ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарауы
Осы тарауда ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілдерімен танысуды жалғастырады. Олардың үлкен көлемді повестерінен үзінділер оқиды. Повестердің мазмұны зерде бұзылыстары бар оқушылардың ерекшелігіне қарай жеңілдетіліп өңделген. Осылай берілген тәсіл оқушының оқу материалдарын қиындықсыз иге-руіне, деңгейлік тапсырманы қиындықсыз орындауына мүмкіндік алады.
Сабақ үдерісі кезінде көлемі үлкен шығармалар толық игеріл-меген жағдайда мұғалім алдын ала бірнеше қосымша сұрақтар береді. Оқушы осы сұрақтарға жауап беру үшін үйде өз бетте-рінше шығарманы оқып, талдауға дағдылануы тиіс. Мұғалімнің сұрағы оқушыға түсінікті, ретімен мәтіннің мазмұнын ашатындай болып іріктелуі тиіс.
Заманауи қазақ әдебиеті тарауы
Берілген тарауда оқушылар қазіргі замандағы ақын жазушы-лардың еңбектерімен танысады. Оқушылар осы шығарманың негізінде өз Отаны туралы кеңірек білім алады. Мұғалім олардың
бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятады. Сонымен қатар достық, адамгершілік, әдептілікке баулитын түрлі қызықты өлеңдер, әңгімелермен танысады. Бұл әңгімелердің оқушылар тәрбиесі үшін маңызы зор.
Әлем әдебиеті тарауы
Әлемдік ақын-жазушылардың шығармаларымен танысу оқу-шылардың ой-өрісін кеңейтуге үлкен мүмкіндік. Әр оқушы осы тарауды оқу барысында шетел жазушыларының жазу стилімен, олардың өмір сүру салтының ерекшелігімен танысады. Осы тарауда әлем жазушыларының ең қызықты деген шығармала-ры іріктелініп алынған. Атап айтсақ, мысал, ертегілер, қызықты оқиғалармен танысады. Осындай шығармалардың мазмұнымен танысу оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын бей-жай қалдырмайтынына сенеміз.
Ескерту: Л. Н. Толстойдың «Өрт сөндіргіш иттер» әңгімесі 8-сыныптың «Оқу және тіл дамыту» оқулығында берілгендіктен оқулыққа енбеді. Оның орнына Л. Н. Толстойдың «Акула» шы-ғармасы алынды. Тарау бағдарламадан тыс көптеген әңгіме, өлеңдермен толықтырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |