Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Аяқтың терең венасының тромбозы. Этиологиясы және патогенезі. Клиникасы, диагностикасы, емі. Антикоагулянттық терапияның принциптері. Операцияға көрсеткіштер



бет92/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Аяқтың терең венасының тромбозы. Этиологиясы және патогенезі. Клиникасы, диагностикасы, емі. Антикоагулянттық терапияның принциптері. Операцияға көрсеткіштер.

Жауап: Терең және үстіңгі көктамырлардың тромбофлебиті. ЖТД клиникасы,диагностикасы және тактикасы

Тромбофлебит - тамырлар қабырғаларының қабынуы


Беткей көктамырдың тромбофлебиті үлкен және кіші теріастылық көктамырлардың және олардың тармағынан дамып, көп жағдайда тамырлардың варикозды кеңеюінің асқыну ретінде пайда болады.

Аурудың алғашқы көрінісі - тамырдың тромбоздалған аймағындағы ауырсыну байқалады.Кейіннен тері гиперемиясы пайда болады, қоршаған тіндердің инфильтрациясы, перифлебиттің суреті дамиды. Венаның тромбозды аймағын пальпациялау кезінде ауырсынады. Жағдайының нашарлауы жалпы қабыну реакциясының белгілерімен көрінеді - әлсіздік,қалтырау, дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, ал ауыр жағдайларда 38-39 ° C дейін. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймайды.

Терең тамыр тромбофлебитінің ең тән клиникалық белгісі физикалық күш түсіру кезінде күшейетін, кенеттен ауырсыну болып табылады. Содан кейін ісіну, дене температурасының жоғарылауы пайда болады.
Тері әдетте цианотикалық және жылтыр болады.

Тромбоздың терең тамырларға өту сәті жасырын түрде жүреді және әрдайым клиникалық түрде анықтала бермейді.


Диагностика
ЖҚА:
- лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы
Коагулограмма
- Гиперкоакуляция
- D димер

Инструменталды зерттеу


УЗАС:
- Тромбың болуы
- Вена қабырғасының қалыңдауы
- Веналардың ұлғаюы

Флебография, Каваграфия

- Тамырда контрасттың болмауы
- Коллатералдың пайда болуы
- Қабырғалық тромбтардың болуы

Емі:
Диета 10.


Компрессия ( эластикалық бинтпен орау, компрессиионды трикотаж т.б)
Медикаментозды ем:
НПВС
Антикоагулянттар – гепарин
Оральды антикоагулянттар- ривароксабан,апиксабан
Тікелей емес антикоагулянттар –варфарин
Тромболизистік терапия: урокиназа, стрептокиназа т.б



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет