ОӘКҚ 042-18. 21. 59/01-2013 №2 Басылым



бет43/45
Дата25.08.2017
өлшемі14,95 Mb.
#25890
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
12,13 Зетханалық сабақ

Мақсаты: МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Жұмыс барысы: Ауылшаруашылығы дақылдары үшін тыңайтқыштарды тиімді қолданудың маңызы өте зор.

Егіншілікте минералдық тыңайтқыштар көптен қолданылады және олардың өздерінің ерекшеліктеріне сәйкес әртүрлі өзгешеліктері мен түрлі қасиеттері бар. Олар- ды нақтылы білу – тыңайтқыштарды тиімді пайдалануға көмектеседі. Осыған орай әрбір шаруашылықта егілетін дақылдың бір сортының өзіне тыңайтқыш қолдану дозасы түрліше болып келеді.

Егіс танабының топырағының құнарлылығы мен өсімдіктің қоректік заттарды пайдалану қабілетіне сәйкес жоспарланған өнім алу мақсатында түзету жасалған мине- ралды тыңайтқыштың орташа мөлшерін оның дозасы дейді.

Тыңайтқыш мөлшерін анықтау принциптері Тыңайтқыш дозасын дұрыс анықтау – дақылдардан алы- натын өнімнің қалыптасуының басты шарты болып санала- ды. Тыңайтқыш дозасы көптеген агротехникалық шараларды жүзеге асырумен тығыз байланысты. Ол үшін дақылдар мен олардың сорттарының биологиялық ерекшеліктерін, табиғи жағдайлар мен топырақ құнарлылығын, топырақты мелио- рациялауды, агротехникалық жағдайларды ескеру керек.

Өсімдік қоректік элементтерді өзінің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қажет етеді. Сондықтан әр өсімдікте және оның жеке мүшелерінде элементтердің мөлшері бірдей емес. Өсімдікке қанша қоректік заттар қажет болатыны өндірілетін өнім деңгейіне байланысты, осыған орай әрбір дақыл қоректік заттарды түрлі мөлшерде қабылдайды.

Тыңайтқыштың әсер ету тиімділігі мен оның түзетін қосымша өнім көлеміне қарай ауыл шаруашылығы дақылдарын мынадай ретпен орналастыруға болады: - техникалық және субтропикалық; - картоп және көкөністер; - жеміс-жидектер; - дәнді дақылдар; - малазықтық дақылдар. Техникалық дақылдар дәнді дақылдарға қарағанда қоректік заттарды анағұрлым көп пайдаланады. Мәселен, мақта өсімдігі азоттың 70%-ын, фосфордың 50%-ын шанақтанудан бастап толық гүлдегенге дейін, ал қалған бөлігін пісетін кезінде пайдаланады. Қант қызылшасы жапырақтары мен тамыр қаулап өскен кезде азот, фосфор және калий элементтерін молырақ мөлшерде қажет етеді. Өйткені бұл кезде өсімдіктің мүшелерінде жаңа жасушалар пайда болады. Күздік бидай барлық азот пен фосфордың төрттен үш бөлігін түптену мен гүлдеудің арасындағы мерзімде бойына сіңіреді.

Жаздық бидай өзінің өсіп-жетілуіне қажетті азот пен фосфордың 70%-ын, калийдің 90%-ын түптену мен масақтану кезеңдерінің аралығында пайдаланады. Жүгері өсімдігі өзінің өсуінің барлық кезеңіңде фосфорды біркелкі сіңіріп отырады. Күріш дақылы әсіресе қоректік заттарды төрт жапырақ пайда болғаннан бастап түптенгенше қажет етеді. Бұл өсімдік көктегеннен бастап толық түптенгенше азот пен фосфордың 70-90%-ын қабылдайды. Картоп өсімдігі қоректік әлементтердің негізгі бөлігін шанақтану мен гүлдеу кезеңдерінде пайдаланады. Бұл оның жер бетіндегі мүшелерінің неғұрлым қаулап өсетін мерзіміне сәйкес келеді. Көкөніс дақылдарының барлығы қоректік заттардың топырақта мол болғанын қалайды. Мәселен, орамжапырақ бас жарған кезде өзінің өсіп-жетілуі кезінде қажет болатын жалпы азот, фосфор және калийдің 80%-ын пайдаланады.

Табиғи жағдайлар мен топырақ құнарлылығы. Минералдық тыңайтқыштардың неғұрлым тиімді мөлшерін қолдану үшін республикамыздың әрбір табиғат аймағының ауа-райын және топырағының ерекшелігін жете білу керек. Өйткені осы жағдайларды ескере отырып дақылдарға арналған тыңайтқыш мөлшерін қолданудың маңызы зор. Қазақстан территориясы алты табиғат аймағына бөлінеді. Осы табиғат аймақтарының климаты мен топырағы біріне- бірі мүлде ұқсамайды, олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады. Аталған табиғат аймақтары мыналар: 1) далалық егіншілік аймағы; 2) қуаң далалық егіншілік аймағы; 3) шөлейтті аймақ; 4) шөлді аймақ ; 5) Тянь-Шань тау бөктері аймағы; 6) Алтай тау бөктері аймағы.

Далалық аймақтың климат жағдайы негізінен астық өндіру үшін қолайлы. Бұл аймақтың терістік және орталық бөліктерінде бір жыл ішінде орта есеппен 300-750 мм ылғал түссе, ал аймақтың оңтүстік-батыс және шығыс жағында ылғал мөлшері 250-275 мм-ге дейін кемиді. Осы жауын- шашынның жартысына жуығы жаз айларында (маусым, шілде, тамыз) түседі. Бұл аймақта ауаның жылылығы көктемде (сәуір айының орта кезінде) +100 С, ал жаздың ашық күндерінде ауаның температурасы +27-300 С дейін жоғарылайды. Көктемнен күзге дейінгі жылылықтың жиынтығы орта есеппен 2050- 2350 градус. Қуаң далалық аймақтың климаттық жағдайы құрғақ келеді. Оның батыс, орталық және шығыс бөлігінің солтүстік жағында жылына орта есеппен 250-300 мм жауын-шашын түседі.

Жылдық жауын-шашынның 80%-ы маусым-шілде айларында түседі. Ауыл шаруашылығы дақылдары қаулап өсетін мерзім ішіндегі ауаның пайдалы температурасының жиынтығы орта есеппен 2300-2400 градусты құрайды. Шөлейт және шөлді аймақтарда ылғал өте аз түседі (100-200 мм). Бұл аймақтарда көбінесе мақта, күріш, көкөніс, жүгері сияқты суарылатын дақылдар өсіріледі. Суармалы егіске қолданылған минералдық тыңайтқыш жоғары нәтиже береді. Тянь-Шань және Алтай тауларының бөктеріндегі аймақтарда ылғал біршама жеткілікті болады. Тянь-Шань тау бөктерінде жауын-шашынның жылдық жиынтығы – 200-400 мм, ал Алтай аймағының солтүстігінде – 550-650 мм, оңтүстік бөлігінде – 325-480 мм жетеді. Сонымен республика территориясының табиғи-климат жағдайлары сан-алуан болғандықтан, әрбір аймақта өсірілетін дақылдардың қатаң климатқа төзімділігін білудің маңызы зор. Енді жоғарыда аталған аймақтарда кездесетін топырақтардың түрлеріне және олардың ерекшеліктеріне қысқаша тоқталайық. Өйткені, топырақ ерекшеліктерін білмейінше, қолданылатын тыңайтқыш мөлшерін дұрыс анықтау мүмкін емес және дақылдардан тиянақты өнім күту қиын.

Далалық аймақтың негізгі топырақтары: орманды-сұр топырақтың қарашірінділі А қабатының қалындығы 18-25 см және онда 3-6% қарашірінді болады. Сілтісізденген қара топырақ бұл аймақта көп кездеседі. Бұл топырақта 6-9% қарашірінді, 0,5-0,6% жалпы азот, 0,25-0,30% шамасында фосфор кездеседі. Далалық аймақтың оңтүстік бөлігінде ең құнарлы топырақ – кәдімгі қара топырақ және карбонатты қара топырақ кездеседі. Кәдімгі қара топырақта 7-9% мөлшерінде қарашірінді, ал 1 кг-да 137 мг сіңімді азот, 18 мг жылжымалы фосфор және 406 мг алмаспалы калий болады. Сондықтан фосфор тыңайтқышын пайдаланудың маңызы орасан зор. Карбонатты қара топырақтың үстіңгі қабатында 5-7% қарашірінді, 0,3- 228 229 0,4% жалпы азот, 0,13-0,15 жалпы фосфор, 3,4-3,5% жалпы калий кездеседі. Құрамында жылжымалы фосфор небәрі 8-14 мг/кг болатындықтан, фосфор тыңайтқышын қолдану маңызды рөл атқарады.

Далалық аймақта бұлардан басқа аз көлемде оңтүстіктің қара топырағы, шалғынды батпақтанған т.б. топырақ түрлері кездеседі. Қуан далалық аймақта кездесетін оңтүстіктің қарашіріндісі аз топырақ құрамында қара шірінді мөлшері 4-6% шамасында болады. Қара-қоңыр топырақ қуан далалық аймақтың негізгі бөлігін алып жатыр. Оның құрамында 3-4% қарашірінді болады. Табиғи-климат жағдайларының, аналық топырақ түзу жыныстарының ерекшеліктеріне байланысты қара-қоңыр топырақтың кәдімгі, карбонатты, кебірленген түрлері кездеседі. Олар физикалық және агрохимиялық қасиеттері жағынан бір-бірінен едәуір өзгеше болады.

Шөлейт аймақтың ашық қара топырағында қарашірінді мөлшері 1,5-2,5% шамасында. Бұл топырақ калийге аса бай, ал фосфордың жалпы қоры көп болғанымен, оның жылжымалы түрі аз болады. Шөл аймақта негізінен қызғылт және ашық-қызғылт топырақтар кездеседі. Қоңыр топырақта қарашірінді 1-2%, үстінгі жағы карбонатты болады және тұзы жер бетіне жақын жатады (40-65 см тереңдікте). Тянь-Шань тауының бөктеріндегі аймақтың топырағы тік белдеулерде орналасады. Аймақта боз және ашық қара-қоңыр топырақ басым. Боз топырақ түрлерінде 0,7- 1,5% қарашірінді болады, оның қарашірінді қабатының қалындығы 10-12 см-ден аспайды. Бұл топырақтың механикалық құрамы көбінесе орташа және ауыр саздақты болып келеді. Боз топырақтың агрохимиялық жағынан өзгешелігі – калий элементіне аса бай, ал азот өте аз болады. Сондықтан азот тыңайтқышын көбірек қолдану керек. Аймақтың ашық қара-қоңыр топырағының түрлерінің үстінгі қабатының бір килограмында 28-35 мг жеңіл ыдырайтын азот, 15-18 мг жылжымалы фосфор және 285- 412 мг аралығында алмаспалы калий болады. Алтай аймағының тау бөктерінің кәдімгі қара топырағының қарашірінді қабатының қалындығы 60-75 см, оның жыртылатын қабатындағы қарашірінді мөлшері 6% шамасында.

Топырақты мелиорациялау оның су, ауа және қоректік заттармен қамтамасыз ету режимін жақсартуға, оны эрозиядан қорғауға, топырақ ортасының реакциясын бейтараптауға, тыңайтқыш тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы. Мелиорацияға егістік жерлерді құрғату, суландыру, топыраққа химиялық заттар (әк, гипс, фосфогипс) беру т.б. шаралар жатады. Мелиорацияланған жерлерге минералдық тыңайтқыш қолдану – дақылдардан алынатын қосымша өнім деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Агротехникалық жағдайлар тыңайтқыш мөлшерін белгілеуде және оны тиімді қолдануда басты фактордың бірі болып саналады. Тыңайтқыш тиімділігіне әсер ететін ең негізгі агротехникалық жағдайларға ауыспалы егіс, топырақты өңдеу жүйесі, тұқымды себу мөлшері мен мерзімі, арамшөптермен, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен күресу шараларды жатады. Ауыспалы егісте алғы дақылдардың ішінде әсіресе тыңайтқыш тиімділігіне таза пар мен бұршақ тұқымдас дақылдардың әсері зор. Ауыспалы егістегі көпжылдық шөптің бір гектарындағы тамыр жүйесінде 106-194 кг азот, 30-55 кг фосфор, 47-78 кг калий қорланады. Нәтижесінде көпжылдық шөптен кейін егілетін дақылға арналған азот тыңайтқышының мөлшерін 30-50%-ға дейін азайтуға болады. Керісінше, фосфор мен калий тыңайтқыштарының мөлшерін 20-30%-ға өсіру керек. Сонымен қатар алғы дақылға берілген минералдық тыңайтқыш келесі себілетін дақыл өнімін орта есеппен 10-20%-ға арттырады. Топырақты өңдеу жүйесін дұрыс сақтау, өсімдік 230 231 тамырының тыңайтқыш құрамындағы қоректік заттарды мол қабылдауына әсер етеді. Тыңайтқыш тиімділігін арттыру үшін тұқымның себу мөлшерін қатаң сақтау керек. Мәселен, бір гектар егістікте 200-250 мың жүгері балаусасы, 50-60 мың дәндік жүгері, 100-140 мың қант қызылшасы, 70-80 мың дана картоп өсімдіктері болған жағдайда олар тыңайтқыш құрамындағы қоректік заттарды тиімді пайдаланады. Дақылдардың суару мерзімін сақтау, егістікті арамшөптерден тазартып барып тыңайтқыш қолдану оның тиімділігін 2-3 есе жоғарылатады.

14,15 Зетханалық сабақ

Мақсаты: Тыңайтқыш мөлшерін анықтау принциптері

Жұмыс барысы: Тыңайтқыш дозасын дұрыс анықтау – дақылдардан алынатын өнімнің қалыптасуының басты шарты болып саналады. Тыңайтқыш дозасы көптеген агротехникалық шараларды жүзеге асырумен тығыз байланысты. Ол үшін дақылдар мен олардың сорттарының биологиялық ерекшеліктерін, табиғи жағдайлар мен топырақ құнарлылығын, топырақты мелиорациялауды, агротехникалық жағдайларды ескеру керек. Өсімдік қоректік элементтерді өзінің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қажет етеді. Сондықтан әр өсімдікте және оның жеке мүшелерінде элементтердің мөлшері бірдей емес.

Өсімдікке қанша қоректік заттар қажет болатыны өндірілетін өнім деңгейіне байланысты, осыған орай әрбір дақыл қоректік заттарды түрлі мөлшерде қабылдайды. Тыңайтқыштың әсер ету тиімділігі мен оның түзетін қосымша өнім көлеміне қарай ауыл шаруашылығы дақылдарын мынадай ретпен орналастыруға болады: - техникалық және субтропикалық; - картоп және көкөністер; - жеміс-жидектер; - дәнді дақылдар; - малазықтық дақылдар.

Техникалық дақылдар дәнді дақылдарға қарағанда қоректік заттарды анағұрлым көп пайдаланады. Мәселен, мақта өсімдігі азоттың 70%-ын, фосфордың 50%-ын шанақтанудан бастап толық гүлдегенге дейін, ал қалған бөлігін пісетін кезінде пайдаланады. Қант қызылшасы жапырақтары мен тамыр қаулап өскен кезде азот, фосфор және калий элементтерін молырақ мөлшерде қажет етеді. Өйткені бұл кезде өсімдіктің мүшелерінде жаңа жасушалар пайда болады. Күздік бидай барлық азот пен фосфордың төрттен үш бөлігін түптену мен гүлдеудің арасындағы мерзімде бойына сіңіреді.

Жаздық бидай өзінің өсіп-жетілуіне қажетті азот пен фосфордың 70%-ын, калийдің 90%-ын түптену мен масақтану кезеңдерінің аралығында пайдаланады. Жүгері өсімдігі өзінің өсуінің барлық кезеңіңде фосфорды біркелкі сіңіріп отырады. Күріш дақылы әсіресе қоректік заттарды төрт жапырақ пайда болғаннан бастап түптенгенше қажет етеді. Бұл өсімдік көктегеннен бастап толық түптенгенше азот пен фосфордың 70-90%-ын қабылдайды.

Картоп өсімдігі қоректік әлементтердің негізгі бөлігін шанақтану мен гүлдеу кезеңдерінде пайдаланады. Бұл оның жер бетіндегі мүшелерінің неғұрлым қаулап өсетін мерзіміне сәйкес келеді. Көкөніс дақылдарының барлығы қоректік заттардың топырақта мол болғанын қалайды. Мәселен, орамжапырақ бас жарған кезде өзінің өсіп-жетілуі кезінде қажет болатын жалпы азот, фосфор және калийдің 80%-ын пайдаланады. Табиғи жағдайлар мен топырақ құнарлылығы. Минералдық тыңайтқыштардың неғұрлым тиімді мөлшерін қолдану үшін республикамыздың әрбір табиғат аймағының ауа-райын және топырағының ерекшелігін жете білу керек. Өйткені осы жағдайларды ескере отырып дақылдарға арналған тыңайтқыш мөлшерін қолданудың маңызы зор.

Қазақстан территориясы алты табиғат аймағына бөлінеді. Осы табиғат аймақтарының климаты мен топырағы бірінебірі мүлде ұқсамайды, олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады. Аталған табиғат аймақтары мыналар: 1) далалық егіншілік аймағы; 2) қуаң далалық егіншілік аймағы; 3) шөлейтті аймақ; 4) шөлді аймақ ; 5) Тянь-Шань тау бөктері аймағы; 6) Алтай тау бөктері аймағы.

Егістік тәжірибелердің нәтижелерін пайдалану тыңайтқыш мөлшерін анықтауда жиірек қолданылады. Өйткені дақыл өніміне факторлардың тигізетін әсерінің деңгейін тек қана егістік тәжірибе жағдайында байқауға мүмкіндік туады. Егістік тәжірибе жағдайында ауыспалы егіс, топырақты өңдеу жүйесі, тұқымды себу мөлшері мен мерзімі, өсімдіктің тыңайтқыш түрі мен дозасына реакциясы, сондай-ақ осы факторлардың жиынтығының

өнім қалыптасудағы әсерін жан-жақты зерттеуге болады.

Тыңайтқыштармен жүргізілген егістік тәжірибелердің мәліметтері жинақталып, ғылыми-зерттеу мекемелері қорытындылайды да әрбір аймақ топырағында өсірілетін дақылдар үшін тыңайтқышты қолдану жөнінде ұсыныс дайындайды. Аймақтың шаруашылықтары ұсынысты өзгеріссіз немесе өздерінің жағдайларының ерекшеліктеріне қарай түзетулер енгізу арқылы пайдаланады. Азот тыңайтқышының дозасына түзету алғы дақыл мен жоспарланған өнім мөлшеріне қарай, фосфор мен калий тыңайтқыштарының дозасына түзету топырақтағы жылжымалы Р2О5 мен алмаспалы К2О шамасы мен жоспарланған өнім деңгейіне сәйкес жасалады (48-кесте).

Егістік тәжірибелер нәижелерін пайдалану арқылы тыңайтқыш нормасын анықтаудың артықшылығы олардың нәтижелерін математикалық жолмен өңдеуге және түрлі көрсеткіштер арасындағы байланысты анықтауға болады. Көбінесе егістік тәжірибелер нәтижелерін топырақ пен өсімдік құрамындағы элементтердің, тыңайтқыш нормасы мен өнім деңгейінің араларындағы байланыстарды анықтауда пайдаланады. Бұл көрсеткіштер арасындағы байланысты анықтау ұсынылған тыңайтқыш мөлшерін ғылыми жағынан негіздеуге көмектеседі. Тыңайтқыш нормасын анықтауда қысқа мерзімде жүргізілген егістік тәжірибелердің нәтижелерін пайдалануға болмайды.





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет