» пен «алыстың» айырмасы шамалы. Сыртқы есіктің қоңырауы шырылдаған сайын жүгіріп барады. Мамасын да мазалауын қоймайды:

  • Пап-пам қасан кел-леді?

...Қорқынышты түстей бұлдыр күндердің тұмны сейіле бастады. Емханадағы күнделікті жұмысынан да қалған жоқ. Әріптес құрбылары қтынасты баяғыдан білетін болып шықты. Тек бұған білдіртуге ешқайсысы бата алмапты. «Достықтарыңа болайын. Сендер ертерек көзімді ашқанда, мен осыншалықты көр болып жүрер ме едім. Қойшы, бірақ, сендердің кінәларың не..?»

Нұрсипат таңертең шошып оянғанды қойды. Оның есесіне бұдан әрі не істеу керек, бірінші кезекте қай затты қалай сату керек, ақшны ауқат пен киімнің қайсысына, қалай жеткізу керек деген мақсат туды. Ағыл-тегіл жылай бергенді де сиретті...

Сегіз күн дегенде Алмабек бейтаныс бір әйелден бір жапырақ қағаз жіберіпті. Әнеу күнгідей емес, мұның атын атамапты да:

«Мына кісіден менің киім-кешектерімді, сақал қырғышымды, жұмысымдағылардың сыйлаған альбомын, қалың курткамды және үстелімнің суырмасында ораулы жатқан хаттарды беріп жіберуіңізді өтінемін.А.»

«Сіз» деп сызылған сыпайы сөздің суығын-ай. Нұрсипат шифоньер ішіндегі ілгіште ілулі тұрған үш костюмді алып, кең диванға орау үшін бірнеше газетті төседі. Айтпақшы, киімдері мен сақал алғышын, хттарды қосу керек. Есіне әлдене түскендей Нұрсипат сілейді де қалды. Қасында анасынаң қимылынан көз айырмай қарап он жасар Болаты тұр еді. Оның абыржыған кейпін бйқаған Болат:


  • Орайын ба? Мама, орайын ба? – деп елгезектік танытып жатыр.

  • Ой-бу, құдайым-ай,- тамағына өксік тіреле диванға отыра кеткен Нұрсипаттың үні қысытыға шықты. Босағада үнсіз тұрған бейтаныс әйелдің сұлбасына көзі түсіп, бойын тез жиып үлгерді де:

  • Қолыңызға бірдеңе қыстыра келмегеніңіз не?

Енді мен бұларды қайда орап салып береп?- деді жиырылып.

Олар маған дипломатқа немесе жолға арналған үлкен сөмке бар, соған салып берер деп еді, - диван үстінде жаюлы жатқандарға көз салған бейтаныс әйел күмілжіп тіл қатты.

Болат ұшып тұра келді:


  • Бәсе! Дорожная сумка! Мама, ол сумка... мен білем қайда екенін,..шкафтың артында тұр. Әкелейін ба, оны?

Нұрсипат Болаттың көзіне үңілді. Оның жанарында тек қана дәу сумканы алып келуге деген дайындық нышаны тұр.

Нұрсипаттың жүрегі елжіреп кетт:



  • Сен қайдан әкелесің! Дәу сөмкенің жартысынан да келмейсің. Шкафка бойың жетпес. Ботам-ау, әшейін!

Қолын созып икемделе берген баласынның басынан иіскеді. Анасының құшағынан босай берген Болаттың ойында әлі дәу сөмке.

  • Ол жеп-жеңіл! – Қуанышты даусы қатты шықты.- Мама! Ол жеп-жеңіл! Өзім-ақ ала-алам!

Абыр-дабырға ұйықтайтын бөлмеден қолында жұмсақ қонжығы бар Балнұр шығып сығалады. Шкаф тұратын алдыңғы бөлмеге жүгіріп кеткен болат әлденелерді тарсылдатып, таңқылдатып жатыр.

  • Құдайым-ау,- Нұрсипат бейтаныс әйелге абыржи қарады.- Құдай үшін, ана сөмкені әкелісуге көмектесіңізші.

  • «Тырна ашуын қаздн алар». Өшім бардай құдайды йта бергенімнесі. Тілім тиіп кетті-ау. Жасаған ием, кеше гөр.

Өйтіп-бүйтіп әкелінген дәу сөмке дәл ортаға қойылды. Нұрсипат костюмдерді үлкен ыждағатпен қаттай бастады. Қалай болса солай салғаныұят қой; екі жеңін бүктеп, жағаларын қайырып, шалбардың оралып шығып тұрған қалтасын түзеп, галстуктерді жеке-жеке салды. Мамаларының қимылын баққан Болат пен Балнұр еріндерін жымқырып алыпты. Нұрсипат енді сөмкеге ішкі киімдерді сала бастап еді:

  • Жөндеп салсаңызшы, мыжылды! Астыңғылары мыжылды ғой,- Болаттың жан дауысы шақты.

  • Ә,ә, иә, дұрыс-с..- деп күбірледі шешесі. Іле-шала қаны бетіне шапшып, жыны келіп кетті. Адам сияқты үйге келіп алып кетуіне беті шыдамаған Алмабектің арсыздығына күйіп тұр:

  • Адыра қалсын! Немене мен сонша. Үтіктеп алсын өздері. Менің жұмысым қанша?..

Болат оған аңтарыла қарады. Шешесі үш бума хат пен сақалқырғыштың қорабын сөмке түбіне ызалана ытқытты. Қораптың ішіндегі алмас, айна сияқты ұсақ-түйектері ақтарыла шшылды.

  • Шашылып қалды ғой! – деп ұмтылған Болат жалма-жан жинай бастады.

  • Тұр, әрмен кет! Ісің не! Араласпа! – үні қатқыл шыққан Нұрсипат баласының қолын қағып жіберіп, сөмкенің аузын күшпен жапты да,- әкете беріңіз! – деді бейтаныс әйелге.

  • Записка жазбайсыз ба? – деп сұрады әйел басын оң жағына қисайта бұрып.

  • Қаяқтың запискасы! Қаяқтың запискасы! Барыңыз.

Бейтаныс әйел үнсіз еңкейіп дәу сөмкені оң жақ иығына асыра көтеріп үйден шығып кетті.

Әйелдің соңынан самарқау көз салған Нұрсипат диванға сұлқ отыра кетіп, жылап жіберді.

Ұлы мен қызы аңтарылып тұр. Болат танауын пышылдата тартқылап, жзу үстелінің үстіндегі баяғыда әкесінің темекісі күйдірген тесікті сұқ саусағымен шұқылай берді. Есікке сүйенген Балнұр қолынан түсіп кеткен қонжығына қарайтын емес. Жылағаны басылған соң, анасына бұртия жақындаған Балнұры:


  • Бұл кісі кім? Бұл әпке сс-сұм-каны қайда апарады? Неге ол әкетіп қалды? – деді.

Асқан шыдамдылықпен жауап күткен ол шешесі үндемеген соң:

  • Папаның култкалалын, кастөмделін бұл апке неге әкетіп қалды? – деп қыңқылдады тағы да.

Қызының қыңқылынан балаларының әлі бәрінен бейхабар екендігі енді есіне түсті.

Киіп кешектерді беріп жіберу Балнұрдың өзіне де күдік тудырды. Болат ендігі ауладағылардан-ақ естіп қойған шығар. Алмабектің көптен көрінбейі кімді болса да ойландырады.

Нұрсипат Болаттың бой – басын көзімен тінтті. Оның әлгі күйген тесікті шұқылап тұрысында бір мән бар. Шешесі басын көтергенде Болат көзін төмен тайдырып әкетті. Жауап тосқан Балнұрды кейін шегіндірсе, Нұрсипат Болаттың қолынан ұстап өзіне қарай тартты. Баласы бағынышты кейіппен қарсы алдына тоқтады.


  • Сен бірдеңе білесің ба? – қобалжи сұрады Нұрсипат.

Болат көзін жыпылықтата ыржиды:

  • Ын... не не-нні?... сіздің не сұрап тұрғаныңызды түсініп тұрғам жоқ... не-ні білуім керек?

  • Әкең туралы білесің бе деймін...

  • Папам туралы?..- бала терезеге бұрып бсын шайқады. Балнұр шешесінің қолынан жұлқылап, қыңқылын жалғастырды.

  • Мам-ма, айтшы! Папамның култкасын неге әкетіп қалды?

Диваннан жеңіл көтерілген Нұрсипат бөлме ішінде арлы-берлі жүріп алды.

Екеуіне тағы көз түсті. Олар енді бір-біріне қарап, Балнұр ағасына ойынға айналдыра бастапты. Өмірде талай қиындық кездесетіні қаперлеріне кіріп те шықпайды, өздерін әкелері тастап кеткендігімен жұмысы жоқ. Кенет Нұрсипаттың ойына Сандуғаш түсті, ұрғашының толықша келген өңді, тартымдысы, мұның күйеуінің «жүрегін жаулап алған күндесі», оның ылғи шатынап тұратын сұр көзі келді көз алдына. Нұрсипат сұңғақ бойлы Алмабекті сандуғашпен қатар қойып елестетіп көрді: білмеймін, соншалық менен қай жері артық екенін...

Бәрінен де жанына бататыны, кім –көрінгенмен аты шыққан Сандуғаштың Алмабекке айдай көрінгені...


  • Пап-пам қашан келеді?- Болаттың дауысы Нұрсипаттың ойын оқып қойғандай күтпеген жерден шықты. Ол да, Балнұр да шешелеріне қарап қалыпты. Нұрсипат бұлардан енді жасыруға болмайтынын білді:

  • Ол енді келмейді.

Бозарып кеткен Болат көзін жыпылықтатты. Балнұр мына үнсіздіктен ештеңе түсіне алмаған сияқты:

  • Сонда қашан келеді папам? Мам-ма?

Нұрсипат өзін-өзі ұстап, салқын, қатаң дауыспен:

  • Ол енді ешқашан келмейді! Ешқашан!

  • Сендерге енді әке жоқ. Енді әке жоқ сендерге түсінемісіңдер?- деді нықтап.

  • Сонда, не, папам өліп қалды ма? – болат үрке сұрады. Нұрсипат селк етті.

  • ...өліп қалды? – Балнұр ағасының сөзін жаңғырықша қайталады.

Нұрсипат екі баласын да бауырына алып, жылдам даусын жұмсартты, бірақ оларды әлпештей, аялай сөйлеген үніндегі қайғы ағыл-тегіл моншақтаған көз жасымен бірге төгіліп жатты.

  • Папа бізді тастап кетті, түсінемісіңдер? Тастап кетті. Ол бізбен бірге тұрғысы келмейді. Ол енді басқа әпкемен бірге тұрады. Ал біз енді папасыз тұрамыз. Үшеуміз-ақ тұрамыз: мен, Болат, Балнұр, басқа ешкім жоқ.

  • Сонда да... басқа келіншек алды ма?- деді болат ойлана.

  • Иә.

  • Сен де енді басқа күйеуге шығасың ба? – Болат шешесіне үлкендердің түсініксіз қылықтарын тезе көңілмен ұғуға тырысатын кішкентай адамның көзқарасымен сұқтана сұрады:

  • Жарықтарым-ау, мен сендерді өлсем де тастамаймын, - Нұрсипат өкіре жылады. – сендер қорықпаңдаршы, жарықтарым!..

Ол жылдам өзін-өзіне келді де:

  • Барыңдар ойнаңдар. Балнұр, анау жатыр сенің қонжығың..,деді.

Балнұр үстіндегі ернін саусағымен бұрай анасының тізесінен сырғанан түсті. Жатын бөлме жақтағы есік алдында жатқан қонжығын еңкейіп, бір аяғынан сүлесоқ көтерген қыз өзйнің ойын бұрышына кірді де, үйілген көп ойыншықтардың үстіне қонжығын да тастай салып, сырланған кішкене орындығына отырып ойлана қалды. Ол қанша кішкентай болса да, мамасының күйін түсінді, мамасының емін-еркін жылағысы келіп отырғанын түсінді, сондықтан енді оған жақындап папасының қашан келетінін қайтып қайталап сұрауға болмайтынын ұқты. Қайсар шшын саусағымен салалап таралап Болат үнсіз... терезенің әйнегін күзгі жаңбыр тамшылап ұрады...
* * *
Түскі үзіліс кезінде балаларын тамақтандырып келген Нұрсипат тонын киім ілгішке керіп, кабинетінен шыға бергенде емхананың аптекасының алдында тұрған Алмабекті көріп қалды. Айырылқалы бергі бері кезлестіріп тұрғаны. Көзімен көзі түйісіп қалса да Алмабек мұны байқамаған сыңай танытты. «Керек дәрісі болса мен-ақ берер ем ғой». Амандасқысы да келмеген Алмабек бұған тым жүдеу көрінді.

* * *
Бір қаланың ішінде тұрып жатса да Алмабек туралы Нұрсипат еш хабар білмейтін. Бірте-бірте жалғыздаққа да еті үйреніп кетті. Алмабектей күйеуі болғандығын да есінен шығара бастаған.

Бірақ көктемнің көкөзек шағында, тағы бір бейтаныс әйел хат әкеліп тастды.Алмабектен.

«Нұрыш, менің жазамды Алланың өзі-ақ берді. Сендерге істеген қиянтым үшін бұл жаза-әділ жаза болды. Балалар мендей әкесі болғанын білмей-ақ өтсін. Сенен сұранарым осы. Кешір мені. Хош. Алмабек. »

Түкті түсінбесе де Нұрсипат ағыл-тегіл жылады.

* * *

Екі күн өткен соң дәрігер құрбысынан естіді суық хабарды. Алмабек қайтыс болыпты. СПИД-тен. Денесі бұлардың топырақ салуға да шамасы келмейтін жерде – Ресейде қалыпты.



Екінші әңгіме

«ЖАРАМАЗАН АЙТАМЫН ЕСІГІҢЕ...»
-«Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді» дейді. «Басқа түскен баспақшыл». Өзіңе-өзің кел. Сенің көзіңе шөп салған Алмабек Сандуғаш сайқалға да бұйырмапты ғой.

- Оның түбіне Сандуғаштың өзі жетіп отыр ғой.

- Не десең де, жер барып хабар бермесін, ұмыт енді Алмабекті. Оның өмірінің қайғылы аяқталуына сенің титтей жазығың жоқ.

Құрбысы Самал мұны қанша жұбатқанымен, Нұрсипат көпке дейін, орысша айтқанда «шоковое состояниеде» жүрді.

Бірақ, бір күні «шоктың» көкесі болды. Шок емес – масқара.

«СПИД-ке шалдығып, СПИД-тен өліпті өлігі емделуге барған Ресей жерінде қалыпты» деген Алмабек тірі боп шықты. СПИД-ке шалдықпаса да жыныстық жұқпалы аурумен ауырғаны рас екен. Елге жайылып кетпей тұрғанда емделіп алайын деп Астрахань облысындағы курстасының диагностикалық-медициналық орталығына барып қайтыпты.

«Жаздым-жаңылдым, сендерге жасаған қиянатым үшін Алланың қаһарына ұшырадым» деп өлердегі сөзін йтып жазған бұдан бір жрым ай бұрынғы хаты жңа мұрнының ұшына көрінгендегі алғашқы қорқынышынан ғана туған болуы керек, бірнеше жерде кездесіп, қарама-қарсы ұшырасып қалса да, Алмабек Нұрсипатқа бас изеп сәлемдесуге да жараған жоқ. Тым болмаса, балаларды сұрасашы. Өз кіндігінен емес пе еді.

Нұрсипатты күйдіргені күйеуінің мұның да өмірін – жас, әдемі де ақылды, мәдениетті әйелдің өмірін және балаларының өмірін – сондай сүйкімді сабырлы,қабілетті сәбилердің өмірін, бүтін бір отбасының өмірін, бүтін бір жанұяның мәні де мағыналы қуанышы мен бақытын бақытын бүкіл қлаға аты шыққан қайдағы біреу үшін түкке тұрғысыз қылып талақ етуі. Неліктен? Алмабектің әйелқұмар, көрсеқызарлығынан ба осының бәрі? Айта берсе, Сандуғашқа жұғысам деп не опа тапты. Оны түсінетін Алмабек жоқ сияқты. Өзі ішетін болыпты...

Нұрсипттың өзін тастап кеткен күйеуіне деген өкпесі бірте-бірте мұқтаждыққа ауысты.

Соның өзінде Нұрсипат жоқшылық, жетіспеушіліктен гөрі аяқ стын тапталған ар – нмысын ауыр сезінді.

Бірге тұрған он екі жыл бойы жанұяның тұрмыстық билігі Нұрсипаттың қолында болды. Нұрсипат күйеуінің ақшалай табысынан түгел хабары болмаса да – ол тіс дәрігері еді – Алмабек Нұрсипатқа жеткілікті мөлшерді ұстатып отыратын. Нұрсипат өзі мен екі баласын осы ақшаға ортақтасуға хақылы санайтын, бұларды асырау Алмабектің тікелей парызы екендігіне шүбәсі жоқ еді. Аптекадан түсетін азды-көпті табысын жинақтауға тырысатын да, Алмабектің азық-түлік, киім-кешекке ойбалбай жұмсайтын.

Енді ойлап отырса, бұл ақшаларды күйеуі Нұрсипатқа оның шексіз махаббаты үшін, ортақ төсегі үшін төлек келген екен. Қалай жалықты, солай ол басқа төсекке ауып кетті. Нұрсипат пен екі баланың құқығы бос сөз болып қалды, ол тек махаббат есебіне құрылған болып шықты. Енді бүкіл прыз бен міндет жалғыз шешенің мойнына түсті, ол парыз бен қарызды сол әлсіз әйелдің өмірімен, жастығымен бақытымен өтеу керек.

Нұрсипатқа енді, тіпті, Алмабектен аймамай келіп тұратын екі мың теңгенің қорлау сияқтанып кетті.

Ұйқысыз түндерде терең ой құшағында жатып Алмабектің бірінші хатындағы «Балаларға ай сайын екі мың теңге беріп жіберіп тұрам» деген қысқа сөз есіне түскенде Нұрсипаттың қан қысымы көтеріледі. Ол балалардың құнын өзі-ақ белгілеп қойыпты. Екі-ақ мың теңге! Бағып-қағып өсірген ұйқысыз түндер мен күндер емес, жауапкершіліктің толқытқан, үрейлендірген, қобалжытқан сезімдері емес, не ата-аналық махаббат, не тірі жүрек, не ғұмыр емес, тек ғана конверттегі бір қорап несие.

Нұрсипат осы ақшаны бірінші рет әкелген адамнан қорлана отырып әзер алған кезін, оның хат сыртына алдым деп қол қою туралы өтінішін өте мұқият орындғанын, ол адам кете салысымен, дүкенге жүгіріп барып, кешке қрай рсыз қуанышпен балаларды тәтті тортқа тойдырғанын әр түн сайын ойға алады. Ол сонда балаларға қарап мәз болып еді. Тәкаппарлық, адами, әйелдік қасиет-қадір жасырынып қалды. Беттің арын белге түйген ар-намыс Нұрсипаттың өзін сол дәмді торттан ауыз тиюге ғана жібермеді.

Күн өткен сайын Алмабектің екі мың теңгесі кәдімгі қалыпты жағдайға айналды. Қорланған ар-намыстан гөрі жұбанышы көп ащы шындық басым бола берді: шынында да, неге Алмабектің бақыттан басы айналуы керек, тым болмаса, ай сайын, төлесін, немене, әлгі сұлуы Сандуғаштан жырмыштасын!

Жалпы, Алмабектің жай-күйі бұларғ жұмбақ. Тіпті, ол туралы ойлауға мұрша да болған жоқ. Оған деген жылы жақындық баяғыда-ақ жоғалған.

Еркек ретінде де, ері ретінде де ол енді Нұрсипатты ойландырмайды. Алмабектің оңбағандығына опасыздығына, сараң, іштарлығына, сезімсіздігі мен қасиетсіздігіне күмән жоқ. Нұрсипат оның бағасын ослай беріп қойған. Кейде таң қалатын, бұл адамның өзінің бір кісі сүйер де қылығы жоқ екен-ау. Қайта мұндай сұмпайыдан ертерек қол үзгені де дұрыс болды!

Өзін-өзі тоқтатып, көңілін тоқ санады Нұрсипат.

Сөйтіп жүргенде, бұлардың мекемесінде оңды өзгерістер болып, Нұрсипаттың айлық жалақысы көтерілді. Алғашқы мол жалақыға қолы жеткенде мұңнан сейілген тұмандай бұлдыр елеске айналды. Нұрсипат оны ойлауды қойды. Болаты мен Балнұры үшін жіберіп тұратын екі мың теңгенің бұрынғыдай мәні болмай қалды. Үйге қалыпты түсіп тұған кірістің бірі ғана.

Аптлап және айлар өтті.

Үйі мен дәріхананың, дәріхн мен үйінің екі арасын жол қылтын Нұрсипат үшін бірінен бірі айнымайтын күндер мен түндер. Азық-түлікті де, күделікті ұсақ-түйектерді де жол бойындағы дүңгіршектер мен дүкендерден ал салады. Кейде нан мен сүтке Болатты жүгірте қояды. Әкесі кеткелі Болат тіпті есейіп кеткендей. Көп сөйлемейді. Анасының айтпағын қабағынан-ақ ұғады. Бір тәуірі – елгезек. Қарындасының да көңілін табды, анасының да кеуілін аулайды.

Балабақшаға жағдайы көтермеген соң, Балнұрды жақын жердегі мектептің дайындық сыныбына берген. Үйде іші пысқанша, бірмезгіл ағасымен ілесіп барып келеді.

Нұрсипат өзінің айналдыратын тұрақты жұмысы болғанына шүкіршілік етеді. Бес-алты жыл көз майын тауысып оқыған оқуының ннын жеп жүр. Әйтпесе, базарға шығып, сауда жасау қолынан келер ме еді. Аяқтан аяқ қалмай, қолдары тілім-тілім, ерні кезерген күпәйкелі әйелдер келді көл алдына.

Нұрсипат жалма-жан оң жақ босағада ілулі тұрған айнаға қарады. Жасы небары отыз үште. Нағыз гүлденетін шғында көп қиындықпен беттесіп үлгерді. Баяғы блауса, балдырған ажардың иісі де жоқ. Көздері әлі әдемі. Өңін бермеген. Дегенмен жүзінде кекселіктің көлеңкесі бр. Айтпақшы, кешке Самалдың үйіне баруы керек екен-ау. Олар бүгін азын-аулақ дастрхан жайып, ауызашар бермекші. Бұл де көршілерін келесі сенбіде шақырмақшы. Самал мен жұбайы Жұмабайдың қолдары бос болатын күнді әдей келісіп белгілеген. Садақа – бітірді мешітке өз қолымен апарып берді. Жиырма бес теңгеден ұлы мен қызы және өзін есептеп, опасыз да болса, тірі жүр ғой балаларымен әкесі екені рс деп Алмабектің де атын қосқызды. Ораза дегенде, екі-үш күннен бері жарпазынның сөзін күмбірлеп жаттап жүрген Болаты ойына түсіп жымиып қойды. Сыныбындағы бірге оқитын достры үйретіпті.

Үйге балаларға бас-көз болтын көршінің бойжеткен қызы Ботаны қалдырды да, Самалдардікіне ымырт түспей-ақ жетті.

Нұрсипат араласатын жора-жолдастарының ішінде осы Жұмабай мен Самалдың отбасын өзіне үнемі үлгі тұтып жүреді. Самал – мұғалім, күйеуі – «Кам АЗ» көлігінің жүргізушісі. О баста, Алмабек арқылы тнысып еді бұлрмен. Алмабек стамотологияның меңгерушісі еді де, Жұмабай оның шопыры болатын. Бір-бір бстықтың стына бір-бір өкіметтің машинасын жегіп қоятын молшылық заман да өтті-ау бір кезде...

...Ет желініп, шай ішіліп, арқа-жарқа боп молынан отырған қонақтар кетіп, Жұмбай апарып тстайтындықтан кідіріп қлған Нұрсипат осы екі арада қолайсыз жағдайға тап болғны.

Тілінен қғынып несі бар еді.


  • Сағат көрінбейді ғой. Бір жққ кетіп пе еді?- деп сұрай слды көзіне түсе қоймаған соң Жұмабайдың үлкен ұлын.

Төбесінен мұздай су құйып жібергендей Самал сұлқ отырып қалды. Жұмабай күрсінді. Түкке көзінен моншақтаған жасты көрді. Бұлар д мұңаяды екен-ау... не де болса, айтып өлтірсейші. Нұрсипттың жүрегі шым етті. Үнсіздікті Самал бұзды.

  • Нұрсипат, «ешінің емі өзіне жүрмейді» дейтін емес пе ем. Саған үнемі ақылды мен айтамын. Өзің де бізге әбден арқа сүйейсің. Өз ақылым өзіме жетеді десем, енің де қателесетін жерім болады екен.

  • Педагог деген де қателесе ме? – Нұрсипаттың қалжыңдаған түрі.

  • Е-е, педагогтер пенде емес деп кім айтты саған? – самал мысқыл араластыра ауыр жымиды.- өзің білесің, қыздардың ішіндегі жалғыз ұл, оның үстіне үлкеніміз болған соң, мен Сағаттың әр қадамына терең психологиялық талдау жасай отырып, қолымнан, «тәрбие құралы-кітаптар» түсірмей, қадағалап өсіріп келдім. Дұрыс бағыт беріп жүргеніме Жұмабай да қосылатын. Бір күні...

  • Бұдан бір ай бұрын,- деп түзетті Жұмабай. Уысымыздан шығарып алғанымызға.

  • Уысың не? – Нұрсипат әлі түкке түсіне алған жоқ.

  • Дастархан басында Сағат әкесіне қарсы сойледі. Қарсы дегенім жұмсақтау, өктем өктем сөз қайтарады. Жұмабайдың да даусы қаттырақ шығып кетті. Басу айтқан маған да тіл тигізді Сағат. «Анам екен-ау, әкем екен-ау» жоқ. Екеумізді де ұрарманға барардай өршеленеді.

  • Қаным басыма шапты да, баламды үш қарындасының және әкесінің шапалақпен сойдым келіп, сойдым келіп. Жылап жіберіп, жүні жығылып қалған балам кешірім сұрай берді. Сабама түссем де болар ед. Сабама түскенім сол- әмиянымнан екі жүз теңгелік алдым да блама ұстатып тұрып:

  • Түнемелікке үйге келіп қонасың. А күдіз көзіме көрінбе, мынау ертеңгі тамағыңа жетеді. Күнде екі жүз теңге берем, қайда тамақтансаң, онан тамақтан. Әкең екеумізбен дастархан басында отыруыңа енді рұқсат жоқ!-дедім қатқыл дауыспен.

  • Мен ет қызуымен мұнымның үлкен қате екенін сезінгем жоқ. Жұмабай да, неге екенін, тоқтатпады мен!.- Самал көзінің қиығымен күйеуіне қарап қойды. Жұмекең жнарын төмен салып үнсіз отыр.

Екі жүз теңгелікті қолына ұстап, тістеніп шығып кеткен Сағатым сол еткеннен мол кетті. Түнде, біз жтып қлғнда келеді, таңертең біз оянбай тұрып кетеді. Сөйтсек, Сағатымызға кафелер мен барлардан, мейрамхналардан тамақтану ұнап қалыпты. Мен күделікті екі жүз теңгесін, айтқанымда тұрып,- Самал мысқылмен ұнап қалыпты. Мен күнделікті екі жүз теңгесін, айтқанымда тұрып,- Самал мысқылмен күлді,-мына теледидардың үстіне қойып қоям. Қоймайын десем, принциптілігімді жоғалтпауым керек деген жалған намыс жібермейді.

Бара-бара баламыз екі жүз теңгеге қанағаттанбайтынға шығыпты. Бір күні таңертең әкесі жаңа костюмі мен шалбарын таппай қалды. Бір күні менің жасырып қоятын , жасырғанда, оның жататын бәрімізге белгілі бір-ақ орны бар, суырм ішіндегі әмиянымдағы ақша жоқ болып шықты. Бір күні баламыз үйге удай мас болып келді.

Міне, біздің «бала тәрбиесі» туралы хикаямыз осындай, Нұрсипат. Тым болмаса, бүгін тыныш келсе болар еді деп, алаңдап отырған жайымыз бар,- жүзін жуған жасты қол орамалымен мұрнын пышылдата сүртіп жатқан Самалдың, өзінің сүйеніші – Самалының көзінен үлкен шарасыздық күйін ұқты Нұрсипат.

Есіне Болаты түсті. Кішкентайы ғой әлі. Бірақ, дәл қазір, осы қазір жетпесе, Болаттан айырылып қалатындай түйсік пайда болды Нұрсипатқа. Тезірек кеткісі келіп кетті. Баласы мен қызын бара салып бауырына қыспаса ма. Кенет, Нұрсипттың жүрегі тғы шым етті де, дүрсілдей жөнелді...

Иығына ішігін Жұмабай жауып, қолына тәтті- пәтті салынған целлофан қалтаны ұстатып, бетінен сүйген Самалға әлдене дегені есінде. Қоштасты ма. Ертең телефон соғам деді ме. Анығын білмейді...

Үйдің қасына жарығын түсіре тоқтаған машинаның алдынан түнгі ызғарға қрамай көйлекшең жүгіре шыққан Ботаны көргенде Нұрсипттың әлгі жүрегі тоқтап қала жаздады.



  • Тірі ме? Не болды? Болат қайды? Балнұр аман ба? – бір сұмдықты сезгендей Нұрсипат көршінің қызын жұлқылай берді. Жұмабай есін жиғызды.

Көршінің қызы Ботаның да үрейі ұшып кетсе керек. Абырой болғанда, тыныштық екен. Болаты өксіп-өксіп қояды. Ботаның сөзінен мән-жайдың бәріне қанды.

Жаттаған жарамазның Болат әлемі ашық дауыспен орындай алатын болған соң, балалығы ұстап кеткен Бота Балнұр екеуін ертіп алып біраз үйлерге жарамазан айтқыздырып, аралатады.



  • Жарамазан айтамын – оу, есігіңе-ң,

Құт-береке орнасын бесігіңе...

Бірі тәттісін, бірі бауырсағын, енді бірі тиын-тебені мен бар жылы-жұмсағын бұлардың аузына тосқан соң, бата беруді ұмытпаған жарапазаншылар қызды-қыздымен бірнеше көшені қиып, алыс бір кварталдан оралып қайтады.

Екі қабатты көп пәтерді үйдің жарығы бар подъезінде өлеңдетіп тұрған бұларға екі пәтердің бірінің есігін ашып, іштен басын шығарған әйел дүрсе қоя береді:


  • Әй, жүгермектер! Жоғалыңдар ары! Қараша, бұларды, ораза деп сылтауратып, қайыр сұрап жүргендерін. Сендер-ақ бәле болдыңдар осы. Кетіңдер, мазамды алмай! Ө-ө, қайыршылар өңшең!

Екі бала түгілі Ботаның өзі қорқып кетеді. Жалт бұрылып, айнала берген олар баспалдақпен жоғары теңселе көтеріліп келе жатқан Алмабекпен қақтығысап қалыпты. Удай мас әкелері ұлы мен қызын байқаған да жоқ. Әлгі есіктен дода-дода шашын жалбыратып, басын шығарып тұрған шапыраш көзді әйел үйіне ене берген Алмабекке бажылдап, айқайлап жатты:

  • Қайда жүрсің, сүмелек?! Сенен-ақ өлетін болдым-ау, осы...

Көршінің қызын үйіне жіберіп, екі баласын көріп Нұрсипаттың көңілі орнына түскен соң, Жұмабай «КамАЗ»-ын оталдырып, үйіне қайтты.

Болат пен балнұрдың көрпелерін қымтап, томпиған түрлеріне тоймай ұзақ отырды Нұрсипат. Тірі жетім атанған аздай, балаларына «қайыршы» деген сөзді де естірткен тағдырына, «папалаған» балаларын танымай, сәби сағыныштарын су сепкендей басқан Алмабекке бірінші рет нәлет айтты Нұрсипат. Бірінші рет...


* * *
Жүрегі қан жылап жатып, қалғып кеткен Нұрсипат шашы алба-жұлба, көзі шатынаған мыстан кейпіндегі Сандуғаш түсіне кіріп, шошып оянды. Тыныштық. Терезеден жұқа пердеге білінер-білінбес көмескі айдың сәулесі түсіп тұр.

Екі жағындағы екі баласын маңдайлрынан иіскеді.

Орталарында жатып ойға шомды. Ұйқысы шайдай ашылды... әлі...

...Қатты ұйқыда жатқан Болатты өксіп-өксіп қояды...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет