ОӘКҚ 042-18. 21. 59/01-2013 №2 Басылым



бет41/45
Дата25.08.2017
өлшемі14,95 Mb.
#25890
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
7 Зетханалық сабақ

Мақсаты: Топырақ құрамындағы қоректік заттардың жылжымалы түрлерін анықтау әдістері

Жұмыс барысы: Барлық топырақ құрамында қоректік заттардың қоры бердей емес. Себебі топырақтар өздерінің минералдық, органикалық қосылыстарының мөлшері мен формалары жағынан әртүрлі болады. Мысалы, топырақтағы жалпы азоттың қоры гумусқа, фосфор қоры органикалық және минералдық қосылыстардың түріне, ал калий топырақтың механикалық құрамы мен ондағы минералдық заттардың көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Топырақтағы қоректік заттардың жалпы қорының мөлшері өсімдіктер пайдаланатын көлемнен 10-100 еседей артық болады. Со- нымен бірге олар өсімдіктер пайдаланатын және пайда- ланбайтын күйде кездеседі. Сондықтан жалпы қоректік заттардың қоры топырақтың потенциалды құнарлылығы бо- лып саналады

Аммоний түріндегі азоттың көпшілік бөлігі топырақтың сіңіру кешенінің құрамында болса, ал шамалы мөлшерде топырақ ерітіндісінде кездеседі. Аммоний азотының мөлшерін 1856 жылы Несслер ұсынған әдіспен анықтайды. Мұнда топырақтың сіңіру кешеніндегі аммоний ионын бей- тарап тұздың әлсіз ерітіндісімен (мысалы, 1%-дық KCl) ығыстырады:

Топырақ құрамындағы нитратты қосылыстар суда жақсы ериді және олардың мөлшері түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп отырады. Нитрат иондарының мөлшерін анықтау үшін 1885 жылы Грандваль-Ляжу ұсынған әдіс қолданылады. Бұл әдіс дисульфофенол қышқылының нитрат иондарымен әрекеттесуінен тринитрофенол (пи- крин қышқылы) қосылысының түзілуіне және оны сілті ерітіндісімен немесе аммиакпен өңдегенде сары түсті пи- крин қышқылының тұзы пайда болуына негізделген.

Қазіргі кезде агрохимиялық зерттеуде нитрат ионда- рын анықтау үшін электрометрлік әдіс жиі қолданылады. Бұл әдіс ионселективті мембранды электродтар көмегімен топырақ сүзіндісіндегі нитрат иондарының белсенділігін өлшеуге негізделген. Топырақтағы өсімдікке сіңімді азот қорын білу үшін оның құрамындағы қышқылда, сілтіде ыдырайтын, сондай- ақ нитраттану қабілетін анықтайды. Қышқылда немесе жеңіл ыдырайтын азот қосылыстарын анықтауда Тюрин-Кононова әдісі жиі қолданылады. Бұл әдісті пайдаланғанда топырақ құрамындағы органикалық заттарды күкірт қышқылының 0,5н ерітіндісімен гидролиздейді. Нәтижесінде топырақтағы аммоний, нитрат иондарының тұздары және амин қышқылдары мен амидтер ерітіндіге өтеді. Ерітіндідегі амин қышқылдары мен амидтерді K2 Cr2 O7 тұзымен тотықтырады, нитрат қосылыстарын сүтекпен тотықсыздандырады. Кьель- дал қондырғысында азот мөлшерін анықтайды.

Корнфильд жеңіл ыдырайтын азотты анықтау үшін топырақтағы азоттың органикалық қосылыстарын сілтінің 1н ерітіндісімен гидролиздеп, бөлінген аммиакты Конвей тостағаншасын пайдалану арқылы микродиффузиялық әдіспен анықтауды ұсынады. Кравков топырақтың мәденилену деңгейін білу үшін оның нитраттарды жинау қабілетін анықтауды ұсынады. Ол үшін құрамындағы нитраттар мөлшері белгілі топырақты қолайлы жағдайда (температура 26-280 С, ылғалдылық 60%, аэрация) екі аптаға термостатқа орналастырады. Сонан соң құрамындағы нитраттардың мөлшерін анықтайды.

Топырақтағы жылжымалы фосфаттарға суда жақсы еритін фосфор қосылыстары мен топырақтың қатты фазасындағы ертіндіге жеңіл ауысатын түрлері жатады. Жылжымалы фосфорды анықтаудың бірнеше түрі бар. Олар бір-бірінен негізінен пайдаланатын еріткіштер бойынша ажыратыла- ды. Көпшілік жағдайда жылжымалы фосфор қосылыстарын бөліп алу үшін реакциясы қышқыл және сілтілі еріткіштерді қолданады. Шымды-күлгін топырақтағы жылжымалы фосфор мөлшерін анықтау үшін Кирсанов әдісін ұсынады және еріткіш ретінде тұз қышқылының 0,2н ерітіндісін пайдала- нады.

Карбонатсыз қара топырақ құрамындағы жылжыма- лы фосфорды 0,5н сірке қышқылымен өңдеуден алынған сүзіндіден анықтауға болатын Чириков әдісін пайдаланады. Балтық жағалауы елдерінің топырақтарының жылжы- малы фосфорын Эгнер-Рим-Доминго әдісімен анықтайды. Ол үшін еріткіш ретінде сүт және сірке қышқылдарының қоспасынан дайындалған еріткішті пайдаланады. Субтропикалық аймақтың қызыл және сары топырақтарының құрамындағы жылжымалы фосфорды Ониани әдісімен анықтайды.

Мұнда еріткіш ретінде 0,1н күкірт қышқылының ерітіндісін пайдаланады. Боз, қоңыр, қарақоңыр, қара топырақтар (далалық, қуан- далалық, шөл, шөлейт аймақтар) құрамындағы жылжыма- лы фосфорды Мачигин әдісін қолдану арқылы анықтайды. Еріткіш ретінде 1%-дық көмір қышқыл аммоний тұзының (рН 9-ға тең) ерітіндісін қолданады. Олсен реакциясы бейтарап және қышқыл топырақтардың жылжымалы фосфорын бөліп алу үшін 0,5н NаНСO3 ерітіндісін пайдалануды ұсынады. 198 199 Топырақ құрамындағы минералды фосфаттардың жеке топтарының мөлшерін анықтау үшін Чириков (1939, 1947), Чанга-Джексон (1957) және Гинзбург-Лебедева (1971) әдістерін пайдаланады. Чириков әдісі топырақты әртүрлі қышқылдың ерітіндісімен өңдеу арқылы минералды фосфаттардың жеке топтарын бөліп алуға негізделген (38-кесте).

Гинзбург-Лебедева әдісі топырақтағы фосфаттарды әртүрлі еріткіштерді жүйелі алмастыру арқылы бөліп алуға негізделген. 1. Аммоний-молибден тұзының ерітіндісімен Са-РI фрак- циясын бөліп алады. 2.Ацетатты-молибден ерітіндісін пайдаланып Са-РII фракциясын бөледі. 3. 0,5н NH4 F ерітіндісін қолдану арқылы алюмофосфат- тарды ығыстырады. 4. 0,1н NаОН ерітіндісімен Fе-Р бөліп алады. 5. 0,5н H2 SO4 ерітіндісімен Са- РIII ығыстырады. Чанга-Джексон әдісі әртүрлі еріткіштерді қолдану арқылы минералды фосфаттардың жеке фракцияларын бөліп алуға негізделген (39-кесте). Өсімдіктердің калий элементіне мұқтаждығын білу үшін оның топырақтағы жылжымалы формаларын есепке алады. Оларды анықтау әдістері топырақ түріне байланысты бола- ды.

8 Зетханалық сабақ



Мақсаты: Топырақ ферменттерінің белсенділігін талдау

Жұмыс барысы: Ферменттер - өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің клеткалары жасап шығаратын биологиялық катализаторлар. Олар зат алмасу процесінде клеткада жүретін биохимиялық реакциялардың жүруін жылдамдатады. Топырақ ферменттерінің белсенділігі оның құнарлылығын анықтайтын негізгі биологиялық көрсеткіш болып саналады. Ферменттердің белсенділігі топырақ реак- циясына, карбонат мөлшеріне, тыңайтқыштар мен химиялық мелиоранттар қолдануға байланысты өзгеріп отырады.

Фермент белсенділігі боз топырақтан қара топыраққа жылжығанда артады. Сондай-ақ қара, қою қара-қоңыр топырақтарда инвертаза, уреаза, фосфатаза ферменттерінің, ал ашық қара-қоңыр және боз топырақтарда гидролаза мен каталаза ферменттерінің белсенділігі жоғары болады. Инвертаза ферменті топырақ типтерінің диагностикалық көрсеткіші бола алатындағы дәлелденді. Инвертаза белсенділігіне топырақтың мынадай градациясы (шегі) ұсынылған (мг 1 кг топырақта):

- қара топырақта – 40-50;

- күңгірт қара-қоңыр топырақта – 25-36;

- ашық қара-қоңыр топырақта – 16-25;

- боз топырақта – 10-15.

Каталаза ферментінің белсенділігі қара топырақта орта- ша, ашық қара қоңыр және боз топырақтарда жоғары бо- лады. Минералдық тыңайтқыштар қаталаза белсенділігін төмендетеді, ал көпжылдық шөптер мен көң қолдану жоғарлатады. Каталаза ферментінің белсенділігі 1 минут- та бөліп шыққан оттек көлемімен (см3 ) есептелгенде қара топырақта 5-6, қара қоңыр, боз топырақтарда 8-9 см3 –ке дейін өзгереді. Топыраққа органикалық тыңайтқыш енгізгенде каталаза белсенділігі 10-11 см3 –ге жетеді. Фосфатаза белсенділігі топырақ құрамындағы органикалық фосфор қосылыстарының мөлшеріне байланы- сты. Сондықтан боз топырақта фосфатазаның белсенділігі қара топырақпен салыстырғанда 3-6 есе төмен болады. Ферменттердің белсенділігін анықтау арқылы тыңайтқыштар мен мелиоранттардың топырақтың биологиялық белсенділігіне әсерін бағалайды. Процестерді катализдеу сипатына қарай топырақ ферменттерін 6 топқа бөледі:

1. Оксиредуктазалар – тотығу-тотықсыздану процесіне қатынасатын ферменттер.

2. Гидролазалар – органикалық заттардың гидролизденуін жылдамдатын ферменттер.

3. Трансферазалар – атомдардың тасымалдану реакция- сын катализдейтін ферменттер.

4. Липазалар – еселенген байланысты түзе немесе бұза отырып, түрлі атомдар тобын қосып немесе ажыратып алу реакциясын катализдейтін ферменттер.

5. Изомеразалар – изомеризация реакциясын катализдейтін ферменттер.



6. Лигазалар – АТФ энергиясының есебінен түрлі заттардың синтезделуін катализдейтін ферменттер. Агрохимиялық зерттеу жұмыстарында оксиредуктаза және гидролаза тобына жататын ферменттердің белсенділігін анықтаумен шектеледі (41-кесте). Оксиредуктазалар: каталаза, аскорбинатоксидаза, поли- фенолоксидаза, пероксидаза, дегидрогеназа, нитратредук- таза, нитритредуктаза, ферриредуктаза, сульфатредуктаза, МnО2 -редуктаза. Гидролазалар: протеаза, аспарагиназа, уреаза, АТФаза, фосфатаза, инвертаза, амилаза, целлюлаза.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет