Ақпараттық-дидактикалық блок Гендерінің экспрессиясының реттелуі Прокариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата25.11.2022
өлшемі443,38 Kb.
#159837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
регуляция про, эукариот, каз. ақпараттық

Репрессибельдік жүйелер 
Жасушадағы кейбір ферменттердің мөлшері олар синтездейтін соңғы өнімдердің 
концентрациясына байланысты өзгеріп отырады. Егер жасушада соңғы өнімдердің 
мөлшері жоғарылап, артып кетсе ол ферменттердің синтезі тоқталады. Ондай 
ферменттерді репрессибельдік ферменттер деп, ал соңғы өнімдерін – корепрессор деп 
атайды.
Реттеуші ген апорепрессор деп аталатын затты синтездейді. Апорепрессор 
корепрессормен қосылып активті қызмет атқаратын репрессор молекуласын түзейді. 
Репрессор синтездік үдерістерге қатынасатын барлық гендердің активтілігін тежейді.
Мысалы, Salmonella typhimurium бактериясында гистидин аминқышқылының 
концентрациясы жоғары ортада гистидин корепрессор ретінде әсер етеді. Ол корепрессор 
ретінде гистидиннің синтезіне қатынасатын барлық 10 ферменттің түзілуін тоқтатады. 



Мұндай репрессия типін үйлесімдік (координациялық) репрессия деп атайды. 
Репрессияның бұл типін координациялау репрессиясы деп атайды. 
Salmonellatyphimurium-ның координацияланған репрессиясы деп атайды. 
Трансляциялық бақылау 
Прокариоттық гендер активтілігінің трансляциялық деңгейде реттелуі а-РНҚ-ның 
өмір сүру ұзақтығына тікелей байланысты. А-РНҚ-ның ферменттік ыдырауы оның 5
1
-
ұшынан басталып 3
1
-ұшында аяқталады, яғни а-РНҚ-ның бірінші болып синтезделген 
ұшы, бірінші болып ыдырайды. Ішек таяқшасының а-РНҚ-сының орташа өмір сүру 
ұзақтығы -2 минутке жуық. А-РНҚ-ның ферменттік ыдырау жылдамдығына оның 5
1
-
ұшында орналасқан арнайы нуклеотидтар жүйесі де әсер етуі мүмкін.
А-РНҚ-ның өмір сүру ұзақтығы сонымен қатар оның трансляциясына қатынасатын 
бос рибосомалардың санына байланысты ауытқиды. Осы себепті бактерияларда түрлі 
белоктар синтезі жылдамдығының түрліше болуы трансляция жылдамдығымен емес сол 
жасушадағы рибосомалар санымен анықталады. 
Мысалы, ішек таяқшасының (E. coli) лактозалық жүйесіндегі жалпы бір оператормен 
бақыланатын құрылымдық гендердегі үш цистрон үш ферментті синтездейтіні айтылды. 
Олар: а) β-галактозидаза; ә) галактозид-пермеаза; б) галактозид-ацетилаза. Бұл 
белоктардың синтезделу арақатынасы 1:1/2:1/5-ке тең. Бұл арақатынас осы үш белоктың 
трансляциясы жүретін полицистрондық а-РНҚ-ның 5
1
-ұшынан олардың орналасу 
арақашықтығын бейнелейді. Гендер неғұрлым полицистронды а-РНҚ - 5
1
-ұшынан 
неғұрлым алыс орналасқан сайын синтезделетін белоктың мөлшері де азая түседі. 
Рибосомалардың а-РНҚ-ғы түрлі старттық нүктелерге жалғануы оперондағы құрылымдық 
Z, Y, A гендері синтездейтін белоктардың сан мөлшерінің түрліше болуына әсерін тигізеді 
деген жорамал айтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет