Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет28/105
Дата09.06.2020
өлшемі0,96 Mb.
#63310
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Жалпы ережелер қалай жүзеге асады?

  2. Мекемедегі ұйымдастыру жағдайлары қандай?

  3. Қандай іс-әрекет негіздерінен тұрады?

6 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің ұйымдастырушылық- әдістемелік құрылымы

Дәріс мазмұны:

1.Ұйымдастырушылық - әдістемелік құрылымның деңгейлері

2. Ұйымдастырушылық -әдістемелік жұмыстарды жүргізудің әдістемесі

Мақсаты: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің ұйымдастырушылық- әдістемелік құрылымымен таныстыру.

Қосымша білім беретін мекемелердің ұйымдастырушылық құралы қызметтер мен бөлімшелер сонымен қатар қызметтеріне байланысты мамандар арасында лауазымдардың бөлінуінен тұрады. Ондай мекемелердің әдіснамалық аспектісі бөлімшелер мен оларды үш өзара байланысты деңгейде жүзеге асыру тәсілдер қомплексі арқылы ашылады.



  1. Педагогтардың балалармен жұмыс әдістемесі.

  2. Білім процесін бағдарламалық қамтамасыз ету және таңдау.

  3. Педагогикалық көмек көрсету әдістері, мекемлерде мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді ұйымдастыру.

Қосымша білілім беретін мекемелердің ұйысдастырушылық- әдіснамалық құрылымы бір жағынан оның сыртқы ортаға бейімделу нәтижесі болып табылады. Облыстық, аймақтық, республикалық мекемелер аймақтық басқа мекемелеріне қатысты ақпараттық-әдістемелік орталықтар ролін атқарады. Олардың негізінде семинарлар, дөңгелек стол, мастер-класс т.б. шаралар басқару және педогогикалық қызметтегілер үшін жүргізіледі. Олар балаларға қосымша білім беру тәжірибесін талдап, аймақтың басқа әдістемелік ортақлықтарымен қатынасты жүзеге асырады.Түрлі әдістемелік материалдар шығарып таратады.Осыған байланысты мұндай мекемелердің құрамында әдістемелік қызметтер, ақпараттық басқа орталықтары, кітапханалар т.б жұмыс жасайды.

Балаларға қосымша білім беретін ауылдық және қалалық мекемелердің ұйымдастырушылық және әдістемелік айырмашылықтары олардың мектеппен өзара әрекеттестік сипатында. Бір мектептер профильдік оқытуды дамытса мектеп болып қалады. Бәсекелестік жағдайында қосымша білім беретін екі мекеме де «еркін» дамудың екі бағыты болып қала береді.

Білімнің күйі мен даму тендекциясының қазіргі замандық әлеуметтік және педагогикалық зерттеуінің көрстеу бойынша мектеп ортаның жетіспейтік компененттерін орталығына айналады. Ауыл мектептері балалар ұжымының мектеп аралық өзара әрекеттесуін ұйымдастыруды қажет етеді. Бұл қызметті қосымша білім беретін мекемелер орындайды. Олар мектеппен бірлесе жұмыс жасай отырып тек аймақ орталығы ғана емес аймақтың барлық оқушыларының сыныптан тыс жұмысын бағыттаушы және ұйымдастырушы ретінде көрінеді. Бұл іс-әрекетер тәрбиелеудің манупуляциялық комплекстік бағдарламалары көмегімен бағдарламалары көмегімен жүзеге асарды. Қазіргі замандық көптеген бір профильді мекемелердің әдістемелік құрылымы көп деңгейлі білім беру жүйесі ретінде көрінеді. Деңгейлер түрлі жас кезең баспалдағындағы ұйымдастырушылық-педагогокалық міндеттер комплексіне сәйкес бөлінеді. Жалпылама жұмыс мекеменің мүмкіндіктері туралы ата-аналар мен балаларды хабардар етуге бағытталған. Мұнда класс сағаттары, ата-аналар жиналысы, мектептер мен экскурсиялар қарастырылған. Сонымен қатар конкурстар,мейрамдар, ойын бағдарламалары бар. Жалпылама жұмыс ақпараттық және тәрбиелік міндеттер шешуге бағытталған.Олар жазға мектеп немесе қала сыртқы лагерлері формасында өткізіледі. Кіші жастағы оқушылармен жұмыстың негізін бір-немесе екі жылдық бағдарламаның құрайды.

Бағдарламаның мазмұнын меңгерудің бастауыш деңгейін қаматамасыз етудің басты міндет берілген профиль бойынша балаларда білім жалғастыруға деген мотивация қалыптастыруға.Білімнің келесі деңгейі базалық немесе негізгі.Ол мамандықтар қатарлы бойынша қосымша бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі.Соңғы дейгейі кәсіп алды деңгей. Оны қамтамасыз ететін бағдарламалар өз білімі алуын мекеменің профиліне сәйкес келетін кәсіпті меңгерумен байланыстыратын балалар үшін жасалады. Білім берудің негізгі және кәсіби деңгейлері мекеменің профилін анықтайды, ал бастауыш деңгей балаларды сәйкес нышандары бойынша іріктеу анықтауды қаматамасыз етеді.

Жоғарғы мектеп мамандарын қосымша білім беретін мекемелерге тарту зерттеу жобаларында жоғарғы мамандырылған ғылыми жетешілікті қамамасыз етеді.

Спорттық бағыттағы қосымша білім беретін мекеменің уставын құру бойынша ұсыныстар.





Дайындау

кезеңі


Дайындау мерзімі

Спорт мектептерінің түрлері

Іс-әрекет бағыттылығы

Дене тәрбиесі бойынша балалар жастар клубы


Балалар- жастар спорт мектебі

Олимпиадалық резервті спортық балалалар-жастар клубы

Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі

1

Спроттық

сауықтыру



Бүкіл кезең бойы

А

А

D

-

Массалық спрот

2

Бастауыш

2-3 жыл

А

А

А

-

3

Оқу жаттықтырушы

4-5 жыл

С

А

А

А

4

Спорттық

жетілдіру



3 жыл

В

С

А

А

Жоғарғы жетістік

Спорты


5

Жоғарғы

Спорттық шеберлік



5 жыл

-

В

С

А

А-негізгі функция.

В- дарындылар үшін.

С-жаттықтырушы

D- мамандандырылмаған бөлімшелерде.

Қосымша білім беретін унитарлы көппрофильді мекемелердің құрамында әдетте түрлі бөлімшелер болады: оқу, спорттық, қол өнер-жалпылама,мектепке дейінге, балалар қоғамдық ұйымдасдары немесе мекемелері:

Бөлімшелердің ішінде бірнеше топтардан тұратын сонымен біріншілік бірлестіктер жұмыс жасайды. Бөлімшелер ішінде бірлестіктер арасында орнайды. Олар өздеріне тән оқу бағдарламаларын жасау жолымен дамыды. Нәтижесінде мекемеде білім маршуттары қалыптасады, оларды меңгере отырып бала горизонталь бойынша (қосымша білімнің пәндік аймақтарын өзекті қызығушылықтар мен сұраныстарға сәйкес өзгетеді) және вертикаль бойынша (таңдаған аймақта жетілу) қозғалады. Мұндай түрдегі өзара әрекеттесулердің қалыптасуын ұжымдық жобалық іс-әрекетті қаматамасыз ете алатын мекемеде әдістемелік қызметтің болуы кезінде мүмкін.

Қосымша білім беретін көптеген унитарлы көппрофильді мекемелерде жылы үйдің психологикалық комфортты атмосферасын жасау немесе үлкен отбасы және бірлігі бар команданың жағымды атмосферасын жасауға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Бұл міндет дәстүрлі іс және мейрамдардың жүйесі арқылы шешіледі.

Мұнда барлық бөлімшелер немесе мекемелердің педагогтары мен балалары бірігеді. Бұл міндеттерді шешу педагог-ұйымдастырушылық міндеті. Унитарлы көппрофильді мекемелерде мамандандырылған ұйымдастырушылық, әдістемелік және психологиялық қызмет атқаратын мекемелер жұмыс жасайды.

Дамудың жоғарғы деңгейі балалардың тұрғылықты жері бойынша жұмыс жасайтын ішкі байланыстарға тән.

Унитарлы көппрофильді қосымша білім беретін мекеме үшін білімінің үш деңгейі тән: бастауыш, негізгі және кәсіп алды.

Көппрофильді мекемелерде балалардың іс-әрекет түрін, мазмұнын, формасын таңдау қаматамасыз етілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет