Ақпараттық-дидактикалық блок Гендерінің экспрессиясының реттелуі Прокариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата25.11.2022
өлшемі443,38 Kb.
#159837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
регуляция про, эукариот, каз. ақпараттық

Посттрансляциялық бақылау 
Гендер активтілігі белоктардың синтезі аяқталғаннан кейін де реттелуі мүмкін. 
Бақылаудың бұл түрін гендер активтілігінің посттрансляциялық бақылануы деп атайды.
Гендер активтілігінің кері байланысу ұстанымы бойынша басылуы ферменттің 
синтезіне емес, оның активтілігіне әсер ететін реттеуші механизм болып табылады. Мұнда 
биосинтез нәтижесінде түзілген концентрациясы жоғары соңғы өнім бірінші синтезделген 
ферментпен байланысып метаболизмдік үдерістің жүруіне жағдай туғызады.
Соңғы өнім + бірінші фермент кешені ферменттің төртінші реттік құрылымын 
өзгертіп, оның катализдік сайтын активсіздендіреді. Фермент құрылымының өзгеруі оның 



өзінің активтілігін тоқтатады және соңғы өнім мен аралық ыдырау заттарының артық 
мөлшерде синтезделуіне кедергі жасайды. Мысалы, ішек таяқшасында изолейциннің 
синтезделу үдерісін зерттеу барысында (Umbеrger, 1961) изолейцинді (треонин 
алмасудағы соңғы өнім) жасанды ортаға енгізгенде, сол мезетте треониннің изолейцинге 
айналу үдерісі тоқталған. Изолейциннің мөлшері шамадан тыс артқан жағдайда жасушада 
бұл аминқышқылының синтезі тоқталып, экзогендік изолейцинді пайдалану басымырақ 
жүрген.
Треониннің изолейцинге айналу процесіне қатынасатын 5 фермент артық 
мөлшердегі изолейцинмен өзара әрекеттесуі барысында олардың әрқайсысының синтезі 
де тоқталады.
Эукариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі 
Прокариоттарға қарағанда эукариоттардың құрылымы күрделі. Мысалы, адам 
ағзасында 200 астам әртүрлі жасушалар және 100 ақуыздар болады. Эукариоттар 
гендерінің экспрессиясының реттелуінің тек өзіне тән бақылану механизмдері бар. 
 
Эукариоттарда гендер активтілігі реттелуінің екі типін ажыратады:
1) қысқа мерзімді немесе қайтымды реттелу бактериялардағы реттелуге сәйкес, ортадағы 
өзгерістерге жасушаның жауап қайтаруы болып табылады. Реттелудің бұл типі 
жасушадағы субстрат деңгейінің жоғары не төмен болуына байланысты ферменттер 
активтілігнің өзгеруімен сипатталады. Осы реттелу типіне сонымен қатар, митоздың түрлі 
кезеңдерінде байқалатын ДНҚ, РНҚ және белоктардың синтезделу жылдамдығының 
өзгерістерін де жатқызады. 
2) Ұзаққа созылған немесе қайтымсыз реттелу – дамудың ұрықтану және зигота түзілу 
кезеңінен бастап көп жасушалы ағза түзілуге дейінгі аралықта жүретін детерминация, 
дифференциация т.б. үдерістерінде жүреді. 
Эукариоттарда гендер активтілігі реттелудің осы екі типі тұқым қуалау ақпаратының 
жүзеге асырылуының мына кезеңдерінде байқалады: 
1.
Геномдық деңгейде (ДНҚ) реттелу; 
2.
Транскрипциялық деңгейде реттелу
3.
Посттранскрипциялық деңгейде реттелу 
4.
Трансляциялық деңгейде реттелу; 
5.
Посттрансляциялық деңгейде реттелу; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет