11
бөліктерінің ядрода бұзылуы т.б. болуы ықтимал. Сонымен
қатар кейбір интрондар а-
РНҚ-ны танып, оның цитоплазмаға шығуына көмектеседі деген жорамал айтылады
(Maсlean, Hall, 1987).
4.
Түзілген а-РНҚ-ның біраз бөлігі цитоплазмада ыдырап кетеді.
Эукариоттық а-РНҚ-ның
ыдырау жылдамдығы түрліше. А-РНҚ-ның ыдырау жылдамдығының түрліше болуы
гендер активтілігіне әсер етуі мүмкін.
Мысалы, жасушалық циклдың барысында гистонды
белоктардың қарқынды
синтезделуі S кезеңінің бастапқы кезінде өте қажет, өйткені осы кезеңде жаңадан түзілген
ДНҚ тізбектері нуклеосомалармен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазіргі кезде гистондар
синтезінің жылдамдығы транскрипциялық деңгейде ғана емес, сонымен қатар гистондық
а-РНҚ ыдырау жылдамдығындағы ерекшеліктермен де
реттелетіні жайлы пікірлер
айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: