ОӘК 042-14 05. 01. 20. 18/03-2010 №1 басылым 01. 09. 2010 ж


Тақырып: Дизайн принциптері



бет2/16
Дата15.09.2017
өлшемі14,93 Mb.
#33796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Тақырып: Дизайн принциптері


Дизайн – ол конструктивті ой, идеяларды іске асыру, оны көрсету. Дизайнер ол біріншіден өнерлі адам, ол суретші де болуы мүмкін.

Дизайнер көп суреттен, жазудан, басты жазудан және ақ жазықтықтан әдемі жарнаманы жасайды. Адамға осы жарнама ұғынықты болу керек. Әдемілік адамға қуаныш сыйлайды. Әдемілік ол жай болуы керек, бірақта әр түрлі.

Біріншіден дизайн бөлшектері туралы сөз айта кету керек, содан кейін оның принциптері. Дизайн осы бөлшектерден тұрады:


  1. Сызық. Олар түзу және қыйсық, толық және жіңішке, көрінгенжәне т.б.

  2. Рең. Басты жазықтықты графикалық конструкцияның қара немесе сұр тонмен боялған.

  3. Түс. Жарнамада түс басқа бөлшектерден қарағанда көңіл күйін көтереді.

  4. Текстура. Тон үстінде сурет көрінсе, онда дизайнерге текстурамен жұмыс істеу керек. Жарнама басылған қағазда өзі текстура болып келеді. Ол жылтыр және қатты, қатты және түзу емес және т.б. болуы мүмкін.

  5. Тұлға. Біріктірген, сынық немесе қисық сызықтар, жарнаманың жалпы өлшемдері дизайнға тұлғаны құрастырады.

  6. Өлшем. Жарнама бөлшектері әр түрлі өлшемді болуы мүмкін, бірақта үлкен өлшемді бөлшектер әсер етеді.

  7. Бағыт. Сызықтар және олармен жасалынған тұлғалар өз бағыттары бар екенін білу керек, жылжыйтын елесті туғызады, дизайнердің мақсаты осы бағытты байқау.

Дизайн бөлшектерін қолдану принциптермен белгілейді. Олар барлық өнер түрлерінде жатыр: кескіндеме, сурет, мүсін, сәулет және өндіріс дизайны.

Жарнама жағынан ең универсалды және толық осы принциптер болуы мүмкін:



  1. Конструкция теңді болуы керек

  2. Жарнама ішіндегі кеңістік пропорцияға бөліну керек

  3. Бағыт белгілі болу керек

  4. Бөлшектердің бірлігі болу керек

  5. Жарнамада бір жақ немесе бөлшек көріну керек

  6. Принциптерді мынандай сөздермен айтуға болады: теңдік, пропорция, бірлік, акцент.

Әрбір сатушы өз товарын тез және көп сатуын армандайды. Ол арманы орындалуы үшін жарнама қажет, ал жарнаманы шығару үшін ақша керек.

Жарнама (Advertising) – ол сатыпалушыларға товарларды өткізуге арналған хабарлама. Жарнама түсінігі көп.

Жарнама – ол товарлар туралы информация, сатыпалушы мен товарлардың арасындағы контакт, сатыпалушыны сол товарға көңілін аудару және сатып алуына арналған.

Сату жарнамасы – ол қысқа, эмоционалды хабарландыру, бір товардың сатушылардың көңілдерін аудару және оларға сол товарды сатуға арналған.

Өз ролін дұрыс атқару үшін жарнама келесі мақсаттарды орындау керек:

ассортименте бар товарлар туралы информация беру, олардың құрамдарын және қолдануын, жаңа товарлар туралы айту (сатушыларды сол товарға дайындау), сатушылардың көңілін осы товарға аудару, распродажа туралы хабар беру, сату орындар туралы информация беру.

Жарнаманың басты принциптері


  1. Сатушылардың көңілін аудару, суреттерді қолдана отырып, иллюстрацияларды және т.б. жарнама түрлерін.

  2. Әрқашанда қызықтыра отырып, өз ұсыныстарыңыздың қолайлығын көрсету.

  3. Клиенттін арман немесе ассоциация сезімін оятуы керек.

  4. Жетістіктерді көрсету: сату арзан бағамен байланысты емес, ол жақсы сервистан, жоғарғы сападан;

  5. Сатып алу организациясы (жеңілдету): клиенттерге дұрыс хабарлама беру керек, қайда керекті затты сатып алуға және ол туралы хабарландыру алуға болады.

  6. Сигнал беру: «Уақытынды кетірме», «бақытты кезен», яғни клиенттерді қызықтыру өзінің жарнамамен.

Міндетіне қарай жарнама түрлері:

Хабарландырғыш – ол хабарлау міндетін атқарады. Сатыпалушыларға жаңа товарлар, ойлар туралы хабар беру. Басты міндеті – товарды рынокқа енгізу және клиенттерді іздеу.

Увещевательная – сұраныс. Егер товардың басқа товарларға қарағанда қандай да бір жетістіктер болса тек сонда ғана қолданылады.

Салыстыру - өз товарды басқа товарлармен салыстыру және салыстыру мінездеме жүргізіледі.

Еске салу – бұрыннан белгілі товардың жарнамасы, бірақ ол товар өз туралы қайта естеріне салуын сұрайды.

10 – дәріс
Тақырып: Дизайн және жарнама өндірісі. Дизайнды жасау технологиясы.

Жарнама өндірісі – ол нобайды баспа тұлғаға айналдыру процессі. Дизайнер баспа процессін жақсы білу керек. Әр бір басылым өзінің ерекшеліктері және жетістіктері бар. Дизайнер жарнамамен жұмыс істегенде осының барлығын білу керек.

Нобай

Нобайлар сапасы жағынан әр түрлі болады, кішкентай нобайлардан бастап толық жасалынған жарнамаға дейін. Егерде нобай жазушыға жасалынса онда, оны толық жасауға қажет емес. Оларға өз жұмыстарымен байланысты ақпарат беру керек. Толық эскизді көбінесе жарнамаға төлейтін клиент сұрайды.



Дизайнер өз жұмысын нобайдан бастайды, ол нобайларды кішірек түрде жасайды, бірақ барлық пропорциялар сақталынады. Көп дизайнерлер осы процессті жасамай жаман қағазға (черновик) нобайға көшеді. Ол шынында болған размермен жасалынады. Жарнама бөлшектері оның ішінде жай ғана көрсетілген.

Бітірілген нобайда басты жазу, аяқталған сурет немесе фотосурет болады, бірақта жазу тек қана сызықтармн белгілінген. Бөлшектер компоновкасы аяқталған.

Кейде жарнамашыға нобай толығымен аяқталып беріледі. Толық нобайда барлық детальдер көрсетіледі. Бас жазу қара сиямен жазылады, сурет толығымен салынады немесе фотосурет беріледі, жазудың барлығы жазылады.

Жарнама бөлшектерінің мінездемесі

Басты жазу көбінесе үлкен шрифтпен жазылады. Оның артынан подзаголовок жазылады, ол бас жазудан қарағанда көп, кішкентай шрифтпен жазылады.

Мүмкін, бас жазу жарнаманың ең басты бөлшегі: ол өз ішінде тақырыпты сақтайды.

Басты жазуларда көбінесе кішкентай қалжын болуы мүмкін, оларды тез жаттап алады. Ең бастысы олардың жетістіктері – ой. Жақсы бас жазу оқырманға бір жаңалықты ашу керек, ол өзіне тарту керек, бір аудиторияға арналған.

Дизайнердің бөлшектермен жұмыс істеуі

«Көркем» термині өте жалпақ және де фотосуретті, суреттерді, оюларды, түстердің сәйкестіктерлерді және т.б. жинақтайды.

Көркем әшекейлеу өзіне оқырманның көңілін жаулап тұрады немесе бір басты міндет болу мүмкін: жарнаманың ойын ашу, бас жазумен жазу бірігіп құйылуы керек.

Мамандар қазіргі заманға ддейін әлі проблемеларды шеше алмайды: не жақсы – фотосурет немесе сурет. Оларды салыстырып осы заманда фотосуреттке көп дауыс беріледі. Ол біріншіден арзан, одан барып оған кісілер көбінесе сенеді. Оған қарамастан суреттер және кескіндемелер жарнамада кездесе береді.

Қол. Жарнамашы жарнамада өзі туралы айта кетуін сұрайды, өз атын көрсету. Кейбір кезде ол өз атын жазудың аяғында жазылады, кейде аты бас жазу сияқты үлкен әріптермен эмблемамен немесе товар белгімен жарнаманың аяғында жазылады.

Дизайнды жасау технологиясы

Өнімнің өндірішісі немесе қызмет (Заказчик) дизайн жасауған кезде специалистке барғанда нені тілейді? Әдемі сурет, ереже бойынша құралған дизайн және автордың көркем талғамы? Жоқ. Ол өз өнімін сату арқылы пайдасын алғысы келеді.

Егер дизайнер жарнама облысында жұмыс істегісі келетің болса, яғни коммерциялық дизайнда ол «Уақыт – ақша» деген мақалды ескеру керек.

Дизайн студиясы осылай жұмыс істеу керек. Дизайнды жасау технологиясы болу керек, аз уақыт ішінде керемет нәтиженің болатына уәде бере алады. Тек сонда студияда қиын уақытта да клиенттер болады, жаңа және тұрақты.

Қандай технология? Басты бөлімшелерді айтып кетуге болады:


  • маркетинг

  • креатив

  • нобай

  • баспаға дейін дайындық

Жарнама өнімін жасаған кезде, үлкен және маңызды маманды маркетинг тапсырма жасалынуы керек.

Жарнама компанияның типін, рыноктағы жағдайын, жаңа марканың дәрежесін аңықтау керек.

Осы заманда дизайнермен маман дизайн арасындағы – креатор үлкен айырмашылығы пайда болды. Дизайнер – арнайы көркем мәліметтермен және компьютерлік білімдермен болған маман, ал маманда дизайнер – ол басқаша айтқанда креатор, бұл маркетингті жүзеге асырады, товар идеологиясын құрайды және визуалды образға келтіреді. Ақырғысының басты мақсаты – жарнаманың визуалды құралы арқылы товардың немесе қызметтің жағымдылығын қалыптастыру және оны сатып алудың мотивациясын негіздеу.

Қарастырылған және маман жасалынған дизайн тұтынушыға максималды әсер етуі керек. Креатив образын құрастырған кезде басты элементтердің бірі, ол фирмалық стильді жасау. Товар белгіні, логотипті, визитканы, бланкіні және т.б. өзіне кірістіреді.

Дұрыс таңдаған графикалық шешім өзіне құрмет пен сенімділікті қратады, ол іскерлік контактарды орнату үшін қажет.

Ой болған кезде, іске дизайн заңы күшке кіреді. Тек қана ол мес. Осы этапта макет жасау техникалық жағын көрсету керек және оның келешек өңдеуін.

Жұмыстарды үшөлшемді графикамен істеуге болады – жеке заттарды жасау, элементтерді немесе сахналарды.

Ең бастысы түсіну, қандай нәрселерді Photoshop-та жасау және де қандай нәрселерді 3D Max та жасау. Сонда уақыт аз кетеді және де нәтиже болады. Заказды 1 жұма немесе 1 ай істеуге болады, бірақ бір жұма жасайтың кісінің ақысы – 4 есе көп болады. Жарнама облысында дизайның жасау – 50% ол технология.


11 – дәріс
Тақырып: Коммерциялық емес ұйымдардың.

Коммерциялық емес ұйымдар, олар үшінші сектордың негізі және азаматтық қоғамның басты танушысы болып табылады. Әлеуметтік жарнама (ол жарнаманың арнайы түрі), коммерциялық емес ұйымдар сұранысымен құрылған. Коммерциялық емес ұйымдарының әлеуметтік жарнамасы үшінші сектор дамуына және азаматтық қоғамға әсер етеді.

Коммерциялық емес ұйымдар бойынша әлеуметтік жарнама өте аз жасалынады және таратылады.

Өндіріс-экономикалық, саясат, рухани-мәдениет және әлеуметтік-болмыстық қарым-қатынастар қоғамның сфераға бөлінуінің себебі болды.

Қоғамды үш сфераға, секторға (зат – институционалды қарым-қатынастар) бөледі


  1. Мемлекеттік бийлік сферасы (мемлекеттік бийлікті бөлу секторы)

  2. Бизнес сферасы (коммерциялық ұйымдарының жұмысын істеу, іскерлік байланыстар секторы)

  3. Азаматтық қоғам («үшінші сектор», коммерциялық емес ұйымдар және әкімшілік емес қызметінің секторы)

Коммерциялық емес ұйымдарының әлеуметтік жарнамасы кейбір мақсаттарды шеше алады:

  1. ұйымының позицияларын және приоритеттерін бекітуге арналған;

  2. өз еркімен келген көмекшілерді тарту;

  3. арнайы бір тақырыпқа, проблемаларға, ойға қоғамды қызықтыру;

  4. ақша жинауға көмектесу.

Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері. Кез келген тауарларды өндіру, қызметтер көрсету, игіліктер шығындармен байланысты болғандықтан, қызметтің аталған түрлері олардын ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз ету үшін қаржыландырылуы тиіс. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қызметін қаржыландырудың көзі де әр түрлі болып келеді.

Коммерциялық емес қызмет бағыттарының әркайсысы өзінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады, материалдық сфера мен коммерциялық қызметке тән функцияларды айқындайтын құрылымдарды кіріктіреді. Мысалы, олардың көбісінің меншікті кәсіпорындары болады, олардың жұмысы кәсіпорындар қаржысының жұмыс істеуінің жалпы қағидаттарына негізделіп ұйымдастырылады. Алайда мұндай кәсіпорындардың өнімін өткізу сұраным мен ұсынымның рыноктық критерийлерімен емес, бірақ ұйымның өзінің ішкі қажеттіліктерімен реттеледі. Мұндай өнім өндіріс шығындарын жабатын және нормаланатын деңгейде пайданы (таза табыс) қалыптастыратын бағалар бойынша: қолайлы өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ету және ұйымның - кәсіпорын иесінің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін сатылады. Сөйтіп, өнім, әдеттегідей, бәсекелік рынокқа шықпайды, коммерциялық ұйымның ішінде қолдануға арналады (әскери-өнеркәсіптік кешен өнімі, медициналық техника мен саймандар өндіру жөніндегі кәсіпорындар, мамандандырылған өнімнің басқа түрлері).

Алайда шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесі өндіріс, айналыс сферасындағы анық шекараларды анықтамайды және экономикада болып жатқан өзгерістер бірқатар коммерциялық емес салалар қызметінің уәждемесінде бейнеленеді. Олардың көптеген құрылымдары өзінің өнімімен және қызметтерімен ашық рынокқа шығады, сөйтіп, өз құрылымының және жалпы осы сала жүйесінің жақсы дамуын қатамасыз етеді. Мысалы: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің ақылы қызметтері кеңінен дамып отыр. Ал сыныптау мен қаржыландыру критерийлері бойынша бұрын аралық жағдайда болған халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сияқты салалар коммерциялық негіздерге көшті. Пәтер меншіктенушілердің кооперативтерін ұйымдастырумен тұрғын үй секторын коммерцияландыру кезеңі аяқталды. Осы сияқты трансформациялаулар (түрлендірулер) қызметтің коммерциялық емес түрлерінде пайдаланылатын қаржылық ресурстардың құрамы мен құрылымына әсер етеді.

Коммерциялық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелерді қаржыландырудың көздерін бұл құрылымдардың жұмысына мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады.

Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, орғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Басқа бағыттарда мемлекет қадағалаушы-үйлестіруші рөлді жүзеге асырады, ал қаржыландыру көздері мемлекеттік арнаулы бюджеттен тыс қорларда орталықтандырылатын шаруашылық жүргізудің барлық субъектілері аударатын қаражаттардың міндетті аударымдары бояып табылады. Бұл, мысалы Қазақстанда 1998 жылға дейін әлеуметтік қамсыздандыруды (Зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы), медициналық сақтандыруды (Медициналық сақтандыру қоры арқылы) қаржыландыру үшін қолданылды. Қоршаған ортаны қорғауды қаржыландыруда мемлекет ерекше орын алады: өндірістің экологиялық зиянды жағдайлары бар шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттарын жұмылдыру бойынша мәжбүрлеуші іс-шараларды қолданады. Осылайша, өтемақы немесе мекендеу ортасын қалпына келтіру бойынша шараларды қаржыландыру үшін Табиғатты қорғау қоры қалыптастырылады.

Мемлекет әлеуметтік міндеттемелермен кепілдендірілген деңгейлердегі білім беру мен денсаулық сақтауды қаржыландыру жөніндегі шығындарды өзіне алады.

Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Бұл мұндай зерттеулердің нәтижелері дереу нәтиже бере қоймайтындықтан, ұзақ мерзімнен кейін қолданылуы мүмкін болатындықтан барып шығады, ал олардың маңыздылығы қоғамның болашақ дамуы үшін өте айтарлықтай.

Бюджеттік ресурстар сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле- және радиостудияларды, киностудияларды және т.б. қолдап отыруға пайдаланылады.

Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыс (түсім-ақша) түріндегі меншікті қаражаттар, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда), ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.

Қызмет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымның оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан ары өздігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) кіріктіреді. Мұндай әдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтың қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.

Меншікті кәсіпорындары бар ұйымдарда олардың қызметін (жөндеу ұйымдапының жабдықтар мен оргтехниканы қалпына келтіруі үшін, осы мақсатпен босалқы бөлшектер шығарымы бойынша қызметін, басқа мекемелердің медикамент және емдік преператтар шығарымы бойынша мекемелерінің қызметін, әр түрлі қосалқы шаруашылықтар қызметін) қамтамасыз ету үшін, алынатын пайда немесе табыс әуел баста белгіленген тәртіппен бөлінеді, яғни бюджет және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер төленеді, содан кейін қаражаттардың бір бөлігі кәсіпорынның дамуын өзін-өзі қаржыландыру мақсатына бағытталады және тек сонан соң қалған бөлігі ұйым-иегердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Ведомствоға қарасты кәсіпорындардың болуы жағдайында коммерциялық емес ұйымды қаржыландыру көздері мысалы, кәсіпорын мүлкін өткізуден, акциялар пакетінің бір бөлігін сатудан, құрылтайшы ретіндегі ұйымдағы кәсіпорын акцияларына дивидендтерден түсетін түсімдерден болатын қаражаттармен толықтырылуы мүмкін. Ведомствоға қарасты кәсіпорынның резервтік қорының қаражаттары да пайдаланылуы мүмкін.

Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, құрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар, мүлік пен ғимараттарды кепілдікке беруден алынатын қаражаттар жатады.

Қаржыландырудың үшінші көзі - банктердің кредиттері. Бұл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардын пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі, кредиттік қаражаттардың қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.

Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіби, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқалары) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді. Қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастырудың еріктілігі олардың қаржылық ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады: оларға бюджеттік қаржыны (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржылық ресурстар бірлестіктердің жарғысына байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.

Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатын аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, ұйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік бағыттылық, мәдени және шығармашылық ұйымдары мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды қаржыландырудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай қаржыландырудың алуан түрлілігі ретінде белгілі бір ұйымның немесе қызмет түрінің тұрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік қаржыландыруы бола алады.

Ғылыми зерттеулерді қаржыландырған кезде гранттар - жеке адам, компания, фирма, халыкаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгілі бір бағыттағы ғылыми зерттемелерді, жобаны, ғалымдардың бір тобын немесе жеке ғалымды зерттеуді аяқтап, оның нәтижелерін ендіруге немесе басқаша қолдануға дейін жеткізу мақсатымен өтеусіз қолдау әдісі қолданылады.

Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін ұстауға және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың белгілі бір көзі олардың қарамағындағы ресурстардың бір бөлігін коммерциялық және жинақ банктерінің депозиттеріне, сондай-ақ қаржы рыногында бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.

Қаржыландырудың аталған көздері коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерінің ақшалай қаражаттарын әр түрлі үйлесімдерде және аталған көздердің толық жинақталымында қалыптастыруы мүмкін. Мысалы, білім беру жүйесінде аталған көздердің жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда екі-үш көздермен шектеледі. Бірақ кез келген нұсқада - қаржыландырудың қосымша көздерінің көп немесе аз болуы мемлекеттік бюджеттен оның кірістері мен шығыстарының тізімдемесінде қарастырылған қаржыландырудың көлемдері азайтылмайды. Ықпал жасаудың мұндай тұтқасы ұйымдар мен мекемелердің қоғамдық-пайдалы қызметін дамытудағы, олардың жұмысының тиімділігін арттырудағы ұжымның бастамасы мен шығармашылық ізденісін ынталандыруга шақырады.


12 – дәріс
Тақырып: Әлеуметтік жарнама. Экологиялық жарнама. Креативті және эфективті

Әлеуметтік жарнама – қоғамдық құндылықтарды насихаттайды, халықтың қорғансыз бөлігінің (балалардың, егде кісілердің, мүгедектердің) мүдделерін жақтап, қорғайды, тіршілікті қамтамасыз етуге бағытталған жалпы қоғамдық мүдделерді (қоршаған ортаны, жан-жануарларды қорғау) көздейді.

Әлеуметтік жарнама – хабарландыру саясаттың ең басты құралы.

Әлеуметтік жарнама үш категориядан тұрады. Бірінші – саясат кампаниясы, екіншісі - әлеуметтік жарнама, оның тапсырушылары коммерциялық емес және әкімшілік емес ұйымдар және үшінші - әлеуметтік жарнама, оның тапсырушысы мемлекет болып келеді.

Әлеуметтік жарнаманың мақсаты ақша табуда емес, қоғамға арналған экокономика пайданы алу. Ол осындай тақырыптарда болады: қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және т.б.

«Әлеуметтік жарнама» термині басында жарнама ретінде енгізілген, қоғамның, мемлекеттін ықыластарын және көмек көрсету бағытта жүргізілген.

Осы әлеуметтік жарнамаға бір жағынан темекіні шекпеуге, нашақорлыққа қарсы, шарап ішпеуге қарсы жарнама жатады, ал екінші жағынан СПИДтен сақ болу, спортпен шуғылдану, жақсы тамақтану және тәрбие, жанұйяның мықты қарым-қатынастары сақтау жарнама.

Экология жарнамасы, табиғатты және жануарларды қорғау. Диаграммадағы әлеуметтік жарнаманың 1 тобына үлкен көңіл аударылады -59% әлеуметтік жарнамаға шығын. (2002 ж. Ресейде әлеуметтік жарнамаға 26,7 млн. доллар шығын). 2002 ж. Осындай тақырыптар болды: СПИДтен сақтану (23% шығын), жанұйяның қарым-қатынастары сақтау (11%), денсаулық сақтау (9%), спортпен шұғылдану (6%).

Экологиялық жарнама

Үлкен индустриалды ұйымдар экология жарнаманы, яғни қоршаған ортаның образдарын өздерінің коммерциялық және репутациондық мақсаттар үшін қолданады.

Клиенттерді тарту үшін олар экологиялық хабарландыруларды қолданады. Эффектті құрал, мысалы, экологиялық сату маркалар және белгілер, сертификаттар (олар фирмаларға, отельдерге, товарларға).


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет