ағымдардын, көзкарастардың, позициялардың молдығына карамастан барлығына ортақ нэрсе олардың технологиялык детерминизмге негізделуінде болып табылады, яғни қоғам өміріндегі техниканың аныктаушы рөлі мойындалады. Техника философиясы ең алдымен қарама-карсы екі бағытка бөлінеді - техницизм жэне антитехницизм. Техницизм техника дамуының адамзат үшін сөзсіз игіліктілігіне деген сенімге негізделеді. Техницизм коғам өміріндегі техниканың рөлін тек қалыпты кұбылыс ретінде, адамзаттың игілігі ретінде ғана қарастырады. Неотехницизм өзінің алдыңғы формаларынан ерекшеленеді. Мұнда техникаға бұрынғысынша коғам өміріндегі негізгі орын беріледі, бірак оның өзіндік дамуы, өзіндік реттелу мүмкіндігі теріске шығарылып, қоғамдык бакьшау кажеттілігі туралы мәселе қойьшады. Антитехницизм - технофобияның көрінісі, пайда болып, таралып жэне өсіп келе жаткан жаңа технологиялардың жұмбак қауіп-катерінің 198
алдындағы үрей мен коркыныш, сенімсіздік. Антитехницизмнің эр түрлі варианттары бар. Оның ішіндегі ең кеңінен таралғаны “батырлык пессимизм” (Ф.Ницшенің термині) деп аталады. Ол бойынша техника мен зұлымдыктың тегеуріні техниктер мен технократтардың үстемдігін, басқаруын тудырады. Антитехницизмнің тағы бір көрінісі адам өзі игере алмайтын рационалдык білімнің әуел бастапқы агрессивтілігімен сипатталатын, мэні “билікке деген ерікке” негізделген техникаға радикалды дұшпандыкты білдіретін позицияны ұстанады (Марісузе, Адорно, Хоркхаймер). 60-шы жылдардың соңында бұл көзқарастар контрмэдениет идеологиясына жүйеленді (Т.Роззак). Контрмәдениет бойынша барлык казіргі саяси күштер - мейілі ол