Белоктардың посттрансляциялық модификациялары
Кейбір белоктар синтез аяқталғаннан кейін құрылымдық өзгерістерге ұшырайды.
Әдетте бірқатар белоктарда ыдырау немесе тримминг байқалады. Мысалы,
инсулиннің
(қызмет атқаруы) активтілігі геннің бірінші реттік өнімі ретінде синтезделген
проинсулиннің орталық бөлігін ферменттер көмегімен алып тастау арқылы қамтамасыз
етіледі. Көпшілік белоктардың
активтілігі олардың басқа, құрылысы ұқсас немесе
ұқсамайтын әртүрлі белоктармен байланысқан жағдайда іске асырылады. Мысалы, қызмет
атқаруға қабілетті гемоглобин гемнен және глобиндік тізбектерден тұрады. Бұл байланыс
бұзылса ағза темір жетіспейтін анемия ауруына шалдығады.
Гендер активтілігінің гормональдық реттелуі
Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарларда жасушааралық
өзара әрекеттесулер
12
олардың тіршілік үдерісінде маңызды роль атқарады. Жасушалардың өзара әрекеттесуі
гормональдық әсер етуге байланысты іске асырылады. Гормондар тікелей жасуша –
нысанаға немесе ұлпа – нысанаға әсер етеді. Пептидтік гормондар (инсулин эпинефрин
т.б.) өздерінің ірі молекулалы болуына байланысты жасуша ішіне ене алмайды. Олар
жасушаға рецепторлық белоктармен әрекеттесу арқылы әсер етеді. Рецепторлық белоктар
әдетте нысаналық жасушаның мембраналарында орналасады.
Осылай әсер ету арқылы
пептидтік гормондар жасушаішілік циклдың АМФ (цАМФ)-тың деңгейін реттейді.
Циклдық АМФ протеин-киназа ферментін активтендіреді. Ал протеин-киназа
ферменті
көптеген
арнайы
қызмет
атқаратын
ферменттерді
фосфорилдейді
(активтендіріледі). Стероидтық гормондар (эстроген, прогестерон, тестерон, экдизон)
жасуша
ішіне оңай еніп, жасуша-нысана цитоплазмасындағы арнайы рецепторлық
белоктармен берік байланысады. Түзілген гормон + рецепторлық белок кешені арнайы
гендердің транскрипциясын активтендіреді. Оның екі жолы бар: 1. Гормон + рецепторлық
белок кешені арнайы гистонды емес белоктармен өзара
әрекеттесіп нақты гендердің
транскрипциясын активтендіреді. 2. Гормон + рецепторлық белок кешені гендердің
энхансерлік және промоторлық учаскелерінде орналасқан арнайы нуклеотидтер
жүйесімен байланысып сол гендердің транскрипциясын активтендіреді (R.M. Evans, 1988).
Осы екі жағдайда да гормон + протеиндік кешен транскрипция үдерісіне
прокариоттардағы САР-с
АМР-кешенінің әсеріне ұқсас, позитивтік реттеуші әсер
көрсетеді.
Олай болса, гендер активтілігі жасушалардың (ағзалардың) нақты тіршілік
жағдайларына
байланысты болып, тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуының
барлық кезеңдерінде түрлі механизмдермен бақыланады.