Байланысты: МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ диплом 2010
2.2. Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын грамматикалық трансформациялар Аудармашы ағылшынша мәтіннің адекватты аудармасын алу үшін
ағылшынша сөйлем құрылымының грамматикалық мағынасын есепке алуы
тиіс. Ағылшын тілі грамматикасының формасы мәтіннің мағынасының
бұрмалануына әкеліп соғады. Аударма тәжірибесінде бір уақытта грамматика
ерекшеліктері мен лексика мағыналарын есепке алып отыру керек.
Барлық уақытта ағылшын тіліндегі сөйлемдер аударманың сөзбе-сөз
тәсілімен берілмейді. Мәтінді ағылшын тілінен аудару барысында көбінесе
сөйлем құрылымын өзгертуге (сөз тәртібін, екі жай сөйлемді біріктіру немесе
күрделі сөйлемнен жай сөйлем жасау) тура келеді. Мұндай өзгертулердің
себебі қазақ тіліндегі ұқсас грамматикалық құрылымның жоқтығы, сонымен
қатар қазақ және ағылшын тілдеріндегі сөз тіркестердің грамматикалық және
мағыналық құрылымдарының стилистикалық ерекшеліктерінің ұқсас
болмауы. Мұндай жағдайда, аударма барысында мынадай грамматикалық
трансформацияларды қолданамыз.