Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы


-с у р е т. Бидай түршелерін аныктаудын кескіні (сызықшалармен қызыл түс, нүктелермен сүр түс бейнеленген)



бет15/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76

17-с у р е т. Бидай түршелерін аныктаудын кескіні (сызықшалармен қызыл түс, нүктелермен сүр түс бейнеленген): ішкі дөңгелектің түсі дәннің түсіне (4) сәйкес келеді: төрт шығыңқы үшбұрыш қылтықтылықты (2), қосарланған сызыктар-түктілігін көрсетеді (1), ал сыртқы дөңгелектің түсі масақтың түсіне сәйкес келеді (3).

47-кесте Қазақстанда кездесетін қатты бидай түршелерінің анықтамалыгы



Масақтың белгілері

Қылтықтың түсі

Дәннің түсі

Түрше

Қылтықтылығы

Түктілігі

Түсі







Қылтықты

Түксіз

Ақ

Ақ

Ақ

Леукурум

Қылтықты

Түксіз

Ақ

Қара

Ақ

Леукомелан

Қылтықты

Түксіз

Ақ

Ақ

Қызыл

Аффина

Қылтықты

_Л^ксіз

Ақ

Қара

Қызыл

Рейкенбахи

Қылтықты

Түксіз

Қызыл

Қызыл

Ақ

Гордейформе

Қылтықты

Түксіз

Қызыл

Қара

Ақ

Эритромелан

Қылтықты

Түксіз

Қьізыл

Қызы

Қызыл

Мурсиензе

Қылтықты

Түксіз

Қызыл

Қара

Қызыл

Александриум

Қылтықты

Түксіз

Қара

Қара

Ақ

Провинциале

Қылтықты

Түксіз

Қара

Қара

Қызыл

Обскурум

Қылтықты

Түкті

Ақ

Ақ

Ақ

Валенси

Қылтықты

Түкті

Ақ

Қара

Ақ

Мелянопус

Қылтықты

Түкті

Ақ

Ақ

Қызыл

Фастуозум

Қылтықты

Түкті

Ақ

Қара

Қызыл

Африканум

Қылтықты

Түкті

Қызыл

Қызыл

Ақ

Италикум

Қылтықты

Түкті

Қызыл

Қара

Ақ

Апуликум

Қылтықты

Түкті

Қызыл

Қызыл

Қызыл

Египтиакум

Қылтықты

Түкті

Қызыл

Қара

Қызыл

Нилотикум

Қылтықты

Түкті

Қара

Қара

Ақ

Церулесценс

Қылтықты

Түкті

Қара

Қара

Қызыл

Либикум

Қылтықсыз

Түксіз

Ақ

-

Ақ

Кандиканс

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген жаздық бидай сорттары*

Жұмсақ бидай

Ерте пісетіндер:

Казахстанская раннеспелая. Қазақ егіншілік ҒЗИ мен Қарабалык, ауылшаруашылық тәжірибе станциясында шығарылған лютесценс түршесіне жатады. Қуаңшылыққа төзімді сорт, жапырылып қалуға бейім, ортадан жоғары дәрежеде қоңыр және сабақ татымен заладданады. 1000 тұқымның массасы 32-35 г., 1991 (1,9,12).

Иртышанка 10. Сібір АҒЗИ-да шығарылған, лютесценс түршесіне жатады. Шашылып қалмаута, тамырында тұрып жөне дестеде жатқанда көктеуге төзімді сорт. Көктемгі-жазғы қуаңшылыққа орташа төзімді,

Мұнда жөне кейін санмен сорттың пайдачануга (аудандастырылуға) рұқсат етілген жылы көрсетілген, жақша мен селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіміне сөйкес Қазақстан Реслубликасында пайдалануға рүқсат етілген облыстардың реттік нөмірі (қосымшаның 8-кестесі) берілген. Алматы, 2002.

оңыр татпен орташа залалданады, қара-күйемен заландануға бейім сорт. 1000 тұқымның массасы 37-42 г, 1986 (12).



Целинная 24. А.И. Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, лютесценс түршесі, қуаңшылыққа орташа төзімді, 1993

Лютесценс 32. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да шығарылған, лютесценс түршесі, қара күйемен қатты залалданады, 1996 (1,12).



Интенсивная, 1987 (13); Казахстанская 4, 1980 (3); Казахстанская 17, 1994 (4,6); Лютесценс 521, 1993 (4); Память 47, 1995 (13); Эритроспермум 841, 1942 (5); Эритроспермум 786, 1993 (3). Орташа мерзімде пісетіндер:

Саратовекая 29. Юго-Восток ауылшаруашылық ғылыми зерттеу институтында шығарылған. Лютесценс түршесіне жатады. Қуаңшылыққа төзімділігі ортадан жоғары, шашылып қалмауға тезімді. Қара күйемен әлсіз заладданады. 1000 түқымның массасы 32-42 г, 1957 (1,2,4,7,11,12).



Акмола 2. А.И. Бараев атывдағы Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, лютесценс түршесі, қуаңшылыққа орташа төзімді жөне қара күйемен орташа залалданады, 1998 (1).

Целинная ЗС. А.И. Бараев атывдағы Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, лютесценс түршесі, қара күйемен қатты заладданады, 1996 (1,9,12).

Омская 19. Сібір АҒЗИ-да шығарылған, лютесценс түршесіне жатады. Аурулармен залалдануы Саратовская 29 сортының деңгейінде. 1000 түқымның массасы 30-40 г. 1989 (1,12).

Лютесценс 90. Қазақ егіншілік ҒЗИ мен Жезқазған а.ш. тәжірибе станциясында шығарылған, түршесі-лютесценс. Жапырылып қалуға төзімді, қуаңшылыққа орташа төзімді, Саратовская 29 сортына қарағавда қара күйемен күштірек залалданады. 1996 (1,12).

Карабалыкская 92. Қостанай АШҒЗИ-ның Қарабалық а.ш. тәжірибе станциясында шығарылған, лютесценс түршесі, қуаңшылыққа төзімді, жапырылуға бейім, 1997 (4).

Казахстанская 25. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да шығарылған, лютесценс түршесі, қуаңшылыққа орташа төзімді, 1997 (18).

Саратовская 42. Юго-Восток АШҒЗИ-да шығарылған, альбидум түршесі, жапырылып қалуға төзімді, қара күйе жөне қоңыр татпен қатты залалданады, 1974 (2,6,7).

Целинная 26. А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, лютесценс түршесі, жапырылып қалуға төзімді, қара күйеге орташа төзіңді, 1986 (4).

Кутулукская. Кинель селекциялық тәжірибе станциясывда шығарылған, лютесценс түршесі, қуаңшылыққа төзімді, 1992 (4).

Саратовская 55, 1990 (2); Саратовская 58, 1993 (4).

Ортадан кеш пісетівдер:

Целинная юбилейная. Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, лютесценс түршесіне жатады, қуаңшылыққа тезімді, 1000 тұқымның массасы 31,9-37,6 г. масақтың жоғары дәнділігі есебінен мол өнімді сорт, 1988 (1,9).

Эритроспермум 35. Қостанай АҒЗИ-ды шығарылған, эритроспермум түршесіне жатады. Қуаңшылыққа төзімділігі жоғары сорт. Қара күйеге орташа төзімді, қоңыр жөне сабақ татгарына өте бейім. 1000 дөннің массасы 30-38 г. 1991 (1,7,9,12).

Омская 9. Сібір ауылшаруашылық ҒЗИ-да шығарылған, лютесценс түршесіне жатады, жапырылып қалуға төзімді, қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, сабақ татына орташа төзімді. 1000 түқымның массасы 40-50 г. 1980 (12).

Омская 18. Сібір АҒЗИ-да шығарылған. Қуаңшылыққа жөне қара күйеге орташа төзімді сорт. Қоңыр және сабақ таттарымен қатты залалданады. 1000 тұқымның массасы 30-40 г. 1991 (1,9,11,12).

Ульбинка 25, 1989, (4); Павлодарская, 1999 (2,11); Вера, 1985 (4); Казахстанская 15, 1993 (1,11,12); Карагандинская 70, 1992 (7).

Қатты бидай

Орташа мерзімде пісетіңдер:

Безенчукская 139. Куйбышев АҒЗИ-да шығарылған, гордейформе түршесіне жатады. Қуаңшылыққа төзімді, қара күйемен залалдануға бейім. 1000 тұқымның массасы 36-45 г, 1982 (1,3,9,12).

Оренбургская 2. Орынбор АҒЗИ-да шығарылған, гордейформе түршесіне жатады. Қуаңшылыққа төзімді, жапырылып қалуға бейім, қара күйемен қатты, қоңыр татпен елсіз заладанады. 1000 тұқымның массасы 37-53 г. 1990 (4,7).

Омский рубин. Сібір АҒЗИ-да шығарылған, гордейформе түршесіне жатады, жапырылмауға төзімді сорт, қуаңшылыққа орташа төзімді, қара күйе, сабақ татымен заладдануға бейім. 1000 тұқымның массасы 28-38 г., 1991 (1,12).

Алтайка. Алтай егіншілік және а.ш. дақылдары ҒЗИ-да шығарылған, гордейформе түршесі, жапырылуға бейім, қуаңшылыққа жоғары төзімді, қара күйе, тамыр шіріндісі ауруларына төзімд, 1981 (12).

Домсинская 90. А.И. Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, леукурум түршесі, шашылып қалуға төзімді, жапырылуға бейім, макаровдық сапа көрсеткіштері жақсы, 1990 (1,4,11,12).

Оренбургская 10. Орынбор АШҒЗИ-да шығарылған, гордейформе түршесі, қуаңшылыққа жоғары төзімді сорт, жапырылуға бейім, 1990 (2,11).

Кустанайская 52, 2000 (9); Наурыз 2, 1998 (5,8,13); Свеглана, 1998 (6).

Ортадан кеш пісетіндер:

Сид 88, Қостанай АШҒЗИ мен ҚазақАНІҒЗИ-да шығарылған, гордейформе түршесі, қуаңшылық пен жапырылуға төзімді, 1993 (1,7,9,12).

ҚАРА БИДАЙ - РОЖЬ - ЗЕСАЬЕ ТАПСЫРМА

  1. Өсімдік құрылысындағы ерекшеліктерді оқып-үйрену.

  2. Күздік қара бидайдың негізгі сорттарының шаруашылық-биологаялық сипаттамасын оқып-үйрену, туыстығы 12 түрлі біріктіреді, олардың ішінде көп тарағаны 8еса1е сегеаіе түрі. Өсщдігінің сыртқы қүрылысы 18-суретте келтірілген.

Қара бидайдың тамыр жүйесі шашақты, негізінен топырақтың беткі қабатында орналасқан, алайда 100-150 см тереңцікке дейін бойлай алады, ал қолайлы жағдайларда одан да тереңге кетеді. Ұрықтық жөне түйін тамырлардан тұрады. Ұрықтық тамырлары саны көбінесе 3-4 дәнінің ірілігі мен толықтығына байланысты олар көбірек болуы мүмкін. Негізгі еркеннің төменгі буынынан екі түйін тамыры тарайды. Көптеген ұрықтық жөне түйін тамырларынан шашақ жүйесі қалыптасады.

18-с у р е т. Қара бидай: 1,2-егін көгі және масақтану кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-масақ; 4-масақша; 5-дөн (сол жақта-үлкейтілген); 6-жапырақ пен сабағының (сабанының)қосылғаны; 7,8,9,10-өскін, масақ, масақша мен ден (сол жақта-үлкейтілген), тритикале.Қара бидайдың гүл шоғыры - күрделі масақ, ол масақ білігі мен оның кертпесінде орналасқан масақшалардан тұрады. Масақ білігі қысқа мүшелерден тұрады, олар жалпақ, сатылы мүшенің өрбір кертпесінде (тұғырында) бір масақшадан отырады. Масақшалар масақ білігінде біресе солға қарай, біресе оңға қарай кезектесіп орналасқан. Қара бидайдың масағында жоғарғы масақша болмайды. Әрбір масақша екі гүлді біріктіреді, үшіншісі ұрық түрінде қалған.

Қара бидайдан масақша қауыздары біз төрізді-ланцетті, бір жүйкелі жалаңаш, гүл қауыздарынан қысқа. Гүл қосқауызды. Сыртқы қауызы қылтықты, ланцет төрізді, бес жүйкелі жөне кірпікті килі бар, ішкі қауызы қоскилді, жоғары жағында кірпікті.

Дамыған гүлдерде гүл қауыздарының білігі соқылыңқы-1-2 мин. сыртқы гүл қауызының пішіні түрақтылығымен ерекшеленеді.

Әрбір гүл үш аталықты. Олар ұзарған пішінді тозаңдықтардан және жіпшелерден құралған. Тозандықтарда домалақша келген тозандар болады. Тозандар піскен кезенде аталық жіпшелер ұзарады да гүл сыртына шығады.

Тозандағаннан кейін аналық аузы мен аталықтар кебеді де түсіп қалады, ал түйін (завязь) дәнге айналады. Қара бидай дәндері гүл қауыздарымен сортына байланысты ортүрлі тығыздықта бекіген (тығыз, немесе бостау). Масақта 32-40 масақша болады. Масақ түтіктенуден масақтануға дейін барынша қарқынды дамиды.

Қара бидай жемісі - ұзынша келген дән, бүйірлерінен қысыңқы, ұзына бойынан терең ойық өтеді, төбесінде айдарлы. Дөннің түсі жасыл, сары немесе қоңыр. Сорттық ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына қарай 1000 дөннің массасы 18-25 г аралығында өзгереді.

Жапырағы жапырақ қыны мен тақтасынан тұрады, олар жалаңаш, немесе түктермен көмкерілген. Жапырақ қыны сабақ буынына (түйініне) бекіген және буынаралығын орай орналасқан. Әдетте жапырақ қыны мен тақтасының арасында тілше (лигула) болады, кейбір түрлерінде ол болмайды. Құлақшалары әртүрлі ұзындықта жөне пішінде.

Қара бидайдың сабагы кеуек, 3-5 буынды. Қара бидай-айқас тозанданатын өсімдік тозандары желмен жөне аз мөлшерде насекомдармен таралады. Қолайсыз жағдайлардагүлдегенде гүлдер тозанданбайды да босдөнділік байқалады.



Каталог: Книги -> 269
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
269 -> Назар аударыңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет