Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


«Шындығында, Құранды біз түсірдік



Pdf көрінісі
бет120/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

«Шындығында, Құранды біз түсірдік 
әрі оны міндетті түрде біз сақтаймыз»
(«Хұжр» сүресі, 9) деп уәде берген, 
сондықтан басқа пайғамбардың жаңа дінмен келуі қажет емес.
3. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әкелген шариғаты қияметке дейін 
жарамды, ешбір кемшіліксіз, әр заманға сай қоғамның бүкіл қажеттіліктерін 
өтей алатын қабілетке ие. Ал алдыңғы пайғамбарлардың шариғаттары тек 
өздері өмір сүрген заманға ғана тәуелді.
4. Бұрынғы пайғамбарлардың үмбеті күн өте келе азайып, тіпті өз 
пайғамбарларының өсиеттері мен көрсетіп кеткен үлгілерін ұмыта бастаған, 
ал Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) үмбетінің күн өткен сайын саны 
артуда және айтып кеткен хадистері мен істеген ізгі іс-әрекеттерін үлгі 
тұтып, еш ұмытпастан ұрпақтан ұрпаққа беріп келеді.
Осындай ерекшелікке ие Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамзат баласының 
соңғы елшісі болып табылады. Олай болса, Мұхаммед пайғамбарымыздан 
(с.а.с.) кейін Аллаһтан елші келмеді және келмейді де, өйткені бұл – Аллаһ 
тағаланың уәдесі.


108. Артына мирас қалдырған ба? 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) артына дүние қалдырмаған. Өмірінің соңғы 
сәттерінде хал үстінде жатқанда бір алтын теңгесі ғана бар еді. Оны да садақа 
етіп беріп жібереді. Жұбайы Хадиша анамыздың (р.а.) бастапқыда дәулеті 
мол еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) барлығын Аллаһ жолында жұмсаған. Одан 
кейін де жаугершіліктен түскен олжа мен жер-жерден келген сыйлықтарды 
бір күн де қолында ұстамай елге үлестіріп беретін. Жегені – арпа бидайынан 
ашытып пісірілген нан. Бірде үйінде тіске басарлық азық таппай, бір яһудиге 
сауытын беріп аздаған бидай алған еді. Кейін сахабалар жаңағы яһудиге 
сұрағанын беріп сауытты әрең сатып алған. Кедейлікпен күнелткені өз 
алдына, бай болған күннің өзінде байлығының бір бөлігін де ұрпағына 
қалдыра алмас еді, өйткені бір сөзінде: « Біз, пайғамбарлар қауымы, 
артымызға мұра қалдырмаймыз. Қалдырған малымыз садақа болады », – 
деген-ді. Олардың қалдыратын мұрасы үйреткен діні, көрсеткен сүннеті, 
ахлағы мен сарқылмас ілімі болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет