Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Жерленетін жері қалай белгіленген?



Pdf көрінісі
бет118/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

105. Жерленетін жері қалай белгіленген? 
Қайтыс болғанда қай жерге жерленетіні әлі анықталмаған еді. Тағы да 
жұрт түрлі пікірлер айтты. Сол кезде Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) өз аузынан естіген «Ешбір пайғамбарға қайтыс болған жерінен басқа 
жерге қабір қазылмайды» деген хадисті айтты. Осылайша Айша анамыздың 
бөлмесінен Пайғамбарымызға (с.а.с.) қабір қазылып, ішіне қызыл барқыт 
төселді де сәрсенбі күні кешке жерленді. Сүйегіне Али, Аббас, Ақыл ибн Әбу 
Тәліп, Фадл және Шүкран (р.анһум) деген сахабалар түсті.
106. Дінді толық жеткізіп кетті ме? 
Барлық пайғамбар атаулы міндеттелген жұмысы үшін бар өмірін сарп 
етеді. Олардың жалғыз ғана мақсаты Аллаһ разылығына ие болу. Сол жолда 
адамдардың көңіліне жол табу, ешкімді Исламның ақиқатынан мақұрым 
қалдырмау. Рас, бұл екінің бірінің қолынан келе беретін іс емес. Кейбіреулер 
мақсаттарына кіріспей жатып босаңсып қалса, енді бірі ортасында шығып 
қалып жатады. Ал пайғамбарлар өздерінің өмірлік мақсаты дінді тәблиғ ету 


жолында жүз пайыз жетістікке жеткен, нәтижесін де көзі тірісінде көріп 
кеткен.
Пайғамбарлардың барлығы міндеттерін мінсіз атқарды. Алайда ақырғы 
елші Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) жауапкершілігі ерекше, өйткені одан 
кейін пайғамбар келмек емес. Ол – қияметке дейін келіп-кетер адамзаттың 
барлығына ортақ пайғамбар. Жұрттың көкейіне келер-ау деген барлық 
сұрақтарға жауаптарын айтып кетті. Аллаһ тағаланың Өзі кәмілдікке 
жеткізген діннің пайғамбары кішкентай нәрсені болса да айтпай кетті деу 
ақылға қонымсыз.
Құран кәрімде діннің кемеліне жетіп, Аллаһтың адамдарға деген осы 
нығметінің тамамдалғаны 
«Бүгін діндеріңді кемелдікке жеткіздім. 
Сендерге арналған нығметімді тамамдадым. Діндеріңнің Ислам болу- 
ына разы болдым» 
(«Мәида» сүресі, 3) деп айтылған. Яғни, сендерге иман, 
ақида, ахлақ нормаларын белгіледім және ең керемет заң негіздерін үйреттім. 
Бұдан кейін бұл діннің ешқандай кемшілігі жоқ. Сендерге һидаят пен иманға 
апаратын төте жолды көрсеттім. Уақыт өткен сайын сандарың артатын үлкен 
үмбет қылдым. Мұсылмандар өзге ешқандай дінді қажет етпейтіндей, 
харамға қайта жоламайтындай діндерің иләһи нығмет болып қияметке дейін 
қала бермек дегендей.
Ешқандай да мораль негізі қалмаған араб жерінде Ислам діні кісі айтса 
сенгісіз биікке көтеріліп, он жыл ішінде Ирак пен Палестинаның оңтүстігінен 
бастап барлық араб түбегін қамтитын үш миллион шаршы шақырымнан 
асатын жерге жайылды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірден өткеннен кейін бес-
ақ жылдың ішінде Еуропа мен Африка, Азия сынды үш құрлықтың 
қиырларына дейін барған. Ең қызығы сол, қаншама ұлт пен ұлыстар сонау 
алтын дәуір аталатын заманда өзара бейбіт өмір сүрді. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) өзі көз жұмғанмен сөзі әлі күнге дейін үмбетін тура жолда ұстап 
келеді. Қоштасу қажылығында жүз елу мың адам болған деседі. Ал 
қажылыққа келе алмай елдерінде қалып қойған адамдар қаншама?
Хазірет Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тәблиғының аяқталғаны оның 
өмірінің соңғы кездерінде Рәфиқул- Ағланы (Ұлы Досын) қалауы еді. Онсыз 
да қоштасу қажылығында «Мен өз міндетімді атқардым ба?» – деп сұрағанда, 
сахабалары бірауыздан: «Иә, сен міндетіңді кіршіксіз атқардың», – деп 
ағынан жарылғаны көп жайтты сездірген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет