*-тарихи атаулары сақталған
АРОМАТТЫ САҚИНАМЕН ГИДРОКСИЛ ТОБЫНЫҢ ӨЗАРА ӘСЕРІ.
1.гидроксил тобы бензол сақинасының о- және п-жағдайларындағы электрон бұлтының тығыздығын арттырып,оның электрофильді орын басу реакцияларындағы активтілігін арттырады.
2.Бензол сақинасы гидроксил тобындағы оттегі атомының электрон жұбының бұлтын өзіне қарай тартып,гидроксил тобының қышқылдығын арттырады.
ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАР.
Өсімдіктерді , жануарларды зиянкестерден, аурулардан, және арамшөптерден қорғайтын химиялық құралдар пестидцидтер деп аталады.
Оларды келесі топтарға ажыратады.
Инстекцидтер -өсімдіктерді,тағамдарды және материалдарды зиянкес насекомдардан және насеком паразиттерден және ауру жұқтырушылардан қорғау құралы.
Гербицидтер-арамшөптерден қорғау химиялық құралы.
Фунгицидтер-саңырауқұлақ аурулары және өсімдік ауруларынан қоғау құралы.
Өсімдік өсуін реттеушілер-өсімдіктің , тұқымның өсуіне тікелей ықпал етеді.
Репеленттер- үркіту арқылы өсімдіктерді,жануарларды, адамдарды жаппай шабуылынан қорғайтын заттар.
Аттрактанттар- насекомдарды тартатын заттар.
Хемостерилизаторлар-зиянды ағзаларды көбеюден қорғайтын заттар.
Достарыңызбен бөлісу: |