5. Оппонент тарапынан қажетті келісімдер жайлы тілектерін айту. Олар
әдетте, сіздің конфликтідегі негізгі мүдделеріңізге қатысты.
6. Өзара келісімдерді сабырлы түрде, жағымсыз эмоцияларсыз талқылау,
қажет және мүмкін болған жағдайда оларды түзету.
7. Егер келісімге келуге қол жетсе, онда конфликтінің тамамдалғанының
анықтығына қалай да жету.
Ынтымақтастық тәсілін «принципті келісімдерге келу»
әдісі бойынша
жүзеге асыру мақсатқа лайық (Фишер, Юри, 1987). Оның принциптері
мыналар:
А. Адамдарды проблемадан айыру
: оппонентпен өзарақатынастарды
проблемадан шектеңіз; өзіңізді оның орнына қойыңыз; өз қауіптеріңіздің
жетегіне бармаңыз; проблеманы реттеуге әзір екеніңізді көрсетіңіз: проблемаға
қатаң және адамдарға жұмсақ болыңыз.
Б
.
Позицияларға емес, мүдделерге көңіл аудару:
«неліктен?» және «неліктен
жоқ деп сұраңыз; негізгі мүдделер мен олардың көпшілігін тіркеңіз;
ортақ
мүдделерді іздеңіз; сіздің мүдделеріңіздің өміршеңдігі мен маңыздылығын
түсіндіріңіз ; оппоненттің мүдделерін мойындаңыз.
В
.
Өзарапайдалы нұсқаларды ұсыныңыз:
проблемаға бір ғана жауап
іздемеңіз; нұсқалар іздеуді оларды бағалаудан бөліп алыңыз; проблеманы шешу
нұсқаларының шеңберін кеңейтіңіз; өзара пайда іздеңіз; екінші жақтың нені
қалайтының анықтаңыз.
Г
.
Объективті критерийлерді пайдаланыңыз:
екінші жақтың дәлелдеріне
қалтқысыз болыңыз; қысымға емес тек қана принципке беріңіз;
проблеманың әр бір бөлігіне байланысты объективті критерийлерді
қолданыңыз; бір
неше критерийлер қолданыңыз; әділетті критерийлер
қолданыңыз.
Конфликті жағдайында эмоциялар маңызды роль ойнайды. Кейде біздің
эмоцияларымын санаға көнбестен, рационалды емес әрекеттерге дейін апаруы
мүмкін. Өз эмоцияларын басқара білу адамның оларды дұрыс жаққа бағыттай
білу біліктілігінде. Эмоцияларға негізделген реакциялар конфликтіге әкеледі, ал
бұл реакциялар конфликтінің жүру барысында олардың қарама-қарсы
әрекеттерге ұласуына себепші болады. Оқиғаның осылай іске асуы оппоненттер
үшін де сонымен қатар ұжым үшін де деструктивті салдар әкеледі.
Сонымен конфликті кезіндегі адамдардың кейбір эмоциялық реакцияларын
қарастырайық.
«Мазасыздану» және «мазасыздық» ұғымдарынан бастайық.
Мазасыздық – адамның себебін анық білместен қандай да бір уайымды
сезінетін психикалық күйі. Бұл эмоциялық күй күйзеліспен, оқиғалардың сәтсіз
дамуын күтумен ерекшеленеді де белгісіз қауіпті жағдайда пайда болады. Ол
келесідей эмоциялардан тұрады:
қорқыныш, қайғы, ұялу, ашу, кінә,
қызығушылық пен қозу.
Мазасыздану – индивидтің мазасыздыққа бейімділігі: өз «Меніне» деген
қауіпті сезіну оның тұрақты сезіміне айналады. Мазасыз тұлға дүниені
потенциалды қорқыныш пен қауіп ретінде қабылдайды, және өзінің
қызығушылықтарын конфликтілерден бойын аулақ ұстай отырып, талар етеді.
Мазасыздық тұлғаның қасиеті ретінде оның жанжалшыл адам болуына себепші
болады. Мазасыздықтың жоғары болуы әрбір адамға тән қорғаныс
механизмдеріне әкеледі.
Эмоциялық регидтілік өзгерген объектіге эмоциялық реакциялардың
қосарланып жүруімен, тежелгіштікпен ерекшеленеді. Конфликт барысында
пайда болған ойлар, әрекеттер мен эмоциялар оның
қазіргі сәтіне байланысты
ғана емес, терең сана астарындағы үрдістерге де байланысты болады. Егер біз
ашу, қорқыныш сияқты эмоциялардың көрініс беруін шектесек, онда
шындықты адекватты қабылдау қасиетімізді төмендетеміз. Мұндай эмоциялар
сыртқа шығуды күтіп, жасырын жатады.
М.С.Мириманованың айтуынша, эмоцияларды басқару көбінесе санасыз іске
асады. Эмоция мен оның сыртқы көрінісінің арасында тікелей байланыс бар.
Достарыңызбен бөлісу: