Литература
1.«Развитие социального партнерства» – Алматы, 2011.
2.Закономерности,тенденции и противоречия в системе современного образования.Инновации в образовании №4 2012 Воронов В.М.,Письменский Г.И.
3.Запрудский Н.И.Современные школьные технологии. Мн:«СэрВит»,2003
4. Сальникова Т.П. Педагогические технологии: Учебное пособие /М.:ТЦ Сфера, 2005.
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ – КӘСІБИ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ КӨЗІ
Кошербаева Ж.С., Садибекова М.О. (Жамбыл)
Қазіргі таңда егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі[ 1].
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыруда басты нысана – білім сапасы. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор. [ 2]
Соған орай,оқытудың жаңа технологиясы – оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.Сонымен қатар,оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары – өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытуға үлкен үлес қосады. Педагогикалық жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттерін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге және оқытудың мақсатына жетуге тиімді, әрі нақты жол ашады. Болашақ маман иелерінің бойында білімділік, біліктілік, саналылық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіруде, яғни кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда жаңа технологияны қолданудың ролі зор. Сонымен қатар технологияны тиімді пайдалана білу оқытушының шеберлігі мен іскерлігін және кәсіби құзыреттілігін шыңдауға әсерін тигізеді.
Құзыреттілік – кәсіби әрекет тәсілдерді жан – жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оқушының кәсіби мамандық игерде білім алуымен бірге өз білімін жетілдіру, үнемі ізденіспен шығармашылықпен айналыса отырып, кез – келген қиын жағдайларда шешім қабылдай білетін, қойылған мақсатқа жете білетін тұлға қалыптастыру құзыреттіліктің құрамы болып табылады. [3]
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:
Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.
Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.
Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті жатады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы.
Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.
Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады. Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.
Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.
Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми – зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.
Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.
Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. [4]
Әрбір кәсіптік мамандық иелерінің өзін-өзі тануына, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруына қазақ тілі мен әдебиет пәнінің үлкен ықпалы бар. Пәннің тағылымдық мәні, рухани әсер күші, эстетикалық талғамы ұрпақ тәрбиесі үшін айрықша мол. Әдебиет пәнінің тұтас ұлт, жалпы адамзат үшін осындай ерекше ортақ қажеттілігі тұрғысынан келгенде,оған басқа ешбір пән тең келмейтіні аян. Сондықтан ақындардың шығармашылығы бойынша мүмкіндігіне қарай мағлұмат беріп, олардың шығармаларының тарихи мәнін, дәуір тынысын көрсету сипатын аңғарту, сонымен қатар өнерлерімен өзектес болып жатқан өмірлеріндегі өнегелік үлгілерді шәкірт санасына сіңіре білу, құзыреттілікті қалыптастырудағы жұмыс бастауы. Осы орайда жаңа технологиялар сабақты әр түрлі формада өткізуге мүмкіндік береді, пәнді оқытудың тиімділігін арттырады. Пәнді оқытудың тиімділігін арттыру ең алдымен, күнделікті оқу үрдісін жақсартудан, сабақтың сапасын арттырудан туындайды. Педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану – өмір талабы.Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті – білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім.Жаңа нәтижеге бағытталған білім – инновациялық білім. Құзыреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім. [4]
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек .
Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. [5] Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру.Ендеше,осы міндетті орындауда инновациялық технологияны қолдану – өмір талабы.
Әдебиеттер
1.Раджерс Э.Иновация туралы түсінік.-//Қазақстан мектебі, №4,2006.
2. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы
3. М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Әдістемелік нұсқау, 2002 жыл
4. «Қазақстан кәсіпкері» журнал №10, 2010 ж
5. «Қазақстан кәсіпкері» журналы №7, 2008 жыл
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР
Майбасова Ү., Қалмағанбетова Н. (Қарағанды)
Қазіргі кезеңде егеменді еліміздің ертеңі - өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндетінің бірі - өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан - білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивті дәріс оқу барысында, Үкіметке мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің заманауи әдістерін енгізуді тапсырды. «Бұлар- инновациялық білім беру технологиялары- креативті болуы шарт», - деді Н. Назарбаев. Cөз арасында Мемлекет басшысы соңғы жылдары мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны 3,5 есеге артқанын айтты. Ал соңғы 2 жылда мектепке дейінгі мекемелерде балалардың қамтылуы 65 пайызға жеткен. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді. «Балаға 3 жастан бастап білім сіңіре беру және оған ұжым аясында тәрбие беру керек. Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту қажет», - деді Н. Назарбаев.
Егеменді еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- педагогтар еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады.
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау- қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.
Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту, т.б.. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын заманауи педагогикалық әдістердің бірнеше түріне тоқталайық. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда балалардың шығармашылығын дамытуда интербелсенді әдістерді қолдану бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Интербелсенді әдістер тәрбиеленушілердің басқа балалармен, тәрбиешімен диалогқа кірумен, шығармашылық тапсырма орындаумен, оқытудың «субъекті» ретінде сипатталады. Педагогтың ұстанымы ауысады: ол балаларға басшы емес, білім беру іс-әрекетінің тең қатысушысы. Бала тұлғасын әлеуметтендіру үдерісінің ең басында туындайтын интербелсенді оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анықтайды. Интербелсенді әдістер балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін заттық-дамытушы орта құруға мүмкіндік береді.
Еліміздің мектепке дейінгі мекемелері мемлекеттік стандартымызды, ұлттық тәрбиемезді негізге ала отырып, оқу іс-әрекетін жүргізумен қатар, бала тәрбиесіндегі әлемнің көптеген мемлекеттері пайдаланып отырған үздік тәжірибелі италиялық ағартушы-ғалым М.Монтессори әдісімен жұмыс жасауда. Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартында қарастырылған бес білім беру салалары М.Монтессоридің әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастырумен үндес болып келеді.
М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.
Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Педагог әрқашан мейірімді,балаға басшылық ете отырып, бала мен дайындалған дидактикалық орта арасындағы елші болады.
М.Монтессори әдісі ұлттық, діни, мәдениеттілік дәстүрлерін жалпы философиялық тұжырымдамалық тәрбиемен жарастыра біріктіретін, әдістемелік базасы бар мәні бойынша тұтас, ұтқыр эволюцияландырушы авторлық жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені осы кезеңде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытуда Г.С.Альтшуллердің «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын республикамыздың мектепке дейінгі мекемелері қолдануда. Шығармашылықты зерттеген ғалымдардың бірі Г.С.Альтшуллер 50 жылға жуық шығармашылық тұлға іс-әрекеті заңдылығын зерделеумен айналысты.
Кейбір психологтар шығармашылықты былай деп бағалайды: алғырлық, білімпаздық, жүйелілік, түпнұсқалық. Ал тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының мақсаты – ойлау стилін жетілдіру, ереже қылу. Яғни адамның өмірге деген көзқарасынан шығармашылық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді, дамуды қабылдауына байланысты болады.
Мектепке дейінгі балалық шаққа бейімделген ТТШТ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді. Баланың шығармашылық потенциалының тұлға ретінде даму мәселесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы білім мақсатының біріне жатады.Бүгінгі күні осы Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының әдістері арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік құзыреттіліктерін, қабілеттерін дамытудағы маңызды орынды алатыны айқын. ТТШТ әдістерін дұрыс қолданудың арқасында балалардың шығармашылық қиялы, тапқырлығы, диалектикалық ойлауы жетіледі.
Елбасының «Қазақстан -2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында білім-ғылым саласына де ерекше көңіл бөлінді. Елбасы алдағы уақытта осы салаға айрықша назар аударуды, әсіресе оқу-ағарту саласын заманауи әдістемелік жағынан жарақтандырып, толық қамтамасыз етуге тапсырды.
Бүгінгі күні Қазақстанның заманауи білім беру жүйесі үшін өзекті мәселелердің бірі – балаларды ғана емес, педагогтердің де кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ету. Сондықтан қазіргі кезде облысымыздағы мектепке дейінгі педагогтердің тәрбиелеу мен оқытуда заманауи әдістерін қолдануы, оларға әдістемелік қолдау көрсету – басты назарда. Біліктілікті арттыру жүйесі қоғам сұраныстарына дер кезінде жауап беруге мүмкіндігі бар үздіксіз білімнің ең бір оралымды құрылымдарының бірі. Білімнің әлеуметтік және өмірлік рөлінің, адамның танымдық – шығармашылық мүмкіндігінің өзгеруі біліктілік арттыру жүйесіндегі білім беру ісін үздіксіз жаңаша ұйымдастыруды талап етуде. Осыған орай, біліктілік арттырудың курс бағдарламаларында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары модульдік оқу бағдарламалары болып еңгізілген. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған біліктілікті арттырудың мазмұнына әлемдік және отандық тәжірибе негізінде жаңалықтар енгізуде. Біліктілікті арттыру жүйесінің басты функциясы педгогтердің заманауи технологияларды пайдалана білу қабілеттерін дамыту ғана емес, олардың жаңа әдіс-тәсілдерді өздері таба алатын, жаңғырту мен даму тенденцияларына сай өзінің кәсіби қызметіне рефлексивті өзгерістер енгізе алатын кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.
Әдебиеттер
Г.Ахметова, Ж.Қараев. қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісіне М.Монтессоридің педагогикалық жүйесін енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулық. Алматы 2013.
А.А.Гин. Педагогика+ТРИЗ. Сборник статей для учителей, воспитателей, менеджеров образования. Москва 2001.
Обнинск 1997. Программа развития, обучения, и воспитания детей дошкольного возраста на основе ТРИЗ иРТВ. Г.
Р.Жеткенбаева, Ж.Қантарбева. Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылықтарын интербелсенді әдістер арқылы дамыту. Әдістмелік ұсынымдар. Қарағанды 2013.
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ САПАСЫ: ІЗДЕНІСТЕР, МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Рысбекова А.А.(Қостанай)
«Халық пен халықты теңестіретін-білім»,-деп қазақтың абызы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу- біздің өмірлік мақсатымыз. Осы орайда ҚР «Білім туралы»Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген.
Соңғы уақытта өмір сапасы, білім сапасы, әлеуметтік жетістік деген сөз тіркестерін естіп жатырмыз. Білім сапасын көтеру-әр оқу орнының негізгі міндеті болып келеді.
Қазіргі ақпараттық ағымның көптігі мен білім сапасы үшін күресте өсіп жатқан жүктемелер жағдайында білім сапасын бағалаудың жаңа критерийлері, әрдайым өзгеріп отыратын білім ортасына сай келетін ақпараттық және педагогикалық технологиялар қажет.
Мектеп оқушылары, колледж бен жоғары оқу орындарының студенттерінің дайындық сапасының объективті критерийі маман ретінде олардың қажет болуы.
Мектеп өздігінен тұрақты дамуға және жетілуге дайын тұлғаны қалыптастыруға жауапты орта болып табылады. Білім беру ортасы әлеуметтік қоғамда тұлғаның қалыптасуына және дамуына жағдайлар жасайды.
Білім беру ортасын қалыптастыру оқушы тұлғасын дамытуға арналған жағдайларды жасау бойынша жүйелі тізбектелген шаралардың орындалуын білдіреді. Сондықтан, ең алдымен білім ортасын қалыптастыру оқушының тұлғалық өрісінің дүниетанымдық көзқарасын және құндылыққа- бағдарлануын кеңейтетін тұлғалық-бағдарланған мақсатты көздейді.
Білім беру ортасын қалыптастыру үшін оқушы мінез-құлқының ішкі тәжірибесін тәртіптің жаңа үлгілерімен байыту қажет, яғни оқушылардың әлеуметтік толысуын арттыру, шешім қабылдау шеңберін дамыту, қоғам өміріне белсенді қатысуды ынталандыру керек.
Ортаны қалыптастыру процесі шеңберіндегі мектеп әкімшілігінің қызметі- бұл мектептегі білім беру кеңістігін қандай да бір қалаған модельге сәйкестендіру процесі. Мектептің осындай үлгідегі бейнесі, оның қалыптасуы мектептің өзгерістерге жалпы даярлығымен, ұстаздардың әлеуметтік ұшқырлығымен,мектеп әкімшілігінің алдағыны болжауымен анықталады. Модельдер түрлері әртүрлі болатындықтан, оны немесе басқа үлгіні жүзеге асыратын шаралардың әмбебап жүйесін ұсыну аса күрделі. Қойылған міндет мектептің әлеуметтік кеңістігіндегі барлық субъектілерді қамтитындықтан, мынадай елеулі ұйымдастырушылық кезеңдерді анықтуға болады:
- мектептегі жағдайды зерттеу және талдау;
- жүйедегі жағымсыз элементтерді табу және оны мәнді мәселе ретінде көтеру;
- мектептегі жағдайды өзгертуге арналған мүмкіндіктерді анықтау;
- педагогикалық кадрларды оқыту, яғни қормен қамтамасыз ету;
- қарым-қатынастардың жаңа жүйесі элементтерін тәжірибеден өткізу;
- алдағы нәтижелерді талдау;
- алдын ала талдау негізінде жаңа ортаны қалыптастыру;
- болып жатқан өзгерістер мониторингісі;
- жалпы қызмет нәтижелерін талдау;
- алынған нәтижені қалаулы модель үлгісімен салыстыру.
Білім беру ортасын қалыптастыру түбегейлі басқа педагогикалық көзқарастар ұсынады. Мұғалім- оқушылар санасында өзгерістер енгізетін білім технологияларын тасымалдаушы деп саналған. Орта дара тұлғаны қалыптастыруды көздейтіндіктен, дәстүрлі педагогикалық көзқарас өзгерістерге ұшырайды. Мұғалімнің білім, білік және дағдыны қалыптастыратын функциясы оларды қалыптастыратын және дамытатын ортаны ұйымдастырумен алмасады.
Білім беру сапасының критериі сыртқы және ішкі талаптармен анықталады. Сыртқы талаптарға ең алдымен оқу бағдарламаларын қоғамдық және мемлекеттік аккредиттеу көрсеткіштерінің ақпараттық жүйесі болып табылады. Білім беру қызметі сапасын бағалаудың ішкі критериін құраушыларға мыналар жатады: білім беру бағдарламаларының сапасы; оқу процесін жобалау және оның технологиялары; жаңа инновациялық білім технологияларын дайындау және оларды ендіру.
Сапалы білім алу ортасында бала оқу материалын игеруді бастамас бұрын оны меңгеру сапасы туралы алдын ала ойластыру қажет. Ол үшін баланың танымдық қабілеттілігін барынша максималды түрде дамыту қажет.
Білім сапасының диагностикасы оқу материалының меңгеру деңгейін анықтайды. Қазіргі білім берумен қанағаттанбау-бүкіл әлемді қаусыра бастаған жалпыға бірдей құбылыс.Білім беру үрдісі жеке тұлғаға бағытталмаған болса, әр баланың дамуы үшін жағдайлар жасалмаса, сапалы болуы мүмкін емес.
«Пән мұғалімі ретінде оқушыларымның білім сапасын көтеру үшін не істеуім керек?Оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін қолданып жүрмін бе? Бұл білім сапасының жоғарылауына әкеледі ме?» деген сұрақтарға әрбіреуіміз ойланған шығармыз.
Кипплинг: «Білім беру- жер бетіндегі ең жақсы игілік, егер оның сапасы жоғары болса, кері жағдайда ол мүлдем пайдасыз,-» деп жазған.
Білім сапасы- оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтайды. Оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөлуге болады:
1. оқушылық
2. алгоритмдік
3. эвристикалық
4. шығармашылық
Аталған бағыттар мен мәселелер оқу үрдісін құрастыру мен белсендірудің жолдарын іздестіруді тудырады.
Сонымен қатар, Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың 30 – шы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті жәнеэлектрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желіні, электрондық және телекоммунациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Күтілетін нәтижені қорытынды мақсатқа бағыт пен ағымды міндеттер анықтайды:
білім беру мен тәрбиелеудің жоғары деңгейі;
білім алу үрдісіне жағымды мотивацияны тудыру;
әлеуметтік икемделуге бейімділігі;
білім мен құндылықтарды иемденуге қызығушылық білдіру.
Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш-қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.
Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен жастардың дамуы үшін өркениетті жағдайлар жасау қажет.
Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарайғы дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті. Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын творчестволық адамға айналдыру.Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті), дарынды ұрпақты тәрбиелеп оқыту, психология- педагогикалық маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз.
Сонымен,ел алдында тұрған білім сапасын жоғарылату мәселесі білім ортасын қалыптастыру және қызметін жүйелеу, оқыту үрдісінде оқытушылық, эвристикалық, шығармашылық,алгоритмдік бағыттарды жаңа педагогикалық технологиялармен ықпалдастыра іске асыру және әр баланың қабілетіне қарай интеллектуальдық дамуы жеке адамның дарындылығын танытып, сапалы жұмыс жасаудың нәтижесінде шешіледі.
Әдебиеттер
Ахметжанов А.И. Балалар дарындылығының дамуының психологиялық ерекшелігі
Бурдина И.А. Сынып жетекшісінің анықтамалығы. №5 2012.
Назарбаев Н.А. Қазақстан -2030. Қ.Р. білім берудегі заңнамалары.
Кеналиева А.С. Ақылбеков Ж.А. Мектепте дарынды балаларға білім беруді ұйымдастыру.
МЕКТЕПТЕГІ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Қонқаева О.Б. (Атырау)
Мектеп өміріндегі басты тұлға – мұғалім. Ертеңгі елге ие болатын ұрпақтың бойына біліммен қатар жақсы қасиеттерді орнықтыра түсу үшін, ең алдымен мұғалімнің білімі терең, ой-өрісі бай болғаны жөн. Бүгінгі мұғалім – әлемдік білім беру үрдісімен өркениетті елдер талабына орай жаңашылдықпен жұмыс жүргізе білетін мұғалім.
Елбасымыздың «болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтанда ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр» деген сөздері үлкен жауапкершілікті жүктейді.
Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет — білім мазмұнына жаңалықенгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашылмұғалімдерді даярлау. «Жаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».
Мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, этно – мәдени дәстүрлерді сақтап, дамыта отырып, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологилар мен техниканы меңгеретін білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы міндет. Қоғамда болып жатқан өзгерістердің мектепке әсері оның оқу үрдісіне ізгілік және демократиялық бағыттарды енгізуді қажет етуінен айқын көрінеді.
Бүгінгі мұғалім ойлау икемділігі дамыған, жан – дүниесі терең, өмірге көзқарасы жоғары болуға тиіс, өйткені өзіндік рухани өсуін өзі басқара алатын адамның қолынан ғана шығармашылық жасампаздық келеді. Ондай ұстаз педагогикалық жаңалықтарды қабылдауға даяр. Сондықтан өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатынымен, ізденістік жұмыстар жүргізуге бейімделгендігімен, әр оқушының рухани өсуіне, өзіндік мүмкіндігін дамыту үшін, жағдай туғыза алатындығымен құнды.
Мұғалімнің негізгі міндеті –оқушының ешкімге ұқсамайтын даралығын, шеберлігін көрсету, оны дамыту, жарыққа шығару. Сондай – ақ балаларды оқытып қана қоймай, дұрыс тәлім - тәрбие беретін шебер тәрбиешіболуы қажет. Мектеп оқушыларын қоғамдық белсенді және жан – жақты дамуына жағдай туғызу керек. Мұғалім оқушы арасындағы тығыз байланыс қалыптасқанда ғана бірлік одақты қызмет істейді. «Жақсы мұғалім маған әр уақыт қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі» деп ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін ең керегі – жақсы мұғалім.
Қарым – қатынас дегеніміз – мұғалім мен оқушының мақсаты бір педагогикалық мәселелерді шешу кезіндегі сөз, қимыл – қозғалыс, ым арқылы бір-бірімен байланыс жасауы. Мұғалім оқушымен сөздік қарым – қатынас жасау кезінде әсер етудің сендіру және ұялту, болмаса дегеніне көндіру тәсілдерін қолданады. Сендірудің сөздік түрі: әңгімелесу, үйрету, тапсырма беру, жаттықтыру, дәріс оқу әдістері арқылы іске асады.
Бұл әдістердің тиімді болуы мұғалім үніне, ым, қимыл – қозғалысты тиімді пайдалануына байланысты. Мұғалім ым, қимыл – қозғалысты өз сөзін дәлелдеу, болмаса оқушылардың іс – әрекетін басқару кезінде жиі қолданылады.
Белгілі педагог Ш.Амонашвили мұғалімнің оқушымен қарым – қатынасын зерттей келіп, оны мағыналы етудің басты шарттары мыналар деп санайды.
Оқытуды және мектептегі басқа жұмыстарды оқушылардың қызығуы тұрғысынан басқару.
Әрбір оқушының мүмкіндіктері мен болашағына үнемі сеніп отыру.
Оқушылармен оқыту үрдісінде ынтымақтасу.
Оқушылардың ар – намысын құрметтеп отыру.
Мұғалімнің шеберлігі кәсіптік деңгейінен көрінеді және шығармашылық іс – әрекетінде, ізденісіне байланысты болады. Бұған жаңашылдық танытуы, яғни оқу – тәрбие ісінде тиімді педагогикалық нәтижеге жетуі әрбір мұғалімнің қабілетіне жүктеледі. Ал кәсіптік деңгейдегі арттыру – озық тәжірибені зерттеп таратуы, аттестациядан өту, жыл мұғалімі немесе тағыда басқа жарыстарға қатысу арқылы дамып отырады. Ұстаз бүгінге ғана емес, ертеңге болашақ ұрпаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмас үшін, өзін – өзі жан – жақты дамыту үшін саяси – идеялық дәрежесін, ғылыми – теориялық білімін және педагогикалық мамандығын күнбе – күн жетілдіріп отыруға талаптану керек.
Оқушының мұғаліммен қарым – қатынасы мұғалімнің келбетіне, сөйлеу мәдениетіне, әдептілігіне байланысты. Келбет деп отырғанымыз мұғалімнің түр – әлпеті, киім –киісі қарапайым әрі қонымды, жүріс – тұрысы тік және жинақы жүру бұл мұғалімнің өзіне деген сенімін анықтайды, өзіне сай таза, өте сыпайы, дауысы бір қалыпты, сөзі жинақы, тиянақты, дәлме – дәл, тұжырымды болып жүретін мұғалімдерді оқушылар құрметтейді және соларға сай ұқсағысы келеді. Әсіресе соның ішінде мұғалімнің сөйлеу мәдениетімен сөздік қорының байлығы көбірек әсер етеді.
Мұғалімнің рухани мәдениеті – тұлғаның интегративті сапасы, ол субьектінің шығармашылықты өзіндік реттелуінің тәсілі мен шегін сипаттайды. Ол баланы мұғалімге жақындастыратын атмосфераны құрады.
Рухани – әдептік мәдениеті педагогикалық қарым – қатынас мәдениетінің қалыптасуының кепілі. Бұл процесте баланың тұлғасын дамытатын жағында атмосфера құрылады. Педагогикалық такт – бұл баланы тәрбиелеуде дұрыс жолды таңдай білу қабілеті.
Әдептілік – мұғалімнің жоғары шындық, қарапайымдылық, сабырлылық көрсетуі өзін – өзі басқарып ұстамдылық жасауы, әртүрлі жағдайларда оқушылармен, өзге адамдармен қарым – қатынас жасай алу ептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі. Әдепті мұғалім - әр уақытта оқушылардың құрметті адамы. Олардың айтқаны шәкірттер мүлтіксіз орындайды және өнеге тұтады.
Сонымен қатар мұғаліммен мұғалімнің қарым – қатынасындағы ең маңызды көрсеткіштерінің бірі – ұстаздық әдепті сақтау.
Ұстаздық әдеп – жоғарыда айтып өйткенімдей, әділеттіліктен, ұстамдылықтан, адамгершіліктен тағыда басқа қасиеттерден көрініс беруі тиіс. Ұжымда бірге жұмыс істейтін әріптестер арасында түсінбестік, дау - дамай, кикілжіңдер кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда әр педагогтің өз - өзін өзгенің орнына сезіне білуі, ойы, сөзі ұстазға тән ерекшеленуі қажет. Болмашы түсінбестікке бола өз басының қадірін түсірмеуі керек. Ұстаздық әдеп – әр мұғалімнің көркі. Әрқашанда әрбір педагог өзінің өмірге жақсы ұрпақ тәрбиелеп шығаратын, оқу-білім нәрімен сусындататын ұмытпағаны жөн.
Сондай – ақ ұстаздар арасында болған түсінбестік оқушылардың алдында, не болмаса мәдени орындарда, кеңседе, көшеде айтылып жатпауы тиіс.
Мұғалімнің мәдениеті – білім ошақтарында ғана емес, күнделікті жүріс–тұрысынан, өзін қай ортада болсын ұстай білуден, өзгелер қызығатын жан дүниесі бай, кең, көпшіл, білімді, адамгершілігі мол, жан – жақты жарасымды болғанда ғана нағыз ұстаз екенін дәлелдейді.
Ұстаздың мінез – құлқының әр түріне байланысты, Американдық психотерапевт Вирджиния Сатир мұғалімнің типологиялық стилін ұсынады.
Мұғалім – басшы. Оның «беделі» - биік.
Нәтижесі.Оқушының реніші, қарым-қатынас жасауда шындықтың жоқтығы.
Мұғалім – компьютер. Оның «беделі» белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген (робот).
Нәтижесі.Оқушыныңөз-өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің болуы.
Мұғалім – қиналушы. Оның «беделі» әйгілілік.
Нәтижесі.Бұл оқушы үшін өте зиян.
Сонымен қорыта келе, белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ол оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікірін айтқым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан мектебі. 9-10/2005.
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
3. Білімдегі жаңалықтар. Ақпаратты-әдістемелік журнал. №1,2007.
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ САБАҚ ҮЛГІЛЕРІ
Нурмуханова Г.А. (Орал)
Мен бұрынғы сабақ жоспарыммен жаңа форматтағы сабақ жоспарымды салыстырып қарасам, бұрынғыда сабақтағы іс-әрекет толық көрінбейді, ал жаңа жоспарымда оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін, әр кезеңге бөлінетін уақытты, әдіс-тәсілдерден, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижеден сабақтын көрінісін байқауға болады.
3 деңгейлік Кембридж университетінің сындарлы оқуына келмес бұрын мен қаншалықты өз ойымша жақсы сабақтар берсемде, мен белсенді емес сыныптың көрінісінде жұмыс істегенмін. Себебі, өзім бөлме ішінде қозғаламын, өзім түсіндіремін, өзім көрсетемін, өзім оқимын, ал оқушылар жазады, оқушылар тыңдайды және т.с.с. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сондықтан да, мен өзіме мақсат қойдым, мұғалім болған соң білім реформасында болып жатқан еш жаңалықтан қалмай тек алға ұмтылу. Жаңа тәсілдерді меңгерген оқушының оқуына оң ықпал ететін жаңа форматтағы мұғалім болу. Осы мақсаттың орындалуына 3 деңгейлік Кембридж университетінің сындарлы оқытуын меңгеру болды.
Білім жүйесіне енгізілген әлеуметтік-сындарлы оқыту бағдарламасы үлкен серпіліс әкелді. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзгеде қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы ең бастысы мен сыныпты белсенді сыныпқа айналдыру керектігін түсіндім. Ол үшін, әрине сабаққа деген оқушының белсенділін және қызығушылығын ояту керек. Ал оқушының белсенділігі мен қызығушылығын ояту үшін сыныпта диалогтік оқытуды дамыту, сұрақ қоюдың түрткі болу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын пайдаланып, сабақ беруде оқытудың 7 модулін ықпалдастыруға болады. Диалогтік оқытуды өз іс-тәжірибемде пайдалана отырып түйгенім, сабақтың қай кезеңінде болсын, қандай сабақта болсын қолдануға болатындығын, нәтижесінде көзделген мақсатқа жететіндігін, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болатындығын, сөздік қорының молаятындығын білдім.
Осы оқудан түйгенім сыныпты бір ұжым ретінде қалыптастыру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін түрлі сергіту ойындарын, психологиялық тренингтер және топқа бөлудің бірнеше тәсілдерін қолдану арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасқан ортада оқушылар бірлесіп жұмыстану арқылы оқушы ортақ іске өз үлесін қосады, диалог орнатылады, әр оқушыға жауапкершілік пен міндеттеме жүктеледі. Ал ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда диалогтық оқытудың маңызы зор деп есептеймін. Себебі сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптаспаған жағдайда оқыту нәтижелі бола алмайды. Бұрынғы сабақтарымда балалар үнемі екі-екіден отырса, ендігі сабақтарымда оларды топтастырып оқытудың маңызды екенін түсіндім.
Қазіргі заман – ақпараттық технологиялардың дамыған ғасыры болғандықтан, информатика сабағында міндетті түрде компьютер қолданылады. Қазір біз ақпаратты қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, күнделікті өмірде қарапайым ұялы телефоннан бастап Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана алмайтын оқушылар кемде-кем. Сондықтан да сабақ барысында оқушыларға компьютерді тиімді пайдалана білуге үйрете отырып, сабағымда таймерды презентация арқылы шығарып қойып, уақытпен жұмыс жасауға дағдыландырдым. Мысалы, 9-эксперимент сыныбында өткізген сабақтарымда топ жұмысын қорғауда барлық топтан да бұрыннан да белсенді оқушылар қалды. Олар бастапқыда «Қоғамның ақпараттық ресурстары» сабағында ресурс түрлерін ажыратуда қателесті, бірақ басқа топтардың жауаптарын ескеріп, уақытында жауаптарын түзете білді. Жұптық, топтық жұмыстар арқылы сыныпта оқшауланып өзімен-өзі болып отыратын оқушыларыма қозғау салдым. Онда байқағаным оқушылар тақырыпты өз бетімен меңгеруге, өз түсінгенін басқаларға түсіндіруге қабілетті екен. Өз түсінгендерін басқаларға түсіндіру барысында барлығы шамалары жеткенше жұмыстанды.
Келесі берген тапсырмада топтар үйден оқыған және сабақта алған білімдерін «Табиғи ресурс», «Ақпараттық қоғам» және «Ұлттық ақпараттық ресурс» тақырыптары бойынша мазмұнын постергесуреттеп салып көрсету керек болды. Мақсатым сабақта ынтымақтастық қағидатын орнатуды ұстана отырып, бұл тапсырмада оқушылар бірлесіп жұмыс жасау арқылы оқушы ортақ іске өз үлесін қосады, диалог орнату үшін қолайлы жағдай жасалып, орта құрылады, әр оқушыға жауапкершілік пен міндеттеме жүктеледі. Сондықтан мұғалім сабаққа тапсырмалар дайындағанда әр кезде оқушыға қызметтің жаңа түрін ұсынып, қажеттілігін қамтамасыз ете алатындай деңгейде болу керек.
Кез келген сабақ жалпы сұрақ қоюдан басталса, мен сұрақты қалай қою керектігін және түрлерін ажыратып үйрендім. Соның ішінде жуан-жіңішке, ашық-жабық, мәртебесі жоғары және төмен сұрақтардың атауларымен, «бастама-жауап –кейінгі әрекет» (БЖӘ), «түрткі болу», «сынақтан өткізу», «қайта бағыттау» техникаларымен таныстым. Дұрыс сұрақ сабақ берудің тиімді құралы болып табылады. Сондай-ақ, көп жағдайда мұғалімнің қояр сұрағына да берілер жауап белгілі бір шеңберде, нақты жауабы бар болса, оқушы қиялы жетілмей, бара-бара тоқырауға ұшырауы мүмкін. Мұғалімдер көбінесе осындай оқушының ойлау қабілетін шектейтін «жабық сұрақтар» қояды. Сұрақ қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сондықтан да жіңішке сұрақ қою аса маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана сабақ берудің тиімді құралына айналады және оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сонымен қатар жоғары дәрежелі сұрақтар арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын да дамытуға болады, оқушылардың жоғары дәрежелі сұрақтарға берген жауаптары арқылы оқушының қабілеті мен оның деңгейін, дүниетанымын байқап, бағалауға болады.
Қызығушылық білдірген және белгілі мақсатты көздеген оқушылар табыстарға қол жеткізеді және бұл фактінің өзі бұдан да қызығып, мақсатқа ұмтылуға итермелейді. Осылайша, шеңбер пайда болады. Егер де оқушылар сабақ барысында керемет нәтижелерге қол жеткізсе, сол сабақтар сәтті болды деп, сіз пікір таластыра аласыз. Бірақ, менің ойымша, егер барлық оқушылар қандай да болмасын табысқа кол жеткізсе, сол сабақ сәтті болып саналады.
Жаңа форматтағы сабақты оқушылардың білімді өз бетімен меңгеруіне негіздей отырып өткізгеннен түйгенім -мұғалімнің бұл әдісте ұтары көп екен. Нақтылап айтқанда: өз бетімен меңгерген білім сіңімді болады әрі оқушының тәуелсіз білім алу құзыреттілігі, өзіне деген сенімі артады, ынталанады, мәселелерді шешуде еркіндік берілгендіктен сыни ойлау қабілеттері дамиды.
АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗАМАНАУИ САБАҚТАРДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мускина А.Н. (Қостанай)
Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стретегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Қазіргі мектептерде балалар белгілі білім мен білік алып қана қоймай, алған үлгі-өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс. Білім беруді дамытудың жалпы тенденциялары білім алушылардың білім мен біліктерін елеулі түрде көтерумен шектелмейді, сонымен қатар, олардың мәдениетін, қабілетін барынша дамытуды, бала денсаулығын сақтап, нығайтуды, адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыруды көздейді. Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа иядеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болып отыр. Қазіргі қоғамда оның дамыған ақпараттық мәдениетімен ақпараттық білім беруді ұйымдастыру аса маңызды болып табылады. Оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу –танымдық белсенділіктері мен оқуға деген көзқарастары өз дәрежесінде емес. Осы проблеманы жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалану арқылы шешуге болады.
«Ғылым қалғып кетсе қараңғылық бас көтереді» дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу алдымызда отырған бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім алушылардың жалпы дамуын қамтамасыз ету керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білгенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, әр мұғалім олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс.
Оқыту технологиялары көмегімен білім алушының білімді игеру дәрежесінің қаншалықты екендігін байқауға болады. Білім алушы оқу мазмұнының элементтерін өз бетінше, өзіне тән қарқынмен, жылдамдықпен меңгереді. Оқыту технологияларын қолдануда оқытудың проблемалы ізденімпаздық, интерактивті, коммуникативті, ойын әдістері пайдаланылады, білім алушыныңөз бетінше жұмыс жасауы, белсенділігі, қызығушылығы ескеріледі. Осы орайда мектепте ақпараттық – коммуникативтік технологияны кеңірек пайдаланған абзал. Заман ағымына сай күнделікті сабақта :
Мультимедиа (электрондық оқулықтар);
Компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивтік тақта);
Анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
Электронды кітапханалар (мәтіндік, графикалық, дыбыстық, бейне ақпараттар);
Виртуалды зертханалық тәжірибелер
Интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында «Әлеуметтік жаңғырту – жаңа әлеуметтік саясат деген айдармен айқындалып, өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», - деп жазылған.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның негізгі бағыттары мыналар:
Білім алушыларды білімді, білікті, дағдыны, құзыреттелікті меңгеру және дамыту үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
Білім алушылардың функионалдық сауаттылығын дамыту;
Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
Білім сапасын арттыру, дербестендіру, қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру.
Сабақ өткізу барысында ақпараттық технологияны оқу процесінде ендіру кезеңдеріне келетін болсақ, ол оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады:
Жаңа материалды түсіндіргенде;
Сабақты бекіткенде;
Қайталауда;
Білім мен іскерлік дағдыларын бақылағанда.
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы сабақ өткізу кезеңі:
Уақытты үнемдеу;
Материалды қысқаша безендіру;
Оқытушының эстетикалық, эмоциялық, ғылыми сенімділігін жоғарылату;
Кез келген уақытта таныс материалдарға қайта оралу;
Өз бетімен оқуға мүмкіндік жасау;
Проблемалық сабақтастықты тереңдетуге көңіл аудару.
Білім алушылардың әдістемелік мақсаттары мен оқыту ерекшеліктеріне қарай ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың бөлімдерінде келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Оқу – көбіне жаңа білімді меңгеруге бағытталған. Олардың көбісі оқытуды салалық бағдарлама бойынша бағдарламаға жуық режимде жұмыс істейді. Бұл жерде білім алушыларға білім беру электронды оқулықтар, интерактивті тақта т.б көмегімен жүзеге асырылады.
Бақылау – білім мен ептіліктің белгілі деңгейін бақылау үшін. Бағдарламалардың бұл түрі әртүрлі тексеру тапсырмалары, соның ішінде тест формасында ұсынылады. Қазіргі заман талабына сай оқушыларды бақылау үшін Activote, MyTest, т.б. тестілеу жүйелерін қолдану тиімді.
Демонстрациялық - сипаттамалы оқу материалын, әртүрлі көрнекілік материалдарын (картина, фотографияларды, бейне үзінділерді) көрнекі демонстарциялау үшін. Гарфикалық түзетулер енгізуге болатын және білім алушылардың шығармашылық жұмыстары үшін қолданылатын презентациялық бағдарламаларды осы түріне жатқызуға болады. Сондай-ақ химия, физика, биология сабақтарында датчиктерді қолданып, зертханалық, сарамандық жұмыстарды көрнекілеу заман талабына сай келеді деген ойым бар.
Ақпараттық- анықтамалық – Ғаламтордың білім беру ресурстарына қосылу арқылы қажетті ақпараттарды алу үшін білім беру материалдары көпшілік сайттар көбеюде.
Мультимедиа – оқулықтар – бағдарламаның аталып өткентүрлері элементтерінің көбісін үйлестіретін кешенді бағдарламалар.
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты негізінде білім беру ұйымдарында 2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 % «E-learning» электрондық оқыту жүйесі қолданыла бастады. Бұл жобаның негізгі мақсаты «Е-learning» - ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен әркезде және әрқашан білім алу. Қазақстанда электрондық білім беру жүйесін енгізудің басты мақсаты – ауыл мен қала оқушыларына әлемдік білім беру қорларын бірдей қолжетімді ету.
Іс – тәжірибемде ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс – шараларды қолданудың маңызының зор екенін байқадым:
Білім алушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруіне байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесінде интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;
Оқытудың жаңа әдістері мен формаларынсабақта жиі қолдану;
Жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедиялық – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық техникалық базасын жетілдіру.
Интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі шексіз. Өзінің білім алушысын өз бетінше оқып-үйренуге, білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жаңа тәсілдермен оқытуда білім алушы белсенді роль атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ғана ұстанады. Әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға жауапты интернет браузерлерден табуды үйретіп, өзіндік ізденіске жетелеуге болады. Білім алушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру төрт кезеңге бөлінеді:
Білім алушы жұмысты бастамас бұрын оның негізгі мақсатын айқындап алуы керек
Білім алушы интернеттен алынған материалды сұрыптау алуды үренуі керек
Білім алушы өз бетінше жұмыс істеуге дағдылануы керек
Білімалушы өзінің іздеп тапқан материалын слайд, проект, флипчарт арқылы қорғауға дайындала алуы керек.
Білім алушылар ең бастысы, жетістікке жетуді үйренуге болатынын біліп, алғашқы қадам жасай алуы керек. Бұл қадамды аттай алған адамның өмірде үлкеноң өзгерістер көрері шүбәсіз. Демек, жетістікке жету жолдарының бірі – оны үйрену. Қорытындылай келе, қазіргі таңда кез келген пәнді оқыту барысында заман талабына сай ақпаратты – коммуникациялық технологияны қолдану – білім сапасының артуына көмектесуі айқын. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде ой – өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймын.
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСІ
Казахова А. (Ақтөбе)
Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын ұстаз қолында. Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» - деген. Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі өте жоғары ұлағатты тұлға болуы міндетті. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай жоғары талаптар қоймайды.
Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Себебі еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, нағыз өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу- біздің басты парызымыз.
Қазір еліміз өркендесін, өссін деген саналы адамның ойында алдымен Елбасының елу елдін қатарына қосылуы туралы зор мақсаты тұру керек. Қазір мемлекетіміздің басшысы ғылымды да, білімді де осы мақсат жолына бағыштап отыр. Президент Жолдауындағы білім алдына қойылған міндеттер өте маңызды. Егер біз жоспарлар мен іс-әрекеттерімізде жүйелік пен іскерлікке жетсек, онда бұл міндеттерді орындау әбден мүмкін.
Қазіргі инновациялық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді.
Оқытушыдағы басты мақсат – алдындағы оқушыларға таза білімінің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Тұлғаның өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның «көптің бірі» немесе «көптің ең жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігін, құндылығымен маңызды болып саналады.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық — дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
Дүниетаным қабілеті жоғары;
Дарынды, өнерпаз;
Іздемпаз, талапты:
Өз алдына мақсат қоя білу керек;
Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгейге көтеретін –дарынды да талантты ұрпақ. Ғылыми ізденіске әр мұғалім оқушыны өзі таңдап, ортаға тартуға ықпал етеді. Әрбір ұстаз алдындағы міндет -өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып,оған бағыт-бағдар беріп, оны дамыта білу. Оларды баулып, қамқорлыққа алып тәрбиелеу -ортақ шара. Оқушы бойындағы дарынын қырағылықпен көре білу-мұғалім үшін аса қажетті қасиет.
Ол үшін әр мұғалім өзі ізденіп, ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілеттерін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтайды. Сол тұлғаның пәнге деген қызығушылығын туғызып, танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін интерактивті оқыту үрдісін пайдалану қажет. Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысында қызығушылықтарын арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың тиімділігі сол, сыныптағы барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады.
Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді.
Сонымен қатар, мұнда өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық қалыптасады. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой-өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.
Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барасында оқуышылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, пікірталастарға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді.
Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, түрлі ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
Интерактивтік оқыту технологиясы мен тәсілі интеракция (ағлш. Interaction – өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысынде жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өзара пікіралмасу барысында жүзеге асады.
Осы тәсілді қолдаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады.
Ойындар мұғалімге оқытудың (білім, білік, дағды) қолданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді, Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коммуникативті біліктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқуышыларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.
Интерактивтік оқу технологиясы – оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезінуді тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Интерактивтік оқу технологиясын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен сараптаушыларды дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.
Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл жағдайлар, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне түсінік береді. Оқушылар қосмша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысын және мазмұны туралы өзара талқылайды.
Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса.
Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.
Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында сарапшылар сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз ұстанымдарын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, ойын барысында туындаған қиындықтары, ой-пікірлері туралы әңгімелейді.
Интерактивтік оқу технологиясын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқулықтар, топ – топ, топ – оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз — ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.
Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекөор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |