Үміт Битенова ауады да тұрады аңсарым тараз



бет3/11
Дата02.07.2018
өлшемі0,77 Mb.
#45386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дұшпаныма достық тілек

«Деген бар – әр Мұсаға бір перғауын;

Менің де өзімше бар досым, жауым»

С.Мұқанов
«Ношу я на сердце достойные шрамы»

Р.Гамзатов
Бөле алмай мені сүйген жұртымнан,

Сене алмай сөздеріме сыр тұнған.

Қайтсем шалып құлатам деп құрдымға,

Сыпсың-сыпсың сөз айтасың сыртымнан.


Екі жүзді урт астында тығулы,

Тілің жылан тілдеріндей тым улы.

Оң қолыңмен сәлем беріп тұрғанмен,

Сол қолыңнан жұдырығы жұмулы.


Бүр ашса отырғызған бір шыбық,

Әрең тыныс аласың сен тұншығып.

Түнде де көз ілмейсің-ау, шамасы,

Қайтсем соны солдыртам деп күрсініп.


Білем, қиын ойды тежеп тұсаған,

Ауырмай ма баспаса оңға ісі адам,

Кінәлімін, құртқа алмай көзімді

Айықпас дерт жабыстырсаң құсадан.


Көлбеңдейсің көлденең кеп жолыма,

Дұшпан еттің бағыңа, әлде сорыңа.

Менен сұрап жүрмегейсің қол ұшын,

Өзің түссең, өзің қазған орныңа.

Дос – жарым көп, көп түкірсе көл дейді,

Олар мені жалғызжауға бермейді.

Мұқатам деп мзаланба сондықтан,

«Сырдың суы сирағымнан келмейді».


Сен жүргенде іштей мені көре алмай,

Жаңа ғасыр есік қақты,

Ой, Алла – ай...

Кіжінумен өтер болды-ау өмірің,

Қалып жүрме жаңа жылда оянбай!
1999 жыл.
Ар алдында ақталу
Артыңдағы ініңнің бетін қақпа, белін бу,

Алдыңдағы ағаңның етегін баспа, жол қу.

Халық даналығы

Уақыт қой емші өткенге,

Орынды маған өкпең де.

Сызат бар Сізге сыздаған,

Жоқ бірақ, Аға, кек менде.
Түсінгендерге о бастан,

Жен едің жасқа жол ашқан.

Бірі ем бауыр басқанның,

Сіз-бізім Сізбен жарасқан.


Сол үшін кеп тұр жайды ашқым,

Намысын көптің ойласқын,

Бөркіңді баса кигенмен,

Еркімді тұсай қоймассың.


Айтам деп ауыр бетке мін,

Ренжітем Сізді деп пе едім.

Ағымнан тұрмын ақтарып –

Өзекке қатты теппегін.


Айтқан сөз – атқан оқпенен,

Шашқам жоқ құмды көпке мен.

Пышағымда – шық тұнғанмен,

Құшағымды ашып кеткен ем.


Сіз емес – өсек өлшемі,

Күйе – шын басар еңсені.

Иесін тапсын адаспай,

Сілтенген сөздің семсері.


Менің де келмес ойыным,

Талша да қылша мойыным,

Тіреу ғып қанша тұрса да,

Біреудің соқпан сойылын.


Мен үнсіз жүрген күндер кем:

Бір Алла жақ пен тіл берген.

Алысып қанша айтыссам,

Табысып қайта үлгергем.


Сырыңды ашсаң бөтенген

Көңілдің кірі кетер ме.

Келіссең, барым – осы, Аға,

Керіссең – бәрі бекер де.


Бұрын күн созды төзім құр,

Бүгінгім – аппақ сезім бұл.

Бұрылдым оң жақ қырыммен,

Айналсаң теріс – өзің біл.


Ойым рас. Тілмен өткірмін.

Жойылмас жырмен жеткіздім.

Кішілік жолмен кеп тұрмын.

Кісілік көрсем деп тұрмын.


Ақын қыз едім қайырымды,

Ақылдан міне, айырылдым.

Азамат едің айбынды...

Азайтармысың...қайғымды.


22.04.2001 жыл, жексенбі.

Меркі шипажайына
Қымызын таудың алдырып,

Жұпарын жұтып көгалдың.

Тірлікті ұмыт қалдырып,

Баурыңда тынық дем алдым.


Қабылдап емің-домыңды,

Шипалы родон суларын.

Ел құсап күтіп жанымды,

Ел құсап аунап-қунадым.


Қош, енді, қымбат, «Мерекелім»,

Қош, Қырғыз Алатауды керім.

Көргем жоқ сенен көркемін,

Қия алмай барам, қайтейін.


Сендірем бұған мен кімді,

Өтті ағып уақыт жасындай.

Сағалап кеп ем төркінді,

Сағынған мауқым басылмай.


«Төркін» деуімнің мәні бар,

Сыр бүкпе менен, бөктерлім.

Топырағыңнан табылар,

Әкемнің ізі деп келдім.


Жұбатып терең мұңымен,

Өтті қыс, қанша көктемдер.

...Мына жер ме екен шынымен,

Әкешім жүріп өткенжер.


Жартас па, әкем отырған,

Жоқ, щыққан құзар шың ба еді.

Жоғалтып жолын, опыған.

Сен қалай ұғарсың мені.


Жазулар тасқа қашалған,

Көзіңе оттай басылар.

Әкемнің әлде қашаннан,

Қалдырған қолтаңбасы ма.


Жүзімді жуып жібермек,

Сылдырап сұлу бұлағың.

Жоғымды бер деп түгендеп,

Сыбырлап судан сұрадым.
Сыбдырлап жасыл желегің,

Тұнжыр бақ, толқып тербедің.

Қобалжып келген жан едім,

Қағажу сенен көрмедім.


Көңілдің айтып бар әнін,

Соңғы рет қарап бұрылып,

Қия алмай қайтып барамын.

...Жүрегім қалды жұлынып.


13.08.200. жыл, сейсенбі.
Массаж
Жұмсақ, жылы қос алақан керілді

Жон арқамда ары-берлі сырғанап,

Сылып тастап жіберердей терімді,

Сілікпемді шығарады жұлмалап.


Омыртқа мен қабырғаны түгелдеп

Елестеткен таспа тілер қайысты,

«Май жинамай тұз жинапсыз кілең» деп,

Майда үнді массажист қыз майысты.


Майысты қыз он саусақты ойнатып,

(Жоғалғандай сергіп қалдым жел-құзым)

Тұз дегенің жоқ еді, рас, ойда түк,

Тері астынан тауып бердің енді ізін.


Кесел түбін жылдар жиған байқамай

Қазып бердің. Жазып бергін біржола.

Жүдеу жанға жиналушы еді май қалай,

Менің денем – ЖЕР-дей көрген зілзала.


Денем осы – ЖЕР-АНАНЫҢ бөлшегі,

Өз әлінше көтере алған ел жүгін.

Елдің жүгін кім қаншалық өлшеді,

Елдің мұңын арқалаймын мен бүгін.


ЖЕР-АНАМНЫҢ баяғы жоқ күйі анық.

(Балғын денем босап қалған менің де...)

Мендегі қантамырлардай суалып,

Тұзға айналған Ащыкөл көп ЖЕРІМДЕ.


Отқа салдым. Суға салдым. Қопарттым.

Сақтай алмай барды БАЛҚАШ, АРАЛДАЙ.

Адам өзі қолмен қылған апаттың

Күрсінемін енді емін таба алмай.


Тұзды ерітсең болды. Барға қанағат.

Ет алмай-ақ бақытты өмір кешем мен.

...Дәл өзіңдей бір массажист керек-ақ,

ЖЕР-АНАНЫ құтқаратын кеселден...


«Меркі» демалыс үйі.

9.08.2002 жыл, жұма.1840сағ.


Дерті егіз ақын менен ауылдан

(Күләш Ахметоваға)


Сағындым дейсіз ауылды – Үшаралыңды , Әкпе

Жамандап мен мін қалайша тағамын көпке.

Түсінем, туған топырақ тартады Сізді,

Білер ме ең, келсең көңіліңнің қаларын...текке.


Балап ек шыңға, ал қазір шұқанақ-Арман.

Мыңғыраған, малды халқыңнан жұқана қалған.

Жұтынып жұтап отырған жұпыны жұртың

Құшағын жайып бұрынғыдай шыға ма алдан.


Заманым кешкен басынан зілзала көп-ті.

Қаратау өтіп, ауылдар кіл қала көшті.

Жетпіс жыл бойы жинаған нәсібін жұрттың

Құлаған Кеңес өзімен бірге ала кетті.


Жатады жетіп жолдаған мөлдір елеңнің,

Жыр оқып, көрдім, талайдың елжірегенін...

Ақтақыр басқан жайлауда алаңдап отыр.

Шашындай таздың сиреген селдіреп елің.

Сағынып жатсыз ауылды ауырып жатып.

Сүмбіле піскен көрсем деп қауынын татып,

Жаныңа батқан дертіңнің дауасы, бәлкім,

Түған жеріңнің шығар-ау тамырында түп.


Жауыны аз жазда, болатын қысы қатты, Әкпе,

Үшаралдың да өзіндей ұшырап дертке,

Қиналуда елің, қайтейін жасырып сенен,

Оған да өткір өмірдің тісі батты, Әкпе.


Елдегі дертті,

Сендегі жараны ұқпақ кім.

Еліңмен егіз екенсің: (жаңалық таптым)

Елдегі дертке ел қонар жақын тұр күндер,

Сауыға көр тез Өзің де, сол – анық бақытың.
Көркейіп едің еліңмен жарасымды, Әкпе,

Ұзатпай кеткен уақыттың арасын көпке,

Сауығып, елің – сыңарын сағынды сені,

Мауқыңды басып, көріп қайт Таласыңды, Әкпе!


20.10.2000 жыл, сенбі 500сағ.
Әке, сені жоқтаймын

Сен кеткелі фәни жалағаннан

Әкетайым, талай жыл өтті.

Тау тұрғыздым қиял-арманнан,

Көңілімді ән мен жыр өпті.

Тек сен жайлы мұңлы сағыныш

Мазалап жүр жиі жүректі.
Жоқтығыңды сенің білдірмей

Бақты-қақты асыл анашым,

Өте шықты болмай бір күндей

Уақыт шіркін үзіп қарасын.

Бүркеп жауып қойып жүрмін мен

Сені аңсаған жанның жарасын.


Істейді екен өмір дегенің.

Жыла, мейлі, іздеп алас ұр,

Жоқтап сені әлі келемін

Мен мұндалап алдан дара шың.

Әке, бірақ, саған ешқашан

Жетпейді екен жақын жанашыр.


Еңірегенде толып етегім,

Тұманданар көздің жанары,

Сені әркез керек етемін,

Болсам да өзімде балалы.

Саған деген, әке сағыныш

Жүрегімде мәңгі қалады...




Анаммен сырласу
Өз жүзіңе шарайнадан көрінген,

Ұзақ қарап ойланумен боласың.

Ұзын бұрым шашың әсем өрілген,

Самайыңа ақ түсіпті-ау анашым.


Уақыт өтіп, ескіргенмен жаңа жыл,

Ақ шалдырып көрсеткенмен мна айна,-

Жаймен ғана күбірлеймін: - Мама, бұл

Кәріліктің белгісі емес мұңайма.


Мені тыңдап, көптен тұрған жаныңда,

Меіріммен жеңіл ғана жымидың.

Үлкен нұрлы көздеріңнің маңында,

Тарамдалып майда әжімдер жүгірді.


Тек жабырқап мұңаймашы, жан ана,

Елеме сен жүзіңдегі бар ізді,

Кәріліктің белгісі деп санама

Әжім қайта өң беретін тәрізді.


Күрсінумен өткен соқпақ жолдардың

Ойға шомба, қалай тапсам деп емін.

Үлкен көріп орын берген жандардың,

Ауыр алма көңілге «апа» дегенін.


Балалықтан алыстармыз болмашы,

Мәңгі алдында сәбиміз біз десек те.

Кәрілікті бірақ ойға алмашы,

Тек біздерді есейді деп есепте.


1985 жыл.

Жақын да алыс
Ана – жүрек!

Көптен бері

Бүгін сенің өңіңе

Қан жүгірді қуаныштан,

Шырайландың,

Көрдің бе?!.

Алам деген

Бақытты сөзін сезі үшін

Көп нәрсе емес

Керек емес деуші еді,

Түсінбеппін мен мүлде.
Бір-ақ сәтте

Бойыңдағы барлық мұңын жоғалды.

(Мұңмен

Қанша күнің өтті.



Қанша жылың тоналды.)

Сәби дауыс

Телефонның құлағынан естілген

Сенің нұрсыз жанарыңа

Өмір отын жаға алды.
Осы сәтті күткен едің

Қанша төзім тауыса.

Немереңнің сиқырлы унді

«Апа» деген дауысы – ай!..

Сағыныштың

Сазын төктің,

Сан айналып, толғанып,

Жүре берді

Түгелденіп

Төрт құбылаң – бәрі сай.


Жап-жақыннан естіліп тұр.

Ортақ Жұлдыз.

Таныс Ай.

...Екі қала бөліп тұрған

Екі араның

...алысы ай.


10.07.2001 жыл, сейсенбі,510 сағ.

Асыл анам
Асыл анам,

Асыл анам, анашым!

Мың айланып,

Мың толғанған баласың.

Алыс жолдан жетсем саған сағынып,

Шырайланып,

Бір жасарып қаласың.
Айыра алар болсам да өз жолымды,

Бір мен үшін

Жарық болып жағылдың

Менің


Бұлдыр болашағым,

Жан Ана,


Толғандырып жүр-ау жиі жаныңды.

Ойлайсың-ау,

Шалғай кетсем аз уақыт,

Сағыныштың сары ошағын маздатып.

Мәңгі жаз ғой – жан сарайын,

Далаға


Жатса-дағы

Қырау түсіп,

Мұз қатып.
Санамдағы

Саған деген –

Әнді ұғын,

Туған жердің шарлап жүріп әр қырын,

Қызығыңа қанбасам да

Таппаспын ,

Сенің ыстық құшағыңнан артығын.
1985 жыл.

Жол үстіндегі ой

Жолға шықтым тағы да мен

Бетке алып қаланы.

Қия алмаймын,

Туған жерім

Артта қалып барады.


Қимаймын туған даламды,

Төсінде жатқан малын да.

Бәрі де-

Қалып барады –

Айналып мөлдір сағымға.
Көңілімнің айырғысыз

Өңі,


Түсі,

Елесі:


Көз алдымда – қол бұлғаған

Анашымның бейнесі.


Жабырқама,

Анажаным,

Жадырашы көктемдей!

Оралармын

Жыл құстары

Қайта айналып өткенде...


1982 жыл.
Әкпеме

Қай жерде облмасын,

Жұп жазбай,

Бір жүрдік,

Тете боп,

Бірге өстік.

Сырласып

Құрбы, дос қыздардай,

Қиялмен тәтті бір күй кештік.
Қол созған

Көктегі жұлдызға,

Аяулы еді . ау арманың.

Есімде,


Дәл мендей,

Жеңге боп,

Сен кете барғаның.
Жат жұртқа кім қияр әкпесін;

Айырбасталмайды ол –

Алтынға.

«Бақытың ашылсын,

Әкпешім», -

Мен артында.


Түспесін басыңа ауырлық,

Әкпетай,


Үй бол – көпке сын.

Басқа отты жақсаң да,

Бауырлық сезімің суынып кетпесін!
Бауырлық сезім

(Әкпем Лораханға арнаймын)
«Босады қолым, бір – екі айдай демалыстамын» дегелі,

Таяу күндерде алдымда тұрған атқарар ісім көп еді...

Басыма сыймай бұлқынған ойдың жоспары болды күл – талқан.

(Білмейді болжап ертеңін адам, тағдырға салған көнеді.)


Ақ сары өңді мұң шалып лезде, сұлқ түсіп Әкпе, өзгердің,

Ауырып қалдың күтпеген жерден жаныңа батып өз дертің.

«Емделу керек қалаға барып» дегенге әзер келістің,

Дауысын қимай «мамалап» тұрған төрт бірдей жәудір көздердің.


Балаларды алып, ішінен тынып, анам да қалды уайымдап,

Ақкөңіл жарың ертіп әкелді өзіңді жолға дайындап.

«Жақсылап емдел, - деп қала берді ол, - дертіне дауа табылса»,

Жасармын мен де өзіңе арнап барымды салып, тойымды ақ.»


Сарп етіп, Әкпе, жолыңа бәрін, жұмысты жинап тастадым.

Жұмысты қойшы, бітпейтін тірлік, дәл қазірменде басқа мұң.

Араша сұрап Құдайдан күнде, өзіңе, бірақ, білдіртпей,

Тілеймін сенің амандығын, көзімді шылап жасқа мың.


Тағдырда кеткен кегім бар менің, қанша рет мені жылатты.

Қиялдан ұшқыр армандарымның сенімін қанша құлатты.

Әкеммен қоса қос бірдей қыршын ағамды алған ажалға,

Лағнет айттым қанша рет. Одан бері де қанша жыл ақты.


Біз төртеу едік артында қалған, әкесіз өсіп өрбіген,

Өркенін жайып, өз дәнін сеуіп, құлпырған алғаш сен гүл ен.

Үйленіп інім, үй болып мен де, немере сүйіп анамыз

Келмеске кеткір қайғы мен ойдан енді-енді ғана сергіген.


Жабырқау тартып, көрініп жүдеу, берілсем – дағы сан ойға,

Бойкүйез, күйрек, жасыққа мені болмайды қазір санауға,

Желкілдеп өскен төрт жеткіншегің жетімдікті енді білмесін,

Сол үшін, Әкпе, жаныңды сенің қорғауым керек қалайда!


Аға
Ағажан, мені ойлама

Сезімге тұрақсыз деп.

Жанма терең бойлама,

Ағылар бұлақты іздеп.


Тауып бер одан-дағы сен

Жүрекке жаңа сыр – жол,

Бағым боп қона алмадың сен,

Жақын бол, жанашыр бол.


Ағажан!

Мен қайда да

Жаныңнан шығармашы.

Әнге қос, тіпті,

Тойда да

Маған деп жыр арнашы.


Дәл сендей менің жанымды

Өзгелер ұқсын қайдан.

Қияда самғар арынды

Аумайсың ақ сұңқардан.


Солмасын гүлің таңдаған,

Бақыттың бақшасынан.

Өзіңнен,

Аға,


Тыңдап ән,

Жақұтың боп шашылған...


Тауып бер содан дағы сен

Жүрекке жаңа сыр – жол.

Бағым боп қона алмадың сен,

Жақын бол,

Жанашыр бол...

1983 жыл.


Қатая берсін қанатың

(Арманға)
Көзедеріңнен есейгендік байқадым,

Бойшаң тартып, әжептәуір толыпсың.

Күнде қайта майланады байпағың,

Оң қайырып шаш қоятын болыпсың.


Балалықтың бұл уызын сіңірген,

Көзге түсіп, көрмеген ең көптен сын,

Кеше ғана доп соңында жүгірген

Бала едің, қалай өсіе кеткенсің?!


Ерте сөнген әке отын өшірмей,

Енді сенсің жалын болып жанатын.

Ол кешірген қиындықты кешірмей,

Еркін өсіп қатайса екен қанатың.


Тағдыр алда тосса сынын көп егер,

Көтере біл жеңілін де, ауырын.

Биіктерге апарады төбелер,

Өмір көріп есейе бер, бауырым!


Сен екеуміз
От болып жүрек, жанар леп,

Кездессек те біз күнде мың,

Күтемін келіп қалар деп

Сағаттың санап тілдерін.


Бақытты едік біз неткен,

Өмірді бірге өреміз.

Қайтамыз бірге қызметтен,

Қиындықты бір көреміз.

Жаным – ау, саған не дейін,

Демерсің жатсам мен құлап.

Махаббатыммен жебейін,

Сүріне көрме сен бірақ!


Мәңгілік бірге екенбіз,

Түсіндің сен де, мен ұқтым.

Оқимыз сүйіп екеуміз,

Өлеңін Аяпбергеновтің.


Мен осы жанға жақынмын,

Құмарсың с ен де, себебі,

Біздерді қосқан ақыннаң

«Мені ойла» атты өлеңі.


Жүректен гүл бүр жарғандай,

«Лаванда» әнін аты ару,

Тек бізге арнап салғандай

Яак Йоала мен Ротару.


Жоласын бізге қалай мұң?

Күлімдеп талай атар таң.

Басқаны армандамайын,

«Джакондаң» сенің атансам.


1988 жыл.
Бүгін мейрам

Бүгін – мейрам көктеммен ере келген,

Құттықтадың сен мені мерекеммен.

Көктемменен бүр жарған қуанышым

Мәңгілікке айналсын деп өтем мен.
Жүрек өтіп, елжіреп қоңыр үнге

Бақ орнады менің де көңілімде.

Өмір бұлтын ойдағы ыдыратып,

Жылу төккен теңедім сені Күнге.


Бүгін – мейрам мен үшін, сен үшін де,

(Несі мейрам, болмасаң сен ішінде?!.)

Өзіңмен бір көтерем өмір жүгін,

Өзіңменен...жеңіліс, жеңісім де.


8.03.1999 жыл.

Зияратқа

«Адамның бір қызығы – бала деген»

Абай.

Ботақаным!

Айналдым былдырыңнан!

Жаратқан ба сені Алла күн нұрынан!

Көшірмесі көкеңнің

Секілдісің

Қарағанда

Аумайтын,

Бір қырыңнан...
Көрмегін деп өмірден қиянат көп,

Бойында өскен ізгілік ұялап тек,

Иман жүзді,

Ұл бол деп ұлтын сүйген,

Өзім қойдым атыңды «Зиярат» деп.
Жармасасың жарғызбай қаламыма,

Бола ма екен осындай бала,

Жүда?!

Төрт бөлмені төбеңе көтересің



Айналдырып аяқдоп алаңына.
Қадам бассаң далаға құлшынып кең,

Тәуба етем

(ішімнен ұмсынып)

Мен.


Ойыңдағын орындай алмай жатса,

Екі ағаңды айдайсың бір шыбықпен.


Қарайтұғын өзіңе,

Үмітпенен,

Екі ағаңды кәдімгі ЖІГІТ дер ем.

Болмаса да жазығы,

Ол екеуін

Кінәлі ғып алдыңа жығып берем.


Мәз боласың оларды жеңгеніңе,

(Біз қуанып мәмілеге келгеніңе)

Кіп-кішкентай түріне қарамастан,

Үстемсің сен де, міне.

Жеңімпаздар қашан да қанағатсыз.

Жігерсіз жан жалындап жана ма отсыз?!

Жайғастырып жеңілген екі ағаңды,

Мені


«Жаулап алуға келе жатсыз».
Жаңа-жаңа...

Түсіп ем қалыпты ойға.

Тыныш жер жоқ.

Тығылам барып қайда...

ОТЫРАРДАЙ

Күйреген күйді кешініп,

Отыра алмай опынам.

Шабыт қайда?...


Сәби салар түрі аз ба қиғылықтың,

Кетері бар тым асып кей қылықтың.

Қанша өктем боп,

Бұзықтық жасағанмен,

Пейіліңнен ПЕРІШТЕ – ПИҒЫЛ ұқтым.
«Арғымақпын» -

Жүген сап,

Жетелей бер!

...Шыдайды оған қашанғ (пәкене) бел.

Жүйкелеп-ақ қалар ем,

Жетпегенде

АБЫЛАЙДАЙ

Арқырап әкең егер...


2.07.2001 жыл.сенбі 2320 сағ.
Білім күні

(ақ өлең)
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ БІРІ – мейрам, БІЛІМ КҮНІ

Жаңа оқу жылының ашылар шымылдығы.

Ала жаздай асыр сап, демін алған дамылдап,

Оқудан ми тынығып, қуат жинап, сауыққан,

Ұстаздарың, достарын сағынысып, зарыққан,

Балалардың мектепке асығар бүгін КҮНІ.


Қыркүйектің бүгін БІРІНШІ ЖҰЛДЫЗЫ.

Күз басталғанмен, шуақты КҮН жүзі.

Мәз-мейрам, шат-шадыман, қолдарына шоқ гүл алған.

Бәрін де көкейінде әлдилеген бір арман,

ЕРТЕҢДЕРІН елімнің қалмай үлкен – кішісі де,

(Оларға сөз емес, тіпті, жақын, алыс, қиясы да)

Алтын ОҚУ ҰЯСЫНА

Баспалдақ – білім сүрлеуінің жаңартып жылда ізін,

Ағылар ұл – қызым.
БІЛІМ КҮНІМ,

ҰЛЫМ,


ҚАСИЕТТІ КҮНІМ!

Арман – тілек, ойды ұластырған бүгін.

АТА – ЗАҢЫМ қорған!

Тау да, тасым, орман, табиғатым – туған,

Елім – жұртым – думан, белді бекем бұған,

Болашаққа құрған мақсат үшін құрбан.

Сондықтан да шығар,

ҰРПАҒЫМ, сендер деп, сендер деп арналып бар жырым,

АНАЛЫҚ ақ жүрек ақтарды жан сырын...
«Баланың аты бала». Сендер әлі күнге

ОТАН – АНА құшағына СӘБИСІҢ ойнп, күлген

«болар бала он бесінде өзін санар баспасын деп»,

БАЛАҚАЙЫМ, бала болма,

Қадірін біл уақыттың.

«ТӘУЕЛСІЗДІК» - ұлы ұғым, ол келген күн – бақыт күн!

АБАЙ АТАҢ айтқан БЕС АСЫЛМЕН бірге,

Қаруланып БІЛІММЕН жетші келер күнге!


Білем...осы өлеңім – мұңым кеше менің...

(Өткенімді ойға алып, қайғымды еселедім...)

Мұғаліммін ғой өзім, ұғам бәрі- бәрін,

Мүмкіндігімше, бәлкі, ШЫРАҚ боп жағылармын.


Айналайын БАЛАМ!

Ардақты ҰЛ – ҚЫЗЫМ!

Құлағың сал маған! Тыңда ҰСТАЗ сөзін!

Шексіз бақыттысың СЕН. Тек соны дұрыс ұғын

Сен!

Қамсыз, мұңсыз күй кешер ЕРКІН ҚҰССЫҢ бүгін Сен!



...Кеш болса да бұл күнге жетпесем, шын, өшер ме едім,

Іштегіні саған айтпай кетсем, егер, кешер ме едің?!.

Ақ өлеңмен жаздым ХАТТЫ БІЛІМ КҮНІ,

Ата – анаңа НАРЫҚ батты бүгін күні...

Мойыған жоқ олар!

Енді тізгін Сенде!

Келешекке көз салып, терең ұғын мұны!
23.07.2002жыл, дүйсенбі.
Алғашқы ұстазға
Алғашқы ұстаз,

Сен бізді кінәлама.

Ақталғалы тұрғам жоқ бұл арада.

Бір кездегі жаутаң көз шәкірттерің,

Сені әсте есінен шығара ма?
Кеудемізге қондрып гүл – арманды,

Саған да ән,

Қанша рет жыр арналды.

Алдымыздан жағылған шамшырақтай

Асыл бейнең жол сілтеп тұрар мәңгі.
Алғашқы ұстаз,

Алғашқы әнім де – сен!

Көңіл бөлдің біз басқан әр ізге сен.

Ақ ниетпен айтқаным, еңбегіңді

Ақтап шығу – біз үшін парыз десем!
25 мамыр 1991 жыл.
Ақылшым – мұғалім
Сарқылмас теңіздей көремін,

Бір содан табылған керегім.

Мен үшін сақтаған шыдамын,

Қамқоршым бар менің – мұғалім.


Жанымды біліммен суғарып,

Суреттей мүсіндеп шығарып,

Шыңдаған құрышпен қиялын

Ол менің ақылшым – мұғалім.


Табиғат. Құбылыс. Дүние.

Кеңістік. – бәріне кім ие?!

Оқимын, білемін ұғамын.

Өйткені, ақылшым – мұғалім.


Ауырсам, жабықсам мен мүлде,

Серпіліп, жадырап, сергуге,

Келмес еді, білемін, түк әлем,

Болмаса қасымда – мұғалім.


Сағынтар жол шеккен шақтарда,

Бір ыстық адам бар оттан да,

Жеткенше асығып тұрамын,

Ол – менің ақылшым – мұғалім.


Дарытар молшылық, ырыс- құт,

Әлемге тілеймін тыныштық.

Білекті біліммен жығамын,

Өйткені ақылшым – мұғалім.


1981 жыл.
Соңғы қоңырау
Сыңғырлайды қоңырау соңғы рет маған,

«Үлкен енді азамат болдың, - деп - адам»

Белгісіндей балдәурен балалық шақтың

Қызыл гүлді кеудеме соңғы рет тағам.


Сыңғырлайды қоңырау күмбір үнменен,

Қоштасуда құрбылар бір – біріменен.

Сезімімнің куәсі сен едің, досым,

Естелікке алып қал қыр гүлін менен.


Қанат қағып қияға ұшып барамыз,

Сан жолына өмірдің түсіп барамыз.

Біздер үшін болашақ – ертегі еліндей,

Біздер үшін ертеңгікүннің бәрі – аңыз.


Қоңыраудың күтуші ек сыңғыр еткенін.

Сағынармын дауысын бүгін деп пе едім,

Алда менің қыс – жазым, алда көктемім,

Қошғ аяулы ұстазым, қош бол мектебім.

24.05.1981 жыл.

Аяулы ұстаз

(Орыс тілі пәнінің маманы Г.Исімбаеваға)

Оянған соң санасында таң күліп,

Әрбір адам жүрегінде бар ізгі от,

Дүниеде екі жанға мәңгілік,

Өтелместей қалады екен қарыз боп.
Бірі – ана, бірі – ұстаз, ұлылық,

Екеуін де өтеді екен құрметтеп.

Ана деген – қазыналы құрылық,

Білім – мұхит, ұстаз жолы бір мектеп.


Кітіп, ақыл – ажырамас достарым,

Жолым – даңғыл, ашық менің ертеңім.

Ана жайлы айтылар жыр, басқа әнім,

Бүгін, ұстаз, сен жайлы сыр шертемін.


Шырақ іздеп, күн асырып, түн түрдің,

Кезің болды қалжыраған кейде тым.

Сонда да сен болашаққа ұмтылдың,

Көремін деп зіл еңбектің зейнетін.


Нәтижесі ұзақ жыл мен айлардың,

Өз жемісін, өзің соққан белгің ба?

Шәкірттердің сүйіктісіне айналдың,

Болдың ұлық, мақтанышы елдің де.


Аяулы ұстаз, бойың тұнған қайрат кіл,

Сезіледі даныңды әсем нұр бары.

Көкірегімде әлі күнге сайрап тұр,

Сен оқытқан Маяковский жырлары.


Маржандайын теріп сөздің дерегін,

Баулап едің шын сүюге қос тілді.

Бір ағаштың бұтағындай көремін,

Содан бері Абай менен Пушкинді.


Аяулы ұстаз, даналықтың тереңі,

Қарсы алдыңнан тұрсын дәйім күтіп бақ.

Еңбектерің жеңіс беріп келеді,

Жыр сыйлаймын, құшырлана құттықтап!


1991 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет