Өмір - қүндылық
жатады:
ретінде
]) Әр адамның өмір сүруге қүқығын мойындау; 2) әр
түрлі омір көріністеріне деген қамқорлық қатынастады
сақтауға үмтылу; 3) омірді оның ортүрлігімен, кезеңдерімен, формаларымен
қабылдау; 4) өмірге күш мөлшері мен қабілетіне сай эсер етуі; 5) адам
мәртебесіне сай келетін өмір сүру салты сигіаттамасы; 6) ойластырылған
өмірлік көзқарас; 7) өз омірінің субъектісі ретінде оны саналы қүру.
Өмірге қүндылық бағдардың шын мәнінде іске асуын балалармен
күнделікті сабақтар аясында қарастырыгі корейік.
Мүғалім кішкентай бәйшешек алып келді: “Қарандар, өмір тағы оянып
келеді”.
284
III бөлім. Тәрбие теориясы
Жаттықтырушы хабарлады: “Қүлап үйренеміз. Өмірді қорғай білу керек”.
Әжесі немерелеріне: “Қүстарды қорқытпа. Онда олар көбірек өмір сүреді”.
Мүғалім: “Шаршадыңдар ма? Үзіліс жасайық. Оқытуға бар өмірімізді,
жанымызды сала беруге болмайды”.
Өмірге деген күнды қарым-қатынастар туралы идея адам өмірінің саласы-
мен шектелмейді, оның шекарасынан асып кетеді, сол жерлерде өмір
сүрушілері, мүхит өмірі, ормандар өмірі, өзендер өмірі, дала өмірі, тау өмірі,
жер өмірі, ғаламшар өмірі, жүлдыздар өмірі, өмір пайда болып, өліп, қайта
туады. Өмірге сүйіспеншілікті «Оны өлтірме» деп айтуға дейін жеткізу қажет
емес. Нормамен істеу әрқашан қарама-қайшылықтарға алып келеді. Сонымен
қатар балалар өмір сүру заңдылықтарының қатаңдықтарын ерте байқайды:
қасқыр қоянды жейді, адам қүстарды, мысық тышқан аулайды, балықтарды,
сиырлар мен шошқаларды жейді. Африканың каннибалдары тайпасына «сен-
дер адам етін жеуге қалай үялмайсыңдар дегенде, олар: «Ал Европалықтар
бірін-бірі өлтіреді және жемейді екен» деп жауап беріпті.
Алайда адамзат өмірін қүндылыққа жатқызған күннің өзінде, көптеген,
яғни өмірде қалыптасып қалган қайшылықтар бар; бір өмір гүлденуі үшін, бір
өмір өтуі керек, бір өмір келесі өмір үшін азық болуы керек, өз өмірі үшін
біреу келесі біреудің өмірін қиюға мәжбүр.
Өмірдің қайшылықты жақтары туралы айтпай кетуте болмайды. Бірақ та
өмірдің қорқынышты жақтарын бала кезінде, жасөспірім кезінде емес, есейіп,
үйлесімді тепе-теңдік кезінде айтқан жөн. Алдымен баланың өмірді сүйіп, оған
деген сақтау, үнемдеу қасиеттерін қалыптастырған жөн. Өмірдің үйлеспейтін
жерлерін ол ақыл есі толық қалыптасқанда ғана дүрыс қабылдай алады.
Өмірді біле отырып адам, бір уақытта өзінің талаптарын қоя бастайды,
олар «бақыт», «еркіндік», «ар-үят», «әділеттілік», «теңдік», деген үғымдардан
көрінеді. Бүл қасиеттердің барлығын мүғалім балаларға бойларына сабақ беру,
араласу барысында сіндіруі керек. Мүғалімнің берген бағыты баланың
болашақ өміріне қатты эсер етеді. Нәтижесінде жас қыздар мен жігіттер
өздерінің жеке өмірін бастамас бүрын өздері саналы тандау жасаулары керек:
шексіз еркіндік немесе бостандықты қалауы. Әрине бүлар өмірлік таңдауға
рухани күш-жігерді жүмсауды қажет етеді: Олар мүмкін бүршағы бар бақшаға
түскен өгіздің бақытын қалайды ма, әлде адамдармен бірге адамдар үшін
шығармашылық бақытына бөленгісі келе ме, өз тәртібін айналадағыларға
әсерін (үяты ма) есептеп барып орната ма? Әлде күшін өз мүддесін қана-
ғаттандыту үшін бағыттай ма? Бүнда ерекшеліктер бар ғой. Өмірге қүндылық
бағдарын тәрбиелеу мазмүны баланың жеке басының қасиеттерімен шартты
байланысты, әрине нақты жағдайдағы баланың нақты мінез-қүлқын мүғалім
түзетеді, себебі бала кішкентай, әлсіз, тәжірбиесіз, бірақ оның қағидалы қаты-
насы, ақылы, еркімен сезімі өмірлік міндеттерді шешудің бастапқы негізі
болады.
Кішкентай қыз ата-анасының серуеннен келген мысықты шомылдыру
керек екенін талқылағанын естіп алып, былай деді: “менің ойымша, ол келіс-
пейді” Бүл сөз тіркесінде бізге белгісіз қыздың тәрбиесінің негіздері көрініп
түр: өмірді сыйлау, тірі мақүлықтың сезімін өзінше білуі, таңдау қүқығын
мойындауы (ол үшін мысық - басқа стильдегі адам), басқаның халіне жаны
ашуы. Мүмкін, оның итке де, пілге де, ағашқа да, гүлге де, сондай-ақ, өмір
сүруші адамға да қарым-қатынасы дәл осындай болар.
|