4
lac-оперонның позитивті реттелуі
Лактозалық і-репрессорын активсіздендіру үшін ортада
тек глюкозаның болғаны
жеткіліксіз. Глюкозаға қосымша элемент циклдық АМФ-катаболизмдік активтендіруші
белок (КАБ)-тың болуы қажет. Олай болса жасушада Lac – а-РНҚ-ның транскрипциясы ол
ортада индуктор ретінде глюкоза және циклдық (ц)АМФ-КАБ бар кезде жүреді. Циклдық
(ц) АМФ-КАБ –тың активтілігі глюкозаның концентрациясына байланысты. Глюкоза Lac
– оперонның активтілігіне жанама ингибиторлық (тоқтататындай) әсер етеді.
Циклдық АМФ-тың кішігірім молекулалары ішек
таяқшасынан басқа көптеген
бактерияларда да кездеседі, олардың синтезделуі аденил – циклаза ферментінің көмегімен
жүреді, оның жасушадағы концентрациясы жанама түрде глюкозаның метаболизмімен
реттеледі. Егерде бактерия өсетін ортада глюкоза жеткілікті
болатын болса онда цАМФ
концентрациясы төмен болады, ал ортада глюкозаның
метаболизміне қатыспайтын
глицерол немесе көмірсулардың басқада көзідері болатын болса цАМФ концентрациясы
жоғарылайды. цАМФ концентрациясының бақылану механизмі толық ашылған жоқ.
Lac – оперонының активтілігінің реттелуінде цАМФ маңызды. Сонымен қатар ішек
таяқшасының жасушасында Lac – оперонының активтілігін реттеуге қатынасатын
катаболизмдік активтендіруші белок (КАБ) «сrp» генінің өнімі болып табылады.
Осы сrp
немесе аденил – циклаза гендерінің мутацияға ұшырауы Lac – а-РНҚ-ны синтездеу
қабілетінен айырады, сондықтан Lac а-РНҚ синтезінің басталуы үшін
жасушада осы екі
геннің (цАМФ және КАБ) өнімдерінің болуы қажет. КАБ және ц АМФ бірігіп бірге Lac-
жүйесінің активті реттеуші элементі болып табылады. Олар транскрипцияның басталуы
үшін ДНК тізбегінің промоторлар қатарымен байланысуы қажет.Олай болса цАМФ және
КАБ кешені репрессорға (негативті реттелуге) қарама-қарсы қасиет көрсететін позитивтік
реттеуші болып табылады. Бұл Lac- оперонының активтілігі бір-біріне тәуелсіз позитивті
және негативті механизмдермен реттелетіндігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: