9
Жоғары сатыдағы эукариоттар геномының айтарлықтай үлкен
бөлігі ДНҚ-ның
қайталанатын жүйелерінен тұрады. Ол жүйелерде құрылымдық және реттеуші гендtр
болмайды.
Оларды
псевдогендер
деп
атайды.
Псевдогендер
бірқатар
ген
тұқымдастарында кездеседі. Псевдогендер ДНҚ-ның
комплементарлы көшірмелері, олар
сәйкес а-РНҚ-ның кері транскрипциясы нәтижесінде түзіледі. Псевдогендердің
интрондары түсіп қалады және құрамында транскрипцияның жүруіне
кедергі болатын
көптеген стоп кодондар (мағынасыз кодондар) кездеседі.
7.
Кейбір ДНҚ-да сплайсинг жүріп, нәтижесінде хромосома ішіндегі гендердің орын
алмастырулары байқалады. Бұл механизмді иммуноглобиндер
синтезін бақылайтын
гендердің экспрессиясында кездестіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: