дығы еді. Бүкіл солтүсік Кавказбен Бүлғар хандығы ол кезде Атилла қүрған империяның құрамына кірген. Византиямен оңтүстік-батыс бөлігі шекаралас жатқан Бұлғар хандығы жапсарлас мемлекеттің ролін атқарды. Хазар мен арабтардың жаулап алуы- нан сақтанған Византия әйтсе де қаупін жасырған жоқ. Сол кезде елді билеген Құдірет ханмен үнемі келіссөз жүргізумен болды. Бұл беймаза ке-
190 _________ А санбай А С Ң А Р О В зең еді. Өйткені, хазарлар мен арабтар Бұлғар жеріне кез келген уакытта лап койып, кіруге даяр тұрған. Кұдірет хан болса қажыр-қайраты азайып қартайған. Тек ендігі үміті хан балаларының қолында. Хазарлар көп күттірмей-ақ Бүлғарларға тап берді. Қартайған хан амалсыздан үлкен ұлы- на “сен Отанынды қасықтай қаның қалғанша қорға!”, ал басқа екі баласын “елге пана қоныс іздеңдер!” деп Шығысқа аттандырды. Ол екі ұлы ондай жерді табады. Елі сонда көшіп, екінші Отан етіп қоныстанады. Бұл жер Ка манин, жағалауындағы оның Еділге құяр сағасы еді. Ол туралы тарихшылар жұмған ауыздарын ашпаса да, кейін осы мекенді тұрақ еткен халықтар өздерін Бұлғарлар деп атады. Қүдірет хан ел басына күн туған осы шақта ең кенж е ұлы Аспарухқа “тайпаны соңыңнан ертіп, батысқа тарт!” деп бұйрық берді. Бүлғарлар Оңтүстік Бессарабиядан ж әне Византияның билігіндегі жер- лерден әрі өтіп, Дунайдың оңтүстік жағалауына жетеді. Сол жерден жайлы қоныс тебеді. Аспарух өз тайпаларының бір де-бірі қатар жатқан көрші жергілікті славян тайпаларына тиісіп, ренжітпеулерін ескертіп, бүйрық та шығарды. Ол кезде Дунайды жағалап, бастары қосылмай бытырап қоныста- нған славян тайпалары Византиядан қатты қорықты. Олар бізді жаулап