Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Алғашқы «квазикәсіби клубтар» қашан пайда болды?
2. Әлеуметтік тәрбие берудің «студия» моделінің шығу тегі.
3. «Станция» моделінің жұмыс жасауы қалай жүзеге асады?
№10 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру
Дәріс мазмұны:
Қосымша білім беру мекемелерінде әлеуметтік тәжірибені ұйымдастырудың ерекшеліктері
Адамның рухани-практикалық әрекеттері
Мақсаты: Қосымша білім беру мекемелерінде әлеуметтік тәжірибені ұйымдастырудың ерекшеліктері жөніндегі білімдермен қаруландыру.
М.И.Бобнева,А.А.Бодалев,А.Г.Здравомыслов еңбектерін талдай отырып, әлеуметтік тәжірибе ұғымына түсінік беруге болады. Әлеуметтік тәжірибе дегеніміз - әлеуметтік маңызды іс-әрекет пен адамның өзара әсерлесуін жүзеге асыру формаларының жиынтығы. М.И.Бобнева және Э.А.Орлов адамдардың арасындағы қарым-қатынастар қалай өрбіп отырса, олардың әлеуметтік тәжірибелері де сол бағытта дамып отырады деген. Зерттеушілердің жұмыстары бойынша,адамның ұжымдық жұмыстарын олардың өмір сүрулеріне де үлкен рольдер атқарады.
А.В.Мудрик жеке әлеуметтік тәжірибені былай түсіндіреді: адамның түйсінулері мен қайғыруларының; білім, іскерлік, дағдыларының; қарым-қатынас, ойлау және іс-әрекет тәсілдерінің; мінез-құлық стереотиптерінің; құндылықтық бағдарларының өзінше синтезі.
Балалар бірлестіктерінің жұмыс тәсілі бірлестік қатысушыларының өзара байланысты рольдерінің жиынынан, нормалардан, этикет ережелерінен, топаралық және топішілік өзара әрекеттесуді ұйымдастыра алудан көрінеді.
Әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыруда тәрбиені ұйымдастырудың ғимараты (орны) үлкен роль атқарады. Қосымша білім алу жүйесіндегі тәрбиелік ғимараттарды екі топқа бөлуге болады:
1)Тәрбиелік процеске бейімделген ғимараттар мен орындар
2)Арнайы салынған немесе толық түрде қайта жабдықталған ғимараттар
Мысалы: көркем өнер және саз мектептерінің көпшілігі ескі үйлерде, зәулім сарайларда орналасқан. Себебі ескі үйлердің қабырғаларының өздері-ақ өте үлкен мәдениеттен және классикалық өнерден хабар береді. Тәрбие жұмысының ұйымдастырушы мекемелерінің өз жұмысын жүргізу барысында қалай безендірілгені де үлкен ықпалын тигізеді. Яғни, тәрбие жұмыстарын өткізудегі сол бөлменің безендірушілері; композиторлар портретттері; суретшілер; мектеп бітірушілер жұмыстары; өткізілген концерттер фотобейнелері; көрмелер; мақтау қағаздары мен дипломдар( балалар ұжымының жеңіске жеткендіктері жөніндегі сайыстар мен фестивальдар және т.б.) ілінеді.
Мұндай жұмыстар әсіресе спорттық мектептерде жүргізіледі. Бөлмеге атақты спорт жүлдегерлерінің, жас өспірім спорт мектеп спортшылары құрамдары суреттері, жарыстарға қатысты жаттығуларда түскен суреттер, т.б.ілінеді. Әлеуметтік жұмыстар жүргізуде ең алдымен осы тәрбие жұмыстарын жүргізген мектеп түлегі жетістіктері болса тіптен жақсы, яғни ол кісі еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, спортшы, ғалым,саясатпен айналысушы болуы да мүмкін, сонымен қатар осы тәрбиелік жұмысты жүргізуші мекеменің мақтанышы, мерейі көрсетіледі. Әлеуметтік тәжірибені жүргізуде «мектеп» моделі көбіне авторитетті немесе позитивті өнегені үлгі тұтады.
Қосымша білім беру мекемелерінің ішінде «станция» моделінің өзінше ерекшеліктері бар. Жас натуралистер станцияларында оқу ағарту, зерттеу бағытында ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру, түрлерін көбейту, т.б. жұмыстар жүргізілетін жер участкелері бар. Сонымен қатар осы жануарларды зерттеуде, жануарлар іш құрылысын қарауда, олардың ас қорларының сақталуын зерттеуде арнайы зертханалар болады. Мектеп оқушыларының зерттеу жұмыстарын жүргізетін зертханаларының болуы олардың жұмыс істеу қабілеттерін арттыруға көмегін тигізеді.
Жас техниктер жұмыстары да былайша суреттеледі. Арнайы жасақтандырылған бөлме, онда ағашпен, темірмен және т.б. жұмыс жасауға жағдайлар жасалған болуы қажет, қауіптілік жағдайды болдырмау үшін құрылғының орналасуын, бір-бірінен қашықтығын қадағалау қажет.
Бөлмені безендірудегі тағы бір әсем жұмыстану бөлмесі- бұл жас туристтер клубтары.Біздер одан саяхаттан алып келген әдемі мүсіндерді көре аламыз. Жас саяхатшылар бөлмесінен ерте кездегі және қазіргі заман заттарын көруге болады, яғни әртүрлі түстегі отырғыштар мен қазіргі заман талабына сай жарық лампалары, ескі заманғы ыдыс- аяқтар, отырғыштар, Қытай қолжазбалары, ауыр айналар т.б.Осындай бөлмелерді безендіруде оқушыныі өздерін бірге қатыстыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |