159
атеросклероз дамиды, глюкозаға толеранттылығы төмендейді.
Екіншілік байқалуы: панкреатит және алкоголизмде орын алады.
Дене салмағын төмендету үшін диетамен емдейді.
5-ші түрі
-
гиперпре – β
- липопротеинемия мен
гиперхиломикронемия. Паталогияның бұл түрінде қандағы ЛП
фракциясының сипаты күрделі болады. ХМ мен ӨТТЛП мөлшері
артады, ТТЛП және ЖТЛП азаяды. Ауру адамның салмағы артады,
гепатоспленомегалия, панкреатит, атеросклероз дамуы мүмкін, бірақ
бұл барлық жағдайға тән емес. Екіншілік байқалуы инсулинге
тәуелді қант диабетінде панкреатитте, алкоголизмде орын алады.
Дене салмағын төмендетуге арналған көмірсулар мен майларды өте
аз пайдалану арқылы емдеуге болады.
Липид алмасуының патологиялық өзгерістері адам ағзасындағы
әртүрлі бұзылулармен сипатталады (семіздік ,
майлы дистрофия,
липоидоздар). [22].
Семіздік экзогенді (алиментарлы май басу) және эндогенді
факторлармен шақырылуы мүмкін. Эндогенді семіздік әсіресе 40-45
жаста жиі кездеседі. Ол кезде ерте қартаю , артеросклероз, жүрек
қан тамыр жүйесі, бұлшықет дистрофиясы,
бауыр аурулары және
т.б. пайда болады. 45 жастан асқан семіз адамдардың 50% өлімге
ұшырайды. Семіздікті 4-ке бөлінеді: салмағы қалыптыдан 30%
артуы;. Салмағы қалыптыдан 30-50%; Салмағы қалыптыдан 50 ден
100%;. Салмағы қалыптыдан 100% дан асады (адамның жынысы,
бойы, жасына лайықты салмақпен салыстырғанда).
Семіздікпен ауыратын науқастың қанында липидтер
жоғарылап 700 мг/%-ға жетеді, (қалыпты 400-600%) және
бірмезгілде қандағы холестериннің кетон денелердің мөлшері
артады. Эндогенді семіздік липид алмасуының нейро-гуморалды
реттелуінің бұзылуы салдарынан болады.
Май дистрофиясын
тудыратын себептердің бірі ағзада , тіндерде жүйелі түрде оттегінің
жетіспеуі болып табылады
Нәтижесінде тіндерде тотығу процестері баяулайды.
Май дистрофиясы паренхиматозды мүшелерде, әсіресе,
миокард, бауыр, көк бауырда және т.б байқалады. Ол кезде: анемия,
лейкоз, қатерлі ісік, дизентерия, дифтерия, туберкулез сияқты
көптеген жедел және созылмалы аурулар пайда болады.
Сонымен
қатар фосфор, мышьяк, органикалық еріткіштер сияқты химиялық
заттармен улану кезінде де байқалады. Липид алмасуы бұзылу
нәтижесінде пайда болатын аурудың ең күрделісі
Достарыңызбен бөлісу: