200
соғысының сипаты туралы, Ұлы Жеңістің қозғаушы күштері туралы, соғыс шығыны туралы
мифтерді де талдаған. Академик Манаш Қозыбаев Отан тарихын тағылым ету арқылы, мифтерден
асып өту, оларды жою арқылы тарихи шыңдыққа жетуге негіздеген [3].
Жаңаша парадигма негізінде қазақ мемлекеттігін жаңғырту жолында күрес жүргізген
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің тарихы мәселесін зерттеуге жан-жақты бет бұрған.
Автор Алаш тақырыбын зерттеу барысында «Алаш» терминіне ерекше мән беріп, сыры толық
ашылмай келген мәселе екендігін айтып өтті. Қазақстан тарихының басқа да өзекті мәселелеріне
арналған «Ақтаңдақтар ақиқаты» атты еңбегі жарық көріп, «Тарихтың ащы сабағы» дейтін
мақаласы тікелей аталмыш мәселеге арналған [4]. «Алаш» қозғалысын тұтас ұлт-азаттық
қозғалысымен шендестіру орынсыз, оны тек ұлт-азаттық қозғалысының бір ғана белесі ретінде
қарастырып, қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалыс тек таза пролетарлық қозғалысы болуы
мүмкін еместігін, бұл қозғалыс ортағасырлықтан буржуазиялық-демократиялық төңкерісінен
кейін қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының туын жоғары байқуатты отбасылардан
шыққан, оқыған, зиялы қауымның саяси аренаға көтергенін ерекше атап жазған.
Келесі мәселе, Отан қорғау, оның тарихнамалық мәселелерін, соғыс тұтқындарының
тағдыры туралы да ашық та түпкілікті зерттеген. Оның «Компартия Казахстана в период Великой
Отечественной войны», ұжымдық «На защите Советской Родины» және тағы басқа соғыс
тақырыбындағы көптеген еңбектері мен зерттеу мақалалары соған дәлел. Еліміздің, Ресейдің
мұрағат қорларынындағы ғылыми айналымға енбеген құнды деректерді тиімді пайдалана білген
ғалым, Қазақстаннан майданға, тыл армиясына алынғандардың саны екі млн. жуық екендігін
дәлелдеп, шығыстағы ұлттық аймақтар генофонының әлсіреуіне тигізген әсерін ғылыми
тұжырымдармен дәйектеп берді. Ғалымның замана ызғарынан қаймықпай айтқан сол уақыттағы
теориялық пікірлері бүгінде көптеген зерттеулерге арқау болғандығы ақиқат.
Ғалымның жинақтаған тарихи фактілерге негізделген еңбектері, бүкіл ұлттық тарихқа
жаңаша қарауға, тарихтан алатын орны туралы нақты түсінігімізді қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Қазақстанның өтпелі кезеңінің ерекшелігін, нақты қалыптасқан тәуелсіздіктің негізгі
белестері қандай, қандай қауіп-қатерлерден өттік, қоғамның экономикалық, саяси және мәдени
жүйесі қалай құрылды? Осы сұрақтардың бәріне дәйекті әрі анық жауап берген. Ел аузындағы
аңыздардан ақиқатты таразылаған отандық тарих пен тәуелсіздік идеясы қашанда болсын
тамырлас екендігін ерекше атап өткен [5]. Біз аталмыш мақалада тәуелсіз Қазақстан елінің
тарихшысы Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың кеңестік тоталитарлық кезеңдегі кейбір тақырыптар
бойынша жарияланған зерттеу жұмыстары туралы ғана айтып өттік. Қазақстан тарихының
кеңестік дәуірі саяси-әлеуметтік, экономикалық, этникалық қарама-қайшылықтарға, трагедиясы
аралас драмаға толы болды. Сондықтан Қазақстан тарихының осы кезеңге сәйкес өзекті мәселері
төңірегінде біршама жұмыстар атқарылғанымен, біздің ойымызша тарихшылар алдағы уақытта
осы тақырыптар және басқа да зерттелетін тақырыптар төңірегінде тарихнамалық талдауларды
өрістету керек деп ойламыз. Сонымен қатар кеңестік дәуірдің ащы шындығын ашып көрсететін
зерттеулер тәуелсіз Қазақстанда көбейетініне сеніміміз мол.
Достарыңызбен бөлісу: