82
1879 жыл
Ыбырай Алтынсарин – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына
қомақты үлес қосты. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер-білім, техника
тілін білуге шақырды. Өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай,
олар сол өнермен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді
күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап,
өнер-білімді батыл игеруге шақырды.
«Қел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңдерінде
жастарды білім алуға үгіттеп, халықты сол кездегі ғылымның табыстарымен
таныстырды,
көркем
сөзбен
жазылған
әңгімелерінде
халықты
отырықшылыққа егін, қолөнері кәсіптерімен шұғылдануға үгіттеді.
Ыбырай Алтынсарин өлең
арқылы жас балалардың оқуға, білімге,
өнерге, еңбекке құштарлықтарын ашты. «Кел, балалар, оқылық!»- дей отырып
әр баланы, әр ұрпақты мектепке шақырды.
Қазіргі таңда балабақшада тәрбиелеу мен оқытуда көрнекілік бейнелік
есте сақтау және есту, суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады.
Соның бірі –мнемотехника.
Мнемотехника – балалардың қоршаған орта,
табиғат туралы білімін
кеңейтуге, әңгіме барысын тиімді есте сақтауға, әңгімені айтып беруге және
тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.
Мнемотехника – тіл дамытуда тиімді есте сақтау,
оны дұрыс жеткізе
білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл
мақсатты іске асыру үшін баланың тілін мақсатты нәтижелі өтуге қолданатын
тәсіл.
Мнемотехника – оңай жолдың қиынына қарай құрылады. Мнемокесте
қарапайымнан басталып, күрделене түседі.
Мнемошаршы, мнеможол, мнемокесте.
83
Осы әдіс-тәсілді өз тәжірибемде балаларға қолданамын. Өлең,
тақпақ
жаттауға өте қолайлы тәсілдердің бірі.
«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтпақшы, бүгінгі
жас ұрпаққа
қамқорлық жасап, оларды ізгілікке, адамгершілікке,
отаншылдыққа,
ұлтжандылық пен мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелесең ғана еңбегің
жемісті болмақ! Ертеңімізді бүгін ойлап, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу
мен жеткілікті білім қорын беру әр ұстаздың міндеті екенін естен
шығармайық.
Әдебиеттер:
1. Ы. Алтынсарин Таңдамалы шығармалары. –Алматы. Ғылым, 1994,-
288б.
2. Ы. Алтынсарин Қазақ хрестоматиясы (Киргизская хрестоматия) . –
Алматы. Білім 2003, -112б.
3.Ыбырай Алтынсарин тағылымы. Әдеби –сын мақалалар мен
зерттеулер. М.Жармұхамедов –Алматы. Жазушы, 1991 -384б.
4.Ы.Алтынсарин туралы мақалалар/// Аңыз адам. 2013 -№6-3-60б.
Достарыңызбен бөлісу: