ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕГІ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ



бет6/56
Дата25.12.2016
өлшемі27,72 Mb.
#5082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕГІ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Мұратова К.М. (БҚО, Орал)
«Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардыңбойына білімге

негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дамыту деген сөз»

Әл – Фараби
Соңғы жылдарда жүзеге асырылып жатқан қазақстандық білім беру жүйесін реформалау барысы азаматтық сана-сезімді, Отан алдындағы борышкерлік сезімін дамытуға ықпал ететін жағымды қатынастар мен құндылықтарды, қоғамды жаңғыртуға өз үлесін қосуға дайын әлеуметтенген тұлға қалыптастыру жұмыстарын мақсатты бағыттап, жүйелі жүргізуді талап етуде.

Білім беру ұйымдарында тұлғаны тәрбиелеу баланың өмірлік іс-әрекеті үрдісін педагогтың дұрыс ұйымдастыруы және бағыт беруі арқылы жүзеге асады. Сондықтан да педагог қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін арттырып, олардың педагогикалық, әдістемелік жағынан өсуіне бірден-бір үлес қосып жүрген біздің институт қызметкерлерінің де жауапкершілігі жылдан-жылға артуда деп ойлаймын.

Педагог қауымының педагогикалық технологияны игерудегі шығармашылық ізденістері оның кәсіби жетілуінің басты тетігі болып табылады. Өйткені, нағыз педагог болу үшін үнемі іздену, өз білімін заман талаптарына сай ғылыми-теориялық ақпараттармен толықтырып отыру қажет. Себебі, педагогикалық, психологиялық зерттеулерге сүйенсек, мұғалімнің жоғарғы оқу орынында алған теориялық білімі 5-6 жыл ішінде ескіріп, қайта жетілдіруді қажет етеді.

Тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын мектеп педагогтары бойынша біліктілікті арттыру жүйесінің міндеті кәсіби мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ол өз кезегінде мектептегі сынып жетекшілер бірлестігінен бастап (шығармашылық қызмет тәжірибесі), аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттер (әдістемелік дайындық) және облыстық, республикалық біліктілік арттыру институттары (теориялық және әдістемелік дайындық) арқылы жүзеге асады. Бұлардың барлығының негізі педагогтың өз білімін жетілдіруі болып табылады. Жалпыадамзаттық және педагогикалық мәдениет субъектісі ретінде сынып жетекшінің ең алдымен өзінің педагогикалық мәдениетін жетілдіруге және тәрбиелік қызметін жүзеге асыруға деген мотивациясы (уәжі) болу керек. Екіншіден, өз білімін жетілдірудің мазмұны оның педагогикалық мәдениетінің деңгейіне сай келуі керек.

Отандық және шетелдік ғалым-зерттеушілердің (Б. Альмуханбетов, С. Коева, Н. Кибатаева, О. Абдуллина, В. Сластенин, Е. Белозерцев т.б.) еңбектеріне жүгінсек, біліктілік арттыру үрдісі көбіне сынып жетекшілері емес, педагогтарға, пән мұғалімдеріне қатысты қарастырылады.

Біліктілікті арттыру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі теория мен практиканың өзара байланысын жүзеге асыру болып табылады. Осымен байланысты Е.Белозерцев проблемалық оқыту, пікір алмасулар мен іскерлік ойындар ұйымдастыру, жобалар жасақтау, тренингтер мен практикумдар, «дөңгелек үстелдер» өткізу, теорияны мектеп практикасында нақтылауға мүмкіндік беретін оқу міндеттерін пайдалану, педагогикалық жағдаяттарды моделдеу сияқты құралдарды атап өтеді. Бұның бірқатарын біз өз жұмысымызда пайдаланып та жүрміз.

Біліктілікті арттыру жүйесінің келесі бір өзекті мәселесі ең алдымен озық педагогикалық тәжірибеге жүгіну арқылы жүзеге асатын мұғалімнің шығармашылық әлеуетін көтеруболып табылады. Н. Посталюктің пікірінше озық тәжірибе бір адамнан басқа адамға сол күйінде берілмейді. Оны шығармашылықпен ой елегінен өткізіп, жалпы педагогикалық заңдылықтар мен механизмдер арқылы пайдалануға болады. Зерттеушілердің пікірінше, педагогикалық шеберлік мысалдары көбіне себеп-салдарлық байланыссыз, ондағы психологиялық-педагогикалық заңдылықтарға талдау жасалынбай, ақпараттық, таныстыру бағытында беріледі.

Біліктілікті арттыру жүйесінің келесі бір маңызды бағыты педагогтардың коммуникативтік мәдениетін, яғни қарым-қатынас біліктіліктерін дамыту болып табылады.

С. Елканов қарым-қатынас біліктіліктерін дамытудың үш әдістемесін ұсынады:

1) педагогикалық қатынасты моделдеу («педагогикалық ойындар»);

2) кіші топтардағы микросабақтар арқылы әрбір педагогикалық әдіс-тәсілді сынақтау және оған талдау жасау, талқылау (бейнежазба арқылы да болады);

3) өзгенің тәжірибесін пайдалану.

Біліктілікті арттыру жүйесінің функциональдық-мазмұндық құрауыштарының құрамы өзара байланысты келесі үрдістерден тұрады:



  • сынып жетекшілердің біліктіліктерін арттырудың әрбір деңгейінің мақсаты мен міндеттерін анықтау: республикалық, облыстық, аудандық (қалалық), мектепішілік;

  • сынып жетекшісінің педагогикалық мәдениет деңгейін, тәрбиенің өзекті мәселелеріне талдау жасау негізінде курстық дайындықтың мазмұнын жасақтау;

  • осы мазмұнды оқыту мен тәрбиелеудің неғұрлым оңтайлы формалары мен әдістерін қолдану арқылы сынып жетекшісінің жүзеге асыруы;

  • сынып жетекшісінің алған білімін практикалық қызметте қолдана білуі;

  • сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі мен педагогикалық мәдениет деңгейіне талдау жасау және нәтижесін бағалау.

Бұл жерде сынып жетекшілерін бөліп атап тұрған себебіміз – мектептегі оқушымен және ата-анамен тікелей байланыста болып, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырушы негізгі тұлға болғандықтан.

Жүйені ұйымдастырушы элемент сынып жетекшілерді жоғары кәсіби деңгейде оқытуды жүзеге асыруға қабілетті дәріскерлер құрамы болып табылады. Бұл орайда соңғы жылдарда тәрбие бағытындағы біліктілік арттыру курстарына қатысушы дәріскерлердің кәсіби деңгейлерінің биіктігі, іс-тәжірибелерінің молдығы, жаңашылдықтары туралы тыңдаушылардың жоғары бағасы мен жағымды пікірлері туралы мақтанышпен айта аламыз.

Шығармашылықты зерттеуші мамандардың көпшілігі шығармашыл педагог деп – ең алдымен келесі тұлғалық сапалар: ғылыми-психологиялық-педагогикалық ойлауымен, жоғарғы деңгейдегі педагогтік шеберлігімен, нақты зерттеушілік батылдығымен, дамыған педагогикалық интуитивтік сезімімен, алдыңғы қатарлы озық педагогикалық іс-тәжірибелерді саналы пайдалануға, өзін-өзі кәсіптік тәрбиелеуге қажеттілігімен ерекшеленетін педагогтарды айтуға болады дейді. Біздің мақсатымыз – осы бағытта педагогтарға әдістемелік көмек көрсетіп, олардың кәсіби өсулеріне, өзара іс-тәжірибе алмасуларына жағдай жасау.

Соңғы жылдарда мектеп мұғалімдері оқушыларға сапалы білім беруде кеңінен зерттеп және практикада қолданып жүрген жаңа технологиялар оларды тәрбиелеуде де өз жемісін беріп жүргені сөзсіз. Тек оларды біз көбіне тәрбиелеу емес, оқыту технологиялары ретінде білеміз. Мысалы, Ш.А. Аманошвилидің негізгі идеясы – ынтымақтастық педагогикасы. Ол оқушыны мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге баулу қажет деп есептейді. Бұл қазіргі таңда мектеп оқушылары мен жастар арасында кеңінен танымал әлеуметтік жобаларды дайындау үшін ең қажетті адами сапалар емес пе? Бұған жобалау технологиясын қосыңыз.

В.Ф. Шаталов та оқушының өз бетімен жұмысына зор мән береді. Педагог-ғалым әр оқушының дербес дара ерекшелігін білу – гуманитарландыру идеясының негізі деп есептейді. П. Волковтың негізгі идеясы балалар үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану және балалардың барлық қабілеттерін дамытуға тиімді жағдай туғызуды жүзеге асыру. Бұл қазіргі таңда өзекті болып отырған балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және оларды қабілеттері мен қажеттіліктеріне қарай қосымша біліммен қамтамасыз ету мәселесіне назар аудару қажеттігін меңзейді. Бұл балалар арасында құқықбұзушылық пен зиянды заттарды пайдаланудың алдын алудың бірден-бір жолы екендігі айтпаса да түсінікті.

Қазақстандық педагог Қ.Айтқалиевтің негізгі идеясы – ынтымақтастық педагогикасын жүзеге асыру, оқу-тәрбие үрдісін демократияландыру және мектеп қабырғасында кәсіптік бағдарға жете мән беру. Бұл да негізінен тәрбиелік іс-шаралар арқылы шешімі табылатын мәселелер.

Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов технологиялары танымдық қызығушылыққа, Г.К. Селевко технологиясы – өзін-өзі жетілдіру қажеттілігіне,

И.С. Якиманский – тұлғаның жеке жұмыс іс-тәжірибесіне негізделген. Қай технологияны алсақ та, оқушылардың танымдық күштері мен шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Тәрбие бағытында өз кәсіби біліктіліктерін арттыруға келетін облыс педагогтарымен курс барысында кеңінен пайдаланылып жүрген арттерапия,. СТО, АКТ, жобалау, дебат, модульдік технологиялар, тәрбиенің интерактивті әдістері, соның ішінде тренингтер, топпен жұмыс т.б. қатар жоғарыда аталған технологияларды да тереңірек зерттеп, өз жұмыстарына шығармашылықпен пайдалану – әр педагогтың кәсіби деңгейінің жоғарылауына апаратын бірден-бір төте жол дер едік. Тек қай технологияны пайдалансақ та, қанша жерден жаңашыл педагог атансақ та, ұлттық тәрбиені, халық педагогикасын жадымыздан шығармай, өз тамырымыздың үзілмеуіне күш салғанымыз абзал.

Бір өкініштісі - білімнің сапасы мен нәтижесін жыл қорытындысы мен білім сайыстарынан бірден көруге болса, тәрбиенің сапасы мен нәтижесін ұзақ уақыт күтуге тура келетіндігі.

Қорыта келе, білім мен тәрбие берудің әр кезеңіндегі баланың тұлғалық дамуының нәтижесі - адамның болашақтағы азаматтық ұстанымының, табысты әлеуметтенуінің негізін қалайтын маңызды мәселе демекпін.

«Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» деп бекер айтылмаса керек. Қоғамдағы әрбір жаңалық пен өзгерістің бастауында ұстаздар қауымы жүретіні анық. Тек ұстаз еңбегінің арқасында ғана қазақстандық патриотизм сезімі мен еңбексүйгіштік, шыншылдық, адалдық, адамгершілік өлшемдері тәрбиеленеді.

Ш.А. Амонашвили былай дейді: «Біз болашақтың адамын, жаңадан қалыптасқан адамды бейнелеуге міндеттіміз. Біздің әрқайсымыз - жүздеген тағдырды туындатушылармыз, біздің шәкірттеріміздің бақыты ұста дүкеніндегідей кластарымызда шыңдалады. Өзіміздің педагогикалық еңбегімізге біз өз Отанымыздың қуатын одан әрі гүлдендіру тұрғысынан қарауға тиіспіз. Біздің жадымызда бәрі де: күлкі де, қатыгездік те, ұстамдылық та, қарапайымдылық та, киген киіміміз де, біліміміз де, сергектік те, адалдық та, интеллектілік те, мейірімділік те, өмірге деген сүйіспеншілік те өріліп тұруы тиіс».

Мұғалімнің өз білімін көтеруіне мектепте қолайлы жағдай туғызылуы керек. Ең бастысы мұғалімнің бұған деген өзіндік құлшынысы қажет.

Мәжіліс депутаты Д. Назарбаеваның жоғарғы мінберден «...мұғалімдерді қағазбастылықтан арылтуымыз керек...» деген ұсынысы мұғалімдер қауымын бір серпілтіп тастағаны сөзсіз. Соның ішінде, еңбектерінің нәтижесі онша көріне бермейтін, алғыстан көрі сөгісті көбірек еститін директордың тәрбие ісі бойынша орынбасарларының, сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің мәртебелерін көтеріп, еңбектерін ынталандырып отырғанымыз дұрыс. Олар мектеп пен ата-ананың арасындағы үйлестірушілер емес пе? Соңғы жылдардағы сынып жетекшілерге арналған білім жетілдіру курстарының қысқарып қалғандығы педагогтар қауымы арасында үлкен алаңдаушылық туғызуда. Тәрбие – қоғамдық іс, оның нәтижесі – қоғамның болашағы. «Илеп отырған теріміздің» әрқайсымызға тиісті пұшпағын бар өнерімізді салып иін қандырып шығаруға, сапасын арттыруға күш салуымыз керек.

Халық ақыны Мұзафар Әлімбаев айтқандай: «Шәкіртке ұстаз болу - ірілік, ұстазға ұстаз болу - ұлылық». Сондықтан да, халық арасында «ұстаздардың ұстазы» атағына кір келтірмей, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру бағытындағы тың ізденістер мен шығармашылық істердің басы-қасында болып, «Ұстаздар ұстаханасы» аталған педагог қызметкерлер біліктілігін арттыру институтының туын әрдайым жоғары ұстау - әрқайсымыздың қызметтік міндетіміз ғана емес, азаматтық борышымыз деп есептеймін.



Әдебиеттер

  1. ҚР «Білім туралы» Заңы. Алматы, 2007

  2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  3. ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Астана, 2010

  4. Б. Иманбекова..Алматы, 2003

  5. Демеуова М.Е., Аратай Л.Б., Ахметова А.И. Проблемы социализации личности школьника в условиях перехода на 12-летнее обучение. Алматы, 2007.

  6. Мудрик А.В. Социализация личности. М., 2005

  7. Тайтанова Н.К. Педагогические условия развития профессиональной культуры классного руководителя через систему повышения квалификации. Воспитание школьника / Оқушы тәрбиесі. №3, 2010


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ТИІМДІ БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
БІЛІМ БЕРУ МЕН БІЛІМ АЛУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛ - ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫ ХИМИЯ САБАҒЫНДАҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ,

БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ
Адиева Г. У.(Ақтөбе)
Балаға күштеп білім беруден гөрі,

баланың білімге деген құштарлығын

ояту ең маңызды мақсат. К.Д.Ушинский
Қазіргі заман білім мен ғылым заманы. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры. Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты әдістердің бірі - Кембридж тәсілі болып табылады. Ал қоғам алдындағы міндетті, жауапкершілікті атқаратын ұстаз қауымы. Ұстаз, шәкірт, мектеп – бір-бірінен ажыратуға болмайтын атаулар. Жеке тұлға – адам болып қалыптасу үшін баспалдақтан өту керек, терең білім алуы үшін қарапайымнан күрделіге дейін қанша саты болса, сонша сатыдан көтерілуі керек, бұл үшін мұғалім шеберлігі қажет. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім мен жақсы тәрбие алған шәкіртінде.

Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті [1]. Соған сәйкес мен де өткізген сабақтарымда «Диалог» әдісін барынша пайдаланып, оқушылардың оқуларына ықпал етуді мақсат етіп қойдым.

«Диалогтік оқытудың тиімділігі оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіре алады, басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінуіне көмектеседі, оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі, мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушыларының қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі» [1] дегендей, міне осы кезде диалогтік оқытудың артықшылығын анық байқадым. Кейін тапсырмаларды қалай түсініп орындағанын басқа топ мүшелерін таныстырып, өз жұмыстары бойынша қорытынды жасады, ақпараттарымен алмасты.Сондай-ақ бұл әдіс арқылы мен оқушыларды бірлікте жұмыс жасауға үйреттім және оқушы бойында жауапкершілік сезімін ұялаттым.

Өз тәжірибемдегі сабақтарда диалогтік оқыту әдісін пайдаланғанда байқағаным, оқушылар өз ойларын ашық айтуға, бір-бірімен пірталас тудыруға, заңдылықтарды өмірмен байланыстыра отырып айтып, тіл байлығын дамытуға тырысты.

Диалогтік оқыту әдістері арқылы мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы жаңа ынтымақтастық жолдарын табу, дарынды және үлгерімі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдері арқылы, яғни сабақтың мақсатын сабақта игертіп, үйде дамыту үшін қосымша материалдар мен тиімді көрнекіліктер табу арқылы білімді сапалы биікке көтеруге мүмкіндік беретініне көзім жетті.

Диалогтық оқыту тәсілі ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Топпен жұмыс жасау арқылы тұйық балалардың да тапсырманы талқылауға еркін араласа бастағанын аңғарып жүрмін. Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту мақсатында шығармашылық тапсырмалар да орындатамын. Жұппен, топпен әңгімелесу тәсілін қолдану барысында оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс орнайды. Оқушыға проблемалық сұрақтар қоя отырып, олардың терең ойлауына, ойын еркін әрі ашық жеткізе алуына мүмкіндік беремін. Осындай жүйелі жұмыстар оқушылардың арасында кішкентай дарындардың шығуына да жол ашады.

Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді. Жаңашыл іс-әрекетке жетелейді. Сондықтан, Кембридждік оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгеруде “Педагогикалық шеберлік орталығымен” порталға шығып, байланысты үзбеуге тырысамын. Инновациялық оқыту – сапалы білім берудің кепілі екені рас.Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты.

Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолдану тиімді. Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады.

Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.

Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр.Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы:талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім.

Сабақтарымда оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, әр сабақтың тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақтар, сұрақ - жауап, тексеру сұрақтарын дайындадым. Химияда негізгі ереже – химиялық формулалар мен химиялық реакциялар. Химиялық тілде сөйлеуге дағдыландыру, формулаларды сөйлету.

Оқушылар өз сабақтарында тақырыпта не оқылатынын, нені білу керектігін, ненің маңыздылығын түсініп сезінеді.

Oқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі - топтарға берілген ортақ проблемалар арқылы түйінді шешімге келетіні анықталды. Мысалы, атом-молекулалық ілім теориясы, одан шығатын тұжырымдамалар туралы тапсырмаларды шешуде оқушылар ұжыммен өзара кеңесіп, талдап, талқылап ортақ шешімге келіп, түсіндірді. Кластеpге түсіріп, тақырыптарын қорғады.

Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы.

- Моль деген не?

- Молярлық масса деген не?

- Авогадро саны деген не?

Қайта бағыттау сұрақтары: сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау. Мәселен: жоғарыда аталған сұрақтарға жауап беруге кім көмектеседі?

- деген сұрақтарға жауап алған соң ғана, осы тақырыптардың есептерін шығара бастадық, себебі, сұрақ қойып - жауап беру арқылы оқушылар формуланың шартын түсіне алады. Содан кейін есеп шығаруға емін-еркін кіріседі.

Оқушының оқуын сұрақтарға берген жауаптар негізінде бағалау мүмкін болды. Себебі, кейбір оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып, есеп шығару мүмкіндігіне ие болса, кейбір оқушылардың сұраққа жауап бергеніне риза болуға тура келеді. Қабілеті әр түрлі оқушылар үшін сұрақтарды шектеп отырдым. Балаларды барынша мұқият оқыту үшін сұрақтар қою техникасын анықтадым.

Балалардың ойлау қабілетін барынша жоғары деңгейде дамыту үшін сұрауды қолдануға қатысты менің түсінігімде болған өзгерістер:

- бірден көп сұрақ қоймау.

- оқушыларға ойлауға уақыт беру.

- орынсыз сұрақтар қоймау.

- ойлауды дамыту үшін проблемалық сұрақтар пайдалану.

- оқушылардың жауап беру ниетін басатын сұрақтарды қоймау.

- оқушылардың алдыңғы жауаптарына сай сұрақтар құрастыру.Балалардың әрбір сабақтағы іс - әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым - қатынас өте қажет.

Сабақтарымда ЖИГСО әдісін қолдану кезінде диалогтік оқыту әдісі жақсы жүзеге асып отырды. Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсады, ынталанды, ойларын бөлісті, пікірлеседі, білімді бірлесіп алды, өз білімін толықтырды. Пікір алмасу оқушылар арасында диалог жүргізу арқылы жүзеге асып отырды.

Мәселен, 8 сыныпта «Химиялық элементтердің валенттілігі» тақырыбын өткенде оқушылар өздеріне үлестірілген ресурстардағы мәлімет жинау үшін диалог арқылы өзара әрекеттесіп, әңгімелесіп бір - біріне өздерінің ой - пікірлерін білдіреді. Тапсырма орындауда топтық әңгімеде оқушылардың әрқайсысы диалогқа түсті өз идеяларын, шешімдерін ұсынды, ауызша, жазбаша дәлелдеді, дұрыс пікірді құптап келісімге келді. Оқушылар өзара әрекетпен нәтижеге жету мақсатында пікір алмасып өздерінің күш жігерін жұмсады. Мұндай тапсырмалар балалар үшін өте қызықты болды.

Оқушылар сабақта жауап беруде дәлелдемелерді ауызша баяндап формулаларды жазады, талдау кезінде жіберген қателерін өзара әрекетпен түзетеді, іскерлік өзара әрекет дағдылары дамиды.

Білімді беру оңай, ал оқушыны ізденуге үйрету қиынырақ, ізденіс барысында түйінді мәселелерді бекітуде сыни ойлауды, өз қызметіне сынмен қарауды үйрету қажет.

Әр сабақтан кейін оқушының жеткен жетістіктерін айтып мадақтау, қолдау, топ ішінде ізденістеріне табыс әкелгеніне, сәтті орындағандарына өзара баға беріп отырды. Кез келген тапсырмалар орындау кезінде оқушыларға өз пікірлерін білдіріп, талқылау үшін шамалы уақыт беру керек екенін ескердім.

Сұрақ қою арқылы мұғалім:

- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.

- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.

- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.

- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.

- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.

- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.

- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.

(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 41 - бет.)

Мұғалімдер сабақ барысында сауалнама түріндегі кері байланыс әдісін қолданады және сабақ барысында көптеген сұрақтар қояды.

Өткізген сабақтарымда сынып оқушыларының өзара білімін дамыту мақсатында бірлескен сұхбатынан: оқушылар бірін – бірі оқытады, пікірлеседі, ой бөліседі, әңгімелеседі.Бұның бәрі де диалогтық оқыту әдістері негізінде жүзеге асып отырады. Оқушылардың тілдік қорын молайтуға, білім деңгейін көрсете алуына, білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізеді.

Жаңаша ізденіс, жаңаша көзқарас жалғасын тауып, ел ертеңі келешек ұрпақтың білім алудағы жетістікке жету жолында нәтижелі еңбек ететініме сенімдімін.



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІГІНЕН БІЛІМ АЛУЫН ҚОЛДАУ, ЫНТАЛАНДЫРУ БАҒЫТТАРЫ
Айтжанова Г.Е. (Қызылорда)
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев 
Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу білім реформасын жүзеге асыру алғышартта тұрғаны баршамызға аян.

Егеменді Қазақстанның болашақ потенциалын оқытып – тәрбиелейтін мұғалім – шығармашыл, жан-жақты білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби шебер, ізденімпаз, ғылыми зерттеуші болса, онда жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.

Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалары:

Баланы оқи білуге үйрету;

Баланы ойлауға үйрету;

Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау;

Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті – оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Ол үшін не істеу қажет? Әрине көптеген технологиялардың ішінен өзіңе тиімдісін таңдап алып, сол бойынша жүйелі жұмыс жасау керек.

Мен 2010-2011 оқу жылында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша курсын оқып үйрендім. Бірнеше жыл істеген іс-тәжірибемді жүйелей келе, жаңа өмір талабына сай берілген СТО жобасындағы стратегиялар екеніне өз сабақтарымда қолдана бастағанымда көзім жетті. Сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану арқылы олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.. Бұл жоба – оқушылардың сапалы шешім қабылдауға, жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, шығармашылыққа баулуда, өз ойын еркін, жүйелі жеткізе білуге, дұрыс шешімдер табуға ат салысатын бірден-бір технология. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі шығармашылық апталықтар, оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап,дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынады. Шығармашылық сабақтың мақсаты- оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады.Міне аз уақыттың өзінде осы әдістердің мәні зор, оқушы үшін тиімді екендігіне көзім жете бастады.Әсіресе, табиғатынан тұйық өз ойын жеткізе алмайтын. өздеріне сенімсіздеу оқушылар ашыла бастады. Олар өз ойларын ортаға салып, менің ойымша деген пікір туа бастады.Мысалы, оны өзімнің сабақтарымда көзім жеткені, оқушыларым:

-еркін ойлауға мүмкіндік алады;

-ақыл-ойын дамытады;

-шығармашылық белсенділігі артады;

-ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді;

-тіл байлығы жетіледі;

-жан-жақты ізденеді;

-өз бетімен қосымша деректер жинайды;

Дағдыға айналған оқушылардың сабақта игерген білімдерін тек оқулық көлемінде емес, қосымша әрекеттер арқылы өз бетінше жұмыс істеуге баулимын. Өзімнің іс-тәжірибемде түрлі педагогикалық оқулықтарды, конференция, баспасөз арқылы жиі жетілдіріп отырамын. Кімді үйретемін? Қалай үйретемін? Неге үйретемін?

Осы үш сұраққа жауап тапқан кезде ғана оқушылар ізденіспен шұғылданса, мұғалімнің іс-әрекеті ғылыми негізге бағыт ала бастайды деп ойлаймын. Менің байқағаным, оқушылардың көбіне тек баға алу үшін ғана оқитыны, олардың жазғанын тек мұғалім ғана оқитыны.

Осы олқылықты жою үшін сабақта «шығармашылық минуттарына» уақыт бөлдім. Жұмыстың бастапқы түрі сурет салудан басталды. Содан кейін сол суреттерді сөйлетіп, қиялға ерік берілді. Олар суреттерді сөйлетіп, өздерінің салғандарын бір-бірімен алмастырып, өз пікірлерін білдіріп жатты.

Балалар шығарма мен эссені, кейіпкерге хат жазуда аса құштарлықпен жазады, себебі онда оқиғаларға, құбылыстарға, әрекеттерге өз бағасын беру, өз пікірін қосу олар үшін қызықты болды деп ойлаймын.

Әрі қарай қиял-ғажайып патшалығына саяхатқа шығу үшін қаламдарын ұштау болды.Ертегі, мысал, өлең, жұмбақ- бұл да шығарманың туыстары.Армандары мен қиялдардың еркін самғар тұстары, міне осыларда!Сергіту сәттерінде де әр түрлі заттар мен құбылыстардың бейнесін өздері ізденіп жасайды.



Қызықты ойынханада да тапсырмаларды көбіне оқушылар өздері дайындайды. Жұмбақ, сөзжұмбақтар, ребустар құру олардың асыға оқу, басқаның пікірін тыңдау сәттері ұнайды. Олар бір-бірінің не жазғанын, қалай жазғанын білгісі келеді, тіпті бүгін кім жақсы жазып келер екен, ішіндегі ең жақсы жазу, бәлкім, менікі болар деген ойлар арқылы олардың сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. Жазғандарын оқи отырып, бір-біріне деген пікірлерін айтқан кезде оларды кәдімгідей сыншылар екен деп те қаласың. Яғни оқушыларда сыни ойлау,сыни көзқарастар қалыптасты.

Осы бағдарламаны білгеннен бері оқушылардың жазу қабілетін, шығармашылығын зерттеп келемін. Менің ойымша, мұғалім үшін де, оқушы үшін де жақсысы –жазба жұмысы. Себебі ойлау процесі жазу кезінде көрінеді. Жазу-көрікті ойлардың жемісі. Жазып жатқан адам әр кезде белсенді. Ол әрдайым өзіндік ойлайды да, өзінде бар білімнің барлығын қолдана алады. Ол өзінің айтқандарын нақтылай түсу үшін дұрыс дәлелдер келтіре алады.

Қазақ тілі сабағында бес жолды өлең құрау, ережелерге дәлел, мысал болатын және дайын жаттығуларды көшірмей ережеге қатысты сөйлемдер құрату, тақырып мазмұнына қарай сауаттылық ашатын хаттар жазу, пирамида, болжау әдістері бойынша мәтіндер құрауға дағдылана бастады. Өзбетінше жұмыстану үстінде, ізденіспен шұғылданып, онда деректердің өзекті деген жерлерін өз жұмысында пайдалана біледі. Өз істеген жұмысы арқылы тұжырымға келіп, өзіндік пікір туады. Ол пікірді айта білу керек және оны дәлелдеп үйрену қажет. Сондықтан мұндай жұмыстардың өзінше ерекшелігі бар. Оқушы, бірінші жеке ізденіспен айналысса, сонан кейін жұптасып ортақ шешім іздейді. Ал қорытындылау кезегінде топтық жұмыс арқылы ортақ пікірге келіп, оны қатысушылармен бөлісумен қатар нақты жүйе жасап үйренеді. Ізденіспен жұмыс істей үйренген оқушы шығармашылыққа қадам басса, мұғалім өз жұмысын ғылыми бағытқа бұрып, екі тұлғада барлық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға жол ашылады.

Оған дәлел, ана тілі сабағында С.Сегізбайұлының «Құмырсқалар» мәтінін өткенде «Зерттеу» әдісі бойынша оқушыларға құмырсқалар туралы мәлімет жинақтауға тапсырма берілді. Оқушылар құмырсқаның тіршілік әрекеті, құдіреті (сыртқы жаудан қорғау үшін илеулерінің кіре берісін өз денелерімен қымтап, жан тапсыратыны) , одан алынатын дәрі-дәрмектер, пайдасы (топырақ түзілу үрдісіне қатысатыны, 10 миллион түрі бар,Қытайда құмырсқа кәсіпшілігі кең тарағаны), табиғат тазалықшылары, тіпті мінез-құлқы және де олардың ұйықтамайтыны туралы өз кітапшаларына жазып келген. Дүниетану сабағында «Жануарлардың сан алуандығы. Орамжапырақ көбелегі. Бал арасы» мәтіні бойынша Венн диаграммасы арқылы орамжапырақ көбелегі мен бал арасының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындау, «Неге бал арасын –еңбекқор жәндік деп атайды?» деген тақырыпта тапсырма бердім.


Бал арасы

Осы бір кішкентай бал арасы қаншалықты бал тасуы мүмкін. Өйткені бір омартадан ондаған килограмм бал алынады. Бір килограмм балға айналатын гүл шырынын жинау үшін бал арасы 300 мың км-дей ұшып, сол кезде 19 млн. гүлге қонуы керек. Ал бірнеше кг бал жинау үшін миллиондаған км қашықтыққа ұшады деген сөз.

Жұмысшы ара небәрі 30 – 35 күн ғана өмір сүреді екен. Алайда, бал арасының еңбекқорлығы бекерден – бекер мақалға айналмаған: өйткені, бір бал арасы сағатына 6,5 км жылдамдықпен ұшып, бір жұмыс күнінің ішінде шамамен 7000 гүлге қонады екен. Оның барлық органдары гүлдеген өсімдіктерден шырын жинауға бейімделген: артқы аяқтарындағы арнайы щеткалары мен себетшелері арқылы тозаң жинайды әрі оны тасымалдайды. Ұзын тұмсығымен гүл шырынын сорады,жемсауында гүл шырыны балға айналады, тіпті тапқан шырынды өсімдіктерін біріне – бірі хабарлайтын күрделі хабарлауыш жүйесі де бар. Жұмысшы аралардың қызметтері қатаң ажыратылған: біреулері тамақ тауып ұяға алып келеді, екіншілері оны алып балауызға құяды, үшіншілері балауызды тазартады, төртіншілері қанаттарымен ұяны желдетеді. Бесіншілері «күзетшілік» қызметін атқарып, ұяның есігін бағады және жауларын ішке кіргізбейді. Ал алтыншылары лечинкаларды тамақтандырады.Аналық аралар ешқандай жұмыс жасамайды екен, олар тек өздерінің күтімімен ғана болады және соны басқа аралардан да талап етеді екен. Міне, қызық! Ара бір ғана рет шағады екен. Өйткені оның құйрығындағы шаншары адамның денесінде қалып қояды да, шаншарынан айырылған ара көп кешікпей өледі екен.

Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – СТО технологиясының негізі. Бүгінде жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой толғау, суреттей алу, еске түсіру,болжау оқушыны жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып, оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады.

Ұстаз баланың білім алуына емес,жанама ықпал ету арқылы ғана оқытуды ұйымдастырған жағдайда ғана сабақ нәтижесі жоғары болып, жаңа жүйе өз маңызын жоғалтпайды. Сонымен бірге мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Яғни, сабақта қарастырғалы отырған мәселе жайлы оқушы не білетінін айқындаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, «Топтау»әдісін қолдануға болады. Тақырып бойынша жұмыс жүргізуіне «ЖИГСО-1», «ЖИГСО-2», «Жан-жақты сұрақ қою», «Әлемді шарлау»,»Автордың орындығы», «Әр қалыпты жазу (РАФТ)», «Торлы талқылау»,»Зерттеу» т.б. Осы әдістермен өтілген сабақтарда қазіргі қоғамның басты талабы болып есептелетін шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды сапалы жүргізуге мүмкіндік бар. Алғашқыда дайын білім алуға тырысатын балалар енді жаңалық ашуға, өз қолымен ізденіп өнім жасауға ұмтылыс байқатады. Дүниетану сабағында «Кітап қайдан шықты?»тақырыбы бойынша «кубизм» стратегиясын қолданып өткіздім. Текшенің 6 қырына сәйкес мынадай тапсырмалар болды. Мағынаны тану кезеңінде:

1. Суреттеу-кітаптың түр-түсі, келісіп алып өздеріне ұнаған кітаптың суретін салу.

2. Салыстыру-ұқсастығы, ерекшелігі, жақсы-жаман жағын салыстыра отырып айту.

3. Талдау - қалай істелгенін, неден жасалғанын, ол үшін қандай жұмыстар жүргізу керек екенін айту.

4. Қолдану - қалай қолданатынын, нәтижесі қандай болатынын көрсету.

5. Зерттеу - қашан, қандай жерде алғашқы кітаптар қай ғасырда шықты, үйде кітап туралы зерттеп келу.

6. Таңдау - қандай кітапты оқыдыңдар,қалай таңдау керек жөнінде жарнама жасау.

Әр топтан бір оқушы шығып авторлық орындыққа отырып қорғады.

Ой толғаныс кезеңінде: 1-топ Бес жолды өлең; 2-топ Кітапты күтіп ұстау ережесін құрастыру; 3-топ Кітап туралы мақал құрастыру; Нәтижесінде кітап туралы оқушылар құрастырған мақалдар:

Кітапта білім Білімде үйің бар

Кітап оқыған озады, Кітап оқымаған азады.

Кітаптан есті бала ес алады Ес алған бала сабағынан бес алады т.с.с.

Қорыта айтқанда, оқытуда ұтымды әдістерді пайдалану арқылы, баланың білімге ынтасы артты. Таным- білім көкжиегін кеңейте бастады. Белсенді ойлаушы, ізденімпаз шәкіртке айналды. Оқушы тек белгілі мәліметті қабылдаушы емес, сонымен терең ой иесі, тұлға екенін сезініп ойланып, өз ойын дәлелдей алатын жан-жақты ой-өрісін, көзқарасын дамытушы жеке тұлға екенін ескеру қажет.

Бұл жүйенің шешімін табу барысында мұғалім мен оқушы әрдайым бірге жұмыс жасап, ынтымақтастыққа жол ашады. Алғашында мұғалім өзі үйреніп, әр түрлі әдістерді игеріп, алдыңғы қатарлы педагогтардың тәжірибесін, теориясын меңгеруі тиісті. Содан кейін оқушыға бағыт-бағдар беріп үйретумен қатар, әріптестерімен бөліседі, үйретеді, үйрете отырып үйренеді. Осы жұмыстың нәтижесінде :

-Оқушылар басқалармен қатынас жасай біледі;

-Кез келген жауапқа сыйластықпен қарайды;

-Өз ойын топ алдында ашық айта алады;

-Оны нақты дәлелмен қорғай алады;;

Білімді өз бетінше меңгеруге, ізденуге үйренеді;;

-Ең бастысы сабаққа деген қызығушылығы артады;

-Белсенді, жауапкершілікпен қарайды.

Әр сабағымда басты тұлға оқушы екенін мен тек бағыттаушы болатынымды естен шығармауға тырысамын. Олар менің сабағымнан өз беттерімен шешім қабылдауды, тез қарым-қатынас жасауды,кез-келген мәселені шешуге тырысады. Осындай жұмыстың нәтижесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Мұғалімнің басшылығымен әр түрлі тапсырмаларлы шеше отырып, қарапайым теориялық білімдерді меңгере бастайды.Осылайша оқу әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялық білім,оқушының қажеттілігіне айналады.Ал қажеттіліктерді өтеу мотивтермеен байланысты. Тапсырманы табысты орындап шығуға басшылық ететін ынта-ықыласы,ішкі түрткілер пайда болады. Оны шешу үшін мұғалім мен оқушы ынтымақтасып, бірлесіп үлкен жұмыс жасаулары қажет.



Әдебиеттер

1. А.С. Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993.

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

3. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

4. Б.А.Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет

5. Қ.М.Нағымжанова. Инновациялы-креативті технологиялар//Өскемен Медиа Альянс.-2005 



6. Дүсенбаев С. Жаңа педагогикалық технология – Бастауыш мектепте // Бастауыш мектеп.-2003-№9. 

7. Ибрагимова Г. Оқытуда жаңа әдістерді пайдалану// Бастауыш мектеп. – 2001, №6. 

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Алимбаева Г.Д. (Ақтөбе)
Бүгінгі Қазақстанның білім кеңістігіндегі көптеген өзгерістер ақпараттық технологияның жедел дамуына байланысты. Бұл процесс қазақ тілі мен әдебиеті пәнін де орыс мектептерінде жүргізудің талаптарын өзгертуге жол салады. Сабақты жаңаша жүргізудің негізгі мақсаты – жылдам өзгеріп жатқан әлемде өмірлік жағдайларда өзіне сенімді болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, алған білімдерін қолдануға үйретуді қамтиды.

Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытып үйрету қиын да, күрделі жұмыс. Мемлекеттік тілді орыс мектептерінде оқытуда оқушыларды қазақша дұрыс сөйлеуге, оқуға, сауатты жазуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйрету, ойлау қабілетін дамыту, ойын қазақша жеткізе алатындай болуы көзделеді. Қазақ тілінің асыл мұрасы - сөз байлығын, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту, тілімізді қадірлеп, қастерлеуге шақыра білу - педагогтардың басты міндеті. Басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту әдістемесі оқушының ана тілінің ерекшелігін ескере отырып, оны үйретудің әр түрлі жаңаша тиімді жолдарын көрсету қажеті. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады.

Сабақта бұл мәселенің шешу жолдарының бірі - әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу. Жеке тұлғаға бағдарланған технология бойынша оқыту мазмұнының әдістері мен тәсілдерін таңдауға төмендегідей талап қойылады: қарым-қатынастық әрекет; шығармашылық әрекет; баланың жеке дамуын қолдау; баланың өзіндік және шығармашылық әрекетін дамыту.

Оқытушы дәстүрлі әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып, жаңа технологияларды ұтымды пайдалана оқыта білсе, оқушының бойындағы тілге деген қызығушылық артары сөзсіз. Бүгінгі күні бізге белгілі мынадай технологияларды №16 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері оқушылардың білім сапасын көтеруде және Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілгендей оқушыларының қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырып, дамытуда қолдануда.

ДОТ - сапалы білім берудің тиімді де ұтымды тәсілі. Деңгейлік технологияны қолданудағы негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Ойын технологиясын сабақта қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, әр баланың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруға, сабаққа зейінін аударып, адамгершілік қасиеттерін, білімге құштарлығын арттыруға қол жеткізуге болады. Соның ішінде грамматикалық ойын түрлері сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау және еркін шығармашылыққа жетелеу, осы пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында жүргізіледі.

М.Жанпейісованың интерактивтік модульдік оқыту технологиясында оқушылардың физиологиялық, қауіпсіздік, сыйластық, сүйіспеншілік, өзін-өзі көрсету сияқты маңызды қажеттіліктер барынша ескерілген. Модуль деген қандай да бір жүйенің дербес бөлігі. МТ бірінші орынға білім-білік дағдысын емес, баланың білім арқылы жеке тұлға ретінде дамуын қояды. Бұл технологияны сабақта қолданғанда мынадай мақсаттар қойылады:


  • Жеке тұлғаның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  • Жеке тұлғаның белсенді тіл қорын дамыту;

  • Жеке тұлғаның танымдық процесін дамыту;

Бұл әдіс оқушылардың теориялық білімді аз уақытта меңгеріп, өз бетінше ізденуіне жол ашады, танымдық, шығармашылық жұмыстарға баулуға мүмкіндік береді. Сабақ барысында ұжымдық оқыту әдісі, топтық технология, тірек сызбалар көрнекілігі, дамыта оқыту технологияларын пайдалану арқылы, мұғалім мен оқушының іс-әрекет, мақсат, міндеттері жүзеге асырылады. Кіріспе бөлімінде тақырыптың құрылысы, мақсат, міндеттері, түрлері жайлы тірек сызбасы бойынша жалпы түсінік беріледі. Ал қорытынды бөлімде оқушы білімі тексеріліп,олардың өз-өзін, бір-бірін бағалау арқылы жауапкершілік, өз-өзіне сын тұрғысынан қарау қасиетін дамытуға жағдай жасауға болады.

Сабақта ақпараттық технологияны пайдалана отырып, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыруды көзделеді.

Жобалау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастырып, оларды зерттеу және жобалау жұмыстарына тартып, белсенділігін арттыруға болады. Нәтижесінде оқушылардың жобаларды дайындау сапасы жоғарылайды, олар өз іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды, тақырыпты ғылыми тұрғыдан талдауды үйренеді, жоба тақырыбы бойынша білімдерін тереңдетеді.

Оқыту технологияларының барлығы да – қазақ тілі сабақтарын тиімді өткізудің көзі. Бұл технологиялардың мақсаты - балаларға сапалы да терең білім беру, олардың дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, еркін сөйлеу дәрежесіне жеткізу.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша мақсатқа жету оқушының өзі арқылы (іс-әрекет арқылы) жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші. Оқушыларға қойылатын талап: Оқы, түсін, түсіндір, болжай біл, талда, салыстыр, жинақта, өзіңе-өзің сын көзбен қара. Сонымен қатар, мақсатқа жету үшін оқушыларға үнемі сұрақ қойып отыру керек. Не? Қалай? Қандай? Не үшін қажет? Өмірде пайдалана аламыз ба? Осы сұрақтар арқылы мұғалім мен оқушы арасында іс-әрекетті анықтауға болады. Өзімнің тәжірибем көрсеткендей, сын тұрғысынан оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады және «үнсіз» оқушылардың ашылуына мүмкіндік жасайды. Сабақ мақсатына орай білім алушыға дайын білімді бермей, оның ізденушілігін оятуға тырысамын, өз бетінше жұмыс жасауды талап етемін. Сабақтарда «ЖИГСО», «Үшеуі қонақта, біреуі үйде», «РАФТ», «Ротация», «Бағытталған оқу», «6 телпек», т.б. стратегиялар тақырыпты меңгеруге жол ашамын. Осы технология стратегияларының оқушылар бойында адамгершілік, тұлғалық қасиеттер қалыптастырудағы атқаратын рөлі маңызды.

Инновациялық технологияларды жүйелі түрде қолдану қажет және ол оқытушының шеберлігіне де байланысты. Бұл технологияны пайдаланудағы ұтарымыз: оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады, танымдық қабілетін арттырады, оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды, оқытушының уақытын үнемдейді, білімдерін тереңдетеді.

Еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне де қазақ тілін үйрету, олардың тілге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың білімділігін қалыптастыру үшін сабақтың жаңа технологиясын іріктеп, оның тиімділігіне көз жеткізу, ұтымды пайдалану мұғалімдердің қолында.

Осы технологияның әдістерін пайдалану оқушылардың тақырыпты жан-жақты меңгеруі, өз ойын еркін жеткізуі үшін өте тиімді деген тұжырымға келдім.



Әдебиеттер

1. Абрашева Қ. «Инновациялық білім беру – нәтижеге жету кепілі», «Мұғалім шеберханасы», № 5, 2012ж.

2. Ниеткалиева Б. «Орыс мектептерінде қазақ тілі сабағында оқушының сөздік қорын байыту тәсілдері», «Әдіскер мұғалім», № 5, 2006ж.

3. Садуақасова Д. «Қазақ тілін сын тұрғысынан оқыту», Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, № 9, 2006 ж.

4. Сардарқызы Ж. «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы инновациялық тәсілдер», Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, №10, 2003 ж.

5. «Мұғалімге арналған нұсқаулық».Үшінші (негізгі) деңгей

6. Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013ж.

ПРИМЕНЕНИЕ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ИДЕЙ СЕМИ МОДУЛЕЙ КЕМБРИДЖСКОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ
Аргинбаева С.Н. (Актобе)
«Только то обучение в детском

возрасте хорошо, которое забегает

вперед развития и ведет развитие за собой…»

Л.С.Выготский
В Послании Президента народу Казахстана «К конкурентоспособному Казахстану, конкурентоспособной экономике, конкурентоспособной нации!» образование выделено как один из главных разделов социальной политики государства. «Конкурентоспособность нации, в первую очередь, определяется уровнем ее образованности»,- отмечается в Послании. Таким образом, видим, что сегодня, как никогда, образование находится в центре внимания казахстанской общественности. В контексте принятой Концепции Республики Казахстан до 2015 года особое внимание уделяется качеству образования как обеспечению социального заказа общества, как социально определенной категории.

Система современного образования не активизирует в достаточной степени внутренние мотивы учения. Она диктует учащимся свои условия и не оставляет места и времени для его вопросов. В результате школьник перестает задавать их, теряет интерес к обучению.

Поэтому взяв за основу идеи семи модулей ,на своих уроках русского языка в 9-ом классе, включающие в себя: саморегуляцию учащихся, знания и умения целеполагания, планирования, анализа, рефлексии, самооценка учебно-познавательной деятельности, диалогический подход, создание коллаборативной среды в классе и обеспечивающее все это посредством использования информационно- коммуникационных технологий.

В рамках курса Программы кембриджского обучения запланирована практическая деятельность основная задача программы- это помочь учителям работающим в казахстанских школах оценивать и усовершенствовать их педагогическую практику задача практической работы состоит во внедрении семи модулей программы в деятельность учителя. В ходе практики, проведенной в средней школе №37, где я работаю несколько месяцев учителем русского языка и литературы, была проведена серия практических уроков по внедрению идеи семи модулей. Мною были проведены серии последовательных уроков по русскому языку: 1. Урок на тему: «Сложносочиненные предложения с противительными союзами», 2. Урок: «Сложносочиненные предложения с соединительными союзами», 3. Урок: «Сложносочиненные предложения с разделительными союзами», 4. Урок : «Сложносочиненные предложения. Урок – повторение»

Приступая к анализу серии последовательных уроков, хочется обратить внимание на возрастные особенности учащихся 14-15 лет. Важность данного периода в жизни человека объясняется, тем что в это время у них закладываются основы моральных и социальных установок личности. Почему мы говорим, что это трудный возраст? Изменения в этом возрасте сопровождаются:

А) Субъективными трудностями подростка (внутренние переживания, сумятица, физиологические трудности).

Б) Трудности для родителей и педагогов в воспитании подростков (упрямство, грубость, раздражительность и др.)

Психологи называют этот возраст – «время 5 НЕ»:

Не хотят учиться.

Не хотят слушать советов.

Не убирают за собой.

Не делают домашние дела.

Не приходят вовремя.

Главная потребность этого возраста-потребность в общении со сверстниками. Общение – это познание себя через других, поиск самого себя, внимание к своей внутренней жизни, самоутверждение личности. Происходит снижение мотивации к обучению. Подростки исключительно бурно и непосредственно выражают свои эмоции, часто бывают исключительно несдержанны.

Планируя серию последовательных уроков, я опиралась на вышеизложенное, постоянно имела в виду особенности подростковой психологии. Итак, при подготовке и проведении серии последовательных уроков я использовала все идеи семи модулей Программы курсов повышения квалификации педагогических работников Республики Казахстан: новые подходы в преподавании и обучении, обучение критическому мышлению, оценивание для обучения и оценивание обучения, использование ИКТ в преподавание и обучение в соответствие с возрастными особенностями учеников, управление и лидерство в обучении.

Для реализации идей семи модулей я поставила следующие цели:

1.В процессе выполнения определенных заданий закрепить теоретические знания, полученные в процессе обучения, а также усовершенствовать профессиональные умения и навыки в построении конструктивного взаимодействия с учащимися, в написании практических материалов и проведении учебных занятий.

2.При планировании уроков учитывать особенности учащихся, использовать в своей деятельности идеи семи модулей; приветствуется самостоятельность учащихся и личное желание самосовершенствоваться и самовыражаться. Речь учителя должна быть адаптирована к восприятию учащихся. Нужно учитывать возраст и уровень развития обучаемых, потому что иначе между учителем и классом просто возникает барьер, и соответственно, плодотворного взаимодействия не получится. Уроки должны быть интересными, богатыми и доступными.

Для достижения вышеизложенных целей поставила перед собой следующие задачи:

1.выбрать тактику коммуникативного поведения.

2.Формировать умения по организации продуктивного взаимодействия с классом на уроке (умение самопрезентации, сотрудничества, диалогового общения, партнерство).

3.Проанализировать свои личностные и профессиональные способности и возможности.

Хочется отметить, что на протяжении уроков преобладало дружественное общение учителя с учениками на основе увлеченности в совместной деятельности, единое деловое и личностное общение и достижение единой цели и решения единых задач.

Большую роль играла интонация – речь в большинстве случаев была спокойная, выразительная, четкая, так как в своем общении с учениками я старалась максимально устранить коммуникативные речевые барьеры в своем поведении. Избегала слов – паразитов (вот, ну, так сказать), лексической бедности. Старалась акцентировать более сложные слова, фразы, подчиняя им менее важные.

Во взаимодействии преобладали побуждающие силы – постоянно внушала веру в силы и способности учащихся, независимо от их успеваемости и, ставя конкретную цель перед учащимися – предугадывали долгожданный результат и полезность выполнения данного задания.

В ходе практики я применяла такие приемы и методы, как – активизация познавательной деятельности учащихся с помощью дополнительных материалов: презентации, наглядно-иллюстрационного материала, дополнительных творческих заданий на дом (составление таблицы, рассказа).

Опыт взаимодействия удался, так как в своей работе я не настаивала на своих идеях, а лишь направляла в нужную сторону и давала возможность проявит себя в деле каждому из учащихся. Общалась с ними на « на равных», предлагала материал, учащиеся дополняли, и мы приходили к определенному положительному результату. Такая ориентация позволяла ученикам понять и оценить все, что происходит на уроке, осознать свое место в коллективной деятельности. При организации деятельности совместно распределялись задания.

Главное на своих уроках я старалась создавать особую атмосферуобщения совместной деятельности, что и позволяло на каждом уроке достигать требуемых результатов.



Литература

1.Послание Президента Республики Казахстан - Лидера Нации Н.А.Назарбаева Народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»

2.Руководство для учителя, 2012.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Арыстанбекова Қ. (Қызылорда)
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі ұлттық сананың қалыптасуы. Шетел тілін оқытудың біртұтас оқу-әдістемелік жұйесі ол оқушының еңбек етуі болып табылады. Тіл дамыту жұмыстары жан - жақты болса, ойының дәлдігі, тілінің көркемдігі артады. Тақырыпты меңгеруге өз күшіне сену қасиеті қалыптасады. Осы тұста ойлау қабылеттерін дамыту мәселелерінің шешімін дұрыс табуда үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың қабылеттері дамып яғни сөйлеу дағдыларын қалыптасады.

Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жорғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. Тіл дамыту жұмыстары жан - жақты болса, ойының дәлдігі, тілінің көркемдігі артады. Тақырыпты меңгеруге өз күшіне сену. Нәтижеге бағытталған білім беруде оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу мәселесі; Көркем әдибет оқу маңыздылығының адам тәрбиесіне тигізетін әсерінің мол екендігіне шек жоқ. Ағылшын тілін оқытуда көркем әдебиет шығармасын түп нұсқа тілінде қолдану сабақ барысы мен жұмысын арттыра түседі.

Мектеп қабырғасында оқушылар жақсы да, жаман да оқиды. Адам бойындағы дарындылықты табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектенуге баулу. Ол үшін мұғалімге жанын аямай еңбек ету қажет. Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналасуға икемді жас деуге толық болады. Осы арада оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни балалық шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырып, «сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой», «өзің де бәрін біліп, үйреніп аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп отырамын. Шығармашылық – бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен өтеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді.

Шығармашылық жұмыстың мақсаты: оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру. Бәсекеге қабілетті білімді оқушы дайындау. Сөзді қорларын дамыту. Аударма тәсілдеріне қарай бейімдеу.

Біздің оқу кітіпханаларымыз әлемдік әдебиетке толы. Сөрелер арасынан Оскарлық түрлі филімдерге негіз болған әдебиеттер көптеп кездеседі. Мысалы: Шекспир, Диккенс, Уайлд, Ш.Бронте, К.Доил, А.Кристи, жаңа буын Т. Викари, Ж. Бассет сынды ұлы тұлғалар туралы және олардың шығармаларына кіріспе ретінде үзді қойылым жасап оқушылардың актерлік қабылеттерін ашуға болады. Мысылы: Ұлы Шекспирге әдеби кеш арнау және оның ұлы шығармасының бірі « Ромео - Джулиетта» үзді көрсетсе, мұнда оқушылапдың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысы қалаптасады, өнерге деген құрмет пен сүйіспеншілік қалаптасады, дамытушылық процесінде жауапкершіліке тәрбиелеу, эстетикалық көзқарасты дамыту және шыңдау, есте сақтау, танымдық дағдысын және ой ұшқырлығын дамыту, актерлік белсенділігі шыңдалады. Мұндай қазынаны интернет жүйесіндегі электрондық кітапханадан табуға болады.

Тіл бейнелігінің бірден - бір көрсеткіші мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, шешендігімен, ықшамдығымен еркшеленеді. Мақал-мәтелдер бойындағы ұлттық бояу әр халықтың әлем бейнесімен тығыз байланысты Ә.Қайдар «Кез-келген этностың тілінде оның басынан өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр» - деген екен. Мақал мәтелдер қандай тіл болмасын сол тілдің көркемдігін, нақышын беретін шұрайы. Сол себепті шет тілінде сөйлеуді меңгеріп қана қоймай сол тілде әдемі, шебер, көркем сөйлей білуіміз керек. Ол үшін түрлі ойын тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың сөйлеу мәнерін түзей аламыз. Мысалы: «Полиглот» ойынын ойнатуға болады.Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға болады.

Better late than never.

East or West, home is best.

All is not gold that glitters.

A cat in gloves catches no mice.

A friend in need is a friend indeed

A good beginning makes a good ending.

Business before pleasure.

Actions speak louder than words

Түпнұсқада көркем әдебиет оқу оқушылардың тілдік білім деңгейін көтеріп қана қоймай оның өмірге көзқарасын кеңейте отырып, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, жақсылы жаманды айыра білуге үйретеді.

Сөйлеу әрқашан алдын ала келісу негізінде жүзеге асады.

Мысалы: Оқытушы оқушылардың белгілі бір нәрсені сұрау алдында оқушылардың бұл тақырыпқа қатысы бар ма, лексикалық қорлары жете ме, оқушы санасына сай ма деген сұрақтарға жауап бере алу қажет.

Бұл жерде оқушы автордың көңіл күйін түсініп, соны бізге ана тілінде толық жеткізіп отыр. Және үлкен шығармашылық жұмыс атқарды деп есептеймін. Бізге қазіргі заманның талабына сай қазақша аудармалар өте қажет. Ал, Роберт Бернсттың классикалық ақын екенін ескерсек ол ешқашан мектеп бағдарламасынан қалмайды.



  1. Ағылшын тілін оқыту процесінде өлеңдермен өрнектеп өткізуде төмендегідей әдістемелік принциптерге бағынышты болуға тиістіміз.

  2. Пайдаланылатын өлең мазмұны жағынан сабақта және сабақтан тыс тілдік материалмен де өмірмен де байланысты болу керек. Сондай ақ олардың мазмұны да өмірмен байланысып, тәрбиелік өнегеге ие болу керек.

  3. Өлеңді текстпен жұмыс істеу оқу процесіне белсенді араласуын қамтамассыз етуге негізделуі тиіс

  4. Жұмыстың бұл түрі сабақтың көп уақытын алмауы керек. Өйткені ол оқушылардың жеңіл ермегіне айналып, көңілін бөліп, оқу материалын меңгеруге кедергі жасайды. Бірақ сабақтан тыс үйірме жұмысының міндетіне айналдырамыз.

  5. Өлеңді текстпен жұмыс істеуді жоспарлағанда кез келген мүмкіндікті пайдаланып, көрнекі құралдарды барынша молайту қажет. Осының бәрін айта отырып, шетел тілін оқыту процесінде қай тәсілмен жұмыс істесек те көрнекі құралды сабақта көп пайдалануымын керек. Сонда ғана сабағымыз әсерлі болып, жандана түседі.

Жалпы өлеңдермен жұмыс жасаудың нәтижесі үлкен. Өйткені ол оқу барысында сезімдік және шығармашылықтың кеңеюіне, сөздік қорының дамуына ең бастысы оқушылардың поэзияға деген қызығушылығының пайда болуына ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстармен үйірме сағаттарында пайдаланса мол нәтижеге қол жеткізуімізге болады.

Ағылшын тілінен үйірме жұмыстар арқылы оқушының ақыл - ойын, олардың танымдық қабілетінің көзін ашу және оның өздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ету, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін ашу және сөйлеу мәдениеттің дамуындағы ролі жайлы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Ағылшын тілінен үйірме жұмыстар деп - шет тілі мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақта ағылшын тіліндегі білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.

1. Мектеп оқушыларының өз бетінше ынта – жігерін арттыру;

2. Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге дағдылау, эстетикалық тәрбие беру;

3. Өз елің және өзге елдің ғұламаларын, дәстүрлерін ұштастыру

Үйірме жұмыстарға оқушының өз қалауымен қатысады.

Яғни жоспар бойынша ұймдастырылған іс-шараларға қатысып, қабырға газетін, альбомдар жасайды. Оқу тематикасы және оны ағылшын тілі сабағында қолдануға ғана жағдайлар жасау емес сабақтан тыс жұмыстардың өзіндегі материалдарды түрлендіріп, эстеикалық талапқа сай етіп қолдануы керек. Жаңаоқу комплексін мұғалім сабақ жоспарын сыныптан тыс жасалуы бойынша белгіленген көлемде іс – тәжірибелік сыныптан тыс жұмыстарды толық ұйымдастырудың толық базасы болып табылады.

Оқу үрдісінде мұғалім оқушыларының бейімділігіне, өзінің шеберлігіне қарай жаңа технологияны үйлестіре білу керек. Ағылшын тілін оқыту кезінде, оқушылар сөйлеуге ұмтылады. Сөйлеуді оқытудың мазмұнының екінші компоненті психологиялық компонент яғни эксприсивті сөйлей алу қабілеттілігімен дағдыланады. Мысалы: белгілі бір мәтінді оқытушыдан есту кезінде репрдукция арқылы іске асады. Психологиялық бағдарламада эксприсивті сөйлеуге мынадай мінездеме бере аламыз.

1. Сөйлеу әрқашан белгілі бір мақсатқа көзделген бұл мінездеме ағылшын тіліндегі экспресивті сөйлеуді жүзеге асыру,сөйлеудің алғашқы сатыларына тән. Сөйлеуге оқыту оқушының «сөйлегісі келу» арманына қатысты болу керек, ол мұғалімге тікелей қатысты мысалы бұл құбылысты жүзеге асыру үшін оқытушы мен оқышының қайырымды қарым қатынасы т.б. Мысалы: оқушы «My favoirite pets» деген тақырыпта қызыға талқылама жасайды. Олар өздерінің сүйікті үй жануарларының суретін, ойыншығын алып келіп, сыныпта әңгіме жүргізе алады.

2. Сөйлеу аудитория үшін арналған және тыңдаушыға бағытталған түрде бола алады. Яғни біз сөйлеу кезінде, сөзімізді белгілі бір адамға бағыттап ойды бөлісіп, дәлелдеп сұрай аламыз. Мысалы, оқушы белгілі бір нәрсені айту кезінде оны сыныпқа немесе өзі қарым қатынас жасап отырған адамға қатыстыруы қажет.

3. Сөйлеу әрқашан эмоционалды боялған түрде бола алады. Яғни сөйлеуші айтып тұрған обьектісіне өзінің сезімін қатысын білдіре алады.

Шет тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым қатынас ситуациялар, мәтіндер, тілдік материалдар: лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық (коммуникативтік) біліктер, оқытылатын шет тілі елінің мәдени, ұлттық ерекшеліктеріне мәліметтер, күнделікті өмірде жиі кездесетін, коммуникативті сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады. Жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілін практиклық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Оқушылардың білімін арттыру, әрі олардың жалпы дүниетанымын кеңейту мақсаты жүзеге асырылады. Осы мақсатпен анықтама әдебиеттерді пайдалану, мәтін мазмұнын өз бетімен түсіне білуге бейімделу және оның кейбір жерлерін түсіндіргенше қысқаша айтып баға беру сияқты әрекеттерге дағдыланудың маңызы зор.

К. Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» дейді. Сондықтан әр мұғалім өз сабағын түрлендірудің, сапасын арттырудың жолдарын іздестіреді және үнемі ізденіс үстінде жүру жақсы нәтижеге жеткізетіні сөзсіз.

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана-2011ж

2. Мектептегі шет тілі. Жур. 2011.№ 3

3. «Атабаев тағылымы» республикалық ғылыми әдістемелік педагокикалық материалдар жиынтығы. Қызылорда, 2011.

4. 12 жылдық оқыту мәселелері Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру жүйенің дамытудың негізгі бағыттары. Астана, 2006 ж

5. Ағылшын тілі мектепте. - №6, 2010 ж.



ДИДАКТИЧЕСКИЕ ИГРЫ НА УРОКАХ МАТЕМАТИКИ
Аухинов С.Н. (Актобе)
Увеличение умственной нагрузки на уроках математики заставляют задуматься над тем, как поддержать интерес к изучаемому материалу, их активность на протяжении всего урока. Немаловажную роль здесь отводится дидактическим играм на уроках математики – одному из признанных методов обучения и воспитания, обладающему образовательной, развивающей и воспитывающей функциями, которые действуют в органическом единстве.

Игра - творчество детей. Игра - труд. В процессе игры у детей вырабатывается привычка сосредоточиваться, мыслить самостоятельно, развивается внимание стремление к знаниям. Увлекшись, дети не замечают, что учатся, познают, запоминают новое, ориентируются в необычных ситуациях. Пополняют запас представлений, понятий, развивают фантазию. Даже самые пассивные из учащихся включаются в игру с огромным желанием прилагая усилия, чтобы не подвести одноклассников по игре. Дидактические игры очень хорошо уживаются с «серьезным» учением. Мы не считаем, что использование игровых ситуаций на уроке дает возможность учащимся овладевать математикой «легко и счастливо». Легких путей в науке нет. Но мы считаем необходимым использовать все возможности для того чтобы дети учились с интересом, чтобы большинство подростков испытали и осознали притягательные стороны математики, ее возможности в совершенствовании умственных способностей, в преодолении трудностей.

Наиболее существенным для учителей математики, на наш взгляд являются следующие вопросы: а) определение места дидактических игр и игровых ситуаций в системе других видов деятельности на уроке.

б) Целесообразное использование их на разных этапах изучения различного по характеру математического материала.

в) разработка методики проведения дидактических игр с учетом дидактических целей урока и уровня подготовленности учащихся.

Игровая форма занятий создается на уроках при помощи игровых приемов и ситуаций, которые выступают как средство побуждения стимулирования учащихся к математической деятельности. Реализация игровых ситуаций и приемов при урочной форме занятий происходит по следующим основным направлениям: дидактическая цель ставится перед учащимися в форме игровой задачи, учебная деятельность учащихся подчиняется правилам игры. Учебный материал используется в качестве средства игры; в учебную деятельность вводится элемент соревнования который переводит дидактическую задачу в игровую; успешность выполнения дидактического задания связывается с игровым результатом.

Возьмем к примеру игру «Морской бой». Даже в этой элементарной игре развивается внимание наблюдательность, сообразительность. В процессе игры учащиеся лучше и быстрее усваивают понятие декартовых систем координат, убеждаются, что положение точки на плоскости определяется с помощью двух ее координат.

Основными структурными компонентами дидактической игры является: игровой замысел, правила игровые действия познавательное содержание или дидактические задачи , оборудование, результат игры.

Игровой замысел – первый структурный компонент игры – выражен, как правило в названии игры. Каждая дидактическая игра имеет правила, которые определяют порядок действий и поведение учащихся в процессе игры, способствующие созданию на уроке рабочей обстановки.

Познавательное содержание знаний и умений, которые применяются при решении задачи заключается в усвоении тех знаний и умений, которые применяются при решении учебной проблемы, поставленной игрой. Оборудование дидактической игры в значительной мере включает в себе оборудование урока.

Сюда также относятся различные средства наглядности таблицы, модели, а также дидактические раздаточный материал. Дидактическая игра имеет определенный результат, который является финалом игры, придает ей законченность. Все структурные элементы дидактической игры взаимосвязаны между собой, и отсутствие основных из них разрушает игру.

Целесообразность использования дидактических игр на различных этапах урока различна. Игровые формы занятий чаще применяют при проверке результатов обучения, выработке навыков, формировании умений.

Существуют так называемые деловые игры, в процессе которых на основе игрового замысла моделируется реальная обстановка, в которой выполняется конкретные действия, выбирается оптимальный вариант решения задачи и имитируется его реализация в практической жизни.

Более общим является определение деловой игры как модели взаимодействия людей в процессе достижения некоторых целей – экономических, производственных, политических. Деловая игра позволяет создавать производственные ситуации, в ходе которых играющему необходимо найти правильную линию поведения оптимальные решения проблемы соответственно реальным обстоятельствам производства, имитированным в игре.

Привожу пример деловой игры по теме «Площади многоугольники» В начале урока я знакомлю учащихся со строительным производством. Очень много новых домов, громадные архитектурные сооружения украшают нашу столицу – Астану. С учетом нового курса Казахстан -2050», начиная с 2013 года обеспечить развитию системы инженерного образования и современных технических специальностей, в своем послании подчеркнул наш президент также рассказываю, о необходимости и нехватке технических работников, специалистов строительных профессий в нашей стране, поэтому знания математики очень нужны при обучении в технических Вузах. На уроке учащиеся выступают в роли строителей, требуется выполнить работу по настилке полов строящего детского сада. Паркетные плитки имеют форму прямоугольных треугольников, параллелограммов, равнобоких трапеций. Первая бригада – столяры, вторая бригада- поставщики, а третья бригада – паркетчики. Побеждает та команда, которая первой выполнит правильный расчет. Для этого надо знать формулы вычисления площадей выше указанных фигур. На первый план выступает математическое содержание работы. Происходит процесс применения знаний на практике. Деловые игры представляют собой непрерывную последовательность учебных действий. Этот процесс условно расчленяется на такие этапы; знакомство с профессией строителя, построение имитационной модели производственного объекта, постановка главной задачи бригадам и выяснение их роли в производстве, решение производственной задачи на основании математических знаний.

Деловая игра «Проектировщик» по теме «Примеры решения задач с помощью движений». В начале урока я сообщаю, что сегодня каждый из вас должен представить себя в роли инженера – проектировщика. Будем строить дороги. Учитель сообщает, что игра будет проходить в несколько этапов. Класс делится на 3 проектных отдела. В каждом проектном отделе разрешается взаимопомощь, консультация. На первом этапе игры происходит изучение каждой командой плана местности, на котором изображены города А и В, река, полотно железной дороги и шоссейных дорог. Для этого каждый ученик перерисовывает план в тетрадь заменяя железную и шоссейную дорогу прямыми линиями, а берега реки – параллельными прямыми. Создается некоторая математическая модель - чертеж к задаче. Решение данной инженерной задачи предъявляет к учащимся определенные требования в отношении знаний: чтобы работать в проектном отделе надо знать математику. Для ускорения изложений решения задач используется слайды, а для объяснения решения задачи из каждой команды вызываются 3-4 ученика. После того, как учащиеся каждой команды выполнят построения в тетрадях происходит защита проектов. В большинстве случаев работу защищает «главный инженер» со своими ассистентами.

Итак, деловые игры следуют использовать при изучении математики. Важное условие эффективности – профессиональная направленность решаемых задач и их проблемность, а также рациональное сочетание коллективных и индивидуальных действий участников игры.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет