Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет29/105
Дата09.06.2020
өлшемі0,96 Mb.
#63310
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Ұйымдастырушылық - әдістемелік құрылымның деңгейлері қандай?

2. Ұйымдастырушылық -әдістемелік жұмыстарды жүргізудің әдістемесі қалай жүзеге асады?

3. Кіші мектеп жасындағылармен жүргізілетін жұмыстар

7 дәріс тақырыбы: Қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиелік ұйым ретіндегі ерекшеліктері

Дәріс мазмұны:

1. Тәрбиелік ұйымдардың ерекше белгілері

2. Креативтілік, дифференциация, жекелік

3. Білім беру деңгейлері

Мақсаты: Креативтілік, дифференциация, жекелік ұғымдарымен таныстыру, ерекшеліктерін көрсету.

Қосымша білім беру орындары да тәрбие ұйымдары ретінде қарастырылады. Қосымша білім беру орындары мемлекеттік және мемлекеттік емес негізде құрылады және халықтың белгілі бір тобына әлеуметтік тәрбие беруді негізгі міндеті етіп алады.

Жеке тұлғаны немесе топты әлеуметтендіруде басқарудың мынадай бір-бірімен тығыз байланысты 3 формасы ұсынылады:


  1. баланың әлеуметтік тәжірибесінің ұйымдары;

  2. баланың білім алуы;

  3. балаға жекелей көмек көрсету.

Қосымша білім беру орындарындағы әлеуметтік тәрбиенің мазмұнына бір жағынан баланың қызығушылығын ояту болса, екінші жағынан баланың сол білімді игерудегі құндылықты сезінуге талпындыру.

Қосымша білім беру мекемелеріндегі қатаң білім стандарттарының жоқтығы және мұғалімнің баланың сабаққа қатысуға деген көңіл бөлуі.

Қосымша білім беру мекемелерінің мынадай ерекшеліктері бар:


  • балалар бөліміндегі тіршілікке деген шығармашылық;

  • тәрбие үрдісінің жіктелуі, саралануы;

  • тәрбие үрдісінің даралық сипаты, уақытты тиімді пайдалану, білімді игерудегі кеңістіктің берілуі;

  • баланың өзін-өзі тануға деген көзқарасы;

  • тәрбиеленуші мен педагогтың диалогтық мінез-құлықты қалыптастыруға деген талпынысы.

Креативтілік (шығармашылық) функцияны қосымша білім беру мекемелерінде зерттеу жұмыстарының элементтерінің дамуына, тәжірибе алмасуға, өнер мен көркем әдебиетте өз көмегін тигізеді.

Дифференциация (саралау) – балаларға қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие процесінің жұмысын жүйелі етілуі үшін қажет. Мысалы, бала тәрбиелейтін орындарда оған кіретін жасөспірімдердің көзқарасының жіктеліп саралануы тәрбиеленушілердің талап-тілегімен ғана қатысты емес, сонымен қатар олардың мүмкіндіктері де ескеріледі.

Балаларға және жасөспірімдерге қосымша білім беру орны игерілетін, берілетін білім бағдарламасының қиындық деңгейімен ерекшеленеді.

Тәрбиелік жұмысының даралық сипаты кезінде әлеуметтік тәжірибе мен білімділік мазмұны, уақытты ұтымды пайдалану, кеңістікті қабылдау ескеріледі. Қосымша білім берудегі бұл функция мемлекеттік қатаң түрде реттелген әлеуметтік тәрбиемен тығыз байланысты. Өзін-өзі тануға деген көзқарас баланың белгілі бір іс-әрекетке деген ынтасын арттырады.

Қосымша білім беру орындарында жекелік бағдарланған ақпараттар көмегімен және өзіндік белгілеудің арқасында балада қоғамдық іс-әрекетке деген көзқарас қалыптасады.

Қосымша білім беру орындарында тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасында диалогтық мінез орнату балаларда кең көлемді мәселелерді шешуде жекелік педагогикалық көмекті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қосымша білім беру орындарындағы жекелік педагогикалық көмек берудің маңыздылығы бала мұнда тәрбиешіден көмек алуға әзір тұрады. Балада мәселелерді, өздерінің мәселелерін шешуге ықпалы тиеді, мұғаліммен түсінушілік табуға деген талпыныс пайда болады.

Қосымша білім беру орындарындағы түпкі диалогтық мінез, қарым-қатынас педагогтар мен тәрбиеленушілер арасында тұлға аралық қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді. Бұдан мынадай талап шығады: балаға қоршаған іс-әрекеттер түсінікті болуы керек. Диалогтық қарым-қатынас арқылы тәрбиеленушіде педагогымен «субъектінің айналуы» орнайды.

Қосымша білім беру орындарында тұлға аралық қарым-қатынас түпнұсқалы диалог арқылы қалыптасады. Қосымша білім беру орындарының екінші ерекшелігі мектеп жалпы білім беру қызметін атқарады.

Қосымша білім – адамның қызығушылығы мен қажеттілігіне байланысты, өзінің жалпы білімдік және кәсіптік деңгейін жетілдіру мақсатында жұмыстан және сабақтан тыс уақытта меңгеретін білімі. Балалар қосымша білімді арнайы мекемелерде (шығармашылық үйлерде, жас техниктер станциясында, табиғат үйлерінде) ала алады.

Қосымша білім негізгіге қарағанда міндетті емес. Оның хоқ болуы жалпы білім, мамандық алуға кедергі келтірмейді. Оның міндетті еместігі адамның еркіндігінен, білім беру процесінің қатаң регламентелмеуінен көрінеді. Бір жағынан бала немесе оның ата-анасы өздері қосымша білім алу мазмұны мен формасын таңдайды.

Екінші жағынан мекеменің өзі де баланың және педагогтардың мінез-құлық әрекеттерін регламенттейтін ережелерді ұсынады. Мемлекеттік әлеуметтік тәрбие жүйесінде қосымша білім мекемелері бағынушы рольде болады.

Үшінші ерекшелік. Қосымша білім мекемелерінің үшінші міндеті – оқушыларға кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектесу. Ол ұсынылған тізімнің ішінен іс-әрекет сферасын таңдау мүмкіндігін ұсынумен қамтамасыз етіледі.

Білімнің пратилизациясы оның мазмұны ретінде белгілі бір білім аймағы көрінгенде орын алады. Бұл жерде белгілі бір ғылым саласының пәндері оқытылып қоймақ пән аралық байланыстарда ашылады.

Қосымша білім мекемелерінде білім қолданбалы бағыттылығымен ерекшеленеді. Кейбір мекемелер мен бірлестіктердің тәрбиеленушілерінің жеке жетістіктері дарындылық деңгейіне тәуелді болады. Азда болса нышаны бар балаларда әдетте өз мүмкіндіктері және шектеулері жөнінде анық түсінік қалыптасқан. Дарынды балалардың олар үшін мәнді іс-әрекетті жүзеге асыруға бағыттылықтары өте жоғары.

Төртінші ерекшелік - әлеуметтік тәрбиенің негізділігі. Егер тәрбие стихиялық әлеуметтену процесін толықтырса, онда (тәрбиені толықтыратын» тәрбиелеуші ұйымдар басқарушы бастаманы азайтуға назар қояды. Қатынас және тұлғаралық қатынастар қосымша білім мекемесінің өмірінде елеулі орын ала отырып қарқындылығымен сипатталады. Әр тәрбиеленуші осы сферада өзін жүзеге асыруға тырысады, бірақ сәйкес дағдылары болмайды. Сондықтан қоршағандармен өзара түсіністік орнатуға көмек көрсету, басқа жағдайларда пайда болған тәрбиеленушінің стереотипін жеңуге көмектесу жеке көмек сипатында болады.

Тәрбиеленушілердің мінез-құлық әрекеттерінің регуляциясын азайту үшін педагог топтық және индивидуалды жұмыс формаларын біріктіре отырып жұмыстанады. Топ 15-16 адамнан тұрады.

Бесінші ерекшелік – қосымша білім мекемелері 1918 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекет құзырында болып табылады.

Алтыншы ерекшелік – қосымша білім мекемелері түрлі ведомстволарға бағынады. Мысалы, білім министрлігі, мәдениет министрлігі, мемлекеттік комитет, туризм және мәдениет министрлігі.

Жетінші ерекшелік – қосымша білім мекемелерінің әлеуметтік тәрбие субъектілерінің ерекшелігімен байланысты. Қосымша білім мекемесінің педагогтарының жұмысы өзі жасайтын бағдарламамен регламенттеліп сәйкес экспертиза және тұжырымдамалар арқылы леганизацияланады.

Көптеген қосымша білім мекемелерінің педагогтары кәсіби – педагогикалық дайындықсыз нақты пәндік – практикалық аймақта маман болып табылады. Сондықтан әлеуметтік тәрбие міндеттерін шешу интуитивті жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет