12
Сонымен қоса М.А. Холоднаяның пайымдауынша «функционалдық
сауаттылық» пен «түйінді құзіреттілік» ұғымдары табысты өмір сүріп, білім
алуды жалғастыру үшін оқушы игеруі тиіс сапалық қасиеттер ретінде
қарастырылады. Себебі адам өмірлік,
кәсіби қызметтегі, жанұялық өмірдегі,
әлеуметтік саладағы түрлі жетістіктерге жету үшін оқушы бойында келесі
түйінді құзіреттіліктер қалыптасуы тиіс деп есептейді: «автономдық әрекет»
(өзбетінше әрекет ету мен жеке белсенділік), «құрал қолдану» ( физикалық,
әлеуметтік, тіл, техникалық т.б.), «Әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік топтарда
әрекет ету» (толеранттық таныту, адамдармен біріккен әрекетке дайын болу).
Сонымен қоса М.А. Холодная «функционалдық сауаттылық» ұғымының
оқу нәтижесі ретінде қолданылуымен қоса
келесі айырмашылықтарын атап
өтті. Олар: 1) тұрмыстық мәселелерді шешу бағытында; 2) жеке тұлғаның
әлеуметтік жағдайдағы өзін ұстауының сипаттамасы; 3) дәстүрлі, стериотиптік
міндеттерді шешудің байланысы; 4) оқу және жазу дағдысы деңгейінің
элементарлық базалық деңгейі; 6) сауаттысыздық мәселесін аз уақыт бірлігінде
шешу мағынасында қолдануы.
С.Г. Вершилинский мен М.Д. Матюшкина «функционалдық сауаттылық»
ұғымын мектеп түлектерінің сауаттылық көрсеткіштері ретінде қарастырады:
Жалпы сауаттылық (шығарма,
реферат жазу; калькуляторсыз санау, анкета,
бланк толтыра алуы), ақпараттық сауаттылық (желіден қажетті мәліметті таба
алуы, электрондық поштамен хат алысу, мәтін теру мен шығару),
Жоғарыдағы ойларды түйіндей келе бастауыш білім беру сатысы
қарапайым функционалдық
сауаттылықты
қалыптастыруға бағытталған.
Бастауыш саты кіші мектеп жасындағы оқушының функционалдық сауаттылық
пен
әлеуметтік
құзіреттіліктің қарапайым дағдылары мен
қабілеттерін
қалыптастырудың негізін салады. Осыған орай қарапайым сауаттылық оқу мен
санаудың ауызша
және жазбаша тілін, әлеуметтік әрекеттерді (адамдармен
қарым-қатынасқа түсу дағдысы, біріккен әрекетті жүзеге асыру, қоғамның
талаптарына сай өзін - өзі ұстау) дағдылары қалыптасады.
Қоғам бастауыш сынып мұғалімі алдына кіші мектеп оқушысы тұлғасын
дамытуды қамтамасыз ету шартын қояды. Ондай міндеттерді шешудің құралы
болып оқу әрекеті жатады. Оқушының функционалдық сауаттылық пен
әлеуметтік
құзіреттіліктің
қарапайым
дағдылары
мен
қабілеттерін
қалыптастыруда бастауыш білім беру сатысының мақсат пен міндеттерінің
басымдығын анықтау шарты - осы жастық кезеңнің психологиялық даму
заңдылығын есепке алынуы, қойылған мақсаттың қол жетімді болуын
қамтамасыз
етеді.
Осыған
орай
бастауыш
сынып
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыруда
олардың
жастық
ерекшеліктеріне мән берілуі керек.
Бірінші сынып оқушысының ерекшелігі.
Алғаш
мектеп табалдырығын
аттап, бірінші сыныпқа қабылдану – бала өміріне күрт өзгеріс әкелетін кезең.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға тән бейқамдылық пен ойынға шектеу
қойылып, жаңа талаптар мен міндеттер жүктеледі: ендігі уақытта бала
күнделікті ұйқысынан ерте тұрып, мектепке бару, күн тәртібіне,
мектеп
өмірінің нормалары мен ережелеріне бағыну, мұғалімнің талабын орындау,
13
сабақта оқу материалдарымен жұмыс істеу, бар күш-жігерін салып еңбек ету,
үй тапсырмасын тиянақты орындау, т.с.с. толып
жатқан талаптарға бағынуы
тиіс.
Осы кезеңде 1-сыныпқа келген баланың дүниетанымы күннен күнге артып,
ойлау қабілетінің мүмкіндігі ашыла түседі, эмоционалдық сезімдері (қуану,
ренжу және т.б.), қарым-қатынас шеңбері өзгереді. Бала мектеп табалдырығын
аттай отырып, білім алу қажеттілігін сезіне бастайды және білімге деген
құштарлығы оянады.
Бала өзінің жаңа жағдайын жете түсіне алмағанымен, оны сезеді: үлкен
болғанына қуанады, оған өзінің «жаңа жағдайы» ұнайды. Бала өзінің «жаңа
әлеуметтік статусқа», яғни «оқушының ішкі позициясы» – «Мен – оқушымын»
мәртебесіне көтерілгенін, есейгенін сезінеді (Л.И. Божович).
1-сынып оқушысы үшін «оқушының ішкі позициясы» болуының мәні өте
зор. Соның өзі кішкентай оқушыға мектеп өмірінің қиындығын жеңуге, жаңа
міндеттерді орындауға көмектеседі.
Сол себепті де кез келген ата-ана 1-сынып оқушысы атанған баласының
«ішкі позициясын» қолдаудың маңызын түсіне және қолдай білуі тиіс. Олар өз
балаларының мектеп өміріне үйренісіп
кетуіне ықпал етіп, сабақтағы табысы
мен сәтсіздігіне шын көңілімен, шыдамдылықпен төзе біліп, ыждағаттылығы
мен ынтасын міндетті түрде мадақтап, эмоционалдық тұрғыдан
көмек беріп
отырса, соның өзі баланың білімнің маңыздылығын сезінуіне, өзін-өзі
бағалауына және өзіне сенімділікпен қарауына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: