Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологияс


Оқушы-музыканттың өз-өзіндік шығармашылығының белсенді ойлануының қалыптасуы (ой-өрісі)



бет4/8
Дата04.11.2016
өлшемі1,55 Mb.
#355
1   2   3   4   5   6   7   8

6.10 Оқушы-музыканттың өз-өзіндік шығармашылығының белсенді ойлануының қалыптасуы (ой-өрісі)

Оқушының жан-жақты музыкалық ақпарат алудағы, нотаны парақтан оқып үйренудегі, музыкалық шығарманы нобайы үйрену кезеңі - осының бәрі жас музыканттың тұлғалық-кәсібилік дамуындағы сапасына әлі де жетпейді. Ол оқушының өз-өзіндік білім мен икемділік алу кезіндегі белсенділігі, мұғалімнен алған көмегі, қолдауы және музыкалық өмірдегі оның хабардар болуы. Айтатын болсақ, кәсіби музыкалық санасының қалыптасу кезіндегі білімді сабақ үстінде қалай алды, нәтижеге қандай жолмен жетті, бағыты қандай?

Қазіргі кезде өзбетімен шығармашылық ойлауының даму мәселесі туды: оның белсенділігі оқу мақсатымен, даму жігерлігінің нәтижесімен байланысты.

Өз бетімен деген ұғым – түрлі деңгейде, синтезі (мысалы, музыкалық аспапта ойнауы) және оқушының басқадай көмексіз танымайтын музыкалық шағармадан хабардар болу, авторлық мәтінді дұрыс ұғу, интерпретацияны «құру»; өз жұмысында белсенді жолын табу (үйрену кезінде), көркем пиғылының керекті тәсіл - құралдарды табу, өзбетімен музыкалық-орындаушылық әрекетіндегі сынауы, дәл солай басқаларын. Сондықтан оқушы-музыканттың өзбетімен тәрбиелеуі – оқыту әдіс-тәсілдерін де қарастырады, музыкалық-орындаушылық сыныбындағы оқыту әрекетін ұйымдастыру формалары да ескеріледі

Әрине оқытушының өзінің шәкіртін бір нәрсеге үйретуі жеңіл, ал көркем тәуелсіз шығармашылығын, тұлғалық өзіндікті тәрбиелеуі кұрделі... Педагог айтады, хабарлайды, көрсетеді, түсіндіреді, оқушы есте сақтайды, өзіне қабылдайды, орындайды.

Осыған байланысты келесі бір ұғымдар «белсенділік», «өзбетімен», «шығармашылық» деген сөздер өз мағынасын жоймайды. Қазіргі педагогика-психологтардың айтуынша, «белсенді ойлауы», «өзбетімен ойлауы», «шығармашылық ойлауы» айналымы сияқты. Оның негізі адамның ойлауында.

Орындаушылық сыныбының оқушыларында музыкалық ойлауы қалай белсенділігін көрсетеді? Ол біреу – оқушы-орындаушы өзінің ойнауына зейін қойып тыңдауы, оның белсенділік талабы - өз-өзін тыңдай білуі, музыкадағы болып жатқан процестерді пайымдауы.

Жалпы музыкаға үйрену барысында, оның ішінде музыкалық орындаушылық өзбетімен, белсенді шығармашылық ойлауы екі аспектіге бөлінеді. Біреуі – іс-әрекетінің нақты нәтижесі, екіншісі – жүзеге асыру тәсілдері. Сондықтан, бірінші (нәтиже) екіншіге байланысты (әрекет тәсілі).

Сондықтан, ең негізі табиғи шығармашылықпен айналысу. Адамды шығармашылыққа үйретуге болмайды, ал жұмысты шығармашылықпен істеуге үйретуге болады. Сондықтан музыкалық шығарманы қалай орындамау керектігін немесе қалай онымен жұмыс істеу керектігін білуге абзал.



«Өнер жаттығусыз болмайды, жаттығусыз өнер болмайды» ұлы көне Греция ойшылы Пратогор айтқан. Соңы: жас музыканттың өзбетімен кәсіби ойлауы, оның нақтылығы, оның даму сипаттамасының белгісі – көркемдік бейнені өзбетімен білу, табу, бағалау, талдау өзбетімен оқу әрекетінде; дәл, нақты өзбетімен кәсібилік талдауында. Мұғалімнің мақсаты – жалпылама осындай сапаны қолдау, ынталандыру т.с.с.


Әдебиеттер
1 Ананьев Б.Г. Задачи психологии искусства // Художественное

творчество. – Л., 1982. – 120 с.

2 Асмолов А.Г. Как построить свое Я. – М., 1992. – 145 с.

3 Бришлинский А.В. Проблемы психологии субьекта. – М.,

1994. – 130 с.

4 Григорьев В.Ю. Исполнитель и эстрада. – М. : Магнитогорск,

1998. – 150 с.

5 Дүкенбай Н. Бастауыш сынып музыка сабағының

бағдарламасы. – Павлодар, 2006. – 46 б.

6 Каган М.С. Музыка в мире искусства. – СПб., 1996. – 140 с.

7 Климов Е.А. Психология: Воспитание и обучение. – М., 2000.

110 с.


8 Киященко Н.И. Эстетика жизни. – М., 2000. – 133 с.

9 Коган Г.М. У ворот мастерства. – М., 1977. – 142 с.

10 Кузин В.С. Психология: учебник. – М., 1999. – 235 с.

11 Крупник Е.П. Психологическое воздействиен искусства на

лияность. – М., 1999. – 240 с.

12 Кирнарская Д.К. Музыкальное восприятие. – М., 1997.–170 с.

13 Лейтес Н.С. Возрастная одаренность школьников. – М., 2001.

– 122 с.


14 Медушевский В.В. О закономерностях и средствах

художественного воздействия музыки. – М., 1976. – 320 с.

15 Методическая культура педагога-музыканта: учеб. пособие /

под ред. Э.Б.Абдуллина. – М., 2002. – 238 с.

16 Музыкальная психология: Хрестоматия /сост. М.С. Старчеус.

– М., 1992. – 380 с.

17 Мелик – Пашаев А.А. Мир художника. – М., 2000. – 126 с.

18 Музыкальное образование в Казахстане: Хрестоматия Вып.1

/сост. Р.Р. Джердималиева, А.А. Момбек, З.Р. Ахметова. – Алматы, 2007. – 360 с.

19 Музыкальное образование в Казахстане: Хрестоматия / Вып.2

/сост. Р.Р. Джердималиева, А.А. Момбек, З.Р. Ахметова. – Алматы, 2006. – 380 с.

20 Музыкальное образование в современном мире: учебное

пособие /сост. Р.Р. Джердималиева, Т.Ш. Ахметова, Ж.А. Абенова. – Алматы, 2008. – Вып.1. - 460 с.

21 Психология одаренных детей и подростков: сборник / под

ред. Н.С. Лейтеса. – М., 2000. – 230 с.

22 Незайкинский Е.В. О психологии музыкального восприятия.

– М., 1972. – 180 с.

23 Петрушин В.И. Музыкальная психология. – М., 1997. – 338 с.

24 Теплов Б.М. Психология музыкальных способностей //

Проблемы индивидуальных различии. – М., 1961. – 222 с.

25 Фельдштейин Д.И. Проблемы возрастной и педагогической

психологии. – М., 1995. – 2520 с.

26 Цыпин Г.М. Психология музыкальной деятельности. – М.,

1994. – 160 с.

27 Щербакова А.И. Аксиология музыкально-педагогического

образования. – М., 2001. – 180 с.



Қосымша А

(ұсынатын)

А.Қ.Жұбанов
Шеберлік
Қандай мамандық болса да оны меңгеруде шебірлік керек етеді. Егін өсіруші шаруа, темір қорытатын инжинер, бала оқытатын мұғалім, оқырманның санасын билейтін шығарма беретін жазушы, «құлақтан кіріп бойды аларлықтай» музыка шығарған композитор, қарағанында көзіңді ала алмайтын сугірет салатын бейнелеу өнерінің өкілі – бәрі де өздерінің істеріне шебер болғанда ғана алдарына қойған мақсаттарына жетеді.

Тағылық кезде таяқ ұстауға ғана жараған адамның қолы өнер өсе келе дүниеге Паганиниді, Листі келтіргендігін Ф.Энгельс айтып кетті. Әрине олардың орындау техникасы адам айтқысыз күшті болып туа қалған кісілер емес, шеберліктерін арттыру, дамыту, шынықтыру жолында үнемі қызмет істеген адамдар.

Мысалы, Паганини кей күндерде 14 сағат скрипкада ойнаған. Ал біз көзімізбен көрген Дина әрбір жарты сағаттан кейін домбырасын қолына алмай отырмайтын. Ол 9 жасынан домбыра тартып машықтанған адам болса да, техникасы сондай жоғары болса да өле-өлгенше оны шынықтырумен болды. Міне осы жағынан қарағанда біздің алдымен оқытушыларымыздың, екіншіден оқушыларымыздың орындаушылық шебеоліктерін арттыру жолындағы жұмыстары әлі күнге біздің заманымыздың тіргіне сай келеді деп айта алмаймыз.

Ондай домбырашы, қобызшыларды бітіртіп жатқанда солардың бәрі бірдей жеке орындаушы болып шыға алмай жүр. Лның басты себебі консерваторияда жүрген кезін бағаламай, немқұрайды қарағаннан. Біздің оқытушыларымыз да концерттерге аз шығады. Кейбіреулері шыққанның өзінде үлкен үміт, «қамшы» арқылы әрең шығады. Әрине оқушылар орындаушылық жағынан класта ақыл үйреніп қана қоймай, сол оқытушыларының ойынынан үлгі алулары керек. «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» дейтін заман қалған. Шеберлік деген тек орындаушылыққа жатады деп түсінсек те қате болады.

Шығарманың техникалық жағын жетістірумен қатар оның идеялық - көркемдік мазмұнын талдай, айыра білу де шеберлікке жатады. Әрбір шығарма белгілі идеяға арналып шығарылады. Сондықтан тек техникалық жағынан шебер болып, шығарманың идеясын аша алмаса, о да музыканттық шалалық болып есептеледі. Бұл жағынан мамандық сабақтардың оқытушылармен қатар, біздің музыка талдау сабақтарын жүргізетін кісілеріміз де осы мәселеге шұғыл назар аударулары керек. Немесе «шығарма үш бөлімдлі, вариация формалары» деп шолып өте шығу дұрыс болмайды. Гармония сабағында да бірқатар оқытушылар «терцияны қосарлауға болмайды, қатар квинта беруге болмайды» деп қана қояды. Оның неге болмайтынын түсіндірмейді. Ал олай түсіндіру құран оқығандағыф догмадан артық болып шықпайды.

Қысқасы, орындаушылық шеберлікке де, мазмұн-идеяны айыра білетін шеберлікке де оқытушылар шәкірттерін баулуы керек. Ал оқушылар болса жатпай-тұрмай осы шындықтарды меңгерулері керек. Шеберлік – бірінші шарт.


А.Қ.Жұбанов. Ән-күй сапары.-

Алматы, Ғылым баспасы,

1976. - Б.433-443.
М.Ахметова
Музыка мәдениеті және ұлттық дәстүр
Қазақтың халықтық музыка өнері саласында шалқар сахара, дарқан даладай мол көсіліп, кең тараған бір жанр бар. Ол - ән. Көркем де келісті, шымыр да шыншыл, бүкіл болмысымен биязы әрі мазмұнға бай қазақ әндері халықтың ұлттық дәстүр сипатын айқын аңғартатын үлкен фактор болып табылады. Ән табиғатынан халық тарихымен бірге туып, етене өскен өнер қырын, сол өнердің ел өмірімен еншілестігін, үндестігін көреміз.

Әрбір ұлттың өзінше өмір сүру қалпы, тұрмыс-тұрқы, әдет-ғұрыптық өзгешелігі, психикалық - мінездік ерекшеліктері, түсінік-пайымдары оның өнер өрісіне үлкен әсер ететіні белгілі. Музыка өнеріндегі бұл құбылыс халықтың сол құпиясын әр алуан салада, әр түрлі бояуда әшекелейді.

Қай халық болсын өзінің ұлттық өнері мен дәстүрін аса бір ыждағаттылықпен дамытуға тырысады, оны жаңа дәуір, жаңа заман әкелген жаңалықтармен сабақтастыра отырып байытады. Қазақ музыка творчествосын байырғы негізгі түрлері халық әндері, эпостық шығарма, аспаптық музыка болды. Ән-күйді қазақтың халық творчествосының шыңы дейге болады. Оның тамаша үлгілері. Көрнекі халық композиторларының асқақ туындылары ұлттық классикалық музыканың негізін қалады. Ал халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан фольклорлық мұрасы қазіргі профессионалдық музыка салаларының дамуына тікелей зор ықпалын тигізіп отыр.

Жаңа дәуір жаңа туындыларды талап етті. Профессионалдық музыканың бұрын-соңды халқымызға белгісіз жанрлық түрлері, орындаушы коллективтер, вокалдық әншілік мектеп, хор айту мәдениеті, музыкатаны саласын қалыптасты. Ұлттық табиғи дәстүр дамуынан тыс пайда болған бұл салалардың халық мұрасынан нәр алып қалыптасып, дамығанын еске ала отырып, біз тек төменде аталатын әрбір салаға қысқаша тоқталып өтпекпіз. Бір тарау негізінен ән, ұлттық ән дәстүрі, ән өнерінің жаңалық ерекшеліктеріне арналады.

Салалардың бірі – вокалдық өнер яғни ән салу. Халқымыздың дәстүрі бойынша әнді домбыраның сүйемелімен және сүйемелдеусіз жеке де немесебірнеше кісі қосылып та орындаған. Әсіресе жеке ән салу мейлінше мол тараған. Халқымыздың әншілік мәнері жеңіл де әдемі. Қоңыр да шырқауәуезімен, жарқын да шалқымалы ашық сазды үнімен айрықшаланады. Әдетте әншілер әнді бір-бірінен ауызекі түрде үйреніп қабылдайтын. Бұл ұлттық ән салу өнеріндегі негізгі бір ерекшелік болып табылады. Жиырмасыншы, әсіресе отызыншы жылдары, қазақтың байырғы унисондық бір дауысты, жеке айтылатын ән дәстүріне жаңалықтар кіре бастады. Ән тұнғыш рет фортепиано, симфониялық оркестр, басқа да түрлі аспаптар сүйемелімен айтылатын болды.

Қазіргі кезде республткамызда қалыптасқан ұлттық вокалдық-әншілік мектеп бар. Белгілі музыкалық оқу орнынан ән жөнінен тиісті білім алған вокалдық әнші, орындаушы мамандар қатары молайды, олардың профессионалдық шеберлік ерекшелігі айқындалды. Халық арасынан шыққан табиғи дауысты талантты әншілер музыкалық оқу орнында ән өнерімен маманданып, вокалдық пысықтау, жаттығу арқылы дауыс ауқымын кеңейтіп, әншілік үн күшін, регістірлік үн қатарын арттырады. Сол сияқты вокалдық өнерде дауыстың кібіртіктігін, кедір-бұдырын жоюға және оның үн тегістігін қалыптастыруға да назар аударылды.

Сөйтіп, заман талабына сай қалыптасқан вокалдық ән салу мектебі тек дәстүрлі ұлттық орындау арқылы ғана танылып жүрген қазақ әншілерінің өрісін кеңейтіп, орындаушылық мүмкіндігін арттырады. Бұл арада ән салу түрлері екі саласының бірі артық, бірі кем деген ұғым тумаса керек. Халқымыздың мәдени өмірі үшін бұл салалардың әрқайсы да - әнді бір-бірінен ауызекі түрде үйренетін мәнердегі әншілік те, музыкалық оқу орнынан білім алап, жетіліп, қалыптасқан вокалдық әншілік те өздігінше бағалы. Қазіргі таңда үздік вокалдық әншілер дүниежүзілік классикалық музыкалық шығармаларды орындау дәрежесіне қол жеткізді.

Күләш Бәйсеитова, Шабал Бәйсекова, Байғали Досымжанов, Ришад Абдуллин, Кәукен Кенжетаев, Бибигүл Төлегенова, Розы Жаманова, Ермек Серкебаев, Әлібек Днишев, Нариман Қаражігітов, Қрлан Халиламбекова, Разима Жұбатырова, Ғафиз Есімов, Шора Үмбеталиева сынды республикадағы вокалдық үлгінің көрнекті өкілдерінің тек елімізге ған емес, шетелдерге де аян.

Осы орайда бұрын қазақ халқының хор айту өнері болды ма, болса қандай деңгейде еді деген заңды сұрақ туатыны да сөзсіз. Әдетте, бұрын Орта Азия халықтары сияқты қазақтардың да хор айту өнері болған жоқ деседі. Алайда бұлай деп кесіп-пішіп айту ағаттық болар еді. Қосылып ән салу жайын әңгімелегенде, бұл жанрдың халықтық негізіне назар аударған жөн. Мәселен, халқымыз жиын-тойларда қосылып ән салуға селқос қарамаған, ойын-кештерде екі жаққа бөлінесе кетіп, бірі бастап, қалғандары қостап, әншілерге дем беріп отырған. Бұл жайлар «ертеде қазақта хор өнері атымен болған жоқ» дейтіндердің пікірін теріске шығарды. Халқымызда қосылып ән салу дәстүрі ежелден болған. Міне, сол дәстүр негізінде түрлі эволюциялық белестерден өтіп, қазіргі кезде республикамызда хор айту өнері, хор жанры жан-жақты дамып отыр.

Қазақтың мемлекеттік хор қапелласының құрылуы, ұйымдасуы осы айтылғандардаң жарқын айғағы іспетті. Хор өнерінің қол жеткен табыстары әңгімелеп отырған ұлттық дәстүріміздің қаншалықты жаңарып, байығанын көрсетеді.

Жаңару жайын әңгіме еткенде, қазақ халқының көне музыка аспабының бірі – домбыраның да байырғы түрінде қалып қалмағандығын айта кету парыз. Қазіргі уақытта ол бүтіндей бір оркестрге айналып, көп үнділікке ие болды. Бұған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер коллективі, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік акадтмиялық халық аспаптары оркестрі мысал бола алады. Сол сияқты опера - балет, симфония, ансамбільдік туындылар, кантата, оратория, ән - романс және басқа да музыкалық жанрлардың қалыптасып, дамуы ұлттық дәстүріміздің тарихи-эволюциялық құбылыстарының айқын айғағы болып табылады.

Әрине, ұлттық профессионалдық музыканың жан-жақты дамуы көне, прогрессшіл дәстүрдің өмір сүруіне еш уақытта да бөгет бола алмайды. Байырғы халық әндерімен қатар қазіргі кезде ақындар айтысының да ұмыт болмай, кеңінен қанат жайып келе жатқанын еске алайықшы. Сондай-ақ жекелеген домбыра, қобыз, күйлерімен қатар ұлттық оркестрдің орындауында лайықталған шығармалар да өмірге келуде. Бұл – дәстүр өміршеңдігінің куәсі. Сөйтіп, халық мұрасы негізінде жаңа профессионалдық жанрлардың тууымен қатар, мемлекеттік халық аспаптары оркестрі, фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, симфониялық оркестр, мемлекеттік хор капелласы сияқты творчестволық коллективтер қалыптасады. < ... >


Ахметова М. Ән өнері және уақыт. –

Алматы: Өнер, 1993. – Б.5-17


Меңдіаяхова Қ.М.
Қазақ халқының музыка өнерінің теориялық негіздерінің бастаулары
Қазақ халкының музыкалык шығармашылығы өзінің санғасырлар бойындағы дамуында музыка тілінің бейнелеу құрамы жағынан негізінен, екі бағытта вокалдық және аспаптық музыка түрінде калыптасты. Бірінші - терме сарынды және кең тынысты созып айтатын шалқымалы әннің түрлері де, екіншісі - домбыра, қобыз және баска үрлеп ойнайтын аспаптарда орындалатын, көбінесе, белгілі бір оқиғаға байланысты болып келетін күйлер.

Кеңес өкіметіне дейінгі дәуірдегі қазақ қоғамындағы рухани өмірінің маңызды белгілі ауыз екі музыка мәдениетінің, объективтік жағдайларда қалыптасуы, сондай-ақ көшпелі өмір және ауыл тұрмысының көптеген тұрақты дәстүрлері халық музыка өнері кайраткерлерінің бірнеше түрін калыптастырды. Олар - ақындар, жыршы-жыраулар, әншілер мен өлеңшілер, күйшілер мен ертекшілер, сықакшылар және басқалар.



Әдетте, олар көбінесе өзінің негізгі өнеріне қоса басқа да бірнеше өнердін иесі еді. Арнаулы «композитор» деген термин ол кезде болған жок. Себебі оның творчестволык халыққа тарауы өзінің әншілік, күй-шілік-орындаушылық шеберлігіне байланысты болатын. Қазақ халқының музыкалық өнері жайлы мәлімет беретін ертеректегі еңбектің бірі 1795 жылы басылып шыққан капитан И.Г.Андреевтің «Орта жүз қырғыз кайсақтары туралы, Россиямен шекаралас жатқан Колыван жене Тобыл губерниясының бөлімдері мен қосымша бекіністерін суреттеу» атты кітабы / Новые ежемесячные соч-е п.б.. 1775, август / 2-половина/, 4.114/.

Бұл еңбек алты тараудан тұрады, жиырма сегізінші бөлімінде қазак халқының шығу тегі, түрмысы, діни сенімдері, салт-санасы мен мінез-құлқы, кәсібі, сауда-саттығына байланысты мәселелер камтылған.

Кеңес өкіметіне дейінгі қазақ музыкасының зерттеушілері өз еңбектерінде музыкалық фольклордың өміршеңдігін баяндағанымен, халық өнерінің профессионал кайраткерлері туралы аз да, сирек жазды. Ал, төменде аттары аталған бірнеше әншілер мен күйшілер, халық музыкасының көптеген классикалык шығармаларының авторлары XIX ғасырда өмір сүргендері аян. Олар; Құрманғазы Сағырбаев /1806-1879/, Дәулеткерей Шығаев /1820-1887/, Біржан сал Қожағұлов /1832-1894/, Мұхит Мералиев /1847-1918/, Абай Құнанбаев /1845-3904/, Жаяу Мұса Байжанов /1835-1929/, Тәттімбет Қазанғапов /1815-1862/. Ықылас Дүкенов /1843-1916/ және басқалар.

Олардың шығармалары халыктың рухани мүддесіне сан келген сүйікті шығармалары болды, бірак оларлың жиналуы және жазылынып алынуы тек кеңес өкіметі кезінде ғана жүзеге асырылды.

Қазан төнңкерісіне дейін қазақ даласында кәсіби музыкалық білім беру жуйесі жоқ болатын, соған қарамастан республиканың түкпірлерінде /Петропавл, Орынбасар/ музыкалық үйірмелер /хор, оркестр/ жұмыс істеді. Оған қатысушылар нота сауатын білмеседе хор бірнеше дауысқа бөлініп айтылды. Қазан тоңкерісіне дейін қазақ халқыны бай музыкалық мұрасы шетел және орыс саяхатшыларының да назарына іліккен.

Қазан төңкерісінен соңғы кезеңде де республикамызда музыкалық үйірмелер жұмысын жалғастыра берді. Жиырмасыншы жылдары Орта Азия және Қазақстанның, музыкалық фольклорын жинауға ерекше ықылас көрсетіле бастады. Белгілі музыка зерттеушісі әрі жинаушысы А.В.Затаевич казақ даласын аралап, жүріп, екі мыңға жуык ән-күйлер жазып алған. А.В.Затаевич «Қазақ халқының мың әні». 1931 жылы «Қазақтың бес жүз әні мен куйлері» бұл күнде де тарихи маңызы зор еңбектер болып отыр. М.Горький, А.Затаевичтің еңбегін жоғары бағалай келіп, қазақтың ән-күйлері болашак композиторлар үшін творчествоның кайнар көзі екенін айткан еді. Басылым ерекшелігі - мұнда көптеген белгілі халык әндерінің сөздері табылып, жазылған еді.

А.Затаевич бастаған үлкен істі отызыншы жылдары Д.Мацуцин. Б.Ерзакович, Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Л.Хамиди. бертін келе М.Төлебаевтың жалғастырып, ән - күйлерімізді нотаға түсіріп, ел игілігіне айналдырғанын сүйсіне еске аламыз.

Қазақ Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, өнертану ғылымының докторы, республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор, музыка зерттеушісі, профессор Б.Г.Ерзакович өзінің бар күш жігерін табиғи қабілетін қазақ музыкасы өнеріне жұмсауды максат тұтты.

Б.Г.Ерзакович аз уақыт ішінде бес жүзге жуық ән-күй жазып алып, оның екі жүзден аса әуенін әншілердің фортепианоның сүйемелімен айтуына лайыктап еңдеді. Ол мұнымен ғана қанағаттанып қоймай, халык әншіерін бұдан да мол жинап алу мақсатымен респүблика облыстарына жиі-жиі сапарға шығып тұрды.



Сөйтіп, ол Семей, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақмола жене Қарағанды облыстарын түгелге жуық аралап шығып, орасан бай қазынаны 2500-ден астам ән мен күйді нотаға түсірді, біразын радио таспаларға жазып алды. Б.Г.Ерзаковичтің өзі жинақтаған казақтың ән мен күй туындыларына, оның орындаушыларына алғаш рет толық сипаттама бергендігін ерекше атай өткен жөн. Экспедиция кезінде халыкпен қоян-қолтык араласа жүрген Б.Г.Ерзакович қазақ музыкасының Кенен Әзірбаев, Естай Беркімбаев, Шәкір Әбенов, Қали Байжанов, Жүсіпбек Елебеков секілді аса дарынды өкілдерімен де тығыз қарым-қатынаста болды. Атақты Естай ауылында болған сәтінде былай әңгімелеген: «Табиғатында өте байсалды, өз әндерімен өзге авторлардың әндерін салмақты саздылыкпен шыркайтын Естай әйгілі "Қорланды" орындағанда бөлекше толкып кетеді екен. Тіпті радиоға жазу кезінде де әннің шарықтай шырқалатын түстарында көзіне жас үйірілді. Тегі, жас шағында қалын мал төлей алмай сүйіктісімен айырылған жан трагедиясы оны өмір бойы толкытып етсе керек».

Б.Г.Ерзакович отызыншы жылдардың өзіндеақ өзі жинақтаған көптеген халық әндерін музыкалық аспаптар сүйемелінде орындауға лайықтап өңдеді. Мұндай андер сол кезде радиодан көп орындалып жүрді. Ал елуінші жылдардан бастап оларды жүйелі түрде зертгеуге кірісті. Зерттеуші ғалымның терең білімінің аркасында дүниеге келген «Қазақ халқының ән мәдениеті» монографиясы, «Қазак совет халық әндері» атты музыкалық - этнографиялық жинағы жарық көрді.

Б.Г.Ерзаковичтің Ахмет Жұбанов және Мәриям Ахметовамен бірлесіп жазған «Советтік казак музыкасы» деген енбегі Қазақ ССР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды.

Р.Қ.Дүйсембинова

Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні
Қазақ әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез - құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл - ойының жиынтығын танытады. Казақ әндерінің дидактикалық, танымдық касиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

Казақ халық әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген жіктемелер де баршылық (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бекқожина, З.Қоспақов, т.б.). Жіктемелерін бәрін өнертану саласында толық қолдауға болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалануға болмайды, өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді шектейді. Біздің пайымдауымызша мектеп практакасында мазмұнды пайдалану мақсатында казақ әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін былайша жүктеген дұрыс сияқгы:



  • тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар

әндері);

  • еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әңдер, жұмысшы әндері);

- үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, құдалар әңдері);

  • ұлыс әндері (жарапазан); діни әдет - ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);

  • жаналазау әндері (естірту, жұбату, көңіл айту);

- нақиялы әндер (алғыс, бата, тілек, жұмбак, мысал-әжуа, күлдіргі мыскыл әндер);

  • қиял-ғажайып әндер (аңыз әңдер, өтірік өлеңдер);

  • сатиралы - юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);

  • тарихи әндер;

  • әлеуметтік теңсіздік әңдері;

  • эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);

  • айтыс әндері;

  • лирикалық әндер.

Казақтың халық әңдері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттілігімен, болмастығы көзғарасты әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен оқушылар назарын өзіне аударады.

Казақ әңдерінің музыкалық-поэтикалық құрылымының күрделілігі, жас буынның ой-сезімі мен танымдылығына әсер етуші күштерінің сан қилы болып келуі, оның өнер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.



Ал біздер сөз еткелі ытырған окушылардың музыкалық-эстетикалық дамуын жетілдіруде ән тәрбиелік мүмкіндіктерін нәтиежелі пайдалану казақ әндерінің өзіндік бітім - тұлғасын, мазмұнын түп төркінін, көркемділік мәнерін жете білмейінше, ойдағыдай жүзеге асырылмайды.

Казақ әндерінін ерекшеліктері әдебиет саласында А.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Б.Уақатов және баска зерттеушілердің еңбектеріңде талданды. Педагогикалық зерттеудерде казақ әндерінің ерекшеліктері жөніңде арнайы еңбектер болғанымен, осы мәселе төңірегіндегі ой-пікірлер мен пайымдауларды С.А.Ұзақбаеваның, А.Нұғымованың, М.Х.Балтабаевтың, Ж.Өтемісовтың ізденістерінен байқауға болады.

Біздер жоғарыда аталған ғылыми еңбектерге сүйеніп педагогикалық түрғыда карастырылған ән мұраларының казақ өмірімен тығыз байланыстылығы, тарихилығы, көп варианттылығы, философиялық ой тереңдігі, көркем образдылығы, синкреттілігі, дидактикалық және танымдық маңыздылығы жөне мелодиялық интонациялық кұрлымындағы әуен өсемділігі деп ажыраттық. Осылайша байлам жасауымызға А.Қоңыратбаевтын ән-өлең шығармаларына берген сипаттамаларын, ерекшеліктерін: "Олар - фольклордың коллективтік және үлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлігі, тарихилығы және ауызекі дамуы... фольклор синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй енері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде керінеді", - деген тұжырымдарын негізге алуга болады.

Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі - оның есте калғыш, тартымды әрі карапайым, көркем образдылығы. А.Қоңыратбаевтың осы пікірі ән-елеңдерінің тағы бір ерекшелігін оның көркем образдылығын дәл көрсетеді. Халық әндерінде ақылғой қария Асанкайғы, Қорқыт, Жиренше еліне қиын-қыстыу кезде болған Кобланды, Алпамыс, Ертарғын, Қамбар батырлар, өнегелі ару қыздары Қыз-Жібек, Баян-сұлу, Қарашаш, Ақжүніс тәрізді жасампаз образдар әсем сазбен, сырлы әуен көгендерімен жиі кездеседі.

Ән синкреттік өнер. Оның бойында біртұтас бірлкте сомдалған. Ән өнерінің әсер етуші механизімінің күрделігі, біздің оның негізгі ерекшелігі синкреттілігіне байланысы зор.

Қазақ әндеріндегі философиалық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен капсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі есиет арқылы, ізгілікті мейірбандықка, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-кұлықка, сақилы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге қазақ халқының тарихын, өмір сүру тірішлігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады. Яғни, қазақ әңдерінің дидактикалык, танымдық қасиеті оның негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

Біздер казақтың халық әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін талдағанда жоғарыда аталған зерттеушілердің ән жанрларын классификациялауына сүйеніп педагогикалық мақсатпен жүйелеп, төмеңдегі классификациямыз бойьнша карастырамыз:


  • тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар

әндері);

  • еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әндер, жұмысшы әндері);

  • үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, кұдалар әндері);

  • ұлыс әңдері (жарапазан); діни әдет-ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);

  • жаналазау әңдері (естірту, жұбату, көңіл айту);

- нақиялы әңдер (алғыс, бата, тілек, жүмбак, мысал-әжуа, күлдіргі мыскыл әндер);

  • киял-ғажайып әндер (аңыз әндер, өтірік өлеңдер);

  • сатиралы юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);

  • тарихи әндер;

  • әлеуметтік теңсіздік әндері;

  • эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);

  • айтыс әндері;

  • лирикалық әндер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет