Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет4/37
Дата29.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#179232
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Алтынсарин. бастауыш Әдістемелік құрал

Қарым - қатынас сферасы
Бастауыш сынып оқушысының мұғаліммен, сыныптастарымен, басқа
балалармен ынтымақтасуға жеке белсендік танытуы. Адамдармен диолог
құруды әңгімелесудің ерекше формасы ретінде қалыпты мінез - құлық
танытуды қажет етіп, диалог мақсатын ұғынуы.
Мектепте оқу еңбегін, қоғамдық тәртіпті сақтау, табиғатқа қатынасты,
даулы жағдайды мәдениетті шеше білу қарым- қатынас нормаларын игеруі.
Әңгімелеу жағдайына бағдары бар: әңгімелесуші сөзін тыңдай алады,
әңгімелесушінің коммуникативті еміренуін түсіне алады, әңгімелесуде өзгенің
реакциясын бағалай алады, сөзін дұрыс құра біледі, қажетінше өзгертіп, түзете
алады.
Әртүрлі топтардың әрекетіне (ұйымдастырады, орындайды, сынайды,
топтың позициясы жақтап сөйлейді, бақылай) кірісе алады, ым- ишыра, белгіні
диалогке түскенде, сабақ барысындағы пікірталаста көрсете біледі.
Кебір жағдайларды анықтау үшін сұрақ қоя алады, тыңдай, түсіне, өз
түсінгенін тексере алады.
Автор шығармасын сынай алады, автордың негізгі ойын, идеясын түсініп,
өзге шығармалармен
ұқсастығын анықтайды, ойды
өрбітеді,
қарама-
қайшылықты анықтайды, кемшіліктерді көреді.
Сыныптастарымен шағын топтардың жұмыстарын сараптай алады.
Хат, құттықтау, хабарландыру жаза алады. Біріккен іс- әрекетте өзі үшін,
өзге үшін жауапкершілік алады.
Білімді игеру әрекеті сферасы арқылы
Оқушы өзін - өзі реттеу мен өз іс – әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін
меңгерген, оқу әрекеті тек өзіне қатысты екенін түсінеді, өзін- өзі
ұйымдастыру қабілеті келесі функционалдық әрекетінде байқалады:


9
1. Дене жаттығуларын жұмыс қабілетін жақсарту, зейінін шоғырландыру,
ой – еңбегі арқылы, сөз, дене шаршауын басуда қолдану.
2. Әңгімеге тарта алады, әңгімені көзқарасымен, ым - ишрасымен,
сұрақтарымен қолдай алады.
3. Өз жұмыс орнын, уақытын ұйымдастыра алады.
4. Оқу- әрекетінде белсенділік танытады, өздігінен пікір, байлам жасайды,
түсінбеген тақырыптарды анықтауға талпынады, оқу әрекетінің құралдары мен
тәсілдерін біледі, қажет болған жағдайда көмек сұрай алады.
5. Есте сақтаудың рационалды тәсілдерін біледі.
Оқудың мұғалім анықтаған мақсаттарын түсінеді, өз бетімен мақсат
келесі жұмыстарда анықталады:
1. Мұғалімнің басшылығы, сыныптастарымен бірге оқу жағдаятын талдай
алады, өз мүмкіндіктерін бағалау мен ондағы мәселелерді көре алады.
2. Біліміндегі кемшіліктерді өздігінен түсінеді, жаңа міндеттерді шеше
алады.
3. Сыныптастарымен бірге сызбаға қажетті сұрақты, жетімсіз немесе қажет
амалдың
мақсат міндетін түсінеді, өздігінен оқу тапсырмасы мақсатын
анықтай алады.
4. Мұғалім басшылығымен әртүрлі оқу мақсаттарының ара- қатынасын
топтық жұмыста анықтайды, талдайды.
Оқу мақсатына жету үшін, оқу міндетін шешу үшін іс - әрекет
ұйымдастыра алады:
1. Ойластыра отырып, міндеттерді шешу үшін өздігінен бірнеше әрекет
түрін жоспарлайды.
2. Бір мақсатты шешуде әртүрлі жоспарды салыстырады, таңдау жасай
алады.
3. Оқу міндетін шешу үшін ең тиімді құралды таңдай алады.
4. Үлкендердің көмегімен уақытқа тапсырманы бағдарлай алды.
Оқу міндеттерін орындауда қолдану шегін, шешу тәсілі мен шарттарын
нақтылай алады:
1. Мемлекеттік стандартта көрсетілген талаптардан төмен емес деңгейде
таныс өмірлік жағдаяттарды өздігінен тапсырмалық тұрғыда орындайды.
2. Сыныптастарымен бірге жаңа шарттардың белгілі тәсілдердегі өзгерісі
мен ерекшелігін анықтай алады.
3. Өздігінен немесе өзімен жастылармен қолданылатын тапсырмалар
іріктейді, тапсырманы орындау тәсілдерін түсінеді, игерген, игермеген білім
шегін кіші жастағылармен анықтай алады.
4. Шапшаң, мәнерлеп, дұрыс оқи алады, оқыту барысындағы графикалық
тілді қолданады, кесте, сызба, модельдермен жұмыс істей алады.
5. Қолданыс жағдайында пайда болған, іс - әрекет нәтижесіне жету үшін,
кедергілерді жеңу бағытында, шешуге қатысты мәліметтер мен туындаған
сұрақтарды жинақтайды, тіркейді.


10
6. Заттарды сөзбен, ғылыми тұрғыда, бейнелік тұрғыда сипаттай алады,
шынайы түрде бір - бірне байланысы мен қатынасын түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет